Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w11 15.8. 18—21 бет.
  • Ерекше жиналыс

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ерекше жиналыс
  • 2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Жетістіктер және жігер беретін сұхбаттар
  • Басқарушы кеңес мүшелерінің басқа да баяндамалары
  • Басқарушы кеңестің жаңа мүшелері
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ұйымымыздың бірлігі мен алдағы жоспарын паш еткен кездесу
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Басқарушы кеңестің жаңа мүшесі
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Бізді сүйіспеншілік біріктіреді. Жыл сайынғы кездесу
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w11 15.8. 18—21 бет.

Ерекше жиналыс

“ОСЫ жиналыстың соңында сендер: “Бұл шынымен де ерекше жиналыс болды-ау, шіркін” дейтіндерің шүбәсіз”. Осылайша Ехоба куәгерлерінің Басқарушы кеңесінің мүшесі Стивен Летт Күзет мұнарасы, Киелі кітап және трактаттар қоғамының (Пенсильвания) 126-шы жыл сайынғы жиналысына келгендердің бағдарламаға деген қызығушылығын оятты. Бұл жиналыс 2010 жылы 2 қазанда Ехоба куәгерлерінің Джерси қаласындағы (Нью Джерси, АҚШ) Конгресс сарайында өтті. Онда қандай қызықты да пайдалы ойлар айтылды?

Алғашқы баяндамада Летт бауырлас Езекиел кітабында сипатталған Ехобаның көктегі күймесі туралы айтты. Бұл салтанатты да ғаламат күйме Ехобаның қол астындағы ұйымын білдіреді. Күйменің рухани жаратылыстардан тұратын көктегі бөлігі Ехобаның ойы қандай жүйрік болса, сондай зор жылдамдықпен қозғалады. Құдай ұйымының көзге көрінетін бөлігі де алға басуда. Летт бауырлас Құдай ұйымының жердегі бөлігінде соңғы жылдары болған елеулі оқиғаларға назар аударды.

Мәселен, кейбір филиалдар біріктірілді. Осының арқасында кейбір бауырластар бетелдік қызметтен босатылып, уағыздау ісіне көбірек атсалыса алатын болды. Летт бауырлас тыңдаушыларды құл табының өкілі болып табылатын Басқарушы кеңес өз қызметін әрі қарай да адалдықпен және даналықпен атқара беру үшін үнемі дұға етуге шақырды (Мат. 24:45—47).

Жетістіктер және жігер беретін сұхбаттар

Гаитидегі филиал комитетінің мүшесі Таб Хонсбергер 2010 жылы 12 қаңтарда 300 000 адамның өмірін қиған жер сілкінісі туралы әсерлі баяндама айтты. Апаттан соң дін қызметшілері Құдай жақсы адамдарды аман алып қалып, күнәкарларды жазалады деп айтқан екен. Бірақ бір қызығы, жер сілкінісінің салдарынан түрме қабырғалары құлап, мыңдаған қылмыскерлер қашып құтылыпты. Хонсбергер бауырлас апат кезінде әйелі қаза тапқан бауырластың сөздерін келтірді: “Мен күніге жылаймын. Қайғымның қашан сейілетінін білмеймін. Алайда Ехобаның ұйымы танытып жатқан сүйіспеншілігі мені қуанышқа бөлейді. Менің үмітім бар және сол үмітімді басқалармен де бөлісуге бел байладым”.

Бруклиндегі Бетелде қызмет ететін Марк Сандерсон Филиппинде атқарылып жатқан қызмет туралы баяндады. Бұрын сол жерде филиал комитетінің мүшесі болған ол елдегі жариялаушылардың саны қатарынан 32 рет ең жоғарғы санға жеткенін және Киелі кітап зерттеу сабақтарының жариялаушылар санынан асып түскенін қуана-қуана хабарлады. Сосын ол Филиппинде тұратын Мигел есімді бауырластың оқиғасын айтып берді. Ол немересін өлтірген адамның сотталып жазаға тартылуына бар күшін салған болатын. Бір күні Мигел түрмеге уағыздау үшін барады да, әлгі адаммен кездесіп қалады. Қиын болғанына қарамастан, Мигел оған жылы сөйлеп, куәлік береді. Нәтижесінде ол адам шындыққа қызығушылық танытады да, Мигел онымен зерттеу сабағын бастайды. Қазір ол шомылдыру рәсімінен өткен Ехоба куәгері. Олар жақын дос болып кетті және Мигел бауырласының тезірек босатылуы үшін тырысып бағудаa.

Бағдарламаның келесі бөлігін Теократиялық мектептер бөлімінің оқытушысы Марк Нумар жүргізді. Ол Алекс пен Сара Райнмюллер, Дейвид пен Криста Шейфер және Роберт пен Кетра Сиранколармен сұхбаттасты. Баспа комитетінің көмекшісі Алекс Райнмюллер шындықтың жүрегіне қалай терең тамыр жайғаны туралы айтып берді. Он бес жасында-ақ ізашар болған ол көбінесе жалғыз өзі уағыздайтын. Бетелдік қызметін бастағанда оған үш адал бауырластардың үлгісі рухани өсуге көмектесті. Ал Алекстің әйелі Сара сенімі үшін Қытайда ондаған жыл түрмеде отырған әйел бауырласпен достасқаны туралы айтып берді. Сара ол бауырластан жеке дұға ету арқылы Ехобаға арқа сүйеуді үйренді.

Білім беру комитетінің көмекшісі Дейвид Шейфер анасының берік сенімі өзіне үлгі болғанын және ағаш кесуші болған бауырластардың жас кезінде қосалқы ізашар ретінде қызмет етуіне жағдай жасағаны туралы айтып берді. Ал оның әйелі Криста, Исаның кеңесіне сай, “кішкене нәрседе сенімді болған” жасы үлкен бетелдіктердің үлгісі туралы әңгімеледі (Лұқа 16:10).

Жазушылар комитетінің көмекшісі Роберт Сиранко кезінде Венгриядан көшіп келген екі атасы мен екі әжесінің майланған мәсіхшілер болғанын айтты. 1950 жылы жас бала болған Роберт үлкен конгреске барып, Ехобаның ұйымы өзінің қауымынан әлдеқайда үлкен екенін түсінді. Оның әйелі Кетра жолдан таюшылық белең алған қауымда ізашар ретінде қызмет еткенде, шын берілгендік танытуды үйренді. Кейіннен ол айрандай ұйыған қауымға арнайы ізашар болып тағайындалды.

Келесі баяндаманы Манфред Тонак бауырлас айтты. Ол Эфиопия жайында баяндады. Бұл ел Киелі кітап заманынан бері бар. Қазір онда 9000 жариялаушы қызмет етеді. Олардың көбісі ел астанасы Аддис-Абебада не оның маңында тұрады. Ал елдің шалғай аумақтарында жариялаушылар жетіспейді. Сондықтан өзге елдерде тұратын эфиопиялық Куәгерлер өз елдеріне оралып біраз уағыздауға шақырылған болатын. Шақыруды көп бауырлас қабыл алды. Нәтижесінде жергілікті Куәгерлер жігерленіп қалды әрі көп адам ізгі хабарға қызығушылық таныта бастады.

Бағдарламаның маңызды бөлігі Ресейдегі Ехоба куәгерлерінің жағдайы мен олардың діни сенім бостандығы үшін жүргізіп жатқан заңи күресі жайлы айтылған бірқатар баяндама болды. Ресейдегі филиал комитетінің мүшесі Аулис Беридал Ресейдегі, әсіресе Мәскеу қаласындағы Ехоба куәгерлері ұшыраған қудалау жайлы айтып берді. Құрама Штаттар филиалындағы заң бөлімінің мүшесі Филип Брамли Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Сот (АҚЕС) Ехоба куәгерлеріне тағылған тоғыз айыпты қарастырғаны жөнінде айтып берді. Сот мүшелері бірауыздан тоғыз айыптың бәрін де негізсіз деп тапты және неге олай ойлайтындарын бүге-шігесіне дейін түсіндірді. Бұл істің немен бітері әлі белгісіз болса да, Брамли бауырлас Сот шешімінің басқа елдердегі осыған ұқсас істердің біздің пайдамызға шешілуіне септігін тигізеді деп үміттенетіндерін айтты.

Мұндай қуанышты хабарландырудан кейін, Летт бауырлас АҚЕС-тың Франция мен Ехоба куәгерлерінің салық төлеуге қатысты ұзаққа созылған сот ісін қарастыруға келісім бергенін хабарлады. Осы беделі зор Сот кез келген істі қарастыра бермейді. Осы уақытқа дейін АҚЕС-те Ехоба куәгерлеріне қатысты 39 іс қарастырылып, 37-сі біздің пайдамызға шешілді. Летт бауырлас Құдай халқын аталмыш іске туралы дұға етуге шақырды.

Қауым ақсақалдарына арналған мектептің оқытушысы Ричард Морлан бірқатар баяндаманың соңғысымен шықты. Ол бұл мектеп жайында зор шабытпен сөйлеп, оған қатысқан ақсақалдардың ризашылыққа толы лебіздерін келтірді.

Басқарушы кеңес мүшелерінің басқа да баяндамалары

Басқарушы кеңес мүшесі Гай Пирс “Ехобаның есімін пана етіңдер” деген 2011 жылғы мәтінге негізделген жігерлендірерлік баяндама айтты (Соф. 3:12). Ол Ехобаның халқында қуануға көп себеп болғанымен, қазіргі уақытта сергек болу өте маңызды екенін де атап өтті. Ехобаның күні жақын, алайда көп адам әлі де жалған діннен, саяси ұйымдардан, байлықтан, пәлсападан және тағы басқа нәрселерден пана іздеуде. Шын пана табу үшін біз Ехобаны атын атап шақыруымыз керек. Бұған оны танып білу, терең құрметтеу және осы есімнің Иесіне арқа сүйеп, оны жан-тәнімен сүю жатады.

