Мәсіхші ретіндегі қызметіміз — ең басты жұмысымыз
1 Бәріміздің де атқаруымыз керек әр түрлі жұмыстарымыз бар. Үй-ішінің қамын ойлау — Құдайдың талабы (1 Тім. 5:8). Әйтсе де, бұл жұмыс Патшалықты уағыздау мен шәкірттер дайындау ісінен маңыздырақ болып кетпеу керек (Мат. 24:14; 28:19, 20).
2 Иса ‘ең бастысы, Патшалықтың қамын ойлауда’ бізге үлгі көрсетті (Мат. 6:33; 1 Пет. 2:21). Ол материалдық жағы шағын болғанына қарамастан, Әкесінің еркін орындауға толығымен берілген еді (Лұқ. 4:43; 9:58; Жох. 4:34). Ол Куәлік етуде әрбір мүмкіндікті пайдалануға күш салды (Лұқ. 23:43; 1 Тім. 6:13). Ол өз шәкірттерін де егін жинау ісіне терең қызығушылық танытуға шақырды (Мат. 9:37, 38).
3 Бүгінгі таңда Исаға еліктеу. Мәсіхші ретіндегі қызметті ең бастысы етіп, қарапайым өмір кешуге тырысуымызбен Исаның үлгісіне еліктей аламыз. Өмірге ең қажетті нәрселеріміз бар болса, осы дүниелік заттарды үсті-үстіне ала берудің соңынан қумаңдар деген Киелі кітаптағы кеңесті ұстанайық (Мат. 6:19, 20; 1 Тім. 6:8). Уағыздау ісін ұлғайтудың жолын іздеу қаншалықты артық десеңші! Қиын жағдайларға кезіксек те, Иса сияқты күш салып, күйбелең тіршілігімізге ең негізгі ісімізді, Патшалық туралы ізгі хабарды жариялауды, ысырып тастауына жол бергізбейік (Лұқ. 8:14; 9:59—62).
4 Тіпті жауапкершілігі көп бауырластар да уағыздау ісін маңызды деп есептейді. Үлкен отбасы бар, жауапкершілікті жұмыста істейтін әрі қауымның ақсақалы ретінде қызмет атқаратын бір бауырласымыз: “Қызметті өзімнің ең негізгі жұмысым деп қарастырамын”,— деді. Ал бір ізашар қыз бауырласымыз болса: “Ізашарлық — осы дүниедегі табысты мансаптан әлдеқайда артық”,— деді.
5 Жағдайымыздың қандай болғанына қарамастан, Исаның үлгісіне еліктей берейік. Қалай? Мәсіхші ретіндегі қызметімізді ең басты жұмысымыз ету арқылы.