Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w11 15.3. 20—23 бет.
  • Бір сенімдегі бауырластарыңнан еш ажырама

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Бір сенімдегі бауырластарыңнан еш ажырама
  • 2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Бір сенімдегі бауырластардың алдындағы міндетіміз
  • Өмірдің тауқыметі жеңіп кетпесін
  • Өз-өзімізді шыншылдықпен тексерейік
  • “Өз жолыңда табысты бол”. Қалай?
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Бір-біріңді нығайта беріңдер!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Өз қауымыңызға көмектесе аласыз ба?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Рухани отбасыңызға етене жақын болыңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
Көбірек мәлімет
2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w11 15.3. 20—23 бет.

Бір сенімдегі бауырластарыңнан еш ажырама

“ОН ЖЫЛ бойы бизнес әлемінің алдамшы жылтырағына басымыз айналып, шалқып өмір сүрдік. Шындықты біліп өссек те, одан тым алшақтап кеткен едік, ал қайта оралуға рухани күшіміз болмады”,— деп есіне алды Ярослав пен оның жұбайы Беатаa.

Ал Марек есімді бауырлас былай деді: “Польшадағы саяси мен әлеуметтік жағдайлардың тұрақсыздығынан қайта-қайта жұмысымнан айырылып қала бердім. Содан салым суға кетіп, шарасыз күй кештім. Тәжірибем болмағандықтан, алғашында жеке іс ашуға қорықтым. Бірақ ақыр соңында бір іске қызығып, білек сыбана кірісіп кеттім. Бұл жұмыс отбасымның материалдық жағдайын жақсартады, әрі рухани күйіме де еш зиянын тигізбейді деп ойладым. Алайда уақыт өте келе осы шешімім қаншалықты қате болғанын түсіндім”.

Барлық нәрсе күннен-күнге қымбаттап, ал жұмыссыздық белең алып бара жатқан осы дүниеде кейбір адамдар өздерін дәрменсіз сезінеді, нәтижесінде бұрыс шешімдер қабылдайды. Бауырластардың да біразы көбірек жұмыс істеуді, қосымша жұмыс алуды не тәжірибесі болмаса да, өз ісін ашуды шешіп жатыр. Олар қосымша кіріс отбасына көмек болып, рухани жағынан ешқандай зиян тигізбейді деп пайымдайды. Алайда күтпеген жағдайлар және экономиканың тұрақсыздығы жақсы ниетпен құрылған жоспардың өзін бұзуы мүмкін. Осының салдарынан ашкөздіктің қақпанына түсіп, материалдық игіліктер үшін рухани істерді құрбан еткендер де бар (Екк. 9:11, 12).

Кейбір бауырластардың осы дүние ұмтылатын нәрселерге беріліп кететіні сонша — жеке зерттеуге, қауым кездесулеріне баруға не қызметке шығуға уақыт таппайды. Бұл жайттарға немқұрайды қарау олардың рухани күйіне және Ехобамен қарым-қатынастарына кері әсер етеді. Сондай-ақ оның тағы бір маңызды саласы — “бір сенімдегі бауырластармен” қарым-қатынасқа зиянын тигізеді (Ғал. 6:10). Басқа мәсіхшілер болса бауырластармен араласуды мүлдем доғарып жатады. Ендеше, өміріміздің осы бір маңызды жағына көңіл бөлейік.

Бір сенімдегі бауырластардың алдындағы міндетіміз

Біз бір-бірімізге бауырлас болғандықтан, өзара сүйіспеншілік әрі бауырмалдық танытуға мүмкіндігіміз көп (Рим. 13:8). Қауымыңда қандай да бір себеппен “қасірет шегіп”, көмекке мұқтаж болып жатқандар бар шығар (Әйүп 29:12). Басқа біреулер күнкөріс қаражаты жағынан қиналып жатқан болар. Осындай жағдайлар көмек берудің мүмкіндігі екенін есімізге салып, елші Жохан былай деп жазды: “Дүние-мүлкі бар біреу бауырласының мұқтаждық көріп жүргенін біле тұра, оған жанашырлық танытудан бас тартса, қалайша оның бойында Құдайға деген сүйіспеншілік бар деуге болады?” (Жох. 1-х. 3:17).

Осындай қажеттілікті көріп, сен жомарттықпен көмек көрсете аласың. Алайда бауырластарымыздың қамын ойлау оларға қаржылай не заттай көмектесумен шектелмейді. Мысалы, кейбіреулер жалғызсырап не қамығып жүрген шығар. Олар өздерін түкке тұрғысыз сезінгендіктен, ауыр дертке шалдыққандықтан немесе жақынынан айырылғандықтан қайғырып жүрген болар. Мұндай бауырластарға жігер берудің бір жолы — тыңдау және әңгімелесу. Бұл олардың эмоциялық және рухани қажеттіліктеріне көңіл бөлуге мүмкіндік береді (Сал. 1-х. 5:14). Осындай көмек жиі бауырластарымыздың арасындағы сүйіспеншілікті нығайтады.

Бауырластарды жанашырлықпен тыңдау, түсінушілікпен қарау және Жазбалардың көмегімен кеңес беру — әсіресе рухани бағушылардың жауапкершілігі (Ел. іс. 20:28). Бұл жағынан бақылаушылар рухани бауырластарына “аяулы сезімі” болған елші Пауылға еліктейді (Сал. 1-х. 2:7, 8).

Егер мәсіхші отардан адасып кетсе, оның бір сенімдегі бауырластарының алдындағы міндетімен не болады? Дүние-мүліктің қызығына тіпті бақылаушылар да беріліп кетуі мүмкін. Бұдан аулақ болу үшін мәсіхші не істеу керек?

Өмірдің тауқыметі жеңіп кетпесін

Отбасының негізгі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ауыр еңбек ете жүріп, бауырластардың қатты уайымға берілетіні және рухани құндылықтарға немқұрайды қарап кететіні жиі байқалады (Мат. 13:22). Жоғарыда айтылған Марек өз жағдайын былай деп түсіндірді: “Бизнесім тоқтағанда, шетелден табысы жақсы жұмыс табуды шештім. Сөйтіп, үйден үш-ақ айға, кейін тағы үш айға кеттім. Бұл осылай қайталана берді. Үйге анда-санда аз уақытқа ғана келіп жүрдім. Мұндай жағдайдан Куәгер емес әйелім жалғызсырап, эмоциялық жағынан қиналды”.

Алайда оның отбасы ғана жапа шеккен жоқ. “Күні бойы аптап ыстықта жұмыс істегенім былай тұрсын,— дейді Марек,— біреуді жұмысқа салып қойған дөрекі адамдардың арасында жүрдім. Олардың әрекеті бұзақылардыкінен кем түспейтін еді. Мен қатты күйзелдім және еркін жүріп-тұрудан қалдым. Тіпті өз қамымды ойлауға уақыт жетпегендіктен, біреуге қызмет ете алатыныма күмәндана бастадым”.

Қабылдаған шешімі Маректі осындай күйге жеткізгені бізді сәл кідіріп, ойлануға талпындыру керек. Шетелге кету қаржы проблемасын шешкенімен, басқаларын тудырмай ма? Мысалы, бұл отбасының рухани және эмоциялық күйіне қалай әсер етеді? Өзге елде жұмыс істесек, қауымымызбен байланыс үзіліп қалмай ма? Сондай-ақ бір сенімдегі бауырластарымызға қызмет ету мәртебесінен айырмай ма? (Тім. 1-х. 3:2—5).

Жұмыс басты болып кету қаупі шетелде жұмыс істейтіндерге ғана төнбейтіні бәрімізге де белгілі шығар. Мысалыға Ярослав пен Беатаның жағдайын алайық. “Бәрі қарапайым нәрседен басталды,— дейді Ярослав. — Жаңадан отау құрған біздер жақсы жерде хот-дог сататын шағын дүкен аштық. Табысымыз көбейіп, сауданы кеңейтуді шештік. Бірақ уақыт аз болғандықтан, қауым кездесулеріне бармай қалып жүрдік. Көп ұзамай мен ізашар және қызмет көмекшісі болуды тоқтаттым. Саудамыздан түсімнің молайғанына мәз болып, үлкен дүкен аштық, бұған қоса мен мәсіхші емес адаммен серіктес болдым. Содан миллиондаған долларға келісім шарт жасау мәселесімен шетелге барып тұрдым. Үйде сирек болғаным әйеліммен де, қызыммен де қарым-қатынасыма зиянын тигізді. Ақыр соңында бизнес әлеміндегі жетістікке басымыз айналып, рухани әлсіредік. Қауымнан алшақтап кеттік, сондықтан бауырластар жайлы мүлдем ойланбайтын болдық”.

Бұл оқиғадан қандай сабақ аламыз? Өз “жұмағымызды” жасап алу қалауы бізді тұзаққа түсіреді, нәтижесінде мәсіхшілерге тән ерекшелігімізден айырыламыз, яғни “киімімізді сақтай” алмаймыз (Аян 16:15). Сондай-ақ қуана көмегімізді беріп жүрген бауырластардан алыстап кетеміз.

Өз-өзімізді шыншылдықпен тексерейік

Мұндай жағдай менің басыма түспейді деп ойлауға бейім шығармыз. Алайда бәрімізге де өмірде шынымен ненің қажет екені жайлы жақсылап ойлану қажет. Осы орайда Пауыл былай деген: “Біз бұл дүниеге ештеңе әкелген жоқпыз, ештеңе алып та кете алмаймыз. Ендеше ішер ас, киер киім және баспана болса, соны қанағат етейік” (Тім. 1-х. 6:7, 8). Әрине, әр елде өмір деңгейі әртүрлі. Дамыған елде қарапайым деп есептелетін өмір салты басқа елде шалқып өмір сүру деп қабылдануы мүмкін.

