Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp17 № 1 4-б.
  • Қалай бастауға болады?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қалай бастауға болады?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітап оқудың қалай көп пайдасын көре аласыз?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Оқуға көңіл бөл
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Балаларды оқуға баулу. 1-бөлім: Оқыған дұрыс па, әлде көрген бе?
    Отбасыңыз берекелі болсын
  • Киелі кітапты оқыған пайдалы, әрі жақсы сезімге бөлейді
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
wp17 № 1 4-б.

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | КИЕЛІ КІТАПТЫ СҮЙІП ОҚИСЫЗ БА?

Қалай бастауға болады?

Киелі кітапты оқыр алдында Құдайға дұға етіп жатқан әйел

Киелі кітапты оқуға деген тәбетіңізді ашып, ондағы сөздерді нәрлі тағамдай қабылдауға не көмектеседі? Көп адам тиімді деп тапқан келесідей бес кеңеске назар аударайық.

Оқуға ыңғайлы жер табыңыз. Киелі кітапты тыныш жерде оқыған дұрыс. Бар назарыңызды оқып жатқан мәліметке аудара алуыңыз үшін алаңдататын нәрселерді мүмкіндігінше азайтыңыз. Бұл ретте ауасы таза, жарық жердің де қосар үлесі зор.

Дұрыс көзқарас сақтаңыз. Киелі кітапты бізге көктегі Жаратушы Әкеміз беріп отыр. Сондықтан оны оқығанда өзін жақсы көретін әкесінен үйренуге дайын кішкентай бала сияқты болсақ, ақылымызға ақыл қосамыз. Киелі кітапқа қатысты қандай да бір күмәнді ойларыңыз болса, оларды ысыра тұрыңыз. Сонда Құдайдың сізге үйретері көп болады (Зәбүр 25:4).

Оқымас бұрын, Құдайға дұға етіңіз. Киелі кітапта Құдайдың ойлары жазылған. Сондықтан оны түсіну үшін Құдайдың көмегі қажет-ақ. Ол “өзінен сұрағандарға киелі рухын беруді” уәде етеді (Лұқа 11:13). Киелі рухтың әсерімен сіз Құдайдың ойларын түсіне аласыз. Уақыт өте келе, киелі рух ой-санаңызды ашып, “Құдайдың терең даналығын” түсінуге көмектеседі (Қорынттықтарға 1-хат 2:10).

Оқығанды түсінуге тырысыңыз. Жай бастан-аяқ оқып шықпай, оқығанды әрдайым ой елегінен өткізуге тырысыңыз. Мысалы, “Осы кейіпкердің қандай қасиеттері бар? Бұл мәліметті қалай қолдансам болады?” деп ойланып көріңіз.

Нақты мақсаттар қойыңыз. Киелі кітапты оқудан рақат алу үшін өміріңізді жақсарта түсетін бір нәрсеге үйренуді мақсат етіңіз. Мысалы, Құдайды жақыннан танып білу, жақсы азамат, күйеу я әйел болу сияқты мақсаттар қоюға болады. Сосын, осы мақсаттарға жетуге көмектесетін Киелі кітап үзінділерін таңдап оқыңызa.

Осы бес кеңес сізге жолашар болмақ. Киелі кітапты әрі қарай да қызығып оқуға көмектесетін басқа да кеңестер бар ма екен? Бұл жайлы келесі мақалада сөз қозғалады.

a Бұл орайда Киелі кітаптың қай үзіндісін оқуға болатынын білмесеңіз, Ехоба куәгерлері сізге көмектесуге әзір.

ТИІМДІ КЕҢЕСТЕР

  • Арнайы уақыт бөліп, асықпай оқыңыз

  • Өзіңізді оқып жатқан оқиғаның ішінде жүргендей елестетіңіз

  • Тармақтардың мән-мәтінмен байланысын көре біліңіз

  • Оқыған үзіндіден сабақ алуға тырысыңыз

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу