Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w11 1.4. 25—26 бет.
  • Құдай да, достары да жақсы көрген қыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай да, достары да жақсы көрген қыз
  • 2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Ол әкесін де, Ехобаны да қуантты
    Кел, балақай, оқиық!
  • Сеніммен әрекет ету Құдайдың ықыласына бөлейді
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Ефтаның уәдесі
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Ефтаның уәдесі
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
Көбірек мәлімет
2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w11 1.4. 25—26 бет.

Балаларыңа тәлім беріңдер

Құдай да, достары да жақсы көрген қыз

БҮГІНДЕ бұл қыздың есімін ешкім білмейді. Ол әкесінің есімімен ғана танымал. Әкесінің есімі Ефта. Қазір Киелі кітаптан осы екі кейіпкермен танысып, Ефтаның қызын Құдай және достары не үшін жақсы көргенін білейік.

Ефта мен оның қызы жайлы Киелі кітаптағы Билер кітабының 11-тарауынан оқып біле аламыз. Ефта Құдайдың адал қызметшісі болған. Сондықтан ол қызымен бірге үнемі Жазбаларды оқып талқылаған дей аламыз.

Ефта Құдайдың халқы — исраилдіктер Ехобадан өздеріне патшаны тағайындауды сұрағанға дейін өмір сүрген. Ол мықты жауынгер еді. Сондықтан исраилдіктер Ефтадан өздерімен соғысып жатқан көрші халық — аммондықтарға қарсы әскерін бастап шығуын өтінеді.

Ефта аммондықтармен шайқаста жеңіске жету үшін Құдайдың көмектескенін қалайды, сондықтан оған уәде береді. Уәдесі бойынша, Ехоба оған жеңіс берсе, үйіне қайтқанда алдынан бірінші болып шыққанды Ехобаға бағыштамақ еді. Яғни ол адам өмір бойы Құдайдың шатырында, сол заманғы ғибадат орнында, қызмет етуі керек еді. Ефтаның алдынан кім бірінші болып шыққанын білесің бе? ~ a

Иә, бұл оның қызы еді! Ефта қызын көргенде, жүрегі қатты ауырды. Өйткені ол жар дегенде жалғызы еді. Алайда Ехобаға уәде бергендіктен, сөзінде тұру керек болды. Қызы кідірместен: “Әкешім, егер сен Ехобаға ант берген болсаң, айтқан сөзіңе сай әрекет ет”, — деді. Сосын, ол тау жаққа барып, қыз күнін жоқтау үшін екі айға әкесінен сұранады. Неге ол қыз күнін жоқтағысы келді? Өйткені әкесінің сертін орындау үшін ол тұрмыс құрып, балалы болудан бас тартпақ еді. Ол өз қалауларын тым маңызды деп есептемеді. Қайта, әкесінің тілін алып, Ехобаға адалдық танытқысы келді. Қалай ойлайсың, ол әкесі мен Ехобаны қуантты ма? ~

Сонымен, Ефта қызын құрбыларымен екі айға тауға жіберді. Олар қайтып оралғанда, әкесінің берген уәдесіне сай, қызы қалған өмірін Құдайдың киелі шатырында өткізу үшін Шило деген жерге кетті. Жыл сайын Исраилдің қыздары Шилоға барып, Ефтаның қызын жігерлендіріп тұрды.

Ата-анасының тілін алатын, әрі Ехобаны жақсы көретін балаларды білесің бе? ~ Олармен жақынырақ танысып, достасып алғаның жақсы. Ефтаның қызы сияқты мойынсұнғыш әрі адал болсаң, жақсы достар табасың. Сондай-ақ ата-анаңды қуантасың, Ехоба да сені одан сайын жақсы көретін болады.

Киелі кітабыңнан тауып оқы:

  • Заңды қайталау 6:4—6

  • Билер 11:30—40

  • Қорынттықтарға 1-хат 7:37, 38

a Сұрақтан кейінгі тильда (~) белгісі келгенде, кідіріс жасап, баланы өз ойын айтуға талпындырсаңыз болады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу