Ехоба мадақталуға әбден лайық Еске алу кеші 16 сәуірде аталып өтеді
1 Бәріміз де 2003 жылдың 16 сәуірін асыға күтудеміз. Сол күні кешке біз дүние жүзіндегі бауырластарымызбен бірге Ехобаны дәріптеп, Исаның өлген күнін атап өтеміз. Ехоба — азаттық төлемін өтеуге керемет шара қолданғаны үшін барлық даңқ атаулыға лайық. Сол арқылы ол барлық тіл алғыш адамзатқа керемет баталарын төгеді. Біз “Ехоба ұлы және мадақталуға әбден лайық” деп шырқаған Забур жыршысына шын жүректен қосыламыз (Заб. 145:3, ЖД [144:3]).
2 Еске алу кеші — ізгілігі мен ‘шынайы өмір сүруіміз үшін... Өзінің жалғыз Ұлын жібергені’ үшін Ехобаға қаншалықты риза болуымыз керектігі жөнінде ойланатын уақыт (1 Жох. 4:9, 10). Мойынсұнғыштықпен Еске алу кешін атап өткеніміз ‘Ехобаның рақымды да қайырымды... және мейірімді’ екенін жүрегімізбен сезінуімізге көмектеседі (Заб. 145:8, ЖД [144:8]). Азаттық төлемі Ехобаның адамзат баласына деген сүйіспеншілігінің ең керемет көрінісі болып табылады (Жох. 3:16). Ехобаның сүйіспеншілігі мен Исаның адалдық танытқанының үстінен ой жүгірткеніміз Ехобаны мадақтауға талпындырады. Біз мәңгілік бойы Ехобаны осы мәңгі өмірді мүмкін етіп, шексіз сүйіспеншілік танытқаны үшін мадақтайтын боламыз (Заб. 144:1, 2).
3 Өзгелердің де Ехобаны мадақтауына көмектесіңдер: Құдайдың ең керемет сыйы — азаттық төлеміне деген ризашылығымыз өзгелерді де бізбен бірге Ехобаны мадақтауға шақыруға талпындырады. Забур жыршысы Құдай рухының жетелеуімен былай деп жазды: “Ұлы ізгілігіңді жариялап, әділдігіңді қуана жырлайтын болады” (Заб. 144:7). Соңғы жылдың өзінде Ехоба Куәгерлері уағыздау ісіне миллиардтан астам уақыт жұмсады. Нәтижесі қандай болды екен? Апта сайын орта есеппен 5 100 адам өздерін Ехобаға бағыштап, шомылдыру рәсімінен өтті. Өткен жылғы Еске алу кешіне 15 597 746 адам қатысып, оның 9 миллионнан астамы әлі ізгі хабарды жариялаушы ретінде Ехобаны мадақтауды бастамағанын ескерер болсақ, болашақта да өсімді күтуге болады. Біз Патшалық жөніндегі ізгі хабарды жариялаушы ретіндегі құрметті ісімізді жоғары бағалаймыз, сондай-ақ өзгелердің де жүрегін Ехобаға, оның Ұлына және Патшалыққа бұрамыз.
4 Өзгелерді Ехобаны дәріптеуге жігерлендірудің керемет жолы — оларды бізбен бірге Еске алу кешін атап өтуге шақыру. Шақырғыларың келетіндердің және күні мен уақытын естеріне салу қажет болатындардың тізімін жасадыңдар ма? Тізімдеріңдегілердің барлығына шақыру қағазын бердіңдер ме? Егер бермеген болсаңдар әзірге уақыт барда кідіртпестен беріңдер. Оларға мейрамның мақсатын түсінуге көмектесіңдер. Кешке келгендерге сәлем беріп, қарсы алуға дайын болыңдар. Келгендеріне қуанышты екендеріңді білдіріп, мақтау айтыңдар және өзге бауырластармен таныстырыңдар.
5 Еске алу кешінде болғандары жаңадан оқып жүргендерді рухани жетістіктер жасауға талпындырады. Жарақат алудың салдарынан күйзеліске ұшыраған Киелі кітапты зерттеп жүрген бір кісі көпшілік жиналған жерге бара алмайтын еді. Сөйтсе де, ол Еске алу кешіне келеді. Бұл кездесу жайлы не ойлайтынын сұрағанда: “Ол ең қасиетті кеш болғандықтан, мен онда болдым”,— деп жауап берді. Содан бері ол барлық кездесулерге келе бастады.
6 Кеш өткен соң: Осындай қызығушылық білдіріп жүргендерге Ехобаны мадақтаушы болуға көмектесу үшін не істеуге болады? Ақсақалдар Еске алу кешіне келгендерге көңіл бөліп, көп кешікпей лайықты жариялаушылардың оларға барып, рухты сергітерлік көріп-білген нәрселерін қайталау үшін қам жасайды. Олардың кейбіреуі үй жағдайында Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға ниет білдіруі мүмкін. Сондай-ақ оларды апта сайынғы барлық кездесуге шақыру керек, өйткені әрдайым кездесуге барып тұрғандарының арқасында Киелі кітапқа негізделген білімдері артады.
7 Жүйесіз және енжар жариялаушыларды әрдайым кездесулерге келіп тұру үшін жігерлендіруге байланысты шаралар жүзеге асуда. Егер ақсақалдар өтініш жасаса, енжар бауырласымыздың қайтадан қызметке қатысуына көмектесуге дайын болыңдар. Осылайша сүйіспеншілікпен бауырластарға қамқорлық жасау елші Пауылдың сөздеріне сай келеді: “Мүмкіндік барда барлық адамдарға, әсіресе сенімі бір бауырластарымызға, жақсылық істей берейік!” (Ғал. 6:10).
8 Барлығымыз да 16 сәуір күні Еске алу кешіне келуге ерекше күш салғаймыз! Ехоба мадақталатын осы ең қасиетті оқиғаны ешқайсысымыз да жібергіміз келмес. Иә, қазір және мәңгілік бәріміз де ұлы істері үшін Ехобаны мадақтайық! (Заб. 144:21).