Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.4. 24—28 бет.
  • Мәсіхтің соңынан бар ынтаңмен еріп жүрсің бе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Мәсіхтің соңынан бар ынтаңмен еріп жүрсің бе?
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдай тапсырған іске жауапкершілікпен қараңдар
  • Патшалық ісін құлшына атқарайық
  • Өз-өзімізді шыншылдықпен тексерейік
  • Құлшынысты қызметшілердің үлгілері
  • Шынайы ғибадаттың құлшынысты қорғаушысы бол!
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Сен “игі істерге ынталысың” ба?
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Қызметке деген құлшынысымызды бәсеңдетпейік
    Біздің патшалық қызметіміз. 2007
  • “Рухтарың жалындай берсін!”
    Біздің патшалық қызметіміз. 2009
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.4. 24—28 бет.

Мәсіхтің соңынан бар ынтаңмен еріп жүрсің бе?

“Осылай өмір сүріп келе жатырсыңдар да. Осы жолмен алға баса беріңдер” (САЛ. 1-Х. 4:1).

1, 2. а) Исаның күндерінде адамдар қандай ұлы істердің куәсі болды? ә) Біздің заманымыз несімен ерекше?

ИСА жерде болған кезде өмір сүргенімде ғой деп ойлаған кезің болған ба? Мүмкін сен Иса ауруымнан айықтырып, денсаулығым қазіргідей нашар болмас еді деп ойларсың. Болмаса, Исаны көріп, сөзін тыңдау, оның өзінен тәлім алып, жасаған кереметтерінің куәсі болу мүмкіндігіне ие болар едім дерсің (Мар. 4:1, 2; Лұқа 5:3—9; 9:11). Иә, Исаның осындай істерінің куәсі болғанымыз қандай ғанибет болар еді! (Лұқа 19:37). Одан кейінгі ешқандай ұрпақ Исанікіндей істерді көрген емес. Иса ‘өзін құрбандыққа қию’ арқылы атқарған ісін ешкім қайталай алмайды (Евр. 9:26; Жох. 14:19).

2 Біз де тарихтағы маңызды кезеңді бастан кешірудеміз. Неге олай деуге болады? Біз қазір Жазбаларда “соңғы мерзім” және “соңғы дәуір” деп аталатын уақытта өмір сүріп жатырмыз (Дан. 12:1—4, 9; Тім. 2-х. 3:1). Осы кезеңнің басында Шайтан көктен қуылды. Жақында ол шынжырланып, “түпсіз тұңғиыққа” лақтырылады (Аян 12:7—9, 12; 20:1—3). Сондай-ақ Құдай Патшалығы туралы ізгі хабар жер-жаһанға жарияланып жатыр. Біз ешқашан қайталанбайтын осы іске атсалысу мәртебесіне ие болып отырмыз (Мат. 24:14).

3. Иса ізбасарларына не істеуді тапсырды және бұл нені білдіреді?

3 Көкке көтерілмес бұрын Иса ізбасарларына былай деді: “Сендер Киелі Рух өздеріңе қонғанда Оның құдіретін қабылдайсыңдар, сөйтіп Иерусалимде, бүкіл Яһудея мен Самария аймақтарында және жердің шетіне дейін Маған куә боласыңдар” (Ел. іс. 1:8). Ізгі хабар бүкіл дүниежүзіне таралу керек еді. Не үшін? Осы заманның ақыры келгенше басқа да шәкірттерді, яғни Мәсіхтің ізбасарларын, дайындау үшін (Мат. 28:19, 20). Біз осы істі қалай табысты атқара аламыз?

4. а) Петірдің 2-хаты 3:11, 12-дегі сөздер не нәрсеге назар аударады? ә) Неден сақ болуымыз керек?

4 Елші Петірдің келесі сөздеріне назар аударайық: “Бар дүние осылайша құрып кететіндіктен, сендер қандай болуларың керек? Жүріс-тұрыстарың Тәңірге бағышталып, қасиетті де Оған ұнамды болуға тиіс! Себебі сендер Құдайдың алдын ала белгілеген күнін сағына күтіп, оны тезірек келтіргілерің келеді” (Пет. 2-х. 3:11, 12). Петірдің сөздерінен көрінетіндей, осы соңғы күндері Тәңірге бағышталғанымызды көрсететін істердің өмірімізде басты орында болуын мұқият қадағалауымыз керек. Мұндай істердің қатарында ізгі хабарды уағыздау да бар. Дүниежүзіндегі бауырластарымыздың Мәсіхтің тапсырмасын құлшыныспен орындап жатқаны бізді қаншалықты қуантады десеңші! Дегенмен Шайтан дүниесінің тарапынан көріп жатқан қысымның және кемелсіздіктің себебінен Құдай тапсырған істе құлшынысымыз бәсеңдеп қалмау үшін абай болуымыз керектігін де түсінеміз. Олай болса, Мәсіхтің соңынан бар ынтамызбен еріп жүргенімізге қалай көз жеткізе аламыз?

