Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w11 15.5. 3—5 бет.
  • Құдай Сөзін оқудан рақат тауып жүрсің бе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай Сөзін оқудан рақат тауып жүрсің бе?
  • 2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Мақсаттар мен тәсілдер
  • Босқа өтпейтін уақыт
  • Құдай Сөзін оқудан рақат тап
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Киелі кітапты оқыған пайдалы, әрі жақсы сезімге бөлейді
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Оқуға көңіл бөл
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Қалай бастауға болады?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
Көбірек мәлімет
2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w11 15.5. 3—5 бет.

Құдай Сөзін оқудан рақат тауып жүрсің бе?

“КИЕЛІ КІТАПТЫ жүйелі оқи бастағанда, бұл маған іш пыстыратын іс болып көрінді. Түсіну қиын болғандықтан, жиі ойым сан-саққа ауып кететін”,— дейді Лоррейн.

Киелі кітапты оқуды аса қызығушылықпен бастамағанын басқалар да мойындайды. Бірақ олар оны оқуды доғармаған, себебі мұның дұрыс екенін білген. Марк былай дейді: “Киелі кітапты оқу мен жеке зерттеу жүргізуге кедергі болатын нәрселер табыла қалады. Оны күнделікті оқуды әдетке айналдыру үшін маған көп дұға етіп, біраз күш салу қажет болды”.

Құдай Сөзіне деген ризашылығыңды арттыру үшін не істеуіңе болады? Оны оқуды қалай қызықты етуге болады? Келесі кеңестерге көңіл бөлші.

Мақсаттар мен тәсілдер

Дұға ете отырып, бар зейініңмен оқы. Ехобадан оның Сөзін зерттеуге ықылас оятуын сұра. Оның даналығын толығырақ түсіну үшін санаң мен жүрегіңді ашуын өтін (Заб. 118:34). Әйтпесе Киелі кітапты оқу ойланбай атқаратын іске айналып, көп ұзамай оны оқуға деген ықыласыңнан айырыласың. Линн былай дейді: “Мен кейде тым жылдам оқығандықтан, қызықты ойларды мүлдем байқамаймын. Жиі басты ойды толық түсінбей қаламын. Бірақ ойымды жинақтауға көмектесуін сұрап дұға етемін”.

Білгендеріңді бағала. Киелі кітаптағы шындықтарды түсініп, қолданудың өмірлік маңызы бар екенін ұмытпа. Сондықтан өзіңе пайдалы ойларды тауып, оларды қолдану үшін саналы түрде күш сал. “Мен көзқарасым мен ниетімде ненің дұрыс емес екенін көре білуге көмектесетін ойларды байқауға тырысамын,— дейді Крис.— Киелі кітап пен басылымдарымызды оқығанда, оларды жазғандар мені танымаса да, тура маған пайдалы болатын мәліметті жазғанына қайран қаламын”.

Қол жеткізуге болатын мақсаттар қой. Киелі кітаптың кейіпкерлері жөнінде жаңа бірдеңе білуге тырыс. “Күзет мұнарасы басылымдарының көрсеткішін” не электронды кітапханамызды қолдансаң, көптеген кейіпкерлер туралы қызықты жайттар табасың. Киелі кітап кейіпкерлерінің мінез-құлқы мен сезімдерін біле түскен сайын олар сенің санаңда тірі болады.

Жазбаларға негізделіп пікір алысудың жолдарын ізде. София Киелі кітапты осындай мақсатпен зерттейді. Ол былай дейді: “Киелі кітаптағы шындықтарды қызметте де, басқа кезде де анық жеткізе алу үшін, адамдармен пікір алысудың жаңа жолдарын тапқым келеді. Бұған “Күзет мұнарасы” журналдары өте жақсы көмектеседі” (Тім. 2-х. 2:15).

Киелі кітаптағы оқиғаларды көз алдыңа елестет. Еврейлерге 4:12-де: “Құдайдың сөзі тірі”,— делінген. Жазбаларды оқығанда, ондағы кейіпкерлердің не көріп, не естіп, не сезініп тұрғанын көз алдыңа келтіруге тырыс. Олардың басынан өткенді өз өміріңдегі нақты бір жағдаймен байланыстыр. Кейіпкерлердің қалай әрекет еткенінен сабақ ал. Сонда Киелі кітаптағы оқиғаларды тереңірек түсінесің, әрі оларды есте сақтап қаласың.

Күрделі тармақтар мен олардың қалай түсіндірілетінін анық ұғыну үшін уақыт бөл. Жазбаларды зерттеуге уақытыңды аяма. Сенде терең зерттеуді талап ететін қызықты сұрақтар туындауы мүмкін. Өзіңе таныс емес сөздерді түсінуге тырыс, Киелі кітаптың төмен жағындағы және басқа тармақтарға нұсқайтын сілтемелерді қара. Оқығандарыңды тереңірек түсініп, өмірде қолданған сайын Құдай Сөзін оқудан көбірек қуаныш табасың. Сонда сен де забур жыршысы іспетті: “[Ехоба,] Ережелеріңді қабылдадым мәңгі мұраға, Жүрегімді кенелтеді олар қуанышқа”,— дейтін боласың (Заб. 118:111).

Асықпауға тырыс. Жеке зерттеуге уақыт бөлуге келгенде парасатты бол. Қауым кездесулеріне басқа уақытта дайындал. Ракел: “Өзімді қыспаққа алынғандай сезініп, ойымды жинақтай алмаған кездерім көп болған. Сондықтан мен үшін аз-аздан зерттеу тиімді деп шештім. Бұл маған зерттеуімді мүмкіндігінше пайдалы өткізуге көмектеседі”,— дейді. Ал Крис: “Асығыс зерттесем, көп нәрсені есте сақтай алмағандықтан, ар-ұжданым мазалайды. Мұндайда қарастырған мәліметім әдетте жүрегіме жетпейді”,— деп мойындады. Сондықтан зерттеуге жеткілікті уақыт бөл.

Құдай Сөзіне деген құштарлық дамыт. Елші Петір: “Жаңа туған нәресте іспетті, Құдай сөзінің таза сүтіне құштар болыңдар. Сонда одан нәр алғандарыңның арқасында өсіп, құтқарыла аласыңдар”,— деген (Пет. 1-х. 2:2). Нәрестеге анасының сүтіне деген құштарлық дамытудың қажеті жоқ: ол өзінен-өзі пайда болады. Ал бізге, Жазбаларда айтылғандай, Құдай сөзіне деген құштарлықты дамыту қажет. Егер күнде Киелі кітаптан бір бет оқысаң, көп ұзамай осындай құштарлық пайда болады. Осылайша алдымен қиын болып көрінген іс, сүйсініп атқаратын іске айналады.

Оқығандарың жөнінде ой жүгірт. Оқығандарың жайлы ой жүгіртудің де пайдасы өте зор. Бұл зерттегендеріңді өзара байланыстыруыңа көмектеседі. Көп ұзамай сен жіпке тізілген інжу-маржандай даналыққа ие болып, шаттыққа бөленесің! (Заб. 18:15; Нақ. с. 3:3).

Босқа өтпейтін уақыт

Жақсылап зерттеу жүргізуді әдетке айналдыру көп күш салуды талап етеді, бірақ бұдан келер бата шексіз. Мысалы, сен рухани нәрселерді жақсырақ түсінетін боласың (Евр. 5:12—14). Жазбалардың арқасында ие болған ақыл-парасатың бақыт пен тыныштық сыйлайды. Құдай Сөзіндегі даналық — оны іздеп, іс жүзінде қолданатындар үшін “өмірдің ағашы” (Нақ. с. 3:13—18).

Құдай Сөзін терең зерттегенің зерделі болуыңа көмектеседі (Нақ. с. 15:14). Осының арқасында Киелі кітапқа негізделген, шын жүректен айтылған кеңестер бере алатын боласың. Шешім қабылдағанда, Жазбалардан және “адал да ақылды құлдың” әдебиеттерінен оқығандарыңа сүйенсең, Ехобаның Сөзінің жігер мен сенімділік беретін күшін сезінесің (Мат. 24:45). Сен кез келген жағдайды дұрыс қабылдай алатын боласың, болашаққа үмітпен және рухани көзқараспен қарайсың. Бұған қоса, Ехобамен қарым-қатынасыңа қатысы бар істердің бәрінде жемісті боласың (Заб. 1:2, 3).

Құдайға деген сүйіспеншілікке толы жүрегің сені сенімің жөнінде өзгелерге айтуға талпындырады. Бұдан да алар қуанышың көп. Әртүрлі жазба орындарын есте сақтап, оларды үй иелерінің қызығушылығын ояту үшін қолданып жүрген София қызметін нәтижелі де қуанышты етуде. Ол: “Киелі кітапта жазылған сөздерді жұрттың қалай қабылдайтынын көру зор қуанышқа бөлейді”,— дейді.

Алайда Құдай Сөзін оқудан қуаныш табудың ең керемет пайдасы — Ехобамен тығыз қарым-қатынаста болу. Киелі кітапты зерттеу арқылы сен Ехобаның талаптарын біліп, оның сүйіспеншілігі, жомарттығы мен әділдігін бағалай түсесің. Басқа ешқандай мақсат мұншалықты маңызды емес, әрі мұншалықты бата әкелмейді. Құдай Сөзін зерттеуге жан-тәніңмен кіріс, сонда уақытың босқа өтпейді (Заб. 18:8—12).

[5-беттегі суреттер/қоршау]

ҚҰДАЙ СӨЗІН ОҚУҒА АРНАЛҒАН МАҚСАТТАР МЕН ТӘСІЛДЕР

▪ Дұға ете отырып, бар зейініңмен оқы.

▪ Білгендеріңді бағала.

▪ Қол жеткізуге болатын мақсаттар қой.

▪ Жазбаларға негізделіп пікір алысудың жолдарын ізде.

▪ Киелі кітаптағы оқиғаларды көз алдыңа елестет.

▪ Күрделі тармақтар мен олардың қалай түсіндірілетінін анық ұғыну үшін уақыт бөл.

▪ Асықпауға тырыс.

▪ Құдай Сөзіне деген құштарлық дамыт.

▪ Оқығандарың жөнінде ой жүгірт.

[4-беттегі сурет]

Оқып жатқан үзіндіні көз алдыңа келтіріп, өзіңді сол жерде жүргендей елестет

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу