Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.11. 12—16 бет.
  • Жастар, өмірлеріңді не нәрсеге арнайсыңдар?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жастар, өмірлеріңді не нәрсеге арнайсыңдар?
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Қандай мақсаттар ұмтылуға тұрарлық?
  • Шомылдыру рәсімінен өтуді мақсат етіп қой
  • Мақсаттарыңа қалай қол жеткізе аласың?
  • Рухани мақсаттарыңа жеткің келсе
    Біздің патшалық қызметіміз. 2006
  • Жастар, рухани мақсаттарды көздейсіңдер ме?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
  • 12 Мақсаттар қой
    Ояныңдар! 2018
  • Рухани мақсаттар қойып, оларға жете беріңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.11. 12—16 бет.

Жастар, өмірлеріңді не нәрсеге арнайсыңдар?

“Мен мақсатсыз жүгіріп келе жатқан жоқпын. Жұдырықтағанда, ауаны жұдырықтап жатқан жоқпын” (ҚОР. 1-Х. 9:26 ЖД).

1, 2. Өмірің мағыналы болу үшін есейіп келе жатқан саған қазір не қажет?

БЕЙТАНЫС жерге саяхатқа шыққалы жатсаң, өзіңмен карта және компас ала кетуді жөн көрерсің. Өйткені карта қай жерде тұрғаныңды анықтап, жүрер жолыңды жоспарлауға көмектеседі. Ал компас саған қай бағытта жүру керектігіңді көрсетеді. Алайда қайда бет алғаныңды білмесең, картаның да, компастың да пайдасы шамалы. Сондықтан құр босқа сандалмас үшін, қайда баратыныңды нақты білуің керек.

2 Есейіп келе жатқандықтан сен де тура осындай жағдайдасың. Сондықтан саған да сенімді карта мен компас қажет. Киелі кітап өмірде қай жолды таңдау керектігін шешуге көмектесетін карта сияқты (Нақ. с. 3:5, 6). Дұрыс тәрбиеленген ар-ұждан болса, тура бағыттан ауытқымауға зор пайдасын тигізеді (Рим. 2:15). Ал оның қызметі компасқа ұқсайды. Алайда өмірің мағыналы болу үшін, қайда бет алғаныңды білуің керек. Демек, алдыңа нақты мақсат қоюың қажет.

3. Қорынттықтарға 1-хат 9:26-дағы Пауылдың сөздерінен алға мақсат қоюдың қандай пайдасы барын көреміз?

3 Елші Пауыл алға мақсаттар қойып, оларға жету үшін күш салудың пайдалы екенін қорытындылап, былай деді: “Мен мақсатсыз жүгіріп келе жатқан жоқпын. Жұдырықтағанда, ауаны жұдырықтап жатқан жоқпын” (Қор. 1-х. 9:26 ЖД). Алдыңа мақсат қойған болсаң, жан-жағыңа жалтақтамай сенімділікпен жүгіресің. Есейіп келе жатқандықтан, көп ұзамай саған маңызды шешімдер қабылдау керек болады. Мысалы, ғибадатқа, жұмысқа, некеге және отбасына қатысты мәселелерде. Кейде көптеген мүмкіндікті көріп, қайсысын таңдауды білмей, басың қатар. Алайда Құдай Сөзінен білген шындықтарға және принциптерге сүйене шешім қабылдап, жүретін жолыңды алдын ала белгілесең, басқа жаққа бұрылып кетуге елікпессің (Тім. 2-х. 4:4, 5).

4, 5. а) Алдыңа мақсат қоймаудың салдары қандай болуы мүмкін? ә) Таңдауларымызға неліктен Құдайға ұнамды болу қалауы әсер ету керек?

4 Ал егер алдыңа мақсат қоймасаң, құрбы-құрдастарың мен мұғалімдерің саған ықпал етіп, солардың көзінде дұрыс деп есептейтінді істейтін боласың. Рас, нақты мақсаттарың болса да, олар саған өз ұсыныстарын айтуды доғармауы мүмкін. Олардың ойын тыңдап тұрған сәттерде келесідей сұрақтың үстінен ой жүгірт: Айтып тұрған осы мақсаттар маған жас шағымда Жаратушыны есте ұстауға көмектесе ме, жоқ әлде бұған кедергі жасай ма? (Екклесиаст 12:1 оқыa).

5 Өмірде жасайтын таңдауларымызға неліктен Құдайға ұнамды болу қалауы әсер ету керек? Мұның себебі — бар жақсылықты Құдайдан алып отырмыз (Жақ. 1:17). Өз кезегінде, әр адам бұл үшін Ехобаға терең ризашылық сезінуі керек (Аян 4:11). Осы ризашылықты білдірудің ең керемет жолы — Ехобаны қуантатын мақсаттар қою. Олай болса, қандай мақсаттар ұмтылуға тұратынын және оларға қол жеткізу үшін не істеу керектігін қарастырайық.

Қандай мақсаттар ұмтылуға тұрарлық?

6. Алдыңа қандай негізгі мақсат қоя аласың және неге?

6 Алдыңғы мақалада қарастырғанымыздай, алдыңа қоятын негізгі мақсат — Киелі кітапта айтылғандардың шындық екеніне көз жеткізу (Рим. 12:2; Қор. 2-х. 13:5). Өзің қатарлы жастар эволюцияға және жалған діндердің түрлі ілімдеріне сенетін шығар, себебі оларды осыған сену керек деп үйреткен. Алайда сен басқалар сенеді екен деп сенуге міндетті емессің. Есіңде болсын, көктегі Әкеміз Ехоба сенің бар ақыл-ойыңмен қызмет еткеніңді қалайды (Матай 22:36, 37 оқы). Сондай-ақ оған сеніміңнің дәлелдерге негізделіп дамығаны ұнамды (Евр. 11:1).

7, 8. а) Қандай кішігірім мақсаттар қойғаның сеніміңді нығайтады? ә) Кішігірім мақсаттардың әр қайсысына қол жеткізудің қандай пайдасы бар?

7 Сеніміңді нығайту үшін неліктен алдыңа кішігірім мақсаттар қоймасқа? Соның бірі — күнделікті дұға айту. Дұғаларың нақты және мағыналы болу үшін, бір күнгі жайттардың қайсысын дұғада айтқың келетінін ойда тұтып, я болмаса қағазға жазып ал. Дұға еткенде, қиындықтарыңды ғана емес, қуаныштарыңды да айт (Філіп. 4:6). Тағы бір мақсат — Киелі кітапты күнде оқу. Күніне шамамен төрт парақтан оқысаң, Киелі кітапты бір-ақ жылда оқып шығуға болатынын білетін шығарсыңb. Забурде былай делінген: “Мынадай адам шынымен бақытты:... Ол Жаратқанның тәліміне қуанады, Күні-түні сол туралы ойланады [“күбірлеп оны күні-түні оқиды” ЖД]” (Заб. 1:1, 2).

8 Үшінші мақсат — қауым кездесулерінде жауап беруге дайындалу. Әрине, алғашында сен абзацтағы жауапты не жазба орнын ғана оқып берерсің. Ал кейіннен түсініктемені өз сөзіңмен беруге талпынарсың. Әрбір берген жауабың Ехобаға ұсынған сый-тартуың болып табылады (Евр. 13:15). Осы кішігірім мақсаттардың әрқайсысына қол жеткізгенде, сенімділігің арта түседі, сондай-ақ Құдайға терең ризашылық сезініп, алдыңа үлкен мақсаттар қоюға дайын боласың.

9. Патшалықтың жариялаушысы болмасаң, қандай үлкенірек мақсатқа ұмтыла аласың?

9 Алға қандай үлкен мақсаттар қойған жөн? Сен ізгі хабарды көпшілікке жариялап жүрмесең, Патшалықтың жариялаушысы болуды мақсат ет. Осы ұмтылуға тұрарлық мақсатқа қол жеткізгеннен кейін, уағызға ай сайын шығып, қызметті жүйелі түрде әрі тиімді етіп атқаруға ұмтыл. Сондай-ақ қызметте Киелі кітапты қолдануды үйрен. Сонда уағыздау қызметінен көп қуаныш алуға болатынын байқайсың. Бұдан кейін үйме-үй уағыздауға көбірек уақыт бөлуге, тіпті Киелі кітап зерттеу сабағын жүргізуге тырыс. Шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы үшін талаптарға сай келіп, Ехоба Құдайға өмірін бағыштаған әрі шомылдыру рәсімінен өткен Куәгер болудан асқан қандай мақсат бар?!

10, 11. Шомылдыру рәсімінен өткен жастар алдарына қандай үлкен мақсаттар қоя алады?

10 Ал егер Ехобаның шомылдыру рәсімінен өткен қызметшісі болсаң, алдыңа басқа да үлкенірек мақсаттар қоя аласың. Мысалы, сирек уағыздалатын аймақтарда арагідік қызмет етіп, басқа қауымдарға көмек берсең болады. Сондай-ақ күш-жігерің мен жақсы денсаулығыңның арқасында қосалқы және жалпы ізашар ретінде қызмет етуге мүмкіндігің бар. Он мыңдаған қуанышты ізашарлар саған толық уақытты қызмет Жаратушыны жасөспірім кезде есте ұстаудың керемет мүмкіндігі екенін растай алады. Осы мақсаттарға сен өз үйіңде жүріп-ақ қол жеткізе аласың. Ал мұның жергілікті қауымыңа да тигізетін пайдасы зор.

11 Жергілікті қауымыңнан тыс жерлерде қызмет етуге талпындыратын басқа да үлкен мақсаттар бар. Мысалы, қажеттілік көбірек аймақтар мен елдерде қызмет етуді жоспарласаң болады. Шет елдерде Патшалық сарайларын және Бетел ғимараттарын соғу ісіне қатыса аласың. Тіпті бетелдік немесе миссионерлік қызметке талпынарсың. Осындай үлкен мақсаттарға қол жеткізудегі алғашқы қадам шомылдыру рәсімінен өту екенін білесің. Сондықтан сен шомылдыру рәсімінен өтпеген болсаң, осы алғашқы қадамды жасау үшін не қажет екенін қарастыр.

Шомылдыру рәсімінен өтуді мақсат етіп қой

12. Кейбір жастар шомылдыру рәсімінен қандай мақсатпен өтеді, ал бұл неге дұрыс емес?

12 Сеніңше, шомылдыру рәсімінен қандай мақсатпен өту керек? Кейбіреулер күнә жасаудан сақтану үшін өту керек деп ойлайды. Басқалар шомылдыру рәсімінен қауымдағы құрбы-құрдастары өткендіктен өтуді шешіп жатады. Тағы біреулері болса ата-анасының көңілін қалдырғысы келмейді. Алайда шомылдыру рәсімінің өзі сені жасырын күнә жасаудан сақтамайды. Бұған қоса шомылдыру рәсімінен басқалардың итермелеуімен өткен дұрыс емес. Бұл маңызды қадамды Ехоба куәгері болу дегенге не жататынын анық түсінгенде, әрі осы жауапкершілікті алуға дайын болғанда және мұны шын жүректен қалағанда ғана жасауың керек (Екк. 5:4, 5).

13. Шомылдыру рәсімінен өтуге не талпындыру керек?

13 Шомылдыру рәсімінен өтудің бір себебі — Иса ізбасарларына адамдарды шәкірт етіп, шомылдыру рәсімінен өткізуді тапсырған. Исаның өзі де шомылдыру рәсімінен өтіп, бізге үлгі қалдырды (Матай 28:19, 20; Марқа 1:9 оқы). Оның үстіне, бұл рәсім құтқарылу үшін жасалатын маңызды қадам болып табылады. Елші Петір Нұхтың кеме соғып, отбасымен Топан судан аман қалғанын айта келе былай деген: “Бұл жайт — қазір сендерді Иса Мәсіхтің қайта тірілуі арқылы құтқарып жатқан нәрсенің, яғни шомылдыру рәсімінің... белгісі” (Пет. 1-х. 3:20, 21 ЖД). Бірақ бұл сөздер шомылдыру рәсімінің апат кезінде сақтандыру полисі сияқты болатынын білдірмейді. Өйткені сен Ехобаны сүйгендіктен және оған шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен, бар күш қуатыңмен қызмет етуді қалағандықтан шомылдыру рәсімінен өтесің (Мар. 12:29, 30).

14. Кейбіреулер шомылдыру рәсімінен өтуге неліктен тартыншақтайды, бірақ оларды шешуге не көмектеседі?

14 Кейбіреулер уақыт өте келе қауымнан шығарыламын деп қорқып, шомылдыру рәсімінен өтуден тартыншақтайды. Сен де осындай сезімдесің бе? Егер солай болса, мұндай қорқынышта тұрған ештеңе жоқ. Қайта, бұл сенің Ехоба куәгері болу жауапкершілік жүктейтінін түсінетініңді көрсетеді. Тартыншақтауға тағы не себеп болуы мүмкін? Бәлкім, сен Құдайдың нормаларын ұстану ең жақсы өмір жолы екеніне сенімсіз шығарсың. Мұндай жағдайда Киелі кітаптың айтқандарына немкетті қарағандар кейіннен қандай опық жегені туралы ойланғаның қай жолдың дұрыс екенін шешуге көмектеседі. Я болмаса сен Құдайдың нормаларын жақсы көргеніңмен, оларды ұстанып өмір сүре алмаймын деп ойларсың. Шын мәнінде, бұлай ойлағаның кішіпейіл екеніңді көрсетеді. Киелі кітап кемелсіз адамның жүрегі қулыққа толы екенін айтады (Ерм. 17:9). Дегенмен сен үнемі “[Құдай] сөзіне бағынатын” болсаң, жетістікке жете аласың (Забур 118:9 оқы). Шомылдыру рәсімінен өтуден тартыншақтауға не себеп болмасын, жоғарыда айтылған уайымдарың мен қиыншылықтарыңды шешуің қажетc.

15, 16. Шомылдыру рәсімінен өтуге дайын екеніңді қалай біле аласың?

15 Олай болса, шомылдыру рәсімінен өтуге дайын екеніңді қалай біле аласың? Мысалы, келесі сұрақтардың үстінен ой жүгіртіп көр: Адамдарға Киелі кітаптың негізгі ілімдерін түсіндіріп бере аламын ба? Атаанам қызметке қатыспаса да, мен қызмет ете беремін бе? Мәсіхшілер қауымының барлық кездесуіне қатысуға тырысамын ба? Құрбы-құрдастарымның қысымына төтеп берген нақты жағдай есімде ме? Ата-анам немесе достарым Ехобаға қызмет етуді тоқтатса да, мен жалғастыра беремін бе? Құдаймен қарым-қатынасым мен үшін бағалы екенін дұғада айтамын ба? Өмірімді Ехобаға толық бағыштайтынымды айтып, дұға еттім бе?

16 Шомылдыру рәсімінен өту — жеңіл-желпі қарауға болмайтын өмірдегі өте маңызды қадам. Бұл қадамды ойланып жасай алатындай толыстың ба? Рухани толысу деген мінбеде тұрып, шешендікпен баяндама айта білуді немесе кездесуде әсерлі етіп түсініктеме беруді ғана білдірмейді. Толысқан адам Киелі кітаптың принциптерін түсініп шешім қабылдай алуы керек (Еврейлерге 5:14 оқы). Сен осындай деңгейге жеткен болсаң, алдыңда бәрінен де зор мүмкіндік күтіп тұр. Бұл — Ехобаға шын жүректен қызмет ету және оған шынымен бағышталғаныңды көрсететіндей өмір сүру мәртебесі.

17. Шомылдыру рәсімінен кейін кезігетін сынақтарға қалай төтеп бере аласың?

17 Шомылдыру рәсімінен өте салысымен-ақ Құдайға қызмет ету құлшынысың бойыңда жалындаған оттай лаулар. Алайда көп ұзамай сенімің мен табандылығың сыналатын қиындықтарға тап болуың мүмкін (Тім. 2-х. 3:12). Бірақ бұл сынақтарға жалғыз төтеп бере аламын деп ойлама. Ата-анаңнан ақыл сұра. Қауымдағы рухани толысқан бауырластардың көмегіне жүгін. Саған қолдау көрсететін достарыңнан ажырама. Сондай-ақ Ехоба қамыңды ойлайтынын және кез келген жағдайда қажетті күш-қуат беретінін ешқашан ұмытпа (Пет. 1-х. 5:6, 7).

Мақсаттарыңа қалай қол жеткізе аласың?

18, 19. Өміріңде ненің басты орында тұрғанын тексерудің қандай пайдасы бар?

18 Ықылас-ниетіңмен қанша тырыссаң да, істегің келетін және істеуің керек нәрселерге уақыт еш жетпейтіндей көріне ме? Егер солай болса, өміріңде ең басты орында не тұрғанын тексеріп көр. Бұған мысал келтіріп көрейік. Шелекке алдымен бірнеше үлкен тас, сосын үстіне құм сал. Байқасаң, шелегің тасқа да, құмға да толды. Ал енді, шелекті босатып, бірақ бұл жолы алдымен құмды, артынан тастарды салып көрші. Тастарың сыймай қалған болса керек. Шелекке алдымен майда құм салынғандықтан бұл осылай болды.

19 Уақытыңды дұрыс жұмсау керек болғанда да, осындай қиындыққа кезігесің. Егер демалуды бірінші орынға қойсаң, маңыздырақ істерге, мысалы рухани істерге, ешқашан уақыт жеткізе алмайсың. Ал егер Киелі кітаптың “ненің маңыздырақ екеніне көз жеткізіп ал” (ЖД) деген кеңесіне құлақ ассаң, Патшалық істеріне де, жеткілікті шамада демалуға да уақыт табылады (Філіп. 1:10).

20. Мақсаттарыңа жетуге күш салып жатқанда бойыңды уайым мен сенімсіздік билеп жатса, не істеуің керек?

20 Шомылдыру рәсімінен өту сияқты мақсаттарыңа қол жеткізуге ұмтылып жатқандықтан, кейде бойыңды уайым мен сенімсіздік билеуі мүмкін. Сондай кездері “Жаратқан Иеге арт уайымыңды, Ол сені қолдап, ойлайды қамыңды” (Заб. 54:23). Ал қазір сенде адамзат тарихындағы ең зор және маңызды іске, дүниежүзілік уағыздау және тәлім беру науқанына, қатысуға мүмкіндік бар (Ел. іс. 1:8). Сен осы істі атқарып жатқан адамдарды сырттан бақылап қана тұратын көрермен болуды, я болмаса оған өзің қатысып, қызығын көруді шеше аласың. Қабілеттеріңді Патшалық ісін алға жылжыту үшін қолданудан тартынба. Сонда ешқашан “Жаратушыңды жасөспірім кезіңнен есіңде ұстағаныңа” өкінбейсің (Екк. 12:1).

[Сілтемелер]

a Екклесиаст 12:1: “Қиын-қыстау күндер туғанда, ол жылжи отырып жылдарға алмасқанда, сен ол [күндер] туралы: “Олардан мен үшін ешқандай ғанибет жоқ!” — демес үшін өз Жаратушыңды жасөспірім кезеңіңнен есіңде ұста”.

b 2009 жылдың 1 тамыздағы “Күзет мұнарасының” (ор.) 15—18 беттерін қара.

c Бұған қатысты көмекті “Жастардың сауалдары. Пайдалы кеңестер” (ор.) кітабының 2-том, 34-тарауынан таба аласың.

Қалай жауап берер едіңдер?

• Неге алдыңа мақсаттар қоюың керек?

• Қандай мақсаттар ұмтылуға тұрады?

• Шомылдыру рәсімінен өту мақсатына қол жеткізу үшін не қажет?

• Маңыздырақ істерді бірінші орынға қойғаның мақсаттарыңа қол жеткізуге қалай көмектеседі?

[13-беттегі сурет]

Киелі кітапты күнде оқуды мақсат еттің бе?

[15-беттегі сурет]

Шомылдыру рәсімінен өту мақсатыңа қалай қол жеткізе аласың?

[16-беттегі сурет]

Осы мысалдан қандай сабақ алдың?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу