Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w11 15.8. 17-б.
  • Оқырман сауалдары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқырман сауалдары
  • 2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Мәсіх жайлы пайғамбарлықтар Исаның Мәсіх болғанын дәлелдей ме?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Мәсіх жайлы алдын ала айтылған
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Мәсіх — Құдай жіберген құтқарушы!
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Олар Мәсіхті күтті
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w11 15.8. 17-б.

Оқырман сауалдары

Еврей жазбаларындағы Мәсіхке қатысты пайғамбарлықтардың нақты санын білу мүмкін бе?

Еврей жазбаларын мұқият зерттесек, Иса Мәсіхтің өмірінде орындалған бірталай пайғамбарлықтарды көреміз. Бұл — Мәсіхтің шығу тегі, келетін уақыты, істері мен адамдардың оны қалай қабылдайтынына, сондай-ақ Ехоба Құдайдың құрылымындағы рөліне қатысты пайғамбарлықтар. Осы пайғамбарлықтар арқылы Исаның Мәсіх екенін анықтауға болады. Алайда Еврей жазбаларында Мәсіхке қатысты нақты неше пайғамбарлық жазылғанын анықтағысы келетін адам аса мұқият болуы қажет.

Қандай да бір пайғамбарлықтың Мәсіхке қатысты екенімен бірі келіссе, бірі келіспей жатады. Киелі кітап зерттеушісі Альфред Эдерсхайм өзінің кітабында ежелгі раввиндер жазбаларында Мәсіхке қатысты 456 пайғамбарлық бар деп есептейтінін, әрі олардың көбісі Мәсіхке тікелей нұсқамайтынын жазды (“The Life and Times of Jesus the Messiah”). Мұқият зерттеу барысында, олардың кейбірінің Иса Мәсіхпен байланысы барына күмән туындайды. Мысалы, Эдерсхайм яһудилердің Жаратылыс 8:11-дегі сөздер Мәсіхке қатысты деп тұжырымдайтынын атап өтті. Олардың айтуынша, “көгершін алып келген зәйтүн ағашының жапырағы Мәсіхтің Тауынан алынған”. Сосын, Эдерсхайм олардың Мысырдан шығу 12:42-ні де дұрыс түсінбейтінін айта келе, “Мұсаның шөл даладан шыққанындай, Мәсіх Римнен шығуы керек” деп ойлайтындарын жазды. Көптеген зерттеушілердің де, өзгелердің де бұл тармақтарды Иса Мәсіхпен байланыстыруы және оларға берілген түсініктемелермен келісуі екіталай.

Тіпті нақты Мәсіхтің өмірінде орындалған пайғамбарлықтарды ғана алған күнде де, олардың санын дөп айту қиын. Мысалы, Мәсіхке қатысты әртүрлі жайттар жазылған Ишая 53-тарауды алайық. Ишая 53:2—7 тармақтарда былай делінген: “Ол ажарсыз және келбетсіз... оны адамдар менсінбей, жалғыз қалдырды... ол біздің қасіретімізді Өзіне алды... күнәларымыз үшін түйрелді... оны тоқты сияқты, сойылатын жерге алып барды”. Бұл тармақтарды қалай қарастыру керек, Мәсіхке қатысты бір пайғамбарлық ретінде ме, жоқ әлде әрқайсысын жеке пайғамбарлық ретінде ме?

Тағы бір пайғамбарлықты қарастырайық. Ишая 11:1-де: “Кесілген ағаштың түбірі мен тамырынан жас өскін өсіп шығады. Сол сияқты Есей ұлы Дәуіттің патшалық биліктен айырылған әулетінен шығатын бір ұрпақ күндердің күнінде қайтадан патшалық құрады”,— делінген. Сол тараудың 10-тармағында бұл сөздер қайталанады. Осы Жазба орындарын екі бөлек пайғамбарлық деп есептеген дұрыс па, жоқ әлде екі рет қайталанған бір пайғамбарлық деп есептеген дұрыс па? Ишая кітабының 53-ші және 11-тарауларындағы сөздерді қалай қарастырғанымыз Мәсіхке қатысты пайғамбарлықтардың жалпы саны қандай болатынына әсер ететіні сөзсіз.

Сондықтан Еврей жазбаларындағы Мәсіхке қатысты пайғамбарлықтардың санын нақтыламаған дұрыс. Біздің әдебиеттерімізде Исаға қатысты пайғамбарлықтар мен олардың қалай орындалғаны көрсетілетін біраз кестелер басып шығарылғанa. Бұндай кестелердің жеке не отбасылық зерттеу кезінде, я болмаса уағызда көмегі зор, әрі олар біздің сенімімізді нығайтады. Бұған қоса, Мәсіхке қатысты көптеген пайғамбарлықтар — олардың нақты саны қанша болмасын — Исаның Мәсіх екенінің бұлтартпас дәлелі болып табылады.

[Сілтеме]

a “Киелі жазбаларды түсіну” (ағ.) 1-том, 1223-бет; 2-том, 387-бет; “Киелі жазбалардың бәрі Құдай рухының жетелеуімен жазылған әрі тиімді” (ор.) 343, 344-бет; “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” 200-бет.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу