Қызмет кездесулерінің кестесі
12 Мамырдан басталатын апта
1-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. “Біздің Патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар.
20 мин: Ата-аналар, балаларыңның алға басуларына көмектесіңдер. “Күзет мұнарасының” 2000 жылғы 1 Желтоқсандағы санының 15—30 беттеріндегі мақалалардың көңіл бұрарлық тұстарына негізделген баяндама. Ата-аналарды балаларын қызметте алға басатындай қылып тәрбиелеуді мақсат етіп, отбасымен зерттеу кезінде осы мәліметті қолдануға шақыр. Жастардың қажетті нәрселерге үйренуі үшін қолдануға болатын тұстарына көңіл бөл.
15 мин: “Бізге ізгі хабар сеніп тапсырылған”a. Алдын ала тағайындалған бір немесе екі жариялаушы уағыздау қызметіне көбірек қатыса алу үшін жасаған өзгерістері жөнінде айтып берсін.
46-ән және соңғы дұға.
19 Мамырдан басталатын апта
62-ән
15 мин: Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөнінде есеп. “Еуропаның кейбір елдеріндегі Патшалық Сарайы құрылысының халықаралық бағадарламасы” мақаласын талқыла. Ресурстары шектеулі елдер мен жергілікті филиал учаскесіндегі Патшалық Сарайларының құрылысы Патшалық Сарайы қорына жасалған ерікті садақалар арқылы қаржыландырылатынын айта кет.
15 мин: Жергілікті қажеттіліктер.
15 мин: “Бейресми куәлік беру арқылы Ехобаны дәріпте”. Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Үшінші абзацты талқылағанда, тыңдаушылардан келесі жағдайларда Киелі кітапқа негізделген әңгімені бастау үшін не айтуға болатынын сұра: 1) дүкен не базар аралап жүргенде, 2) қоғамдық көлікте, 3) аулада көршілермен бірге жұмыс істегенде, 4) жұмыс орнындағы әріптестеріңмен, 5) мектептегі сыныптастарыңмен әңгімелескенде. Жариялаушылардың бейресми қызметте қалай жетістіктерге жетіп жүргендерін көрсететін жергілікті мысалдар даярлап қой.
135-ән және соңғы дұға.
26 Мамырдан басталатын апта
174-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. Мамыр айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың есіне сал. 8-беттегі кеңесті қолданып, “Күзет мұнарасының” 1 Маусымдағы нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет. Үй иесі журналды алмаған жағдайда “Киелі кітап туралы көбірек білгіңіз келе ме?” трактатын ұсын.
10 мин: Сауалдар жәшігі. Баяндама. 2001 жылғы ақпан айындағы “Біздің Патшалық қызметіміздің” (ор.) 6-бетіндегі 33—41 абзацтарындағы және 1997 жылдың наурыз айындағы нөмірінің 5, 6 беттеріндегі 26, 27 абзацтардағы телефонмен уағыз айтуға қатысты кеңестерге қысқаша шолу жаса. Немесе жергілікті аумақта нәтижелі болатын басқа да кеңестер бер.
25 мин: “Құдай Сөзі — ақиқат”b. Келтірілген сұрақтарды қолдан. Тыңдаушыларды кезінде жариялаушылар сұрақтарына Киелі кітапты қолданып жауап бергендерінің арқасында қалай шындыққа келгендері жөнінде әңгімелеп беруге шақыр. 4 абзацты талқылағанда, тәжірибелі жариялаушы “Құдайдың сөзін дұрыс үйрет” (km (ор.) 12/01. 1-б., 3—4 абз.) мақаласындағы кейбір кеңестерді қолданып, бірінші рет барғанда, Киелі кітапты қалай қолдануға болатынын көрсетсін.
188-ән және соңғы дұға.
2 Маусымнан басталатын апта
210-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. “Құдай талап етеді” брошюрасы мен “Білім” кітабын қалай ұсынуға болатыны көрсетілген “Біздің Патшалық қызметіміздің” 2002 жылдың қаңтар (ор.) айындағы санының қосымшасынан бір немесе екі кеңеске шолу жаса.
20 мин: Некенің заңды болуы — Құдайдың талабы. Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Көп елдерде екі кісінің заңды некеге тұрмай бірге өмір сүруі кәдімгі нәрсе ретінде қабылданады. Кейбіреулер солай ету тиімді деп те жатады. Отбасының негізін қалаған Құдай екенін ерекше атап өтіп, Киелі кітаптың көзқарасына көңіл бөл. Некеге тұрмай бірге өмір сүру азғындық болып есептеледі (fy 17-бет). Осы дүниедегі көп адамның көзқарастарына қарамастан, зерттеулерге сәйкес, некеге дейін бірге тұру болашақ отбасының баянды болу мүмкіндігін кемітеді (g02 8.3. 29, ор.; g92 8.9. 28, ор.; g91 8.5. 28, ағ.). Мәсіхшілер Ехобаның талаптарын ұстану арқылы оны мадақтайды, әрі мұның пайдасын көреді (Иш. 48:17, 18).
15 мин: Қандай пайдасын көріп жүрсіңдер? Мектеп бақылаушысы тыңдаушылармен талқылау жүргізеді. Қаңтардан бастап Теократиялық қызмет мектебінде жаңа басылымды қолданып жүрміз. Мектептің ерекшеліктеріне қысқаша шолу жаса. Осы күнге дейін қандай пайдасы болғанын атап өт. Мектепке көбірек жариялаушылар жазылды ма? Қатысуға бар ықыласымен даярлық танытқандар бар ма? Мектепке жазылған жариялаушылар жаңа тәртіп бойынша берілетін кеңестердің қандай пайдасын көріп жүр? Тыңдаушыларды осы күнге дейін жеке өздері жаңа бағдарламаның қандай пайдасын көргенін және болашақта қандай пайдасы болады деп күтетінін әңгімелеп беруге шақыр.
225-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.