Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w12 15.12. 9—13 бет.
  • Саған басқарушы болу сеніп тапсырылған

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Саған басқарушы болу сеніп тапсырылған
  • 2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • БАСҚАРУШЫНЫҢ РӨЛІ
  • БІЗ ҚҰДАЙДЫҢ МЕНШІГІМІЗ
  • ЕХОБА БӘРІМІЗДЕН НЕНІ ТАЛАП ЕТЕДІ?
  • АДАЛ БОЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
  • ӨЗІМІЗДІ ӨЗГЕЛЕРМЕН САЛЫСТЫРУ ДАНАЛЫҚҚА ЖАТА МА?
  • Сіз білгенсіз бе?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Алдағыны ойлап, ақылмен әрекет ету
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Болашағыңды даналықпен ойластыр
    Тарихтағы ең ұлы адам
  • Адал үй басқарушы және оның Басқарушы кеңесі
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w12 15.12. 9—13 бет.

Саған басқарушы болу сеніп тапсырылған

“Сендер өздеріңе тиесілі емессіңдер” (ҚОР. 1-Х. 6:19).

ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРЕР ЕДІҢ?

  • Ежелгі заманда басқарушылар қандай рөл атқарған?

  • Құдай қызметшілерінің барлығында қандай міндеттер бар?

  • Өзімізге сеніп тапсырылған қызметімізге қалай қарауымыз керек?

1. Құл дегенді естігенде көпшілік қандай адамды елестетеді?

ШАМАСЫ 2500 жыл бұрын грек драматургы былай деп жазған: “Ешкім де өз еркімен құл болмайды”. Көп адам бұл сөздермен келіседі. Құл дегенді естігенде, олар басында еркі жоқ, аяқ-қолы бұғауланған әрі қожайыны үшін жұмыс істейтін адамды елестетеді.

2, 3. а) Мәсіхтің ерікті құлдары, яғни қызметшілері қандай мәртебелі міндеттер атқарады? ә) Басқарушы қызметіне қатысты қандай сұрақтарды қарастырамыз?

2 Иса өз шәкірттерінің кішіпейіл қызметші, яғни құл болатынын айтқан. Алайда бұл құлдарды ешкім қорламайды не жәбірлемейді, қайта, олар құрмет пен сенімге ие. Мысалы, өлер алдында Иса бір “құл” жайында не дегеніне назар аударайық. Мәсіх “адал да ақылды құлға” міндеттер сеніп тапсыратынын айтқан (Мат. 24:45—47).

3 Киелі кітаптың басқа жерінде адал да ақылды құл “басқарушы” деп аталған (Лұқа 12:42—44 оқы). Бүгінде өмір сүріп жатқан адал мәсіхшілердің көбісі бұл адал басқарушы табына жатпайды. Десе де Жазбалардан көрінетіндей, Құдай қызметшілерінің баршасы басқарушы қызметін атқарады. Бұл нені білдіреді? Олар өздеріне жүктелген жауапкершіліктерге қалай қарау керек? Мұны білу үшін ежелгі заманда басқарушылар қандай рөл атқарғанын қарастырайық.

БАСҚАРУШЫНЫҢ РӨЛІ

4, 5. Ежелгі басқарушылар қандай жауапты істер атқарған? Мысал келтір.

4 Ерте заманда қожайынының үйін не ісін басқаруға көбінесе сенімді құл тағайындалатын. Әдетте басқарушылардың айтарлықтай билігі болған әрі олар үйдің меншігін, қаражатын және басқа да қызметшілерін қадағалайтын. Біз мұны Ыбырайымның бүкіл меншігіне қараған Елиезердің мысалынан көре аламыз. Ыбырайым өзінің ұлы Ысқаққа қалыңдық таңдауға Месопотамияға Елиезерді жіберген көрінеді. Неткен маңызды тапсырма десеңші! (Жар. 13:2; 15:2; 24:2—4).

5 Ыбырайымның шөбересі Жүсіп Потифардың үйінде басқарушы болып қызмет еткен (Жар. 39:1, 2, 4). Кейін Жүсіптің де үй басқарушысы болған. Үй басқарушысы оның 10 бауырын қарсы алуы керек-тін. Сондай-ақ қожайынының бұйыруымен ол “ұрланған” күміс тостаған туралы істі ұйымдастырған болатын. Иә, басқарушыларға көп сенім артылатын (Жар. 43:19—25; 44:1—12).

6. Басқарушылар ретінде мәсіхші ақсақалдар қандай қызметтер атқарады?

6 Ғасырлар өте елші Пауыл мәсіхші бақылаушылардың “Құдай тағайындаған басқарушы” болуға тиіс екендігін айтқан (Тит. 1:7). “Құдайдың отарын” бағуға тағайындалған бақылаушылар қауымда басшылықты қолға алады (Пет. 1-х. 5:1, 2). Әрине, әрқайсысының жауапкершілігі әртүрлі. Мысалы, мәсіхші бақылаушылардың көбісі өз қауымдарында қызмет етеді. Аралаушы бақылаушылар көптеген қауымдарға қарайды. Ал филиал комитетінің мүшелері бүкіл елдегі қауымдардың қамын ойлайды. Бірақ бәрі де міндеттерін адал атқарулары керек. Барлығы да Құдай алдында “есеп береді” (Евр. 13:17).

7. Мәсіхшілердің барлығы белгілі бір мағынада басқарушылар екенін қайдан білеміз?

7 Алайда бақылаушы емес көптеген адал бауырластар жөнінде не деуге болады? Елші Петір барлық мәсіхшілерге жазған хатында былай деген: “Құдайдың түрлі жолмен көрсетілген рақымының үлгілі басқарушысы ретінде, әрқайсысың қай мөлшерде сый алсаңдар, оны бір-біріңе қызмет ету үшін сол мөлшерде қолданыңдар” (Пет. 1-х. 1:1; 4:10). Құдай рақымын танытып, бәрімізге қабілеттер, қасиеттер мен дарындар тарту еткен. Біз мұны бауырластарымыздың игілігі үшін қолдана аламыз. Демек, Құдай қызметшілерінің барлығы басқарушылар болып табылады. Ал бұл оларға құрмет, сенім және жауапкершілік жүктейді.

БІЗ ҚҰДАЙДЫҢ МЕНШІГІМІЗ

8. Біз есте ұстауымыз керек маңызды қағида қандай?

8 Басқарушылар ретінде ұстануымыз керек үш қағидаға назар аударайық. Біріншіден, біз Құдайдың меншігіміз әрі оған есеп береміз. Пауыл былай деп жазған: “Сендер өздеріңе тиесілі емессіңдер, өйткені қымбат бағаға [Мәсіхтің қанына] сатып алындыңдар” (Қор. 1-х. 6:19, 20). Ехобаның меншігі болғандықтан, біз оның өсиеттерін орындауға міндеттіміз, ал оның өсиеттерін орындау қиын емес (Рим. 14:8; Жох. 1-х. 5:3). Сонымен қатар біз Мәсіхтің құлы болдық. Ежелгі басқарушыларға іспетті бізге де көп еркіндік берілген, бірақ еркіндігіміз шексіз емес. Біз міндеттерімізді берілген басшылыққа сай атқаруға тиіспіз. Ұйымда қандай қызмет атқармайық, бәріміз де Құдай мен Мәсіхтің құлдарымыз.

9. Иса қожайыны мен құлдың арақатынасын қалай түсіндірді?

9 Бірде Иса шәкірттеріне қожайыны мен құлдың арақатынасын түсіндірген. Бір құл күні бойы тер төге еңбек етіп үйге келеді. Сонда қожайыны оған “Кел, тезірек дастарқан басына жантай” дей ме? Жоқ. Қайта, оған “Маған кешкі ас дайындап, мен ішіп-жеп болғанша, алжапқышыңды байлап алып, қызмет көрсет. Содан кейін өзің ішіп-жейсің” дейді ғой. Иса бұл мысалдан қандай сабақ алатынымызды түсіндіріп былай деді: “Сендер де өздеріңе тапсырылған істің бәрін атқарған соң: — Біз небәрі түкке тұрғысыз құлмыз, істеуге тиістіні ғана істедік,— деңдер” (Лұқа 17:7—10).

10. Ехоба өзіне қызмет етуге күш салып жатқанымызды бағалайтынын қайдан білеміз?

10 Ехоба өзіне қызмет етуге күш салып жатқанымызды бағалайды. Киелі кітап бізді мынаған сендіреді: “Құдай әділетсіз емес. Ол қасиеттілер үшін атқарған, әлі де атқарып жатқан қызметтерің арқылы өзінің есіміне деген сүйіспеншіліктерің мен еңбектеріңді ұмытпайды” (Евр. 6:10). Ехоба бізден ешқашан қолымыздан келмейтінді талап етпейді. Қайта, оның талаптары бізге пайдалы әрі қажетсіз салмақ түсірмейді. Дегенмен Исаның мысалына сай, құл қара басының қамын жасап, өз еркімен жүрмейді. Сол сияқты біз де Құдайға бағышталғанда, оның еркін өмірімізде басты орынға қоюды шештік емес пе?!

ЕХОБА БӘРІМІЗДЕН НЕНІ ТАЛАП ЕТЕДІ?

11, 12. Басқарушылар ретінде біз қандай қасиет танытуымыз, ал қандай істерден аулақ болуымыз керек?

11 Екінші қағида мынадай: Басқарушылардың барлығы бірдей негізгі талаптарға мойынсұнады. Әрине, кейбір талаптар тек жауапкершілігі бар бауырластарға қойылады. Алайда талаптардың көбісі бәрімізге де ортақ. Мысалы, Мәсіхтің шәкірттері және Ехобаның куәгерлері ретінде біз бір-бірімізді сүюіміз керек. Иса айтқандай, шынайы мәсіхшілерді сүйіспеншіліктерінен тануға болады (Жох. 13:35). Алайда біз тек бауырластарымызға ғана емес, бізбен бір сенімде емес адамдарға да сүйіспеншілік танытамыз. Мұны бәріміз де істей аламыз әрі істеуге міндеттіміз.

12 Сонымен қатар біздің жүріс-тұрысымыз үлгілі болу керек. Біз Құдай сөзінде айыпталатын өмір салттан аулақ болғымыз келеді. Пауыл ескерткендей, “азғындар, пұтқа табынушылар, неке адалдығын бұзушылар, табиғи емес жыныстық қатынаста қолданылатын еркектер, еркекқұмар еркектер, ұрылар, ашкөздер, маскүнемдер, өзгелерді ғайбаттаушылар, тонаушылар Құдай патшалығын мұра етпейді” (Қор. 1-х. 6:9, 10). Құдайдың әділ талаптарына сай өмір сүру үшін күш салу керек. Бірақ бұл бізге көп игілік те әкеледі. Мысалы, денсаулығымызды сақтаймыз, өзгелермен жақсы қарым-қатынаста боламыз және Құдайдың ықыласына ие боламыз (Ишая 48:17, 18 оқы).

13, 14. Барлық мәсіхшілерге қандай жауапкершілік жүктелген және біз оған қалай қарауымыз керек?

13 Ежелде басқарушының атқаратын жұмысы болған. Сол сияқты бізге де бір іс тапсырылған. Құдай бізге аса құнды сыйды — шындықты — тарту етті, әрі ол осы шындықты басқалармен бөліскенімізді қалайды (Мат. 28:19, 20). Пауыл былай деп жазған: “Адамдар бізді Мәсіхтің қызметшісі және Құдайдың қасиетті құпиялары сеніп тапсырылған басқарушы деп қарастырсын” (Қор. 1-х. 4:1). Пауыл басқарушы “қасиетті құпияларды” қазынадай сақтап, Қожайынымыз Иса Мәсіхтің нұсқауы бойынша өзгелермен бөлісуі керектігін түсінген (Қор. 1-х. 9:16).

14 Өзгелерге шындықты айту — сүйіспеншіліктің белгісі. Әрине, әр мәсіхшінің жағдайы әртүрлі. Бәрі бірдей шамада қызмет ете алмайды. Ехоба да мұны түсінеді. Ең маңыздысы — қолымыздан келгеннің бәрін істеу. Осылайша біз Ехоба мен адамдарға деген риясыз сүйіспеншілігімізді көрсетеміз.

АДАЛ БОЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

15—17. а) Басқарушының адал болғаны неліктен маңызды? ә) Иса адал болмаудың салдарын қандай мысалмен түсіндірді?

15 Алдыңғы екі қағидамен тығыз байланысы бар үшінші қағида келесідей: Біз адал да сенімді болуымыз керек. Егер басқарушы жауапкершіліктеріне немқұрайдылық танытып, қожайынына адал болмаса, жақсы қасиеттері мен қабілеттері көк тиын да тұрмайды. Жақсы басқарушы болу үшін адалдықтың маңызы зор. Пауыл айтқандай, “басқарушыдан сенімді болу талап етіледі” (Қор. 1-х. 4:2).

16 Адал болсақ, батаға кенелетініміз сөзсіз. Ал адал болмасақ, жапа шегеміз. Бұл — Исаның таланттар туралы мысалынан көрінетін заңдылық. Қожайындары тапсырған істі адал атқарған құлдар мақтау естіп, жомарттықпен жарылқанды. Ал ісіне атүсті қараған құлды қожайыны “зұлым да жалқау” әрі “түк пайдасы жоқ құл” деп атады. Қолындағы таланты тартып алынған соң, ол сыртқа лақтырылды (Матай 25:14—18, 23, 26, 28—30 оқы).

17 Ал басқа бір жолы Иса адал болмаудың салдарына назар аударды. Ол былай деді: “Бір байдың үй басқарушысы болыпты. Біреулер байға осы басқарушысы оның дүние-мүлкін шашып жатқаны жайлы жеткізеді. Содан бай оны шақырып алып: — Сен туралы естіп жүргенім не әңгіме? Жұмысың жайлы есеп бер! Бұдан былай үйімді басқармайсың,— дейді” (Лұқа 16:1, 2). Басқарушысы меншігін ысыраптағандықтан, қожайыны оны қызметінен босатады. Бұл біз үшін жақсы сабақ болып табылады. Тапсырылған міндеттерімізді әрқашан адал да сенімді атқарайық.

