Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.5. 17—19 бет.
  • Науқас туысыңа қарай жүріп, рухани күйіңді сақта

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Науқас туысыңа қарай жүріп, рухани күйіңді сақта
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Байсалдылық сақтау
  • Өзгелердің көмегі
  • Еңбектерің Ехоба үшін бағалы
  • Араларыңдағы қарт бауырластарды құрметтеңдер
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Қарттарға қамқорлық көрсету — мәсіхшілердің борышы
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Бізді қалай қарсы алғандарын ешқашан ұмытпаспыз!
    Киелі кітап адам өмірін өзгертеді
  • Үй-ішіндегілердің бірі ауырғанда
    Отбасы бақытының сыры
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.5. 17—19 бет.

Науқас туысыңа қарай жүріп, рухани күйіңді сақта

КИМБЕРЛИ есімді бауырластың омыртқа тұсында ісік пайда болады да, кейіннен оның қатерлі ісік екендігі анықталадыa. Оның күйеуі Стив былай дейді: “Ота жасалып ісік алынып тасталғаннан кейін, Кимберлиге сәулелік және химиялық терапия жасалды. Сол емнің жанама әсерінен ол қатты әлсіреп, жүріп-тұруы қиын болып қалды”.

Сүйген жарының аурумен арпалысып, азап шеккенін көру Стивке оңай болмағаны сөзсіз! Бәлкім, сенің де қатты науқастанып не кәріліктің салдарынан зардап шегіп жүрген жақын туысың бар шығар (Екк. 12:1—7). Олай болса, ауру адамға қажетті көмек көрсете алуың үшін өзіңнің жағдайыңды да ойла. Егер өзіңнің рухани күйіңді күтпесең, эмоционалдық және тәндік жағынан да әлсіреп, туысыңа қажетті күтімді көрсете алмауың мүмкін. Науқас не қарт туысымызға қарай жүріп, қалайша рухани күйімізді сақтай аламыз? Мәсіхшілер қауымы күтімге мұқтаж бауырластарға қалай қол ұшын бере алады?

Байсалдылық сақтау

Науқас туысымызға көмек көрсете жүріп, таразы басын тең ұстай алу үшін, жағдайға бейімделуді және уақытымыз бен күшімізді дұрыс пайдалануды үйренгеніміз жөн. Нақыл сөздер 11:2-де (ЖД): “Қарапайымдарға даналық серік”,— делінген. Бұл мәнмәтінде ‘қарапайым’ деп барлық нәрсенің қолынан келе бермейтінін түсінетін адам туралы айтылған. Шамаңнан тыс жүк көтеріп жүрмегеніңе көз жеткізу үшін, жауапкершіліктерің мен олардың қанша уақытыңды алатынын саралап көру қажет болуы мүмкін.

Стив осылай етуімен даналық пен кішіпейілділік танытты. Ирландияда тұратын ол осы дүниелік жұмысымен қатар Ехоба куәгерлерінің қауымында ақсақалдар кеңесінің үйлестірушісі және қызмет бақылаушысы міндетін атқаратын. Сондай-ақ ол “Ауруханалармен байланыс комитетінің” де мүшесі еді. Стив былай дейді: “Кимберли ешқашан жауапкершіліктеріме тым көп уақыт бөліп, өзіне аз көңіл бөлетінімді айтып, реніш білдірмеген. Алайда мұның бәрін әрі қарай да алып жүру мен үшін өте ауыр болатынын сездім”. Бұл жағдайда ол не істеді екен? Стив былай дейді: “Дұға ете отырып, жағдайымды саралаған соң, үйлестіруші міндетімнен бас тарттым. Мен ақсақал ретіндегі қызметімді доғарған жоқпын, бірақ кей міндеттерімді өзге бауырластарға жүктедім де, Кимберлиге көбірек көңіл бөле алатын болдым”.

Уақыт өте келе Кимберлидің денсаулығы біршама жақсарды. Олар жағдайларын қайта саралап, әйелінің қолдауымен Стив қауымдағы бұрынғы міндеттерін қайтадан атқара бастады. Ол былай деп түсіндіреді: “Біз аурудың салдарынан мүмкіндігіміздің шектеулі екенін түсініп, соған сай әрекет етуді үйрендік. Мен Ехобаның көмегіне дән ризамын. Сондай-ақ денсаулығының нашарлығына қарамастан, еш күңкілдемей қолдау көрсеткен әйеліме де рақмет”.