Біз тұратын жерде өмір деңгейі қандай болмасын, Пауылдың келесі сөздеріне ден қойғанымыз абзал: “Баюға бел буғандар азғырылады, тұзаққа түседі, әрі құрып жойылуға әкелетін көптеген ақымақ та зиянды құмарлықтарға беріледі” (Тім. 1-х. 6:9). Әдетте тұзақ жасырын әрі жемтігін қапылыста түсіретін жерде жатады. Олай болса, “зиянды құмарлықтарға” берілмес үшін не істеуіміз қажет?

Маңызды істердің кезегін дұрыс қоя білгеніміз Патшалықтың істеріне, оның ішінде жеке зерттеуге де, көбірек уақыт бөлуге талпындырады. Мәсіхшінің дұға ете отырып Құдай Сөзін зерттегені бауырластарына көмектесуге жарамды әрі толықтай даяр болуына септігін тигізеді (Тім. 2-х. 2:15; 3:17).

Қамқор ақсақалдар бірнеше жыл бойы Ярославты жігерлендіруге, рухани жағынан қайтадан аяққа тұруына көмектесу үшін көп еңбек етті. Нәтижесінде ол түбегейлі өзгеріс жасауға бел буды. Болған жағдайды есіне алып, Ярослав былай дейді: “Бір жолғы әңгімеміз маған қатты әсер етті. Ақсақалдар Жазбалардан мәңгі өмір сүргісі келген, бірақ дүние-мүлкінен бас тартуды қаламаған бір бай жігіттің мысалын оқып берді. Сосын олар абайлап маған осы мәліметтің менің жағдайыма қатысы болуы мүмкін бе деген ой салды. Сонда менің көзім ашылғандай болды!” (Нақ. с. 11:28; Мар. 10:17—22).

Ярослав өз жағдайын шыншылдықпен тексерді де, үлкен бизнестен біржола шығуды шешті. Содан екі жылдың ішінде өзінің және отбасының рухани күйін қалпына келтірді. Қазір ол ақсақал ретінде бауырластарына қызмет етіп жүр. “Кейде бауырластар жұмыс басты болып, рухани нәрселерге немқұрайды қарап бара жатса,— дейді ол,— мен өз басымнан өткен жағдайды мысал етіп, Ехобаға сенбейтін адаммен бір қамытты киюдің қаншалықты қауіпті екенін түсіндіруге тырысамын. Әрине, қызықты ұсыныстардан бас тарту және күмәнді істерден аулақ жүру оңай емес” (Қор. 2-х. 6:14).

Марек те өз басынан өткерген жағдайдан сабақ алды. Жалақысы жоғары шетелдегі жұмыс отбасының қаржы мәселесін шешкенімен, Құдаймен және бауырластарымен қарым-қатынасына кері әсер етті. Уақыт өте келе ол маңыздырақ істерін қайта қолға алды. “Көп жыл бойы мен “өзіне аса ғаламат дүние сұраған” Варух сияқты болдым,— деді ол.— Ақыр соңында Ехобаға ішімдегі бар уайымымды айтып дұға еттім. Қазір рухани істердің өмірімде дұрыс орында тұрғанын сеземін (Ерм. 45:1—5). Марек бүгінде қауымның бақылаушысы болу үшін “игілікті іске” ұмтылып жүр (Тім. 1-х. 3:1).

Шетелге табысты жұмыс іздеп баруды ойлап жүргендерге Марек ескертіп, былай дейді: “Шет елде осы дүниенің тұзағына түсіп қалу оп-оңай. Жергілікті тілді білмегендіктен, адамдармен жөнді араласа алмайсың. Үйге ақшамен қайтарсың, бірақ рухани жағынан жарақаттанып та келесің. Ал одан сауығу үшін ұзақ уақыт кетуі мүмкін”.

Қаражат табу мен бауырластардың алдындағы міндетімізді атқаруда тепе-теңдік сақтағанымыз Ехобаға ұнамды өмір сүруге көмектеседі. Біз өмірден алынған мысалдарды қолданып, басқаларды дана шешім қабылдауға талпындыра аламыз. Ауыртпалық сезініп жүргендерге бауырластарының қолдауы, жанашырлығы әрі жақсы үлгісі қажет. Қауым ақсақалдары мен басқа толысқан мәсіхшілер бір сенімдегі бауырластарына тепе-теңдік сақтауға және тұрмыс қамын тым қатты уайымдамауға көмектесе алады (Евр. 13:7).

Ендеше, жұмыс басты болып, рухани бауырластарымызға немқұрайды қарап кетпейік (Філіп. 1:10). Қайта, Патшалықтың мүддесін өмірімізде басты орынға қойып, “Құдайдың көз алдында бай болайық” (Лұқа 12:21).

[Сілтеме]

a Кейбір есімдер өзгертілген.

[21-беттегі суреттер]

Жұмысың қауым кездесулеріне қатысуыңа кедергі болып жатқан жоқ па?

[23-беттегі суреттер]

Бауырластарға көмектесу мүмкіндігіңді бағалайсың ба?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу