Қызмет кездесулерінің кестесі
13 мамырдан басталатын апта
37-ән
15 мин: Жергілікті хабарландырулар. “Біздің Патшалық қызметімізден” іріктеп алынған хабарландырулар. 8-беттегі кеңестерді қолданып, “Күзет мұнарасының” 15 мамырдағы нөмірі мен “Ояныңдар!” журналының 22 мамырдағы нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет. Екі жағдайда да “уақытым жоқ” деп қарсылық білдірген кезде не айтуға болатынын әр түрлі жолмен көрсет. (“Киелі кітап тақырыбына әңгіме бастап, оны жалғастырудың жолдары” брошюрасының 11, 12-беттерін қара.)
15 мин: “Бір-бірімізді жігерлендірудің ерекше мүмкіндігі”. Баяндама. Облыстық конгресті қуана, ризашылықпен күтуге жігерлендір. Барлығын да жұма күні таңертеңнен жексенбі күні түс қайтқанға дейін, конгрестің барлық бағдарламасын тыңдауға деген ықылас оят.
15 мин: Әрқашан “жақсылық жасауға ұмтылыңдар!”a Жататын орынға байланысты біз үшін қарастырылған нұсқауды ұстануымыз қажет екендігіне баса көңіл аудар. 2-абзацтағы ескертулерге де ерекше көңіл бөл. Жүріс-тұрысымыздың үлгілі болғаны неліктен маңызды екенін түсіндір.
115-ән және соңғы дұға.
20 мамырдан басталатын апта
13-ән
15 мин: Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөнінде есеп беру. “Сауалдар жәшігін” қарастыр.
12 мин: “Рухани мұқтаждықтарыңды қанағаттандырыңдар”. Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Неліктен барлығымыз да конгрестің бағдарламасын мұқият тыңдауымыз керек екендігінің себептерін қарастыр. Тек тыңдап қана қоймай, білгенімізді өмірде қолдануымыз керек екендігіне баса көңіл бөл. Қазан айындағы қызмет кездесуінің бірі толықтай конгресс бағдарламасының негізгі ойларын қайталауға арналады. Барлығын да бағдарламаның негізгі ойларын жазып алуға жігерлендір. Біраз жариялаушылардан өткен жылғы конгрестің пайдалы болған ойлары жөнінде айтып беруін өтін.
18 мин: “Киім және сыртқы көріністің әдептілігі”b. Ақсақал өткізеді. Ол әр абзацты оқып шығып, содан соң тыңдаушылармен талқылайды. Жұрт алдында не кигеніміздің және қалай кигеніміздің неліктен маңызды екендігін барлығының да түсінулеріне көмектес.
169-ән және соңғы дұға.
27 мамырдан басталатын апта
208-ән
12 мин: Жергілікті хабарландырулар. Мамыр айындағы қызметтері жайлы есеп беруді жариялаушылардың есіне сал. 8-беттегі кеңестерді қолданып, егде жастағы бауырласымыз “Күзет мұнарасының” 1 маусымдағы нөмірін, ал жас бауырласымыз “Ояныңдар!” журналының 8 мамырдағы нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсетсін. Әр көрсетуден кейін, ұсыныс кезінде Жазба орындары қалай оңай қолданылғаны туралы айт.
15 мин: “Қауымдарыңның аумағы үлкен бе?” Қызмет бақылаушысының баяндамасы және тыңдаушылармен талқылау. (Аумағы шағын қауымдар “Біздің Патшалық қызметіміздің 1999 жылғы маусым айындағы нөміріндегі “Уақытты бағалаңдар” деп аталатын мақаланы қарастыруларына болады). Қауымның аумағында қанша учаске бар екеніне және өткен жылы қаншасында тиянақты куәлік берілгеніне көңіл бөл. Ұсынылған кеңестерді біздің жағдайымызға байланысты қалай қолдануға болатынын түсіндір. Жақын арада сирек уағыздалатын учаскелерде уағыз айту үшін қандай жоспар құрылғанын айт.
18 мин: “Киелі кітапты зерттеуді бастау үшін “Құдай талап етеді” брошюрасын қолданып жүрсің бе?” (Бұл мақаланы талқылау үшін барлығы да “Біздің Патшалық қызметіміздің” 2002 жылғы қаңтар айындағы нөмірінің қосымшасын ала келулері керек). Алдымен жақсылап дайындалып келген жариялаушы 3-абзацтағы мысалды қолданып, Киелі кітапты зерттеу сабағын қалай бастауға болатынын көрсетсін. Содан соң, брошюраның ерекшеліктеріне көңіл бөліп, олардың зерттеу сабағын бастауға ыңғайлы екендігін түсіндір. 2002 жылғы қаңтар айындағы қосымшадағы ұсынылған кеңестерді қарастырғанның тиімділігін көрсет. Тыңдаушылардан қандай ұсыныстардың олар үшін тиімді болғанын сұра. Соңында жоғарыда келтірілген көрсетуді қайтала.
93-ән және соңғы дұға.
3 маусымнан басталатын апта
178-ән
15 мин: Жергілікті хабарландырулар. Наурыз, сәуір және мамыр айларында қосалқы немесе жалпы ізашар ретінде қызмет еткен жариялаушылар қандай баталарға ие болғандарын айтып берсін.
15 мин: Қызмет көмекшілері үшін ризамыз. Сахна мен үн шығару аппараттарын дайындауға, қаржыға, әдебиетке, журналдарға жауапты және қызмет көрсетуші қызметін атқарып жүрген бауырластармен сұхбаттас. Олардың міндетінің неден тұратынын және оларға қызметін қуанышпен атқаруға өзге жариялаушылардың қалай көмектесе алатынын айтып бер. Жергілікті қажеттіліктерді ескер.
15 мин: “Сеніміміз игі істер жасауға талпындырады”c. 2-абзацты талқылаған кезде, құлшына қызмет етіп жүрген жариялаушымен қысқаша сұхбаттас. Ол өзгелерге куәлік еткеннің арқасында қалай сенімін паш ететінін әрі нығайтатынын айтып берсін.
56-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.