Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w11 1.4. 21—24 бет.
  • Осы жылдың ең маңызды күні

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Осы жылдың ең маңызды күні
  • 2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Қанша рет?
  • Қай күні?
  • Қалай дайындалуға болады?
  • Ә12-Ә Исаның жердегі өмірінің соңғы аптасы (2-бөлім)
    Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
  • 2022 жылғы Еске алу кеші. Киелі кітапты оқу кестесі
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2022)
  • 2025 жылғы Еске алу кешінің Киелі кітапты оқу кестесі
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2025)
  • 2026 жылғы Еске алу кешінің Киелі кітапты оқу кестесі
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2026)
Көбірек мәлімет
2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w11 1.4. 21—24 бет.

Осы жылдың ең маңызды күні

ИСА пайғамбар өлерінен бірнеше сағат бұрын шәкірттеріне өмірі құрбандық ретінде қиылғанын еске алып тұруды өсиет еткен. Киелі жазбаларда бұл еске алу кеші “Иеміздің кешкі асы” деп те аталады (Қорынттықтарға 1-хат 11:20). Осы кештің қаншалықты маңызды екенін көрсетіп, Иса: “Мені еске алу үшін, осылай істеп тұрыңдар”,— деп бұйырды (Лұқа 22:19). Пайғамбардың бұл өсиетін орындағыңыз келетін шығар. Олай болса, сізді Исаның өлімін еске алатын жылдың ең маңызды күнін атап өтуге шақырамыз.

Бұл күнді нақты қай кезде атап өту керек? Осы маңызды оқиғаның мәнін толық түсіну үшін не істеуге болады? Құдайды қастерлейтін әрбір адамның осы сұрақтарды мұқият қарастырғаны жөн.

Қанша рет?

Бүгінде көпшілік отбасының не халықтың өміріне әсер еткен өте маңызды оқиғаларды жыл сайын еске алып тұрады. Оқиға орын алған күн әсіресе жақын адамынан айырылғандар үшін маңызды болып табылады. Жыл сайын олар сол күні болған жайтты саналарында жаңғыртып, естеріне алып тұрады.

Киелі кітап заманында да маңызды оқиғалар жыл сайын еске алынып тұрған (Естер 9:21, 27). Мысалы, Ехоба Құдай исраилдіктерге Мысырдың құлдығынан керемет түрде босатылғандарын жыл сайын тойлауды бұйырған. Киелі кітапта бұл күн Құтқарылу мейрамы деп аталды. Исраилдіктер оны жыл сайын белгіленген бір күні атап өту керек еді (Мысырдан шығу 12:24—27; 13:10).

Иса Құтқарылу мейрамын елшілерімен бірге атап өткеннен кейін, өз өлімін еске алудың үлгісі ретінде ерекше астан дәм тату рәсімін енгізді (Лұқа 22:7—20). Құтқарылу мейрамы жыл сайын тойланатын. Олай болса, еске алу кеші Құтқарылу мейрамының орнын басып, жылына бір рет атап өтілу керек деп тұжырымдай аламыз. Бірақ қай күні?

Қай күні?

Бұл сұрақтың жауабын білу үшін, екі нәрсені түсініп алу қажет. Біріншісі, Киелі кітап заманында жаңа күн кешкісін күн ұясына батқанда басталып, келесі кеште күн ұясына батқанда аяқталатын. Демек, бір тәулік кеш батқаннан келесі кешке дейін жалғасқан (Леуіліктер 23:32).

Екіншісі, Киелі кітаптағы күнтізбе біз қолданатын күнтізбеден өзгеше. Мысалы, наурыз бен сәуір айлары онда адар мен нисан деп аталған (Естер 3:7). Еврейлердің ай санауы аспанда жаңа туған әр айдан басталатын. Олар Құтқарылу мейрамын күнтізбеде алғашқы ай боп есептелген нисанның 14-ші жұлдызында тойлаған (Леуіліктер 23:5; Руларды санау 28:16). Сондай-ақ 14 нисанда римдіктер Иса пайғамбарды бағанаға шегелеп өлтірді. Бұл оқиға алғашқы Құтқарылу мейрамы тойланғаннан 1545 жыл өткенде орын алған еді. Демек, нисанның 14 жұлдызы ерекше күн.

Алайда 14 нисан біздің күнтізбеде қай күнге сай келеді? Мұны қарапайым жолмен есептеп шығаруға болады. Көктемгі күн мен түннің теңелуіне (солтүстік жартышардағы көктемнің басталуы) ең жақын туылған жаңа ай Иерусалимде күн бата көрінгенде, нисанның 1 жұлдызы басталады, ал 14 тәулік өткенде, 14 нисан болады. Әдетте бұл күні ай толады. Киелі кітаптың осы әдісімен анықтағанда, биылғы жылы 14 нисан 17 сәуірде (жексенбі) күн өз ұясына батқан сәтте басталады.

Сондықтан биыл Ехоба куәгерлері Иса пайғамбардың адамзат үшін өлген күнін еске алуды қалайтын адамдармен бірге жиналуға дайындалып жатыр. Олар сізді де шын жүректен осы жиынға шақырады. Жергілікті Ехоба куәгерлерімен хабарласып, кештің өтетін уақыты мен мекенжайын сұрап алсаңыз болады. Еске алу кеші таңертең немесе түскі уақытта емес, кешке, күн батқаннан кейін өтеді. Неге? Өйткені Киелі жазбаларға сай, бұл оқиға “кешкі ас” деп аталған (Қорынттықтарға 1-хат 11:25). 2011 жылдың 17 сәуірінде Иса пайғамбардың еске алу кешін енгізгеніне 1978 жыл толады. Сондай-ақ сол күні кешке Иса пайғамбардың өлген күні 14 нисан басталады. Олай болса, өлімін еске алу үшін бұдан артық лайықты күннің жоқ екені анық.

Қалай дайындалуға болады?

Жылына бір рет атап өтілетін осы маңызды оқиғаның мәнін толық түсіну үшін не істеуге болады? Мұның бір жолы — Иса пайғамбардың біз үшін не істегені жайлы ой жүгірту. “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабыa миллиондаған адамға Иса пайғамбардың өлімінің мәнін түсініп, ризашылықтарын арттыруға көмектескен (Матай 20:28).

Бұл елеулі оқиғаны еске алу үшін жүрегімізді дайындаудың тағы бір жолы — Иса пайғамбардың жер бетіндегі соңғы күніне дейін орын алған оқиғаларды оқып білу. Келесі беттерде кесте бар. Оң жақтағы бағанада Исаның өлер алдындағы болған оқиғаларды баяндайтын параллель жазба орындарының тізімі бар. Сонымен қатар бұл тізімде осы оқиғаларды түсіндіретін “Тарихтағы ең ұлы адам” кітабыныңb тараулары келтірілген.

Сол жақтағы бағанада Исаның жердегі өмірінің соңғы аптасында болған оқиғалардың даталары келтірілген. Олар осы жылдың қай күндеріне сәйкес келетінін көре аласыз. Еске алу кешінің қарсаңында күнбе-күн уақыт тауып, кестеде әр күнге берілген үзінділердің кем дегенде біреуін оқып шығуға шақырамыз. Соның арқасында сіз осы жылдың ең маңызды күніне дайын бола аласыз.

[Сілтемелер]

a Ехоба куәгерлері басып шығарған осы кітаптың 47—56, 206—208 беттерін қараңыз. Бұл басылымды www.watchtower.org сайтынан оқи аласыз.

b Ехоба куәгерлері басып шығарған.

[22-беттегі сөздер]

Иса пайғамбардың адамзат үшін өмірін қиған күнін еске алыңыз, 17 сәуір, 2011 жыл, жексенбі

[23, 24-беттердегі кесте/суреттер]

(Толық мәтінді басылымнан қараңдар)

ЖЕРДЕГІ ӨМІРІНІҢ СОҢҒЫ АПТАСЫ

2011 жыл, 12 сәуір, сейс.

▪ Демалыс күні

□ Жохан 11:55—12:1

□ gt 101, 2—4 абз.c

9 НИСАН (күн батқанда басталады)

Киелі заманында жаңа күн кешкі уақытта, күн батқанда басталып, ертеңіне күн батқанда аяқталатын

▪Алапеспен ауырған Шимонмен дастарқандас болуы

▪ Мәриям оның басына нард иісмайын құйды

▪ Яһудилердің Иса мен Елазарға келуі

□ Матай 26:6—13

□ Марқа 14:3—9

□ Жохан 12:2—11

□ gt 101, 5—9 абз.

2011 жыл, 13 сәуір, сәрс.

