Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 3.03. 3—5 бет.
  • Жақсылық жасауға ынталы болыңдар!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жақсылық жасауға ынталы болыңдар!
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2003
  • Ұқсас мәлімет
  • ‘Ізгі хабарды уағыздап жеткіз’
    Біздің патшалық қызметіміз. 2008
  • Ехобаның керемет істері жөнінде жария етуді жалғастыра беріңдер
    Біздің патшалық қызметіміз. 2004
  • Нұрға назар аудар
    Біздің патшалық қызметіміз. 2006
  • “Барлық адамдарға... жақсылық істей берейік!”
    Біздің патшалық қызметіміз. 2002
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2003
km 3.03. 3—5 бет.

Жақсылық жасауға ынталы болыңдар!

1 2003 жылғы Еске алу кеші өтетін маусым жақындаған уақытта біздің ‘жақсылық жасауға ынталы’ болуымызға көптеген себептер бар (1 Пет. 3:13). Ең негізгі себеп Иса Мәсіхтің төлем құрбандығы болып табылады (Мат. 20:28; Жох. 3:16). Осыған байланысты елші Петір былай деп жазған болатын: “Пайдасыз өмір салтынан азат болуларың үшін не төленгенін білесіңдер: күміс, алтын сияқты өткінші заттар емес, Құдайдың мінсіз де мүлтіксіз “Тоқтысы” — Мәсіхтің Өзі құрбан болып, баға жетпес қанын төгуімен құтқарылуларыңның құнын төледі” (1 Пет. 1:18, 19). Осы сүйіспеншіліктің керемет көрінісіне деген ризашылығымыз Исаның ‘бізді бүкіл жамандық атаулыдан азат етіп, тазартып, Өзінің меншікті, игі істерге ынталы халқы ету үшін жанын қиып, құрбан болғанын’ түсініп, өзімізді жақсылық жасауға арнауға талпындырады (Тит. 2:14; 2 Қор. 5:14, 15).

2 Құдайға ұнамды іспен айналысатын болсақ, онымен жақсы қарым-қатынаста боламыз да, ол сүйіспеншілікпен бізді қамқорлығына алады. Петір әрі қарай былай деген болатын: ‘Өмірді жақсы көріп, игілікпен өткізуді қалаған... Жамандықтан жалтарып, жасай берсін жақсылық. Тыныштыққа ұмтылып, орната берсін татулық. Себебі Жаратқанның назары адалдарда, Ол құлақ салады солар сиынғанда’ (1 Пет. 3:10—12). Осы қауіпке толы уақытта Ехобаның бізді көзінен таса қалдырмайтынын және ‘көзінің қарашығындай сақтау’ үшін, біздің пайдамызға әрекет етуге дайын екенін білген қандай бақыт десеңші! (Заң. қ. 32:10; 2 Шеж. 16:9).

3 Петір хат жолдаған ежелгі мәсіхшілер сынақтарға кезіккендеріне қарамастан, зор ынтамен құлшына қызмет етті және олар ізгі хабарды мүмкіндігінше кеңінен жариялады (1 Пет. 1:6; 4:12). Бүгінгі Құдай халқына байланысты да солай деуге болады. ‘Қиын-қыстау күндері’ өмір сүріп жатқанымызға қарамастан, Ехобаның игілігіне деген ризашылығымыз оның еркін құлшына орындауға талпындырады (2 Тім. 3:1; Заб. 144:7). Ал енді Еске алу кеші өтетін маусымда атқаруымыз керек игі істердің біразын қарастырып көрелік.

4 Еске алу кешіне өзгелерді де шақырыңдар: Керемет сый болып табылатын азаттық төлемі үшін ризашылығымызды білдірудің бір жолы, жыл сайын аталып өтетін Исаның өлімін еске алу кешіне келу болып табылады. Биыл бұл мереке сәрсенбі күні, сәуірдің 16 жұлдызында, күн батқан соң аталып өтеді (Лұқ. 22:19, 20). Өткен жылы Еске алу кешінде дүние жүзіндегі 94 600 қауымда өте көп — 15 597 746 адам болды! Бұл оның алдындағы жылға қарағанда 220 000 адамға артық.

5 Биылғы жылы неше адам келер екен? Көп нәрсе біздің өзгелерді бізбен бірге болуға жігерлендіруде қаншалықты ынта көрсететінімізге байланысты. Алдымен барлық шақырғыларың келген адамдардың тізімін жасаңдар. Бірінші болып тізімге отбасы мүшелері ену керек. Егер жолдастарың сенуші болмаса, шын жүректен олардың болғанын қалайтындарыңды білдіріңдер. Бір сенбейтін кісі өзінің болғаны әйеліне қаншалықты маңызды екенін білу үшін, өткен жылы Еске алу кешіне барғанын айтты. Содан кейін тізімге туыстарың, көршілерің, бірге жұмыс істейтін немесе бірге оқитын адамдар ену керек. Өздеріңмен бірге Киелі кітапты зерттеп жүрген адамдарды да шақыруды ұмытпаңдар.

6 Тізімді жасап болған соң, әрқайсысын жеке шақыруға уақыт бөліңдер. Ол үшін арнайы басылған шақыру қағазын қолданыңдар. Ұмытып кетпеулері үшін мерекенің қашан және қай жерде өтетінін шақыру қағазының астыңғы жағына әдемілеп жазып қойыңдар. 16 сәуір жақындаған кезде, өздерің жолығып немесе телефон арқылы тізімдегілерге ескертіңдер. Осылайша аса қасиетті оқиғаға мүмкіндігінше көп адамның келуіне көмектеселік.

7 Еске алу кешіне келгендерге көмектесіңдер: Еске алу кеші әрқашан да ерекше оқиға. Әдетте кездесулерге келмейтін адамдарды қарсы алуға мүмкіндігіміз бар. Жергілікті жағдайға қарай мүмкіндігінше ерте келіп, кеш қайтуды жоспарлаңдар. Жаңадан келгендермен бірінші болып танысыңдар. Мейірімді де қонақжай болыңдар (Рим. 12:13).

8 Кешке келгендердің кейбіріне үй жағдайында Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізу арқылы одан да көп рухани жетістіктерге жетуге көмектесуге болмас па екен? Бұрын үйінде әңгімелеспеген адамдардың мекен-жайын жазып алуға тырысыңдар, сонда үйлеріне барып әрі қарай көмектесе аласыңдар. Сүйіспеншілікпен көмек көрсетулеріңнің арқасында, олардың кейбірі келесі жылғы Еске алу кешінің қарсаңында шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болуға лайық болуы мүмкін. Еске алу кешіне келгендерге тағы барып жолыққан кезде, оларды 27 сәуірде болатын арнайы баяндамаға шақырыңдар.

9 Осы көктемде қосалқы ізашар бола аласың ба? Жыл сайын Ехобаны даңқтаудағы құлшынысымыз осы теократиялық істерде ерекше құлшыныс танытатын айларда қызметке толық қатысуға талпындырады. Мысалы өткен жылы наурыз және сәуір айларында орта есеппен 1313 адам қосалқы ізашар ретінде қызмет етті. Осылайша, Еске алу кеші маусымында бүкіл қауым болып ізгі хабарды құлшына уағыздау үшін бірігіп күш жұмсағанның арқасында бауырластар керемет нәтижеге қол жеткізді.

10 107 жариялаушы және 9 ізашардан тұратын бір қауым өткен жылғы сәуір айы “керемет ай” болғанын хабарлады. Барлық ақсақалдар мен қызмет көмекшілерін қоса алғанда, ол айда 53 жариялаушы қосалқы ізашар болған. Ақсақалдар ол айда қосалқы ізашар болуға деген қауымның құлшынысын қалай оятты екен? Олар алдын ала қосалқы ізашар бола алады-ау дегендерді жігерлендіре бастады. Олар барлығына ыңғайлы болу үшін уағыздау қызметіне арналған кездесулерді күн бойы әр уақытқа белгіледі. Әсіресе әлсіздер үшін сым тетік арқылы куәлік етуге ерекше көңіл бөлінді.