Одан кейін Басқарушы кеңестің мүшесі Дэйвид Сплэйн “Сен Құдайдың демалу үшін дайындаған жеріне кірдің бе?” деп аталатын ойлануға талпындыратын баяндама айтты. Сплэйн бауырлас ол жерге кіру қол қусырып қарап отыруды білдірмейтініне назар аударды, өйткені Ехоба Ұлымен бірге өзінің жерге қатысты ниетін іске асыру үшін осы бейнелі демалыс күні “еңбек етуді доғарған жоқ” (Жох. 5:17). Олай болса, біз Құдайдың демалу үшін жасаған жеріне қалай кіре аламыз? Күнә жасаудан және өз көзімізде әділ болудан аулақ болуымыз қажет. Сондай-ақ біз Құдайға сеніп, оның ниетін әрдайым жадымызда ұстауымыз және ниетінің жүзеге асуы үшін өз үлесімізді қосуға даяр болуымыз керек. Кейде тіпті қиын болса да, кеңесті қабыл алып, Ехобаның ұйымының басшылығын ұстануға тиіспіз. Сплэйн бауырлас тыңдаушыларды Құдайдың демалу үшін дайындаған жеріне кіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға шақырды.

Басқарушы кеңес мүшесі Энтони Моррис бауырлас айтып жеткізген соңғы баяндама “Біз нені күтіп жүрміз?” деп аталды. Әкелік мейіріммен сөйлеген Моррис бауырлас барлық адал қызметшілер асыға күтіп жүрген болашақта орындалуға тиіс пайғамбарлықтарды тыңдаушылардың есіне салды. Бұлардың ішінде “Міне, бейбітшілік пен қауіпсіздік!” деп жар салу мен жалған діннің жойылуы бар (Сал. 1-х. 5:2, 3; Аян 17:15—17). Моррис бауырлас осындай пайғамбарлықтар орындалмай тұрып, жаңалықтардан қандай да бір оқиғаларды естігенде, “бұл Армагеддон” деген тұжырым жасаудан сақтандырды. Ол Миха 7:7-де суреттелгендей, қуанышпен және шыдамдылықпен күтуге кеңес берді. Сөйте тұра ол тыңдаушыларды Басқарушы кеңеспен майданға шыққан жауынгерлер іспетті ынтымақта тұруға шақырды. “Жаратқанға сенім артқандардың бәрі,— деді ол,— Қайратқа кенеліп, батыл болыңдар енді!” (Заб. 30:25).

Ал бағдарламаның соңында жан тебірентерлік тарихи хабарландырулар айтылды. Басқарушы кеңес мүшесі Джеффри Джексон зерттеуге арналған “Күзет мұнарасының” жеңіл тілде жазылған санының жарық көретінін хабарлады. Қоғам ағылшын тілінде жақсы оқи алмайтын адамдарға арналған бұл басылымды сынап көрмекші. Содан соң, Стивен Летт бұдан былай Құрама Штаттардағы облыстық бақылаушылар мен олардың әйелдеріне бақташылық сапар жасалатыны, ал Қызметті жетілдіру мектебінің атауы Салтбасты ер бауырластарға арналған Киелі кітап мектебі деп өзгертілгені туралы хабарлады. Сондай-ақ жақын уақытта Мәсіхші ерлі-зайыптыларға арналған Киелі кітап мектебі өтетін болады. Олар бұл мектепте тәлім алып, Ехобаның ұйымында көбірек іс атқара алатын болады. Летт бауырлас Паттерсонда Аралаушы бақылаушылар мен олардың әйелдеріне арналған мектептің және Филиал комитетінің мүшелері мен олардың әйелдеріне арналған мектептің жылына екі сыныбы болатынын, сонымен қатар бұл мектепке екінші рет қатысуға мүмкіндік берілетінін хабарлады.

Бағдарламаның аяғында ұзақ уақыт бойы Басқарушы кеңестің мүшесі болып келген 97 жасар Джон Барр дұға айттыb. Бәрі де бұл шынымен де ерекше жиналыс болды деген сезіммен қайтты.

[Сілтемелер]

a 2011 жылғы “Ехоба куәгерлерінің жылнамасының” (ор.) 62, 63-беттерін қараңдар.

b Барр бауырластың жердегі өмірі 2010 жылы 4 желтоқсанда аяқталды.

[19-беттегі сөздер]

Жігерлендірерлік сұхбаттар тыңдаушылардың бәріне ұнады

[20-беттегі сөздер]

Ехоба Эфиопиядағы бауырластардың қызметіне батасын беруде

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу