Патшалық Сарайы құрылысының халықаралық бағдарламасы. Еуропадағы кейбір елдер.
1 Соңғы онжылдықтарда, Шығыс Еуропаны қоса алғанда, Еуропа елдерінің бірқатарында Ехоба Куәгерлерінің ісіне шектеулер қойылған еді. Көп жағдайда шектеулер аса қатал болған. Осының салдарынан кездесулерді ашық өткізу қиын, ал оларды өткізетін Патшалық Сарайын салу мүмкін емес еді деуге де болады. Алайда соңғы жылдары “Тәңір бізге керемет іс жасады шынында, сондықтан да біздер кенелдік зор қуанышқа!” (Заб. 125:3).
2 1983 жылдан бастап Ехоба Куәгерлеріне көрсетілген қысымшылық босаңси бастады. 1989 жылы Ехоба Куәгерлері Польша мен Венгрияда, ал 1991 жылы Ресейде ресми түрде мойындалды. Сол уақыттан бері Ресей мен Кеңес Одағының құрамына кіретін республикаларда Ехоба Куәгерлерінің ісі өркендеуде. 1996 жылдың наурызы мен 1998 жылдың қазан айларының аралығында Басқарушы кеңес Еуропаның 11 еліне бақылау жүргізетін филиалдардың Патшалық Сарайын соғуға несие беру жөніндегі 359 өтінішін қанағаттандырды.
3 Өздерің көріп отырғандай, қосымша беттегі суреттерден Ехобаның өз халқы үшін істеп отырған зор әрі таңғажайып істері көрінеді (Заб. 136:4). Исаның Жохан 13:35 тармағында: “Менің шәкірттерім екендіктеріңді елдің бәрі өзара сүйіспеншіліктеріңнен білетін болады”,— дегеніне сай, дүние жүзіндегі бауырластардың жасап жатқан садақаларының керемет түрде қолданылып жатқаны қуантады.
4 Ресурстары шектеулі жерлерде Патшалық Сарайларын соғуға көмек көрсетілу бағдарламасының пайдасын көрген Еуропа елдерінің бірі — Румыния. Онда 2000 жылы 36 Патшалық Сарайы соғылды. Украинада Патшалық Сарайларының бәрі дерлік стандартты жоспармен соғылып, 2001 жылы 61 ғимарат, ал 2002 жылы тағы 76-сы көтерілді. Патшалық Сарайы қорына берілген садақалардың көмегімен Болгария, Молдова, Ресей, Сербия және Черногория және Хорватияда жүздеген Патшалық Сарайы салынды.
5 Кейбір елдерде Патшалық Сарайларын соғу оңайға соқпайды, құрылыс жұмыстарын бастау көп күш салуды талап етеді. Жиі бірталай уақыт құрылысқа дайындық жұмыстарына кетеді. Сондай-ақ Еуропаның сол бөлігінде Патшалық Сарайын соғуға Африка мен Оңтүстік Америка елдерінің көп жерлеріне қарағанда анағұрлым көп қаражат жұмсалады. Алайда Ехобаға ғибадат ететіндердің саны қатты өсіп жатқандықтан, ресурстары шектеулі Еуропа елдеріне әлі де жүздеген Патшалық Сарайы қажет.
6 Патшалық Сарайларының осындай қарқынмен көбейіп жатқаны қандай керемет десеңші! Көптеген мысалдардан көрініп тұрғанындай, олардың соғылуы айналадағы адамдар үшін керемет куәлік болған. Кейбір жерлерде құрылыс жұмыстарының қандай қызметтестікте атқарылып жатқаны жергілікті әкімдерге қатты әсер етеді.
7 Ишая қазіргі уақыттағы шынайы ғибадаттың өсімі туралы шебер пайғамбарлық еткен. Пайғамбары арқылы Құдай алдын ала: “Мен, Жаратқан Ие, мұны уақыты келгенде тездетіп жүзеге асырамын”,— деді (Иш. 60:22). Шығыс Еуропада сенушілердің саны өсу үшін, Ехобаның назар аударатын уақыты келгенін соңғы онжылдықтың дәлелдегені сөзсіз. Патшалық Сарайы қорына арнап жасаған садақаларың арқылы қолдап, Патшалық Сарайларының жылдам салынуына күш жұмсап жатқандарың үшін, Ехоба әрі қарай да батасын көл-көсір етіп төге берсін! Осының нәтижесінде ресурстары шектеулі елдерде Патшалық Сарайлары көбейген үстіне көбейе түседі. Бұл Еуропа елдерінің көптеген бөліктерінде шынайы ғибадаттың кеңінен етек алуына әрі ‘жер бетіндегі барлық елдерге’ зор куәлік берілуіне ықпал етеді (Ел. іс. 13:47).
[3-беттегі сурет]
Патшалық Сарайы кешені. Мәскеу, Ресей
[4-6 беттердегі суреттер]
Шығыс Еуропадағы жаңа Патшалық Сарайлар
Стрюмеса, Македония
Дарувар, Хорватия
Сокаль, Львов облысы, Украина
Битола, Македония
Младост, Болгария
Пловдив, Болгария
Красноармейский, Майкоп облысы, Ресей
Бачки-Петровац, Серибя және Черногория
Тлумач, Ивано-Франковск облысы, Украина
Рава-Руска, Львов облысы, Украина
Стара-Пазова, Сербия және Черногория
Зеница, Босния және Герцеговина
Сокаль, Львов облысы, Украина
Жидачив, Львов облысы, Украина