Көп тілді аумақта әдебиеттер ұсыну
1. Неге қауымдардың көпшілігі шет тіліндегі әдебиеттерге мұқтаж?
1 Уағыздап жүрген жерлердің көпшілігінде әр елден келген адамдар тұрады. Олардың көпшілігі шындықты өз ана тілінде әлдеқайда тез әрі тереңірек түсінеді. Қызығушылық білдірген адамдарды өздері жақсырақ түсінетін тілдегі Киелі кітапқа негізделген әдебиеттермен қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қарастырылған?
2. Әр түрлі тілде сөйлейтін екі не одан көп қауым бір аймақта уағыздағанда қалай қызметтес бола алады?
2 Әдебиеттерді ұсынғанда. Әр түрлі тілде сөйлейтін екі не одан көп қауым бір аумақта уағыздайтын жағдайда, ақсақалдар кеңесі қызмет бақылаушыларымен бірге қызметтесе отырып, әр тілді қауым түбегейлі куәлік ете алулары үшін барлығына қолайлы болатын шараларды ұйымдастырады. Үйден үйге уағыздағанда, жариялаушылар өзге қауым(дар) уағыздайтын тілдердегі әдебиеттерді әдетте ұсынбайды. Алайда олар бейресми түрде не болмаса көпшілік жерлерде уағыздағанда, сол жердегі адамдардың тіліндегі әдебиеттерді ұсынуы мүмкін (1991 жылдың “Біздің Патшалық қызметіміздің” мамыр айындағы нөміріндегі “Сауалдар жәшігін” қара. ор.).
3. Қандай жағдайда шет тіліндегі әдебиеттер болу керек?
3 Шет тіліндегі әдебиеттердің қауымда болу керек жағдайы. Егер уағыздайтын аймақта шет тілінде сөйлейтін адамдар көп болып, бірақ ол тілде сөйлейтін қауым болмаса, не істеуге болады? Мұндай жағдайда қауымдар шамалы мөлшерде сол тілде бар негізгі әдебиеттерге — мысалы, трактаттар, “Құдай талап етеді” мен “Құдаймен дос бола аласың” брошюрасы, “Білім” кітабы сияқты әдебиеттерге — тапсырыс беруге болады. Жариялаушылар сол тілде сөйлейтін адамдарды қай жерде кездестірсе де, осы әдебиеттерді ұсынуына болады.
4. Қауымда жоқ өзге тілдегі әдебиеттерді қалай алуға болады?
4 Әдебиеттерге қалай тапсырыс беруге болады? Егер қауымда қызығушылық білдірген адамдар оқитын тілдегі әдебиеттер болмаса, оларды қалай алуға болады? Жариялаушы қауымның келесі жолы алатын әдебиеттерімен бірге тапсырыс бере алу үшін, әдебиетке жауапты бауырласымызбен бірге сол тілде қандай әдебиеттер барын тексеріп, анықтап алу керек.
5. Мәсіхшілердің әдебиеттерін қол жеткізерлік етудегі басты мақсатымыз не?
5 “Барлық адамдардың” өз тілдерінде ‘шындықты біліп алуларына’ көмектесу үшін мәсіхшілердің әдебиеттерін жақсылап қолданайық (1 Тім. 2:3, 4).