▪ Исаның салтанатпен Иерусалимге кіруі

▪ Ғибадатханада тәлім беруі

□ Матай 21:1—11, 14—17

□ Марқа 11:1—11

□ Лұқа 19:29—44

□ Жохан 12:12—19

□ gt 102

10 НИСАН (күн батқанда басталады)

▪ Бетанияда түнеуі

2011 жыл, 14 сәуір, бейс.

▪ Таңертең Иерусалимге келуі

▪ Ғибадатхананы тазартуы

▪ Ехобаның көктен сөйлеуі

□ Матай 21:12, 13, 18, 19

□ Марқа 11:12—19

□ Лұқа 19:45—48

□ Жохан 12:20—50

□ gt 103, 104

11 НИСАН (күн батқанда басталады)

2011 жыл, 15 сәуір, жұма

▪ Мысалдарды қолданып ғибадатханада тәлім беруі

Парызшылдарды әшкерелеуі

▪ Жесір әйелдің садақасына назар аударуы

▪ Иерусалимнің күйрейтінін алдын ала айтуы

▪ Осы заманның ақырының белгісін айтты

□ Матай 21:19—25:46

□ Марқа 11:20—13:37

□ Лұқа 20:1—21:38

□ gt 105 — 112, 1-абз.

12 НИСАН (күн батқанда басталады)

2011 жыл, 16 сәуір, сенбі

▪ Күні бойы шәкірттерімен Бетанияда болуы

▪ Яһуданың Исаны ұстап беруге келісуі

□ Матай 26:1—5, 14—16

□ Марқа 14:1, 2, 10, 11

□ Лұқа 22:1—6

□ gt 112, 2—4 абз.

13 НИСАН (күн батқанда басталады)

2011 жыл, 17 сәуір, жекс.

▪ Петір мен Жоханның Құтқарылу мейрамына дайындалуы

▪ Кешке жақын оларға Иса мен басқа он елшісінің қосылуы

□ Матай 26:17—19

□ Марқа 14:12—16

□ Лұқа 22:7—13

□ gt 112, 5-абз.—113, 1-абз.

14 НИСАН (күн батқанда басталады)

▪ Құтқарылу мейрамын тойлауы

▪ Шәкірттерінің аяқтарын жууы

▪ Яһуданың кетуі

▪ Өлімін еске алуды енгізуі

□ Матай 26:20—35

□ Марқа 14:17—31

□ Лұқа 22:14—38

□ Жохан 13:1—17:26

□ gt 113, 2-абз.—116

түн ортасы

2011 жыл, 18 сәуір, дүйс.

▪ Гетсимани бағында сатқындық жасалып, тұтқындалды

▪ Шәкірттерінің қашып кетуі

▪ Жоғарғы кеңесте тергелуі

▪ Петірдің Исадан тануы

□ Матай 26:36—75

□ Марқа 14:32—72

□ Лұқа 22:39—62

□ Жохан 18:1—27

□ gt 117—120

▪ Жоғарғы кеңестің алдына қайта әкелінуі

▪ Пилаттың, сосын Иродтың, кейін қайтып Пилаттың алдына әкелінуі

▪ Өлімге кесіліп, шегеленуі

▪ Түскі сағат 3-ке таман қайтыс болуы

▪ Денесі бағанадан түсіріліп, жерленуі

□ Матай 27:1—61

□ Марқа 15:1—47

□ Лұқа 22:63—23:56

□ Жохан 18:28—40

□ gt 121—127, 7-абз.

15 НИСАН (күн батқанда басталады)

▪ Демалыс күні

2011 жыл, 19 сәуір, сейс.

▪ Пилаттың Иса жатқан қабірдің аузына сақшылар қоюға рұқсат беруі

□ Матай 27:62—66

□ gt 127, 8, 9-абз.

16 НИСАН (күн батқанда басталады)

□ Марқа 16:1

2011 жыл, 20 сәуір, сәрс.

▪ Қайта тірілуі

▪ Елшілеріне көрінуі

□ Матай 28:1—15

□ Марқа 16:1—8

□ Лұқа 24:1—49

□ Жохан 20:1—25

□ gt 127, 10-абз.—129, 10-абз.

[Сілтеме]

c gt деген белгі “Тарихтағы ең ұлы адам” кітабының белгісі болып табылады. Сол белгіден кейін тұрған сандар осы кітаптың тарауларын білдіреді.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу