Әр тілде сөйлейтін адамдардың жиналуы
1 Құдай Сөзі орындалуда! “Әр тілде сөйлейтін халықтардан шыққан” адамдар шынайы ғибадатты қабыл алуда (Зәк. 8:23). Ехоба Куәгерлері “барлық тайпа мен рулардан, халықтар мен тілдерден” шыққан адамдардың Ехобаның алдында өздерін таза ұстап, “ауыр азаптан” аман өту үмітіне ие болуларына қалай көмектесуде? (Аян 7:9, 14).
2 Құдайдың ұйымы әрекет етуде: Бүкіл жер бетіндегі адамдардың ізгі хабардың маңызды екенін айқын түсінулері үшін, Басқарушы кеңес Киелі кітапқа негізделген әдебиеттердің шамамен 380 тілде шығуына шара қолданды. Әдебиеттерді соншама көп тілде дайындап, басып шығару оңай іс емес. Ол үшін қабілетті аудармашылар тобын жинап, оларды әдебиеттерді осы тілдердің барлығына аудару үшін қажетті көмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ әдебиеттерді басып шығарып, оларды жер-жерлерге жеткізу керек. Алайда негізгі рөл ойнайтын осы Киелі кітапқа негізделген өмір сақтайтын хабарды адамдарға жеткізетін — әрбір жеке алғандағы Патшалықты жариялаушылар.
3 Қиындықтан тартынбау: Қазіргі уақытта көптеген жерлерде шет тілде сөйлейтін адамдар көптеп кездеседі. Осы адамдарға ізгі хабарды жеткізу үшін, Құдайдың көптеген қызметшілері өз елдерінде кеңінен тараған өзге де тілдерді үйренуге күш салуда. Өзгелері ым тілін үйренуде. Нәтижесінде Ехоба туралы ешқашан естімеген немесе Киелі кітап туралы ештеңе білмейтін адамдар Құдай Сөзіндегі шындықты қабыл алуда (Рим. 15:21).
4 Біз де ізгі хабарды аумағымызда тұратын өзге ұлттың өкілдеріне жариялау үшін әлдеқайда көбірек күш жұмсауымыз керек емес пе? (Қол. 1:25). Көптеген қауым ізгі хабарды жергілікті шетелден келген адамдарға уағыздау ісін ұйымдастыруда. Алғашында жариялаушылар қарапайым ұсыныс жасауды ғана үйренсе жеткілікті. Мысалы, олардың былай деуіне болады: “Саламатсыз ба! Мұнда сіз үшін ізгі хабар жазылған. [Сонан соң сол тілде бар трактат немесе брошюра ұсынуға болады.] Сау болыңыз”. Ехоба шынында да осындай кішкене ғана бастамаға да батасын береді.
5 Патшалық туралы хабар шыққан тегі, тілі әр түрлі адамдарды өзіне тартады. Осы хабарды олармен бөлісу мүмкіндігін барынша пайдаланайық.