Киелі кітапты зерттеуді бастау үшін “Құдай талап етеді” брошюрасын қолданып жүрсің бе?
1 Егер қызығушылық білдіріп жүрген адаммен, қысқа болса да, үнемі әрі жүйелі түрде Киелі кітап тақырыбына әңгімелесіп, қолдануға кеңес берілетін әдебиеттердің бірін талқылап жүрген болсаң, Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізіп жүргенің болып есептелетінін білген бе едің? Тіпті есіктің аузында немесе телефон арқылы талқылап жүрсең де, Киелі кітапты зерттеу сабағы болып саналады. Неге мамыр және маусым айларында “Құдай талап етеді” брошюрасын қолданып, осындай зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салмасқа?
2 Нәтижелі болу үшін дайындал: “Құдай талап етеді” брошюрасын ұсынған кезде, қандай тақырыпты талқылайтыныңды анықтап ал. Қайта баратын болсаң, бірінші келгенде не жайында сөйлескенің туралы ойлан. Өзіңнен: ‘Бірінші талқыланған тақырыпты әрі қарай дамытып, Киелі кітапты зерттеу сабағына ұластыру үшін, брошюраның қай тарауына ерекше көңіл бөлсем болады?’ — деп сұра. Үйме-үй уағыз айтар алдында жастарды, ересек кісілерді, ерлерді, әйелдерді қандай тақырыптың қызықтыратыны жөнінде ойлан. Брошюрада талқыланатын тақырыптарды қарастырып, олардың қызығушылығын оятатындарын іріктеп ал. Таңдап алған соң, қалай ұсыныс жасайтыныңды бірнеше мәрте қайтала. Бұл — нәтижелі болудың кілттерінің бірі.
3 “Біздің Патшалық қызметіміздің” 2002 жылғы қаңтар айындағы нөміріндегі қосымшада “Құдай талап етеді” брошюрасын ұсынуға байланысты сегіз кеңес берілген. “Тікелей ұсыныс” деп аталатын қоршауда Киелі кітапты зерттеу сабағын бастау үшін брошюраны қалай қолдануға болатыны көрсетілген. Сондағы бірінші кеңесті былай ыңғайлауыңа болады:
◼ “Бар болғаны бірнеше минуттың ішінде Киелі кітапқа байланысты маңызды сұрақтың жауабын табуыңызға болатынын білген бе едіңіз? Мысалы, неліктен өздерін мәсіхшілерміз деп атайтын діни ағымдар сонша көп? Бұл жайт сізді таңғалдырған ба?” Үй иесі жауап берген соң, 13-сабақты ашып, алғашқы екі абзацты талқыла. Уақыт болса, бір немесе екі Жазба орнын оқып, талқыла. Содан соң ең соңғы сұрақты оқы да, былай деп айт: “Әрі қарай осы сабақта шынайы діннің бес белгісіне көңіл бөлінеді. Мен қайта келіп, сізбен бірге осы белгілерді қарастыруға қуанышты болар едім”.
4 Табанды болыңдар: “Құдай талап етеді” брошюрасының көмегімен Киелі кітапты зерттеу сабағын қалай өткізуге болатынын көрсету үшін барлық мүмкіндікті пайдаланыңдар. Ехобадан бата тілеңдер (Мат. 21:22). Табандылықпен күш салу арқылы өзгелердің ізгі хабарды қабыл алуына көмектесіп, қуанышты боласыңдар!