11 Денсаулығының нашарлығынан жүре алмайтын 86 жастағы әйел бауырласымыз қосалқы ізашар болады. Таңертең ас үстелінде отырып екі сағат сым тетік арқылы куәлік етіп, содан соң бірнеше сағат демалып алып, тағы біраз уақыт уағыздап жүреді. Ол сөйлескен бір кісі соңғы екі жыл ішінде күйеуі мен екі жасөспірім ұлынан айырылып, Құдайдың не себепті мұндай бақытсыздыққа жол беретінін түсіне алмай жүрген екен. Оған түпкілікті куәлік беріліп, Киелі кітапты зерттеу сабағын бастайды. Кешкі және өзге де уақытта сым тетік арқылы куәлік беру кіре алмайтын ғимараттарда немесе аумақтарда тұратын адамдармен байланысудың тиімді жолы болып табылады. Сондай-ақ ол, күні бойы үйінде болмайтын адамдармен де байланысуға мүмкіндік береді.

12 Ақсақалдар өздерінің хабарламасын былай деп аяқтады: “Біз үшін бұл керемет уақыт болды және осындай қызметке байланысты ерекше мүмкіндік беріп, молынан батасын төккені үшін Ехобаға шексіз ризамыз”. Мұқият жоспарлаудың арқасында сендердің қауымдарың да осындай баталарға ие бола алады.

13 Қызметке 100 пайыз қатысуға тырысыңдар: Құдайға және жақындарымызға деген сүйіспеншілігіміз өзгелермен ізгі хабарды бөлісу үшін қолайлы уақытты босатуға талпындырады (Мат. 22:37—39). Қауымның кітап оқу тобының бақылаушылары мен көмекшілері топтарындағылардың әр ай сайын қызметке қатысуына көмектесуге тырысулары керек. Бұлай етудің керемет жолы — алдын ала топтағылардың барлығымен қызметке шығуды жоспарлау. Айдың аяғын күтпей, ерте бастаңдар. Сонда сүйіспеншілікпен көмек көрсетуде көбірек мүмкіндіктерің болады.

14 Сендердің кітап оқу топтарыңда қызметке қатысуы өте қиын әлсіз бауырластар бар ма? Егер олардың кейбіреуі қарттар үйінде болса, немесе үйінен шыға алмайтын болса, олардың куәлік етуге мүмкіндіктері шектеулі болатындығы түсінікті. Алайда олар шектеулі мүмкіндіктерін пайдаланып, өздеріндегі “нұрға” адамдарға сәулесін төктіргеннің арқасында, олардың игі істерін көрген адамдар шындыққа шындап көңіл қоюлары мүмкін (Мат. 5:16). Кітап оқу тобының бақылаушысы мұндай адамдардың 15 минутқа дейін есеп берулеріне болатынын білетіндеріне көз жеткізулері керек. Куәлік етуге жұмсаған уақыттары жөнінде есеп бере алғандары оларды жігерлендіріп, қанағат сезіміне және қуанышқа бөлейді. Сондай-ақ бұл дүние жүзі бойынша Құдай халқының есебінің толық болуын қамтамасыз етеді.

15 Жақсылық жасауға ынталы жастар: Мәсіхші жастардың күш-қуаттарын Ехобаға қызмет етуге жұмсап жүргендерін көру қандай қуанышты! (Нақ. с. 20:29). Егер жас болсаң, осы ерекше қызмет ететін айларда Ехобаға деген құлшынысыңды қалай көрсете аласың?

16 Егер әзірге шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болмасаң, осындай құрметке лайық бола аласың ба? Өзіңнен былай деп сұра: ‘Киелі кітаптың негізгі ілімдерін білемін бе? Патшалық қызметшісі болуды қалаймын ба? Үлгілі өмір кешіп жүрмін бе? Өзгелермен ізгі хабар жөнінде сөйлесіп, сенімімді жариялай аламын ба? Шын жүректен солай еткім келе ме?’ Егер бұл сұрақтарға “иә” деп жауап бере алсаң, жариялаушы болғың келетінін ата-анаңа айт. Олар қызмет комитетіндегі ақсақалдардың бірімен сөйлеседі.

17 Ал егер жариялаушы болсаң, мектептегі демалыс уақытын қызметіңнің аясын кеңейтуге қолдана алар ма едің? Жақсы жоспар жасағанның арқасында және ата-аналары мен өзгелердің көмегімен көптеген шомылдыру рәсімінен өткен жастар қосалқы ізашар бола алды. Қосалқы ізашар бола алмасаң да, қызметке мүмкіндігінше көп уақыт бөлуге беліңді бекем бу. Алдыңа мақсат қой. Уағыздауға көп уақыт бөлумен қатар қызметіңнің сапасына байланысты да мақсат қой. Мүмкін әр есіктің алдында Жазбалардан үзінді келтіруге, қайта оралып барғанда әңгімені тиімді жүргізуге, Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға немесе қызметіңнің аясын кеңейтіп, сым тетік арқылы куәлік етумен қатар өзге де қызмет ету жолдарын қосуға тырысып көрерсің. Биылғы Еске алу кешіне өзіңмен бірге көршіңді, сыныптасыңды немесе туысыңды ертіп баруды мақсат ету туралы ойың қандай? Теократиялық істерге толық қатысқанның арқасында баталарға ие боласың және қауымдағы өзгелерді жігерлендіресің (1 Сал. 5:11).

18 Киелі кітапты зерттеп жүргендердің рухани өсуіне көмектесіңдер: Соңғы қызмет жылында Қазақстан бойынша әр ай сайын 10 659 Киелі кітапты зерттеу сабағы жүргізілді. Уақыт өте келе осы кісілердің көбісі жетістікке жетіп, өздерін Құдайға бағыштап, шомылдыру рәсімінен өтеді. Алайда осы мақсатқа жетпес бұрын біз бұл кісілерге ізгі хабардың жариялаушысы болуға лайықты болуға көмектесуіміз керек. Бұл Иса Мәсіхтің шәкірттерін дайындаудағы маңызды қадам болып табылады (Мат. 9:9; Лұқ. 6:40). Киелі кітапты зерттеп жүргендердің осы қадамды жасауға дайындары бар ма?

19 Егер олардың жетістікке жетіп жүргені күмән тудыратын болса, кітап оқу тобының бақылаушысынан немесе қызмет бақылаушысынан көмек сұраңдар. Сабақты бірге өткізуге шақыруларыңа болады. Тәжірибелі болғандықтан олар оның қаншалықты рухани жетістікке жетіп жүргенін анықтай алады. Сондай-ақ ол кісінің әрі қарай да рухани жетістікке жете берулеріне көмектесетін кеңес берулері мүмкін.

20 Ол адам шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болғысы келетінін білдірсе және лайық деп ойласаңдар төрағалық етуші бақылаушыға айтыңдар. Ол екі ақсақалдың сендермен кездесіп, “Біздің қызметіміз” кітабының 98, 99-беттеріндегі мәліметтерді қолданып, оның лайық не лайық емес екенін анықтаулары үшін қам жасайды (“Күзет мұнарасының” 15 қарашадағы нөмірінің 17-бетін қара, ор.). Егер ол жариялаушы болады деп шешілсе, қызметке баулуды бірден бастап кетулерің керек. Ол қызметі жөнінде есеп бере салысымен, шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болғаны қауымда жарияланады. Осы мыңдаған жаңадан жариялаушы болған жастар мен үлкендер қызметке ерекше көңіл бөлінетін сол айларда рухани жетістіктерге жетеді деп үміттенеміз.

21 Жоспар құрудың арқасында көптеген игілік жасауға болады: Алдын ала жоспар құрған Еске алу кеші маусымы кезіндегі теократиялық іс-әрекетіміздің тиімді болуына көмектеседі (Нақ. с. 21:5). Осыған байланысты ақсақалдар көңіл қоюға тиіс нәрселер көптеп саналады.

22 Қауымдағылар қызметте көп нәрсеге қол жеткізулері үшін, ақсақалдар апта ішінде және демалыс күндері тиімді уағыздау қызметіне арналған кездесулер өткізуге шара қолданулары керек. Бұл шараларды қарастыруда қызмет бақылаушысы басшылықты қолына алу керек. Таңертең, түстен кейін және кешке қосымша кездесулер ұйымдастыруға болмас па екен? Бұл шаралар жөнінде қауымға хабарлану керек. Кездесулер кестесін хабарландыру тақтасына іліп қойған жақсы болар еді.