ӨЗІМІЗДІ ӨЗГЕЛЕРМЕН САЛЫСТЫРУ ДАНАЛЫҚҚА ЖАТА МА?

18. Неге өзімізді өзгелермен салыстырмауымыз керек?

18 Әрқайсысымыз өзімізден былай деп сұрайық: “Мен қандай басқарушымын?” Ал егер өзімізді өзгелермен салыстыратын болсақ, қиындықтар туындауы мүмкін. Киелі кітапта мынадай кеңес бар: “Әркім өз іс-әрекетін тексерсін, сонда өзін басқалармен салыстырмай, өз істерін ғана мақтан ете алады” (Ғал. 6:4). Қызметімізді өзгелердің қызметімен салыстырудың орнына, өзіміз не істей алатынымыз туралы ойланғанымыз жөн. Сонда біз кеуде көтеріп кетпейміз, ұнжырғамыз да түспейді. Қызметте не істей алатынымызды салмақтап-саралағанда, жағдайдың өзгеріп отыратынын ескеруіміз қажет. Бәлкім, денсаулығымыз нашарлағандықтан, жасымыз ұлғайғандықтан не міндеттеріміз көбейгендіктен, бұрынғыдай көп қызмет ете алмай жүрген шығармыз. Немесе жағдайымыз жақсарғандықтан, қазіргіден көбірек қызмет етуге мүмкіндігіміз бар шығар. Олай болса, неге қызметке көбірек атсалыспасқа?

19. Егер қандай да бір қызметке тағайындалмай жатсақ, не себепті ұнжырғамызды түсірмеуіміз керек?

19 Қарастыруымыз керек тағы бір жайт — атқарғымыз келетін не қазір атқарып жатқан қызметіміз. Мысал үшін ер бауырлас қауым ақсақалы болуды не конгресте баяндама айтуды қалайды делік. Осындай артықшылықтарға ұмтылған жақсы, алайда өзіміз ойлаған уақытта тағайындалмасақ, ұнжырғамызды түсірмейік. Өзіміз күткеннен әлдеқайда кеш тағайындалуымызға біз білмейтін келелі себептер болуы мүмкін. Мысалы, Мұса исраилдіктерді Мысырдан алып шығуға дайын болып көрінгенімен, бұл іс оған 40 жылдан кейін барып тапсырылды. Осы уақыттың ішінде ол қыңыр да бүлікшіл халыққа басшылық ету үшін қажетті қасиеттерді дамытты (Ел. іс. 7:22—25, 30—34).

20. Біз Жонатаннан не нәрсеге үйренеміз?

20 Кейбіріміз қалаған қызметімізге ешқашан тағайындалмауымыз мүмкін. Жонатанның жағдайында солай болған. Саулдың ұлы болғандықтан ол әкесінен кейін Исраилдің патшасы болмақ еді. Бірақ Құдай Жонатаннан әлдеқайда жас Дәуітті патша болуға тағайындады. Жонатан мұны қалай қабылдады? Ол Құдай еркіне мойынсұнып, Дәуітті өз жанын қатерге тіге отырып қолдаған. Жонатан Дәуітті: “Сен Исраилдің патшасы, ал мен елдің сенен кейінгі екінші адамы боламын”,— деп жігерлендірді (Пат. 1-ж. 23:17). Біз бұдан не нәрсеге үйренеміз? Жонатан өз жағдайына қатысты наразылық білдірмеді. Ол әкесі сияқты Дәуітке қызғанышпен қарамады. Біз де өзгелерге қызғанышпен қараудың орнына, қазіргі міндеттерімізді барынша жақсы атқаруға тырысайық. Жаңа өмірде Ехоба барлық қызметшілерінің дұрыс қалауларын қанағаттандыратынына сенімді бола аламыз.

21. Біз басқарушы ретіндегі қызметімізге қалай қарауымыз керек?

21 Біз Құдайдың құлдары, яки тағайындалған басқарушыларымыз. Бірақ біз қайғы-қасірет шегіп, көз жасымызды көл қылмаймыз. Керісінше бізге зор құрмет көрсетіліп, ешқашан қайталанбайтын ізгі хабарды жариялау ісі сеніп тапсырылған. Бұл істі қалай атқаратынымызға қатысты бізге көп еркіндік берілген. Олай болса, адал басқарушылар болайық және ұлы Құдайға қызмет ету мәртебесін жоғары бағалайық.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу