Киелі кітапқа негізделген әдебиеттерімізді даналықпен қолданыңдар
1, 2. Көп адам біздің әдебиеттерімізге қалай қарайды және осыған байланысты қандай сұрақ туындайды?
1 “Мен сіздердің әдебиеттеріңізді 1965 жылдан бері оқып келемін. Оқығанда Киелі кітапты ашып қарап отырамын, ондағы мәліметтердің бәрі Киелі кітапқа сәйкес келеді. Мен өмір бойы Құдай мен Иса туралы шындықты білуге құштармын және сіздер берген мәліметтер мен Киелі кітаптың арқасында сұрақтарымның тура жауаптарын таптым деп шынымен айта аламын”. Ехоба Куәгерлерінің бас басқармасына бір кісі осындай сөздер жолдаған екен. Сол хатында ол Киелі кітап зерттеу сабағы жайында өтініш жасаған.
2 Риза болған осы кісі сияқты дүние жүзі бойынша миллиондаған адам ‘адал да ақылды құл’ беріп отырған Киелі кітапты зерттеуге арналған әдебиеттерді бағалайды (Мат. 24:45). Жыл сайын ақ жүректі адамдардың ‘шындықты біліп алуларына’ көмектесу үшін, орасан көп әдебиет басылып шығарылады (Тім. 1-х. 2:4). Киелі кітапқа негізделген әдебиеттерімізді қалай даналықпен қолдануымызға болады?
3. Әдебиеттеріміз ысырап болмас үшін не істеуге болады?
3 Ысырап болмасын. Уақыт өте, үйімізде әдебиеттер жиналып қалуы ықтимал және оларды тарата алмауымыз мүмкін. Бағалы әдебиеттер ысырап болмас үшін не істеуімізге болады? Таратуға әдебиеттер алғанда парасаттылық таныту керек. Әдебиетті көп-көптен алмай, бір-екі данасын ғана алған дұрыс. Оларды таратып болған соң, тағы келіп алуға болады. Сонда үйімізде әдебиеттер жиналып қалмайды. Сондай-ақ үйде таратылмай жатып қалған журналдар көп болса, тапсырысымызды азайтқанымыз жөн.
4. Егер қауымда артық әдебиеттер болса, не істеуге болады?
4 Артық әдебиеттер. Егер қауымда қандай да бір әдебиеттер тым көп болса, әдебиетке жауапты бауырлас басқа қауымдар қосымша әдебиеттер тарата ала ма, соны сұрастырып білгісі келетін шығар. Жариялаушылар ескі әдебиеттерді отбасыларындағы куәгер емес адамдарға, Киелі кітап зерттеп жүрген және басқа да адамдарға ұсынуларына болады. Қауымға жаңадан келіп жүрген адамдар бұл әдебиеттерді өздерінің теократиялық кітапханалары үшін қуана-қуана алулары мүмкін.
5. Әдебиеттерімізді бағалайтынымызды қалай көрсетуімізге болады?
5 Біз әдебиеттеріміздің өз мақсатымен, атап айтқанда, пейілі таза адамдардың Ехобаның керемет ниеттері туралы білулеріне көмектесу үшін қолданылғанын қалаймыз. Исаның жұртты керемет түрде тамақтандырған соң, қалған нанның ысырап болғанын қаламағаны сияқты, біз де Киелі кітапқа негізделген бағалы әдебиеттерді барынша дұрыс пайдалануымыз керек (Жох. 6:11—13). Әдебиеттеріміздегі өмір беретін білім біздің сөрелерімізде немесе сөмкелерімізде жататын болса, әділдік іздеген адамдардың жүректеріне әсер ете алмайды. Сондықтан таратуға әдебиеттер алғанда, парасатты болуымыз керек және басқаларға пайдалы болу үшін оларды даналықпен қолдануымыз керек (Філіп. 4:5).