23 Ақсақалдар алдын ала 16 сәуірге дейін Еске алу кешіне байланысты нәрселердің барлығының дайын екендігіне көз жеткізулері керек. Бұған Патшалық Сарайында жиналатын қауымдармен бірге келісе әрекет ету, Патшалық Сарайын тазалау, қызмет көрсетушілер мен рәміздерді алып жүретін адамдарды тағайындау және рәміздерді дайындау сияқты істер жатады. Қауымдағылар Еске алу кеші өтетін уақыт пен орынды және сол аптадағы кездесулерге байланысты өзгерістерді білу керек. Осы жайттарды қадағалауда ынта танытқанның арқасында мереке кезінде ‘әдеп пен тәртіп сақталады’ (1 Қор. 14:40).

24 Отағасы отбасылық зерттеудің бір бөлігін отбасының Еске алу кеші маусымындағы ерекше қызметке қалай атсалысатынын қарастыруға бөлгісі келуі мүмкін. Бүкіл отбасымен қосалқы ізашар бола аласыңдар ма? Немесе отбасы бір-екеуінің қосалқы ізашар болуына көмектесе ала ма? Егер бұлай ету мүмкін болмаса, отбасы болып қызметке көбірек уақыт бөлуді мақсат етіп қойыңдар. Отбасында аздап жігерлендіріп, көмек көрсетілсе шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болуы мүмкін балалар бар ма? Отбасыларың биылғы Еске алу кешіне қанша адамды шақыра алады? Жақсы жоспарлағанның арқасында отбасыларың көптеген баталар мен қуанышқа ие болады.

25 Қалған уақытты толық қолданыңдар: Бірінші ғасырдағы мәсіхшілерге хат жазған кезінде, елші Петір яһуди жүйесінің жойылатын уақыты жақын қалғандықтан уақыттың тығыз екендігін олардың есіне салды (1 Пет. 4:7). Бүгінгі жағдай да бүкіл осы дүниенің жойылатын уақыты жақын екендігін дәлелдейді. Біздің күнделікті өмірімізден соған сенімді екеніміз көріну керек. Ехобаның ынталы қызметшілері ретінде бар назарымыз уақыт күттірмейтін ізгі хабарды уағыздау ісінде болуға тиіс (Тит. 2:13, 14).

26 Қазір ынта көрсетіп әрекет ететін уақыт. Ехобаның сендер үшін, отбасыларың және қауым үшін не істегенінің үстінен ой жүгіртіңдер. Оның біздің игілігімізге істегендерін ешқашан өзіне қайтара алмағанымызбен, Ехобаға жан-тәнімізбен қызмет ете аламыз (Заб. 115:3—5). Бар ынтамызбен күш жұмсағанымыз үшін Ехоба батасын төгеді (Нақ. с. 10:22). ‘Барлық істе де Құдай Иса Мәсіх арқылы мадақталу’ үшін осы қызметті ұлғайтатын арнайы уақыт аралығында барлығымыз да ‘жақсылық жасауға ынталы’ болайық! (1 Пет. 3:13; 4:11).

[3-беттегі қоршау]

Дүние жүзі бойынша Еске алу кешіне келгендер

1999 14 088 751

2000 14 872 086

2001 15 374 986

2002 15 597 746

[4-беттегі қоршау]

Еске алу кешіне кімді шақырасың?

□ Отбасы мүшелері мен туыстарың

□ Көршілерің мен таныстарың

□ Бірге істейтін немесе бірге оқитындар

□ Қайта оралып барып жүрген немесе Киелі кітапты зерттеп жүрген адамдар

[5-беттегі қоршау]

Еске алу кешіне келгендерге көмектесіңдер

□ Алдарынан шығып, жылы қарсы алыңдар

□ Кешіктірмей үйлеріне барып жолығыңдар

□ Киелі кітапты зерттеу сабағын ұсыныңдар

□ Арнайы баяндамаға шақырыңдар

[5-беттегі қоршау]

Еске алу кеші маусымында алдарыңа қандай мақсат қоясыңдар?

□ Шақырған адамдардың біразын Еске алу кешіне ертіп келу

□ Ізгі хабарды уағыздаушы болуға лайық болу

□ Қызметке белгілі уақыт бөлу

□ Қызметтің белгілі бір саласын жақсарту

□ Қосалқы ізашар болу

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу