Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w15 15.11. 14—15 бет.
  • Ехобаның жомарттығына ризашылық білдірейік

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехобаның жомарттығына ризашылық білдірейік
  • 2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ЖОМАРТТЫҚТЫҢ ДАРА ҮЛГІСІ
  • Олардағы молшылық қажеттіліктеріңді қамтамасыз етпек
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ехоба дайындық рухын танытатындарға батасын төгеді
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын берейік
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Шын жүректен әрі қуанышпен беру
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w15 15.11. 14—15 бет.
Электронды карточка оқитын құрылғыға банк карточкасын салып жатқан әйел

Ехобаның жомарттығына ризашылық білдірейік

ЕХОБА — жомарт Құдай (Жақ. 1:17). Ехобаның әсем жаратылыстары — аспан күмбезінде жарқыраған жұлдыздардан бастап жер бетіне кілемдей төселген көк шөпке дейін — оның жомарттығын паш етеді (Зәб. 65:12, 13; 147:7, 8; 148:3, 4).

Зәбүр жыршысының Жаратушысына деген ризашылығы терең болғаны сонша — Ехобаның істерін мадақтап ән шығарған. Зәбүр жырының 104-тарауын оқи отырып, оның не сезінгенін жақсы түсінеміз. Зәбүр жыршысы: “Мен өмір бақи Ехобаға арнап ән айтамын, Көзім тірі кездің бәрінде Құдайыма мадақ әнін шырқаймын”,— деп жырлаған (Зәб. 104:33). Сен де осылай еткің келе ме?

ЖОМАРТТЫҚТЫҢ ДАРА ҮЛГІСІ

Ехоба біздің де өзі сияқты қолымыз ашық болғанын қалайды. Ол бізге дарқандық танытудың келелі себептерін келтіреді. Ехоба елші Пауылды келесідей сөздерді жазуға талпындырған: “Осы заманның байларына мынаны ескерт: менмен болмасын, үміттерін тұрақсыз байлыққа емес, біз рақатын көру үшін бәрін молынан қамтамасыз ететін Құдайға артсын. Олар жақсылық жасай берсін, игі істерге бай әрі жомарт болып, барымен бөлісуге даяр болсын. Осылай шынайы өмірді берік ұстану үшін, өздеріне келешекке жақсы негіз болатын, еш құрымайтын қазына жинасын” (Тім. 1-х. 6:17—19).

Қорынттағы қауымға жазған екінші хатында Пауыл беруге қатысты дұрыс көзқарас таныту керектігін ерекше атап өткен. Ол былай деген: “Әркім жүрек шешіміне қарай, еш қиналмай, зорлықсыз берсін, себебі Құдай қуанышпен беретіндерді жақсы көреді” (Қор. 2-х. 9:7). Әрі қарай Пауыл алатындар да, беретіндер де жомарттықтың пайдасын көретінін айтқан. Себебі алатындардың қажеттіліктері қамтамасыз етіледі, ал садақа беретіндер рухани баталарға кенеледі (Қор. 2-х. 9:11—14).

Құдайдың жомарттығының ең керемет көрінісін атап, Пауыл былай деп қорытындылады: “Теңдесі жоқ сыйы үшін Құдайға мың да бір рақмет!” (Қор. 2-х. 9:15). Ехобаның сыйына Иса Мәсіх арқылы төгіп жатқан бар игілігі кіреді. Теңдесі жоқ бұл сыйдың қаншалықты құнды екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!

Ехоба мен оның Ұлы біз үшін жасаған әрі болашақта жасайтын барлық жақсылығына деген ризашылығымызды қалай білдіре аламыз? Мұның бір жолы — уақытымызды, күшіміз бен қаражатымызды жомарттықпен, аз болсын не көп болсын, шынайы ғибадатты өркендету үшін қолдану (Шеж. 1-ж. 22:14; 29:3—5; Лұқа 21:1—4).

Дүниежүзілік іске садақа жасаудың кейбір жолдары

Бүгінде елші Пауылдың күндеріндегідей көп адам “Дүниежүзілік іске” ерікті садақа беру үшін қаражатынан белгілі бір соманы “бөлек алып қояды” (Қор. 1-х. 16:2). Ай сайын қауымдар бұл ерікті садақаларды Ехоба куәгерлерінің жергілікті филиалына жіберіп тұрады. Ерікті садақа жасағысы келген адам оны өз аумағындағы филиалға тікелей жібере алады. Оның мекенжайын www.jw.org сайтынан табуға болады. Мұндай жағдайда садақаның сый екені айтылған қысқаша хат жіберу қажет. Қаржылай садақа жасаумен қатар, кейбір елдерде дүниежүзілік істі қолдаудың басқа да мүмкіндіктері бар. Олардың кейбірі төменде келтірілген.

Жылжымайтын мүлік. Сатуға жарамды жылжымайтын мүлікті бірден садақа етуге немесе өмірінің соңына дейін оны қолдану құқымен аманат етуге болады. Жылжымайтын мүлікті садақа ретінде беруге қажетті құжаттарды толтырмас бұрын, филиалмен байланысу керек.

Өсиет. Дүние-мүлікті не ақшаны заңға сай жасалған өсиет арқылы беруге болады. Бұл жағдайда өсиеттің көшірмесін филиалға жіберу қажет.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу