Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 15.11. 18-б.
  • Шын жүректен әрі қуанышпен беру

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Шын жүректен әрі қуанышпен беру
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдайға ‘өзара ниеттес, ынтымақта’ қызмет ету
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Қуанышпен берудің мүмкіндігін бағалайсың ба?
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ехобаға құрбандық алып келейік!
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Олардағы молшылық қажеттіліктеріңді қамтамасыз етпек
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 15.11. 18-б.

Шын жүректен әрі қуанышпен беру

ЕЛШІ ПАУЫЛ беруге қатысты: “Әрқайсың жүректеріңнің шешіміне сай, еш ренішсіз, зорлықсыз барларыңмен бөлісіңдер! Құдай қуанышпен беретіндерді ұнатады”,— деп жазды (Қор. 2-х. 9:7). Ехоба ешкімді шынайы ғибадатты қолдауға мәжбүрлемейді. Ол қызметшілеріне ерікті түрде және қуанышпен беру арқылы адалдықтарын көрсетуге мүмкіндік береді. Оның халқы беруде әрқашан құлшыныс танытқан. Мұның үш мысалын қарастырайық.

Исраилдіктерді Мысыр жерінен алып шыққаннан кейін, Ехоба оларға киелі шатыр соғуға нұсқау берді. Бұған құрылыс заттары қажет болғандықтан, халық садақа жасауға шақырылды. Сонда “шын жүректен... сый-тарту бергісі келген әркім” алтын, күміс, асыл тастар мен басқа да заттар әкеле бастады. Адамдардың танытқан жомарттығы сонша — садақа жасауды тоқтату керектігін хабарлауға тура келген (Мыс. ш. 35:5, 21; 36:6, 7).

Ғасырлар өте келе ғибадатхана соғу керек болғанда, Құдай халқы шынайы ғибадатқа қолдау көрсетуге тағы да мүмкіндік алды. Сонда Дәуіт патша құрылысқа үлкен садақа берді, әрі басқаларды да беруге шақырды. Халық мұны бар ықыласпен қабыл алды. Сонда жиналған алтын мен күмістің өзі қазіргі өлшеммен 100 миллиардтан аса АҚШ долларына тең еді. Халық Ехобаға сый-тарту беруге қуанышты болған (Шеж. 1-ж. 29:3—9; Шеж. 2-ж. 5:1).

Қуанышпен берудің осындай рухын Иса Мәсіхтің алғашқы ізбасарлары да танытқан. Б. з. 33 жылы Алғашқы өнім мейрамында шамамен 3 000-дай адам шомылдыру рәсімінен өтті. Олардың көбісі Иерусалимге басқа жақтан келген еді. Жаңа сенімдері жайлы көбірек білу үшін қалада уақытша қалған адамдарды қамтамасыз етуге ортақ қаржы жиналды. Бауырластар мүліктерін сатып, ақшаларын мұқтаж болғандарға қолдау көрсету үшін елшілерге табыстады. Сенім мен сүйіспеншілікті осылай танытқандарын көргенде, Ехобаның қатты қуанғаны сөзсіз (Ел. іс. 2:41—47).

Бүгінде мәсіхшілер жомарттықпен әрі қуанышпен өздерінің уақыттарын, күштері мен қаржыларын шынайы ғибадатты қолдауға жұмсауда. Мұның кейбір жолдары қоршауда қарастырылады.

[18-беттегі қоршау]

САДАҚА ЖАСАУДЫҢ КЕЙБІР ЖОЛДАРЫ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ІСКЕ АРНАЛҒАН САДАҚАЛАР

Көп адам “Дүниежүзілік іс” деген жазуы бар жәшікке салу үшін бюджетінен белгілі бір соманы бөліп отырады.

Ай сайын қауымдар бұл ерікті садақаларды жергілікті филиалға жіберіп тұрады. Ерікті садақаны өз аумақтарыңа қызмет көрсетіп жатқан филиалға тікелей жіберуге де болады. Мұндай жағдайда садақаның сый екенін көрсететін қысқаша хат салып жіберу қажет.

САДАҚАНЫҢ БАСҚА ДА ТҮРЛЕРІ

Қаржылай садақа жасаумен қатар, кейбір елдерде дүниежүзілік істі қолдаудың басқа да мүмкіндіктері бар. Олардың кейбірі төменде келтірілген.

Жылжымайтын мүлік. Сатуға жарамды жылжымайтын мүлікті бірден филиалға тарту ретінде беруіне немесе көз жұмғанша мүлікке иелік ету, яғни өмірінің соңына дейін оны қолдану, құқымен садақа етуіне болады. Өз мүлкіңізді филиалға сый ретінде беруге қажетті құжаттарды толтырмас бұрын, филиалмен байланысуыңызды сұраймыз.

Өсиет. Дүние-мүлікті не ақшаны филиалға заң бойынша жасалған өсиет арқылы беруге болады. Бұл жағдайда өсиеттің көшірмесін филиалға жіберу керек.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу