Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp17 № 5 7—8 бет.
  • Періштелер бізге қалай көмектеседі?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Періштелер бізге қалай көмектеседі?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ПЕРІШТЕЛЕР І ҒАСЫРДАҒЫ МӘСІХШІЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСКЕН
  • ПЕРІШТЕЛЕР БІЗГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕДІ?
  • Періштелер — адамдарға қызмет көрсететін рухтар
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Құдай періштелерінің көмегі
    Ұлы Ұстаздан үйренейік
  • Адал періштелерге еліктейік
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
wp17 № 5 7—8 бет.

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ПЕРІШТЕЛЕР. ОЛАР ТУРАЛЫ БІЛУ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Періштелер бізге қалай көмектеседі?

Періштелерді адамдардың өмірлері ерекше қызықтырады. Сондай-ақ олар Ехоба Құдайдың ниетін орындауға барынша атсалысады. Әуел баста Жер жаратылғанда, “Құдай ұлдарының бәрі шаттана мадақ айтқан” (Әйүп 38:4, 7). Періштелер адамзат тарихының әр кезеңінде жер бетіне қатысты пайғамбарлықтардың мәнін түсінуді қатты қалаған (Петірдің 1-хаты 1:11, 12).

Киелі кітапты оқитын болсақ, періштелер Құдайдың ниетін орындау үшін, әділ қызметшілерді қандай да бір шамада қорғағанын көреміз (Зәбүр 34:7). Мысалы:

  • Ежелде Ехоба әбден күнәға батқан Содом мен Ғомора деген қалаларды жоймақ болғанда, періштелер Құдайдан қорқатын Лұт деген кісі мен оның отбасын құтқарып қалған (Мұсаның 1-жазбасы 19:1, 15—26).

  • Бабыл қаласында үш әділ жігіт өлім жазасына кесіліп, оты лаулаған пешке тасталғанда, Құдай “періштесін жіберіп, қызметшілерін құтқарып қалған” (Даниял 3:19—28).

  • Аран ауыз арыстандары бар орда бір түн жатқан әділ кісі Даниял: “Құдайым періштесін жіберіп, арыстандардың аузын жауып тастады”,— деп өзінің қалай аман қалғанын айтқан (Даниял 6:16, 22).

Періште Даниялды арыстандардан қорғап тұр

Періштелер әділ адамдарға ежелден бері көмектесіп келеді

ПЕРІШТЕЛЕР І ҒАСЫРДАҒЫ МӘСІХШІЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСКЕН

Ехобаның мақсаты жүзеге асу үшін, хабаршы періштелер кейде ертедегі мәсіхшілердің іс-шараларына қолдау көрсеткен. Мысалы:

  • Бір періште түрменің есіктерін ашып, қамауда отырған елшілерді босатқан. Сосын оларға ғибадатханаға барып әрі қарай да тәлім беруді тапсырған (Елшілердің істері 5:17—21).

  • Тағы бірде періште ізгі хабарды жариялаушы Філіпті Иерусалимнен Газаға апаратын жолға бағыттаған. Періште оған Иерусалимде Құдайға құлшылық етіп, сол жолмен қайтып бара жатқан бір эфиопиялық кісіге уағыздауды тапсырған (Елшілердің істері 8:26—33).

  • Яһуди емес адамдар мәсіхші бола бастаған кезеңде бір періште Рим әскерінің қолбасшысы Корнел деген кісіге аянда көрініп, елші Петірді үйіне шақыртуды бұйырған (Елшілердің істері 10:3—5).

  • Бірде елші Петір түрмеде отырғанда, бір періште келіп, оны қамаудан алып шыққан (Елшілердің істері 12:1—11).

ПЕРІШТЕЛЕР БІЗГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕДІ?

Құдай біздің күндерімізде де періштелерін қолданып, тура Киелі кітаптағыдай ғажайып түрде адамдарға көмектескені жайлы дерек жоқ. Алайда Иса пайғамбар қазіргі заманға қатысты: “Патшалық жайлы осы ізгі хабар барлық халықтар есту үшін бүкіл жер бетінде уағыздалады. Содан кейін осы заманның соңы келеді”,— деген (Матай 24:14). Осында айтылған уағыз ісін шынайы мәсіхшілер бүгінде періштелердің бақылауымен атқарып жатқанын білгенсіз бе?

Әдебиет арбасының жанынан өтіп бара жатқан адамдар

Періштелер ізгі хабарды жержүзі бойынша жариялауда қолғабыс етеді

Киелі жазбалардың Аян кітабында періштелердің жержүзіндегі адамдарға Ехоба Құдай мен оның адамзатқа қатысты ниеті жайлы білуге бар ынталарымен көмектесетіні жайлы айтылған. Бұл кітапта елші Жохан былай дейді: “Әуеде ұшып бара жатқан басқа бір періштені көрдім. Оның жер бетінде тұратындарға — әрбір ұлт, ру, тіл және халыққа жариялайтын мәңгілік ізгі хабары бар екен. Ол қатты дауыспен: “Құдайдан қорқып, оны дәріптеңдер, өйткені оның соттайтын уақыты келді. Сондықтан көк пен жерді, теңіз бен су көздерін жаратқан Құдайға ғибадат етіңдер!”— деп бара жатты” (Аян 14:6, 7). Бүгінде болып жатқан көп оқиғалар періштелердің Құдай Патшалығы жайлы уағыз ісін демеп жатқанын дәлелдейді. Күнәкар жолынан қайтып, Ехоба Құдайға бет бұрған бір пенде үшін періштелер қатты қуанады (Лұқа 15:10).

Уағыз ісі аяқталған соң не болмақ? Періштелерден тұратын көктегі қалың қол патшалардың Патшасы Иса Мәсіхке еріп, Армагеддонда “Құдіреті шексіз Құдайдың ұлы күні болатын соғысқа” аттанады (Аян 16:14—16; 19:14—16). Құдіретті періштелер Құдайдың шығарған үкімін жүзеге асырып, “Иеміз Иса туралы ізгі хабарға мойынсұнбайтындардан кек алынады” (Салоникалықтарға 2-хат 1:7, 8).

Періштелерді сіздің де өміріңіз қызықтырады, бұған сенімді болыңыз. Олар Құдайға қызмет етуді қалайтын адамдар үшін қатты қам жейді. Ехоба періштелерін жіберіп, адал қызметшілеріне талай рет демеу беріп, оларды қорғаған (Еврейлерге 1:14).

Ендеше әрбір адамға бүгінде таңдау жасау қажет: олар ел-елде жарияланып жатқан ізгі хабарға құлақ аса ма, жоқ па? Қаласаңыз, сіз тұратын аймақтағы Ехоба куәгерлері сізге Құдайдың құдіретті періштелері ұсынып жатқан көмекті қабыл алуда қолғабыс ете алады.

Киелі кітаптан адал және жолдан тайған періштелер жайында көбірек білу үшін jw.org сайтындағы Ехоба куәгерлері басып шығарған “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабының 10-тарауын қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу