Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w14 15.6. 3—6 бет.
  • Алға басу үшін “жүретін жолыңды тегісте”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Алға басу үшін “жүретін жолыңды тегісте”
  • 2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ДҰРЫС ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ АРҚЫЛЫ ЖОЛ ДАЙЫНДА
  • ЖОЛЫҢДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕРДІ АЛЫП ТАСТА
  • РУХАНИ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН ЖОЛДАН ТАЙМА
  • Жастар, рухани мақсаттарды көздейсіңдер ме?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
  • Киелі кітапты не үшін зерттеу керек?
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Жастар, Жаратушыларыңды есте ұстаңдар
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Жастар, өмірлеріңді не нәрсеге арнайсыңдар?
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w14 15.6. 3—6 бет.
A path cluttered with many obstacles

Алға басу үшін “жүретін жолыңды тегісте”

ҚҰДАЙ ХАЛҚЫ б. з. б. 537 жылы Бабылдан шыққан кезде, Ехоба олардың Иерусалимге барар жолдарына назар аударып: “Халық жүретін жолды тазартыңдар! Салыңдар, даңғыл жол салыңдар, оны тастардан тазартыңдар!”— деген (Ишая 62:10). Құдайдың осы бұйрығын яһудилердің қалай орындағанын елестетіп көрші. Алдыңғы сапта жүргендері шұңқырларды толтырып, кедір-бұдыр жерлерді тегістеп, жол жасап отырған. Осылайша олар арттарынан жүріп келе жатқан бауырларының туған жерлеріне барар жолдарын жеңілдеткен.

Яһудилер салған жолды рухани мақсаттарға жетелейтін жолмен салыстыруға болады. Ехоба барлық қызметшілерінің осы жолмен еш кедергісіз жүргендерін қалайды. Ол өз Сөзінде бізді: “Жүретін жолыңды тегісте, сонда нық басып жүресің алға”,— деп шақырады (Нақ. с. 4:26). Жастар да, жасы үлкендер де осы кеңестің нағыз даналық болып табылатынын өз өмірлерінде көре алады.

ДҰРЫС ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ АРҚЫЛЫ ЖОЛ ДАЙЫНДА

Сен кейбір адамдардың жасөспірімдерге қатысты “Бұл қыздың табысты болуға барлық мүмкіндіктері бар” немесе “Түбінде бұл баладан бір нәрсе шығады” деп айтқандарын естіген боларсың. Негізінде, жастардың денсаулықтары мықты, ойлау қабілеттері жылдам және табысқа жетуге деген құштарлықтары зор болады. Киелі кітапта: “Жастардың мақтанары — күш-қуаты”,— делінген (Нақ. с. 20:29). Қабілеттері мен күш-жігерін Ехобаға қызмет етуге арнайтын жастар рухани мақсаттарға қол жеткізіп, нағыз бақытқа ие бола алады.

Алайда жастарымыздың қабілеттері осы дүниеде де жоғары бағаланатынын байқаған шығарсың. Мысалы, жас Куәгер мектепте өте жақсы оқыса, мұғалімдері не сыныптастары оны осы дүниеде табысқа жету үшін жоғары білім қууға талпындыруы мүмкін. Я болмаса, жас бауырласымыздың атлетикалық қабілеттері болса, жаттықтырушысы оған спорт саласында мансап қууға кеңес беруі мүмкін. Сен осындай жағдайға тап болғансың ба, әлде осындай қысымға кезіккен біреуді білесің бе? Мұндай жағдайда мәсіхшіге дана шешім қабылдауға не көмектеседі?

Киелі кітаптағы кеңестер бізді өмірдегі ең жақсы жолмен жүруге дайындайды. Уағыздаушы 12:1-де: “Жастық шағыңда Жаратушыңды есіңде берік ұста!”— делінген. Жастар да, жасы үлкендер де “Жаратушыны естерінде берік ұстау үшін” не істеулері керек?

Батыс Африкада тұратын Эрикa есімді бауырласымыздың жағдайын қарастырайық. Ол футбол ойнағанды жақсы көрген. Эрик 15 жасқа толғанда ұлттық футбол құрама командасында ойнауға шақырылады. Бұл оған болашақта Еуропа елдерінің бірінде жоғары дәрежелі спорт мектебінде оқуға, ал кейінірек кәсіби спортпен айналысуға жол ашпақ еді. Алайда “Жаратушыңды есіңде берік ұста” деген кеңес Эрикке қалай көмектесті? Ал біз бұл жағдайдан қандай сабақ ала аламыз?

Мектепте оқып жүргенде Эрик Ехоба куәгерлерімен Киелі кітапты зерттей бастайды. Сөйтіп, ол Жаратушы Құдайдың адамзаттың проблемасын біржолата шешетіні жайлы біледі. Сонда Эрик уақыты мен күшін Құдай еркін орындауға арнаудың қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Осы ойды назарында ұстай отырып, ол спорттық мансапқа ұмтылудан бас тартуды шешеді. Сосын шомылдыру рәсімінен өтіп, өзін рухани істерге арнайды. Уақыт өте келе ол қызмет көмекшісі болып, кейінірек Салт басты ер бауырластарға арналған Киелі кітап мектебіне шақырылады.

Эрик спорттық мансап қуғанда, бай әрі атақты болып кетуі мүмкін еді. Бірақ ол Киелі кітаптағы: “Байдың байлығы алынбас қамалдай, өз қиялында заңғар дуалдай”,— деген сөздердің өте орынды айтылғанын түсінді (Нақ. с. 18:11). Расында да, байлықтың беретін қорғанышы бар болғаны қиял ғана. Оның үстіне, ашкөздене байлықтың соңынан қуғандар “өздерін көптеген қайғы-қасіретпен жарақаттаған” (Тім. 1-х. 6:9, 10).

Қуанышқа орай, көптеген жастарымыз толық уақытты қызмет етудің арқасында нағыз бақыт пен қорғанышқа қол жеткізген. Эрик былай дейді: “Мен Ехобаға толық уақытты қызмет ететіндердің үлкен “командасына” қосылдым. Бұл — дүниедегі ең керемет команда. Нағыз бақыт пен табысқа жетелейтін жолды көрсеткені үшін Ехобаға ризашылығым зор”.

Ал сенің жағдайың туралы не деуге болады? Осы дүниелік мақсаттарға ұмтылғаннан гөрі, неге ізашар болып қызмет ету арқылы Ехобаның алдында “жолдарыңды” берік етпеске? (“Университет бере алмайтын игіліктерге ие болдым” деген қоршауды қара.)

ЖОЛЫҢДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕРДІ АЛЫП ТАСТА

Бір ерлі-зайыпты бауырластарымыз Құрама Штаттардағы филиалға барғанда, сонда қызмет ететін бетелдіктердің қуаныштарын көріп таңғалады. Кейінірек әйел бауырласымыз: “Біз өмір сүру қалпымызды тым жайлы етіп алған сияқтымыз”,— деп хат жазып жібереді. Сөйтіп, олар уақыттары мен күштерін Ехобаға көбірек қызмет етуге арнауды шешеді.

Алайда бұл ерлі-зайыптыға өзгерістер жасау қиын болып көрінеді. Бірақ бір күні олар күнделікті жазба орнын қарастырғанда Жохан 8:31-де жазылған сөздерді оқиды. Ол жерде: “Егер менің сөзімді ұстансаңдар, шынымен менің шәкіртімсіңдер”,— деген Исаның сөздері жазылған. Осы сөздерді есте ұстай отырып, олар: “Өмірімізді қарапайым ету үшін не істеуге тура келсе де, бұл соған тұрарлық емес пе?”— деп ой жүгіртеді. Содан олар үлкен үйлерін сатып, өздеріне ауыртпалық болған басқа да нәрселерден арылып, қажеттілік бар жерге көшіп барады. Қазір олар ізашар болып қызмет етеді, сондай-ақ Патшалық сарайын соғу жұмыстарына көмектеседі және конгрестерде ерікті қызмет атқарады. Енді олар өздерін қалай сезінеді? “Біз Ехобаның ұйымы не нәрсеге талпындырса, соны істеп, қарапайым өмір сүруден келетін қуаныштың қаншалықты зор екенін көрудеміз”,— дейді олар.

РУХАНИ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН ЖОЛДАН ТАЙМА

Сүлеймен: “Алға қарай көзің тура қарасын, алған бағыттан назарың таймасын”,— деп жазған болатын (Нақ. с. 4:25). Жүріп келе жатқан жолынан көз алмай отыратын көлік жүргізушісі сияқты, біз де рухани мақсаттар қойып, оларға қол жеткізуде алаңдататын кез келген нәрседен аулақ болуымыз керек.

1. Jehovah’s Witnesses using their youth to achieve spiritual goals; 2. A path cleared of obstacles

Сен қандай мақсаттарға қол жеткізгің келеді? Толық уақытты қызмет ету — керемет мақсаттардың бірі. Сондай-ақ тәжірибелі жариялаушылар жетіспейтін жақын маңдағы қауымдарға барып, олардың үлкен аумақтарын өңдеуге көмектесу де жақсы мақсат болып табылады. Я болмаса, тәжірибелі жариялаушылары көп, бірақ ақсақалдар мен қызмет көмекшілері жетіспейтін қауымдарға да баруға болады. Осындай қажеттілік бар жерлерде көмек көрсете аласың ба? Онда неге аудандық бақылаушыға жолығып, қай жерде көмек көрсетуге болатыны жайлы сөйлесіп көрмеске? Егер қажеттілігі бар алыс аумаққа көшкің келсе, сондағы қауымдар жайлы сұрастырсаң боладыb.

Ишая 62:10-да жазылған сөздерге қайта оралайық. Құдай халқы туған жерлеріне орала алу үшін, жолды тазалап, тегістеу жұмыстарына қатысқан яһудилер ауыр еңбек еткен болса керек. Егер қасиетті қызмет ету үшін қойған мақсаттарыңа қол жеткізуге тырысып жүрсең, еш берілме. Құдайдың көмегімен сен де өз мақсаттарыңа қол жеткізе аласың. Жолыңдағы кедергілерді “алып тастауға” күш салып жүрген болсаң, Ехобадан даналық сұрауды доғарма. Егер дұрыс бағытты таңдасаң, ол саған “жүретін жолыңды тегістеуге” көмектеседі (Нақ. с. 4:26).

a Есімі өзгертілген.

b “Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз” (ор.) кітабының 111, 112-бетін қара.

“Университет бере алмайтын игіліктерге ие болдым”

Flavia

ФЛАВИЯ есімді қыз жасөспірім кезінде Куәгер әжесінен Киелі кітаптағы шындық жайлы естиді. Алайда оның әкесі мұғалім болатын және ол Флавияны қоршаған ортаны зерттеуге және жоғары оқу орнына түсуге барынша талпындыратын. Адамдар Флавияға: “Планетамызды құтқарып қалатын ұрпақ — сендерсіңдер”,— дейтін. Ол әкесінің талпындыруымен беделді университетке түсіп, экологиялық таза жанармай шығарудың жолдарын табу үшін зерттеулер жүргізе бастайды.

Уақыт өте келе Флавия студенттердің көбісі “планетаны құтқару” жайлы тіпті ойланбайтынын да байқайды. Сондай-ақ университеттегі бағдарламалар бизнеспен айналысатын іскерлердің қаржыландыруына тәуелді болғандықтан, зерттеу жүргізушілер сол іскерлердің көңілінен шығуға тырысатын. Ал бұл Флавияға мүлдем ұнамайтын. Бір күні оның үйіне Ехоба куәгерлері келгенде, Киелі кітапта Құдай және болашақ жайлы не делінгені оның қызығушылығын қайта оятады.

Ақырында Флавия шындықты қабылдап, шомылдыру рәсімінен өтеді. Бірақ ол магистратурада оқып жатқандықтан, оның ізгі хабарды уағыздауға аз ғана уақыты қалатын. Бір күні Флавия аудандық бақылаушының баяндамасын тыңдайды. Баяндамада Жақып 4:17-дегі: “Кім ненің дұрыс екенін біле тұра істемесе, күнә жасайды”,— деген сөздер талқыланған болатын. Бұл тармақ Флавияны ойлануға талпындырады. Ол былай дейді: “Мен Ехобаның батасына кенелуді де, ғылыми жетістікке жетуді де қатты қаладым. Алайда маған таңдау жасау керек еді”.

Флавия оқуын доғару туралы жеке шешім қабылдайды. Бұл шешімі үшін ол кейін өкінді ме? Флавия былай дейді: “Ехобаға қызмет ете отырып, мен университет бере алмайтын игіліктерге ие болдым. Ехоба маған зор мейірімділік танытты. Мен одан мейірімді болуды, сүйіспеншілік танытуды және өзгелерге рухани көмек көрсетуді үйрендім. Қазір мен бақытты отбасын құрдым және мені ешқандай ғылым бере алмайтын жарқын болашақ күтіп тұр. Тек Ехоба ғана планетамызды құтқарып қала алады. Мен ешқашан одан үмітімді үзбеймін”. Қазір Флавия күйеуімен Нью-Йорктегі Ехоба куәгерлерінің дүниежүзілік бас басқармасында қызмет етеді.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу