Қызмет кездесулерінің кестесі
8 Сәуірден басталатын апта
39-ән.
13 мин: Жергілікті хабарландырулар. “Біздің Патшалық қызметімізден” іріктеп алынған хабарландырулар. 8-беттегі кеңестерді қолданып, “Күзет мұнарасының” 15 сәуірдегі нөмірі мен “Ояныңдар!” журналының 22 сәуірдегі нөмірлерін қалай ұсынуға болатынын көрсет. Екі жағдайда да, “менің өзімнің дінім бар” деп қарсылық білдірген кезде, не айтуға болатынын әр түрлі жолмен көрсет. (“Киелі кітап тақырыбына әңгіме бастап, оны жалғастырудың жолдары” брошюрасының 10, 11-беттерін қара.)
12 мин: Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин: “Барлық адамдарға жақсылық... істей берейік”a. Сұрақ-жауап арқылы талқылап болған соң, бір немесе екі жариялаушымен сұхбаттас. Олар қызметтерінің өрісін қалай кеңейтіп жүргенін айтып берсін.
157-ән және соңғы дұға.
15 сәуірден басталатын апта
101-ән.
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөнінде есеп беру.
15 мин: Ізашарлар өзге жариялаушыларға әрі қарай да көмектесуде. Қызмет бақылаушысының, қауымның кітап оқу тобының жетекшісінің, ізашардың және жариялаушының қатысуымен өтетін талқылау. Қызмет бақылаушысы алдымен “Біздің Патшалық қызметіміздің” 1998 жылғы қыркүйек айындағы нөмірінің 8-бетінде жарияланған “Ізашарлар өзге жариялаушыларға көмектеседі” (ор.) бағдарламасына жалпы шолу жасайды. Содан соң әрқайсысымен осы бағдарламаға қалай қатысқанын және оған қосқан үлестерін талқылайды. Бағдарлама ойдағыдай болуы үшін не істелді? Қызмет бақылаушысы қызметте көмек алғысы келген жариялаушылардың барлығын да ниеттерін білдіруге шақырады. Бұрынырақ көмек алғандар қызметтің өзге бір саласында тағы да көмек алулары үшін, қайтадан тізімге енгізілуі мүмкін.
20 мин: “Толық уақытты қызметтің қуаныштары”b. Жас бауырластарды көктемгі және жазғы айларда қосалқы ізашар ретінде қызмет етуге жігерлендір.
199-ән және соңғы дұға.
22 сәуірден басталатын апта
90-ән.
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. 8-беттегі кеңестерді қолдана отырып, қызмет көмекшісі “Күзет мұнарасының” 1 мамырдағы нөмірін, әйел бауырласымыз “Ояныңдар!” журналының 8 мамырдағы нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсетсін. Әр ұсыныстан кейін үй иесінің қызығушылығын ояту үшін қолданылған алғашқы бір немесе екі сөйлемге қайта көңіл бөл.
10 мин: Уақтылы келіңдер! Баяндама. Әсіресе, біздің ғибадат етуіміз бен қызметімізге байланысты істер ‘өз уақыты’ бар маңызды істер (Еккл. 3:1, СА). Біз теократиялық шаралардың толық пайдасын көргіміз келеді. Қауым жиналыстары мен уағыздау қызметіне арналған кездесулер тура белгіленген уақытында басталуы керек. Ехоба әрқашан кешікпей әрекет етеді (Абб. 2:3). Бұл жағынан біздің жақсаруымыз керек емес пе екен? Кейде адамдар кешігуге мәжбүр болуы мүмкін. Алайда уақытымызды жақсы ұйымдастырсақ, кездесудегі алғашқы ән мен дұға айтылып қойған соң, немесе уағыздау қызметіне арналған кездесу аяқталғанда келетін әдет пайда болмайды. Рухани іс-әрекеттерді уақтылы атқаруымызға себеп болатын жақсы әдеттер дамытудың тиімді жолдарын талқыла. (Күзет мұнарасының 1990 жылғы 15 маусымдағы нөмірін қара, 29-бет, ор.)
25 мин: “Енжар бауырластарға көмектесу”c. 4-абзацты талқылаған кезде, қызмет бақылаушысы 5 минут уақыт аралығында бауырластарға бақташылық сапарға баруға қалай дайындалатынын және алғаш барғанда тағы бір ақсақал екеуі қандай әдебиетті қолданатынын көрсетеді.
191-ән және соңғы дұға.
29 сәуірден басталатын апта
162-ән.
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. Сәуір айындағы қызметтері жайлы есеп беруді жариялаушылардың есіне сал.
15 мин: “Патшалықты уағыздау ісі адамдарды құтқаруға көмектеседі!”d Тыңдаушылардың Жазба орындарын қалай қолдануға болатынын түсіндірулерін өтін.
20 мин: Киелі кітаптың көзқарасы. Баяндама және көрсету. 1985 жылғы 8 шілдедегі нөмірінен бастап, “Киелі кітаптың көзқарасы” айдары “Ояныңдар!” журналының қызықтырарлық ерекше тақырыбы болып отыр. Әр түрлі тақырыптарға деген Киелі кітаптың көзқарасы жөніндегі мақалалар ой-өрісімізді кеңейтуге арналған. Оны Киелі кітапқа сенетін де, сенбейтін де адамдардың оқуына болады. Жиі бұл мақалалар ертеректе талқыланған тақырыптарды жаңа қырынан қарастыруға мүмкіндік береді. Уағыздау қызметінде осы айдарды қолданып жүрміз бе? Мақалалар қысқа да нұсқа жазылған, олардың көлемі — екі бет. Осы айдардағы сендердің аумақтарыңда қолдануға болатын біраз мақалаларды тыңдаушылармен талқыла. Мақалаларды қызметте қалай қолдануға болатынын көрсет.
28-ән және соңғы дұға.
6 мамырдан басталатын апта
141-ән.
10 мин: Жергілікті хабарландырулар.
10 мин: Жазғы уақытты қалай өткізетіндеріңді алдын ала жоспарлаңдар. Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Әдетте жазғы уақытқа жоспарланатын маңызды істер: облыстық конгреске толық қатысу, бір немесе одан да көп ай қосалқы ізашар ретінде қызмет ету, үйдің айналасын ретке келтіру, сондай-ақ мүмкін біраз демалу немесе демалысқа бір жаққа бару. Кейбір бауырластарымыздың жазғы уақытқа қандай жоспар құрғандарымен және тіпті басқа жаққа саяхаттайтын болса да, отбасымен Киелі кітапты зерттеуді, қауым кездесулерін, уағыздау қызметін қалдырмау үшін қандай шара қолданғандарын бөлісуге шақыр. Егер қауымның сирек уағыз айтылатын аумағы болса, жазғы уақытта ол жерде уағыздау үшін, қандай шаралар қолданылып жатқанын хабарла. Үйде ме, басқа жақта ма, қайда болмасын, әр айдың соңында қызметтері жайында есеп беруді ұмытпауларын барлығының да естеріне сал.
25 мин: “Отбасын қалай рухани берік етуге болады?”e Мақаланы талқылап болған соң, Күзет мұнарасының 1999 жылғы 15 ақпандағы нөмірінен біраз тиімді мысалдар келтір, 10—12-беттер, (ор.).
17-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
d Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
e Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.