Арнайы бір күндік конгрестің жаңа бағдарламасы
2009 қызмет жылындағы арнайы бір күндік конгрестің “Қызметіңді адал атқаруға ықылас сал!” деген тақырыбы Қолостықтарға 4:17-ге негізделген. Біздер, мәсіхшілер үшін бұл сөздердің маңызы зор. Біздің мақсатымыз — қызметімізді Иса сияқты адалдықпен толық атқарып шығу (Жох. 17:4). Елші Пауыл да осыған қатысты керемет үлгі қалдырған. Ол қызметін аяқтауға бел буған (Ел. іс. 20:24).
Аудандық бақылаушы өз баяндамасында көптеген жариялаушылардың қызметтегі қиыншылықтарды қалай жеңіп жүргенін айтып береді. Одан соң “Еккен нәрселеріңді өсіріңдер” деген баяндамада “мәңгі өмір сүруге ыңғай танытқан” адамдарға қалай көмектесуге болатынына ерекше назар аударылады (Ел. іс. 13:48, ЖД). Арнайы шақырылған баяндамашы “Құдайдың қызметшілері екенімізді паш етеміз” деген баяндамада Қорынттықтарға 2-хат 6:1—10 тармақтарды рет-ретімен қарастырады. Түстен кейін ол “Қызметтеріңді жоғары бағалаңдар” деген баяндаманы айтып жеткізеді. “Жастар және қарттар қызметтен қуаныш алыңдар” және “Қызметтерін атқарып жүрген жастар” деген баяндамалар бәріңді де жігерлендірері сөзсіз. Аудандық не арнайы бір күндік конгресте шомылдыру рәсімінен өткісі келетін адамдар бұл туралы мүмкіндігінше ертерек төрағалық етуші бақылаушыға айтқандары дұрыс. Конгрестеріміздің бәрінде “Күзет мұнарасы” қарастырылатындықтан, оның конгресс өтетін аптада талқыланатын санын ұмытпай ала келіңдер.
Қызметімізді атқаруға ықылас салу үшін Ехоба бізге сеніп тапсырған қазынаны басқа нәрселердің ысырып тастауына жол бермеуіміз керек. Осы конгресте айтылатын Киелі кітапқа негізделген жігерлендірерлік ойлар қызметімізді қалай басты орынға қоюымызға болатынын көрсетеді және оны толық орындау үшін не істеп жатқанымыз туралы ой жүгіртуімізге көмектеседі.