Қызмет кездесулерінің кестесі
10 наурыздан басталатын апта
5-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. “Біздің Патшалық қызметімізден” іріктеп алынған хабарландырулар.
15 мин: Киелі кітапты қолданып әңгіме жүргізу. Тыңдаушылармен талқылау. Қызметте жолыққан адамдармен қалай тиімді әңгіме жүргізуге болады? 1) Әрдайым жеке зерттеп және кездесулерден қалмай, Жазбаларды жақсы біліп алыңдар. 2) Білгендеріңнің үстінен ой жүгіртіп, шындықты жан-жақты қарастырыңдар. 3) Жазба орнын түсінумен шектелмей, өзге Жазба орындары сол түсінікті қалай қолдайтынын қарастырыңдар. 4) Әр түрлі адамдарға Жазба орнын қалай түсіндіретіндеріңді ойластырыңдар. 5) Нақты ойларды қандай көрнекті мысалмен түсіндіре алатындарыңды ойластырыңдар.
20 мин: “Жақсылық жасауға ынталы болыңдар!”a (1—12 абзацтар). 6-абзацты талқылап болған соң, жариялаушы арнайы шақыру қағазын қолданып, туысын, көршісін, сыныптасын немесе бірге жұмыс жасайтын кісіні Еске алу кешіне қалай шақыруға болатынын көрсетсін. Әзірге берілмеген болса, Еске алу кешіне шақыру қағазы кездесуден кейін таратып берілсін.
19-ән және соңғы дұға.
17 наурыздан басталатын апта
34-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөнінде есеп беру.
15 мин: Дос таңдауда парасатты болыңдар. “Ояныңдар!” журналының 1997 жылғы 22 ақпандағы нөмірінің (ор.) 13 бетіндегі және “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабының (ор.) 48, 49-беттеріндегі мәліметтерге негізделген ақсақалдың баяндамасы. Бұл принциптердің не себепті жасөспірімдерге де, ересектерге де қатысты екенін көрсет. Дос ретінде тек Ехобаны жақсы көретін және оның нормаларын ұстануға бел буған адамдарды таңдағанның пайдасына көңіл бөл.
20 мин: “Жақсылық жасауға ынталы болыңдар!”b (13—26 абзацтар). Төрағалық етуші бақылаушы өткізеді. 14-абзацты талқылаған кезде, ақсақал әлсіз ер бауырласымыздың үйіне келіп жігерлендіріп, Еске алу кеші маусымындағы қауымның ұлғайған әрекетіне қалай атсалыса алатынын мейіріммен түсіндіргенін көрсетсін.
53-ән және соңғы дұға.
24 наурыздан басталатын апта
72-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. 8-беттегі кеңесті қолданып, “Күзет мұнарасының” 1 сәуірдегі нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет.
15 мин: Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин: Ехоба Куәгерлері қоғамға жақсы жағынан әсер етеді. Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Кейде қызметіміз бен үлгіміз қоғамға пайдасын тигізіп жатқанын көрсетуге мүмкіндігіміз болады. Тыңдаушыларды келесі салаларға қатысты түсініктеме айтуға шақыр: 1) Біз адамдарды Киелі кітаптың өнегелілік нормаларын ұстануға үйретеміз. 2) Шыншылдық пен билікті құрметтеуге үйретеміз. 3) Нәсілдер, ұлттар мен әлеуметтік топтардың бәрінің тең екеніне үйретеміз. 4) Өзгелерді Киелі кітаптың принциптерін қолдануға жігерлендіріп, отбасылық өмірлерін жақсартуға көмектесеміз. 5) Осы уақытқа дейін мыңдаған адамды оқуға, жазуға үйреттік. 6) Апат кездерінде өзгелерге көмек қолын ұсынамыз. 7) Барлық адамдар пайдасын көріп отырған діни азаттыққа жетуде маңызды рөл атқардық (“Ояныңдар” журналының (ор.) 2003 жылғы 8-қаңтардағы нөмірін қара, 9-бет).
121-ән және соңғы дұға.
31 наурыздан басталатын апта
130-ән
12 мин: Жергілікті хабарландырулар. Наурыз айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың есіне сал. Сәуір айында ұсынылатын әдебиетті атап өт. “Еске алу кешіне байланысты ескертулердің” негізгілерін талқыла.
13 мин: Жариялаушылардың басынан өткен оқиғалар. Жариялаушыларды наурыз айында қызметтерінің аясын кеңейткен кезде бастан кешірген оқиғаларын айтып беруге шақыр. Күш салғандары үшін оларға мақтау айтып, барлығын да жағдайларына қарай сәуір айында қызметке толық қатысуға жігерлендір.
20 мин: “Ехоба мадақталуға әбден лайық”.c Еске алу кешінің маңыздылығына аса көңіл бөл. Өзгелердің де келуіне көмектесу үшін әрқайсымыздың не істеуімізге болатынын көрсет. Енжар бауырластарымыздың қайта қызығушылығын ояту үшін не істеуге болатынын түсіндір. Тыңдаушыларды өткен жылғы Еске алу кешінде болған кез келген жігерлендіретін оқиғаларды айтып беруге шақыр.
173-ән және соңғы дұға.
7 сәуірден басталатын апта
191-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар.
15 мин: 2003 жылғы “Жылнаманы” қолдану. Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. “Басқарушы кеңестің хатының” негізгі ойларын талқыла. Алдын ала жариялаушылардың өздерін жігерлендіріп, сенімдерін нығайтқан хабарлар мен оқиғаларды айтып берулеріне қамдан. Дүниежүзілік есептің көңіл аударарлық тұстарын атап өт. Отбасымен бірге жыл ішінде кітапты түгел оқып шығуға жігерлендір. Бұл кітапты жаңадан қызығушылық білдіріп жүргендерді Ехобаның ұйымына бағыттауға және оларды қауым жиналыстарына келіп тұруға жігерлендіруге қалай қолдануға болатынын көрсет.
20 мин: “Ақиқаттың азаттыққа жеткізуі”.d “Күзет мұнарасының” 1998 жылғы 1 қазандағы нөмірінің 6-бетіндегі қоршаудағы мәліметті келтір. Тыңдаушылардан Құдай Сөзіндегі шындықтың қалай азат еткені жөнінде айтып берулерін өтін.
217-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
d Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.