Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w11 15.8. 22-б.
  • Оқырман сауалдары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқырман сауалдары
  • 2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • 2021 жылдың қорытындысы
    Ехоба куәгерлерінің 2021 қызмет жылының дүниежүзілік есебі
  • 2017 жылдың қорытындысы
    Ехоба куәгерлерінің 2017 қызмет жылының дүниежүзілік есебі
  • 2015 жылдың қорытындысы
    2016 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • 2018 жылдың қорытындысы
    Ехоба куәгерлерінің 2018 қызмет жылының дүниежүзілік есебі
2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w11 15.8. 22-б.

Оқырман сауалдары

Дүниежүзілік жылдық есептегі сандарды қалай түсіну керек?

Біз әдетте “Жылнамада” және “Біздің патшалық қызметіміздің” ақпан айында келтірілетін қызмет жайлы есепті асыға күтеміз. Патшалық туралы хабарды уағыздау мен шәкірт дайындау ісіндегі жетістіктерімізді көру неткен қуаныш! Алайда жылдық есептің барынша пайдасын көру үшін, онда келтірілген мәліметтің нені білдіретінін жақсы түсінуіміз керек. Бірнеше мысалды қарастырайық.

Қызмет жылы. Бұл — жылдың қыркүйек айынан басталып келесі жылдың тамыз айына дейін жалғасатын уақыт. “Патшалық қызметімізде” алдыңғы қызмет жылының есебі келтіріледі. Демек, 2011 жылғы “Патшалық қызметімізде” 2010 қызмет жылының, яғни 2009 жылдың 1 қыркүйегінен 2010 жылдың 31 тамызына дейінгі уақыттың, есебі келтірілген.

Жариялаушылардың жоғарғы саны мен орташа саны. Бұл жерге шомылдыру рәсімінен өткен Ехоба куәгерлері мен шомылдыру рәсімінен өтпеген уағыздаушылардың саны жазылады. Есеп тапсырған жариялаушылар санының қызмет жылының кез келген айындағы ең жоғарғы көрсеткіші “Жариялаушылардың жоғарғы саны” деген бағанаға жазылады. Бұған өткен айлардың кеш тапсырылған есебі де кіруі мүмкін. Мұндай кезде бір жариялаушы екі адам ретінде есептеледі. Алайда уағыздау қызметіне қатысып, бірақ есеп тапсырмаған жариялаушылардың саны бұл бағанаға енбейді. Байқағанымыздай, әрбір жариялаушының есепті кешіктірмей тапсырғаны маңызды. Ал “Жариялаушылардың орташа саны” деген бағанаға жыл бойы тапсырылған есептердің қосындысының 12-ге бөлінгендегі саны енгізіледі.

Жұмсалған барлық сағат. 2011 жылғы есепке сәйкес, Ехоба куәгерлері 2010 қызмет жылында уағыздау қызметіне 1,6 миллиардтан аса сағат жұмсады. Алайда ғибадат етуге жұмсалған уақыттың бәрі, мысалы: бақташылық сапарларға, қауым кездесулеріне, Киелі кітапты жеке зерттеуге және ой жүгіртуге жұмсалған уақыт — бұл бағанаға енбейді.

Жұмсалған қаражат. 2010 қызмет жылында Ехоба куәгерлері арнайы ізашарлар, миссионерлер мен аралаушы бақылаушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін 155 миллионнан астам АҚШ долларын жұмсады. Бұл сомаға Киелі кітапқа негізделген әдебиеттерді басып шығаруға және дүниежүзіндегі филиалдарда қызмет етіп жүрген 20 000-нан аса бетелдіктің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жұмсалған қаражат кірмейді.

Еске алу кешінде рәміздерден дәм татқандардың саны. Бұған дүниежүзі бойынша Еске алу кешінде рәміздерден дәм татқан шомылдыру рәсімінен өткен Куәгерлердің саны кіреді. Бұл көрсеткіш жердегі майланғандардың толық санын білдіре ме? Міндетті түрде емес. Бұрынғы діни нанымдарының, психикасының бұзылуы не эмоциялық ауытқулардың әсерінен әлдекім көкке шақырылғанмын деп қате тұжырымдауы мүмкін. Сондықтан біз жерде қалған майланғандардың нақты санын анықтай алмаймыз, бұның қажеті де жоқ. Басқарушы кеңес рәміздерден дәм тататындардың тізімін жасамайды, өйткені майланған мәсіхшілер өздері үшін қандай да бір дүниежүзілік байланыс жүйесін құрмағанa.

Бірақ біз үшін анық бір жайт бар: зор алапаттың төрт жойқын желі жіберілгенде, Құдайымыздың майланған құлдарының кейбірі әлі жерде болады (Аян 7:1—3). Ал оған дейін майланғандар жылдық есепте егжей-тегжейіне дейін жазылған іске, яғни адамзат тарихындағы ең үлкен уағыздау мен тәлім беру ісіне, жетекшілік ете бермек.

[Сілтеме]

a 2009 жылдың 15 маусымындағы “Күзет мұнарасының” 24-бетіндегі “Адал үй басқарушы және оның Басқарушы кеңесі” деген мақаланы қараңдар.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу