“Барлық адамдарға... жақсылық істей берейік!”
1 “Біздің Патшалық қызметіміздің” 2002 жылғы ақпан және наурыз айларындағы нөмірлерінің қосымшасындағы мақалалардың тақырыптары мынадай болған еді: “Құдайдың хабарын толықтай жеткізіңдер” және “Игі істерге бай болыңдар” (Қол. 1:25; 1 Тім. 6:18). Ол нөмірлерде біз қызығушылық білдіріп жүргендердің Еске алу кешіне келулеріне, енжар бауырластарымыздың қайтадан қауымның істеріне араласуына және балаларымыз бен талапқа сай келетін Киелі кітапты зерттеп жүргендерге ізгі хабарды уағыздау ісін бастауға көмектесуге ерекше күш салуға шақырылдық. Бар ынтамызды салғанымыздың арқасында біраз жақсы нәтижелерге жеткеніміз сөзсіз. Әлі де “мүмкіндік барда барлық адамдарға... жақсылық істей берейік” (Ғал. 6:10).
2 Оларды тағы да шақырыңдар: Қазақстан бойынша Еске алу кешіне жыл сайын ізгі хабарды жариялаушы емес 20 000-нан астам адам келеді. Кешке келгендері олардың қызығушылықтарының бар екенін көрсетеді. Сол себепті, осы “мәңгі өмір сүруге ыңғай танытқандардың” сенушілердің қатарына қосылуы үшін не істеуіміз керек? (Ел. іс. 13:48, ЖД). Оларды мүмкіндігінше ертерек қауым кездесулеріне қайта келуге жігерлендіріңдер.
3 Қызықты өтетін Ишаяның пайғамбарлығын талқылауға қатысуы үшін қызығушылық білдіріп жүрген кісіні қауымның кітап оқу кездесуіне неге шақырмасқа? Егер ол кісі туыстарың немесе жақын таныстарың болса және сендерге жақында Теократиялық қызмет мектебінде тапсырма берілген болса, ол кісіні кездесуге келіп, өздеріңді тыңдауға шақыруларыңа болады. Әрдайым, алдағы аптада қандай тақырыпқа баяндама оқылатынымен хабардар етіп отырыңдар (баяндамалардың кестесі хабарландыру тақтасында ілулі тұруы керек). Адамның бойында Ехобаға ғибадат етуге деген ықылас оятудың мүмкіндігін іздеңдер. Егер ол әзірге қауымдағы ешкіммен Киелі кітапты зерттеу сабағын өтіп жүрмеген болса, жайлап ұсынып көрулеріңе болады.
4 Енжарларды әрдайым жігерлендіріп отырыңдар: Сол Еске алу кешіне келгендердің кейбіреулері өмірлерін Ехобаға арнап қойғандар. Алайда бір кездері олар ізгі хабарды белсене уағыздауды тоқтатқан. Дегенмен де, Пауыл бізді ‘барлық адамдарға, әсіресе сенімі бір бауырластарымызға, жақсылық істей беруге’ шақырған болатын (Ғал. 6:10). Сол себепті енжар бауырластарға бірінші кезекте көңіл бөлінуі керек.
5 Мүмкін олардың кейбіреулері ақсақалдардың және өзгелердің жігерлендіруінің арқасында қызметке қайта кірісіп кеткен де болар. Егер ақсақалдар сендерді қайтадан белсенді қызмет ете бастаған жариялаушыға көмектесуге тағайындаған болса, сендердің Ехобаға және уағыздау қызметіне деген сүйіспеншіліктерің ол адамның сенімін нығайтатынын ұмытпаңдар. Қызметтің әр саласындағы тәжірибелеріңмен бөлісіп, қызметтен қуаныш табуына, қажырлы болуына және Ехобаның баталарына ие болуына көмектесіңдер.
6 Жаңадан жариялаушы болғандардың жақсы бастауына көмектесіңдер: Жаңадан қызығушылық білдіріп жүрген әйел кісі Құдайдың шынайы ұйымын тапқанын түсінген кезде, қызметті бірден бастап кеткісі келді. Өзінен не талап етілетінін біле салысымен ол: “Тезірек бастағым келеді”,— деді. Егер сендер Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізген адам уағыздауға рұқсат алған болса, оның “тезірек бастау керек” екенін көре білуіне және қызметті жақсы бастауына көмектесіңдер. Оларға қызметке дайындалуды және апта сайын қатысуды әдетке айналдыруға көмектесіңдер.
7 Шомылдыру рәсімінен өтпеген, жаңадан жариялаушы болған балаларың болса, қызметте жетістіктерге жетулері үшін жасы мен қабілетіне байланысты олармен жұмыс жүргізіңдер. Азғана көмектеріңнің арқасында олар нәтижелі түрде біреумен әңгіме жүргізіп, Киелі кітаптан үзінді оқып және әдебиеттерді ұсынып, сендерді таңғалдыруы мүмкін. Танаптағы қызметінде қызығушылық білдірген адамды кездестірсе, оларға қайта оралып баруды және олардың қызығушылығын әрі қарай дамытуды үйретіңдер.
8 Өз қызметтеріңнің өрісін кеңейтіңдер: Еске алу кеші өтіп кеткен соң да ізгі хабарды уағыздау ісіне көбірек қатысуға мүмкіндіктерің бар ма? Әр апта сайын қызметке жұмсайтын уақыттарыңды бір немесе екі сағатқа ұлғайта алар ма едіңдер? Күнтізбені қарап, болашақта қай уақытта тағы да қосалқы ізашар ретінде қызмет ете алатындарың жайында ойланып жүрсіңдер ме? Немесе толық уақытты қызмет атқара алатындай өмірлеріңе өзгеріс енгізе аласыңдар ма? Қызметке жұмсаған күш-қуатымыздың арқасында біреулердің шындықты қабылдауына септігіміз тиюі мүмкін (Ел. іс. 8:26—39). Алдағы күндер жайында ойлағанда әрқашан ‘бір-бірімізге және басқаларға жақсылық жасауға ұмтылғаймыз!’ (1 Сал. 5:15).
[3-беттегі қоршау]
Әрі қарай да көмек көрсетіңдер:
□✔ Еске алу кешіне келгендерге
□✔ Енжар жариялаушы болғандарға
□✔ Шомылдыру рәсімінен өтпеген, жаңадан жариялаушы болғандарға