Журналдарды ұсыну жолдары
Күзет мұнарасы 15 маус. (ор.)
“Мына сияқты қиыншылықтар жойылатын уақыт болады деп ойлайсыз ба? [Бірінші мақаладағы алғашқы дәйексөзді оқы да, жауабын күт.] Құдай Сөзінде мұндай қиыншылықтардың жақында жойылатыны туралы жұбаныш беретін сөздер жазылған. [Забур 71:12—14-ті оқы.] “Күзет мұнарасының” мына нөмірі бұның қалай іске асатынын түсіндіреді”.
Ояныңдар! 22 маус. (ор.)
“Жер бетіндегі әрбір адам нағыз бостандыққа жететін уақыт болады деп ойлайсыз ба? [Жауабын күт.] Құдайдың мына керемет уәдесіне көңіл аударыңызшы. [Римдіктерге 8:21-ді оқы.] Бұл уәде орындалу үшін, құлдық атаулы жойылу керек, солай емес пе? “Ояныңдар!” журналының мына нөмірінде оның қалай орындалатыны жазылған”.
Күзет мұнарасы 1 шілде (ор.)
Ехобаның патшалығын жариялайды
“Миллиондаған адамдар бейнелер мен пұттарға табынады, ал өзге миллиондаған адамдар олай еткен дұрыс емес деп ойлайды. Бұған Құдайдың қалай қарайтыны жөнінде ойланып көрдіңіз бе? [Жауабын күт. Содан соң Жохан 4:24-ті оқы.] Мына мақалаларда адамдардың пұттар мен бейнелерге қалай табына бастағаны және ол туралы Киелі кітапта не айтылатыны туралы жазылған”.
Ояныңдар! 8 шілде (ор.)
“Киелі кітапта соңғы дәуірде қиын-қыстау күндердің туатыны туралы пайғамбарлық жазылған. [2 Тімотеге 3:1, 3-ті оқы.] Дүние жүзінде қылмыстық істердің кең жайылуы, осы пайғамбарлықтың орындалып жатқанының дәлелі болып табылады. Егер полицейлер болмаса, жағдай бұдан да нашар болар еді. “Ояныңдар!” журналының мына нөмірінде дүние жүзі бойынша полицейлер кезігіп жатқан қиыншылықтар талқыланады”.