Қызмет кездесулерінің кестесі
9 маусымнан басталатын апта
81-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. “Біздің Патшалық қызметімізден” іріктеп алынған хабарландырулар.
15 мин: “Мәсіхші ретіндегі қызметіміз — ең басты жұмысымыз”a. астарды толық уақытты қызметтің беретін баталары жөнінде ойлануға шақыр. 2000 жылдың 1 қарашасындағы “Күзет мұнарасында” (19, 20-бет., ор.) келтірілген “Көпшілікте қалыптасқан көзқарас пен ар-ұждан қақтығысқанда” деген тақырыпшадағы түсініктемелерді қарастыр.
20 мин: “Зейнетке шығу көбірек қызмет етудің есігі ме?”b. Егер мүмкін болса, өзінің зейнетке шыққан уақытын Ехобаға көбірек қызмет етуге арнап жүрген жариялаушыдан қысқаша сұхбат ал. Одан қандай өзгерістер жасағанын және осының нәтижесінде қандай баталарға ие болғанын сұра.
190-ән және соңғы дұға.
16 маусымнан басталатын апта
55-ән
8 мин: Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөнінде есеп беру.
12 мин: Жергілікті қажеттіліктер.
25 мин: “Түбегейлі куәлік етуде” ынталы бол”c. Келтірілген сұрақтарды қолдан. 5, 6-абзацты талқылаған соң, дүкен сатушысына бейресми куәлік етіп, “Киелі кітап туралы көбірек білгіңіз келе ме?” деген трактаттың ұсыну жолын қысқаша көрсет. 7, 8-абзацтарды талқыламас бұрын, оларды дауыстап оқып шық. Соңында “Оларды есіңнен шығарма!” деген қоршауды оқып, талқыла.
131-ән және соңғы дұға.
23 маусымнан басталатын апта
95-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. 8-беттегі кеңесті қолданып, “Күзет мұнарасының” 1 шілдедегі нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет.
20 мин: Қалай ұнжырғамыздың түсуіне жол бермеуге болады? 1999 жылдың 15 қарашасындағы “Күзет мұнарасына” (28, 29-бет, ор.) және сондағы “Дұрыс көзқарасты сақтау” деген тақырыпшаға негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Өмірде қолдануға болатын кеңестер мен Киелі кітаптың тармақтарына шолу жасау. Тиімді қызмет ететін бір не екі жариялаушыдан қызметте қуаныштарын сақтауға не көмектесетінін сұрауды алдын ала ойластыр.
15 мин: “Құбылмалы дүниеде уағыздау”d. 2, 3-абзацтарды талқылағанда, тыңдаушылардан жергілікті аймақта әңгімені бастау үшін болып жатқан қандай оқиғаны қолдануға болатынын сұра. 4-абзацты талқылағанда, келтірілген ұсыныстардың бірін қолданып, қысқаша көрсету жаса.
15-ән және соңғы дұға.
30 маусымнан басталатын апта
3-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. Шілде айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың есіне сал. Шілде және тамыз айындағы ұсынылатын әдебиеттерді еске сал. Қауымда бар екі брошюраға көңіл бөл. Оларды қызметте қалай ұсынуға болатыны туралы жақсы көрсетулер дайында. Ұсыныс жасауға арналған кеңестерді 1998 жылдың “Біздің Патшалық қызметіміздің” шілде айындағы (8-бет, ор.) нөмірінен қара. Қосымша ұсыныстарды “Күзет мұнарасы басылымдары индексінің” “Ұсыныстар” және “Әдебиеттер тізімі” деп аталатын тақырыпшаларынан табуға болады.
15 мин: “Дәрменсіз, бірақ еңбектері жемісті”e. 2000 жылдың “Ояныңдар!” журналының (ор.) 22 мамырдағы нөмірінің 11-бетінде орналасқан “Қалай көмектесе аласыңдар?” деген қоршауда келтірілген түсініктемелерді енгіз. 1990 жылдың 22 тамызындағы “Ояныңдар!” журналындағы (22, 23-бет, ор.) “Не істеуге болады?” деген тақырыпшаға негізделген, дәрменсіздерге қалай көмектесуге болатыны жайындағы ойларды енгіз.
20 мин: Патшалық туралы жариялағанда Құдай Сөзін тиімді қолдан. Тыңдаушылармен талқылауды қызмет бақылаушысы өткізеді. Қызметімізде кездестірген әрбір адамға Патшалық туралы Киелі кітаптағы ойларды көрсетуге барынша күш саламыз. Алайда Киелі кітаптағы тармақты жай оқып қоя салғанымыз жеткіліксіз. Бізге оларды түсіндіру, мысал келтіру және қолдану қажет. Мұны қалай істеуге болатынын “Білім” кітабындағы 9, 10-беттердегі “Қалпына келтірілген жұмақтағы өмір” деп аталатын тақырыпшада келтірілген тармақтарды қолданып көрсет. Талқылаудан соң жақсы дайындалған жариялаушы қайта оралып барғанда, бір жазба орнын қысқаша түсіндіріп, қарапайым мысал келтіріп және қолданылуын, яғни үй иесінің жеке басына Патшалықтың басқаруы қандай пайда әкелетін қысқаша көрсетсін. Көрсетуді жариялаушының жазба орнын оқуынан бастау керек. Көрсетуден соң тармақтың қалай түсіндіріліп, мысал келтіріліп және өмірде қолдануға болатындығы қалай түсіндірілгеніне шолу жаса. Барлығын да Құдай Сөзін тиімді қолдана білуге қабілетті болуға шақыр.
171-ән және соңғы дұға.
7 шілдеден басталатын апта
165-ән
5 мин: Жергілікті хабарландырулар.
15 мин: Қызметте болған жергілікті оқиғалар. Жариялаушылар 1) әр түрлі ұлттың өкілдеріне не өзге тілде сөйлейтіндерге 2) үйден-үйге және көшедегіден өзге жағдайларда уағыздағанда болған оқиғаларды айтып, я болмаса көрсетіп бер. Барлығын да өзге тілде сөйлейтін адамдарды кездестіргенде, “Барлық ұлттарға арналған ізгі хабар” брошюрасы мен “Мына кісіге лайықты жариялаушының баруын өтінемін” (S-70) бланкін жақсылап қолдануға шақыр. 1999 жылдың қыркүйек айындағы “Біздің Патшалық қызметіміздегі” “Хабарландыруларды” қара (7-бет, ор.).
25 мин: “Құдайдың есімін паш ету”f. Келтірілген сұрақтарды қолдан. Тәжірибелі жариялаушы қайта оралып баруды көрсетсін. Киелі кітаптағы (bi-2) “Киелі кітапқа негізделген талқылауға арналған тақырыптардағы” (16А) бір-екі тармақты қолданып, Құдайдың есімін білу мен қолдану неліктен маңызды екенін көрсет.
197-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
d Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
e Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
f Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.