Ал енді аудандық бақылаушы болып қызмет ететін Джерри мен оның әйелі Марияның мысалын қарастырайық. Олар қарт ата-анасына қарау үшін рухани мақсаттарын өзгертті. “Күйеуім екеуміз шетелде миссионер ретінде қызмет етуді армандайтынбыз,— дейді Мария.— Алайда Джерридің ата-анасы көмекке мұқтаж болып қалды, ал ол — бір үйдің жалғыз баласы. Сол себепті біз Ирландияда қалуды шештік. Сөйтіп өлер алдында ауруханада жатқан Джерридің әкесінің жанында бола алдық. Ал қазір оның анасымен күнде хабарласып тұрамыз және қажет болғанда жанынан табыламыз. Қауымдағы бауырластар ол кісіге қарайласып тұратындықтан, біз әрі қарай да толық уақытты қызметімізді жалғастырып жатырмыз”.

Өзгелердің көмегі

Қауымдағы өмірлік серігі қайтыс болған қарт бауырластарға көмек көрсету жайын талқылаған Пауыл былай деп жазды: “Туысқандарының, әсіресе үй ішінің қамын ойламайтын адам сенімінен бас тартқан, ол тіпті Құдайға сенбейтіннен де жаман”. Пауыл ‘Құдайға ұнамды’ болғысы келгендер қарт әке-шешелері мен ата-әжелерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етулері керек екенін мәсіхшілердің есіне салды (Тім. 1-х. 5:4, 8). Бірақ қауымдағы өзге бауырластар да оларға көмектесе алады және көмектесулері керек те.

Енді Швецияда тұратын қарт ерлі-зайыптылар Хокен мен Ингердің жағдайына назар аударайық. “Әйелімде қатерлі ісік табылғанда,— дейді Хокен,— төбемізден жай түскендей болдық. Ингер тың еді, денсаулығы да жақсы-тын. Ал енді күнде емханаға барып ем қабылдап тұру қажет болды. Оған қоса, емнің жанама әсері де денсаулығына кері әсер етті. Осы уақыт аралығында Ингерге үйде отыруға тура келді, мен де оған қарап, қасынан шыға алмадым”. Жергілікті қауым Хокен мен Ингерге қалай қол ұшын берді екен?

Қауым ақсақалдары олардың қауым кездесулерінің бағдарламасын телефон арқылы тыңдай алуларына қам жасады. Сонымен қатар бауырластар телефон соғып, үйлеріне барып тұрды және хаттар, открыткалар жіберіп отырды. “Біз Ехоба мен бауырластардың көмегін сезіндік,— дейді Хокен. —Бауырластардың көңіл бөлгені рухани берік болып қалуымыз үшін аса маңызды еді. Қуанышымызға орай Ингердің денсаулығы жақсарып, біз қайтадан қауым кездесулеріне бара алатын болдық”. Қауым мүшелері науқас не қарт бауырластарға қолдарынан келгенше көмек көрсету арқылы ‘әрдайым жақсы көретін, қиыншылықта бауырыңдай көмектесетін шынайы достар’ екендіктерін дәлелдейді (Нақ. с. 17:17).

Еңбектерің Ехоба үшін бағалы

Әрине, науқас туыстарға қарау оңай іс емес. Алайда Дәуіт патша науқас адамдарға қол ұшын беретіндерге қатысты: “Жарлының қамын ойлайтын жан бақытты!”— деп жазған (Заб. 40:2).

Неліктен ондай адам бақытты? Нақыл сөздер 19:17-де былай делінген: “Жарлыны қамқорлаған — Жаратқанға қарыз бергені, игі істерінің есесін Жаратқан қайтарып береді”. Шынайы Құдай төсек тартып жатқан адал қызметшілерінің қамын ойлайды және оларға қамқорлық көрсеткен адамдарға мол батасын төгеді. Дәуіт былай деген: “Ауырса ол, Иеміз оған күш береді, Төсектегі оның халін түзетеді” (Заб. 40:4). Ал егер науқас адамға қамқорлық көрсетіп жүргендер қиыншылық көріп азап шексе, Ехобаның оларға да қол ұшын беретініне сенімді бола аламыз.

Біздің науқас туысымызға қамқорлық көрсеткеніміз Ехоба Құдайдың назарынан тыс қалмайтыны қандай ғанибет! Бұл іс көп күшті талап етеді. Дегенмен “мұндай құрбандықтарға да Құдай риза” (Евр. 13:16).

[Сілтеме]

a Есімдер өзгертілген.

[18-беттегі суреттер]

Рухани істерді қалдырма және көмекті қабыл ал

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу