Аудандық конгрестің жаңа бағдарламасы
1 Иса шәкірттерінің қиыншылықтарға кезігетінін алдын ала айтқан болатын (Мат. 24:9). Мұндай сынақтарға қалай қарауымыз керек? Қиыншылықтарға төзе білуімізге не көмектеседі? 2004 қызмет жылындағы аудандық конгрестің бағдарламасы осы сұрақтарға жауап береді. Оның тақырыбы ‘Үміттеніп қуаныңдар, қиыншылыққа шыдаңдар’ деп аталады (Рим. 12:12).
2 Жалпы тақырыпқа біріктірілген бірқатар баяндамалар. Бірінші тақырып “Төзімділікпен өнім беріңдер” деп аталады. Ондағы баяндамалар өнім берудің жолдарын қарастырады. Бірнеше жариялаушы уақыттың аз қалғанын сезіне отырып, уағыздау мен тәлім беру ісіне қалай атсалысып жүргендері туралы сұхбат береді. Ата-аналар әсіресе бағдарламаның “Ехоба тәрбиелегенде” деп аталатын бөлігіне баса назар аударуды қалар. Онда ата-аналардың балаларымен маңызды мәселелерді қалай ақылға салуға болатыны талқыланады. Соңғы баяндамашы осы дүниенің бізге біртіндеп тигізетін кері әсері мен соның нәтижесінде өнімсіз болып қалудан қалай қорғануымыз керектігіне баса көңіл бөледі (Мар. 4:19).
3 Екінші тақырып “Жарысты қажырлылықпен аяқта” деп аталады. Ондағы баяндамаларда біздің өмірлік беталысымыз қалайша жарысқа ұқсайтыны көрсетіледі. Неліктен бізге жарыстың тәртібіне сай жүгіру қажет? Қалайша бізге бөгет болатынның бәрінен арылуға, өмірлік жарыста шаршамауға болады? Баяндамадағы дер кезінде берілген Киелі кітаптың кеңесі бәрімізге жүгіруді қажырлылықпен жалғастыра беруге көмектеседі.
4 Төзімділік Құдайдың қолдауына ие болуға көмектеседі. Аралаушы бақылаушылар тыңдаған әрі ондағы кеңестерді қабылдаған адамдардың сенімдерін нығайтатын баяндамалар айтады. Облыстық бақылаушының баяндамаларының бірі “Төзімділік Құдайдың қолдауын әкеледі” деп аталады. Бұл баяндамада мынадай сұрақтарға жауап аламыз: Адамдар кімнің есіміне үміт артулары керек және бұған не жатады? “Төзімділік арқылы шынайы өмірге жетесіңдер!” деп аталатын соңғы баяндамада Исаның қатуланбай, қалай әділетсіздікке төзе білгені қарастырылады.
5 Өзіңмен бірге “Теократиялық қызмет мектебі” (ор.) кітабы мен “Күзет мұнарасының” сол аптадағы нөмірін алып келуді есіңнен шығарма. Ойың шашырамас үшін және кейін қарап есіңе түсіре алуың үшін қысқаша жазып отыр. Кейінірек осы конгрестің бағдарламасына қауым кездесулерінің бірінде қайталау жасалады.
6 Осы рухани ас-су дастарқанын Ехобаның өзі дайындап отыр. Келіңдер, дәмін татыңдар! Бағдарламаның барлық бөлігінің пайдасын көру үшін конгреске келер болсақ, қуаныштан шаттанатын боламыз (Иш. 65:14).