Құдай тапсырған іске жауапкершілікпен қараңдар

5, 6. а) Иерусалимдегі мәсіхшілерді Пауыл не үшін мақтады және неден аулақ болуды ескертті? ә) Неге біз Құдай алдындағы міндетімізге атүсті қарамауымыз керек?

5 Елші Пауыл Иерусалимдегі мәсіхшілерді қатты қудалауға қарамастан, танытқан табандылықтары үшін мақтады. Ол былай деп жазды: “Бұрынғы уақытты еске алыңдаршы: Құдайдың нұры жүректеріңді ағартқаннан кейін сендер азапқа толы күреске тап болып, соған төтеп бердіңдер”. Ехоба сол мәсіхшілердің өзіне адалдық сақтағандарын ұмытқан жоқ (Евр. 6:10; 10:32—34). Пауылдың мақтау сөздері оларға қанат бітірсе керек. Алайда Пауыл оларға пендешіліктерін тізгіндемесе, Құдайға қызмет етудегі құлшыныстары бәсеңдеп кететінін де ескертті. Иә, мәсіхшілер Құдайдың талаптарын орындаудан ‘бас тартпаулары’ керек еді (Евр. 12:25).

6 Құдай жүктеген міндеттен бас тарту бейімділігіне қатысты айтылған ескерту бүгіндегі мәсіхшілерге де қатысты. Біз өзімізге жүктелген жауапкершілікке атүсті қарамауға немесе қызметтегі құлшынысымызды бәсеңдетіп алмауға барынша тырысуымыз керек (Евр. 10:39). Өйткені қасиетті қызметімізді бар ынтамызбен атқару арқылы өзімізді де, өзгелерді де құтқарамыз (Тім. 1-х. 4:16).

7, 8. а) Қызметте құлшынысымызды жоғалтпауға не көмектеседі? ә) Құлшынысымызды бәсеңдетіп алған болсақ, Ехоба мен Иса жайлы нені ұмытпағанымыз жөн?

7 Құдай жүктеген жауапкершіліктерді орындамауға сылтау іздеу бейімділігімізге бой алдырмау үшін не істей аламыз? Бізге көмек болатын маңызды жайт — өзімізді Құдайға бағыштағанымыздың мәні жайлы үнемі ой жүгірту. Біз Ехобаның еркін орындауды өмірімізде бірінші орынға қоюды уәде еткенбіз және сол уәдемізде тұрғымыз келеді (Матай 16:24 оқы). Сол себепті арагідік өзімізден былай деп сұрағанымыз абзал: Құдайға бағышталғаныма сай өмір сүруге деген шешімім шомылдыру рәсімінен өткен кезімдегідей берік пе? Әлде жылдар өте құлшынысымды бәсеңдетіп алдым ба?

8 Өзімізді шыншылдықпен тексергенде бұрынғыдай белсенді қызмет етпей жүргенімізді байқасақ, Софония пайғамбардың келесідей жігерлі сөздерін еске түсірейік: “Сенің қолыңнан күш кетпесін! Жаратушы Құдай Ие сенің ортаңда, сені құтқаруға Оның құдіреті жетеді, сен үшін қуанышқа кенеледі” (Соф. 3:16, 17). Бұл Бабыл тұтқындығынан Иерусалимге оралған ежелгі исраилдіктерге арналған сөздер еді. Дегенмен бұл сөздер бізге де жігер береді. Біз Ехобаның ісін атқарып жатырмыз, сондықтан оның және Ұлының бізді қолдап, жауапкершіліктерімізді орындауға күш беретінін ұмытпауымыз керек (Мат. 28:20; Філіп. 4:13). Бар ынтамызбен қызмет етуді жалғастыра берсек, Құдай бізге батасын береді және рухани өркендей беруге көмектеседі.

Патшалық ісін құлшына атқарайық

9, 10. Исаның үлкен қонақасы жайлы астарлы әңгімесінің мәнісі неде және одан қандай сабақ аламыз?

9 Бірде парызшылдар қауымының басшысының үйінде дәм татып отырған Иса үлкен қонақасы жайлы астарлы әңгіме айтып берді. Бұл әңгімесінде ол көктегі Патшалықты иеленуге мүмкіндік берілген әртүрлі адамдар жайлы айтты. Сондай-ақ әлдекімнің мәсіхші ретіндегі міндетін орындамау үшін қалай сылтау іздеуі мүмкін екенін көрсетті (Лұқа 14:16—21 оқы). Исаның сөздеріне сәйкес, шақырылғандар қонақасыға бара алмайтындарын айтып, кешірім сұрай бастайды. Бірі жақында ғана сатып алған егіндік жерін барып көруі керектігін айтса, келесі біреуі өгіз сатып алғанын және оны сынағысы келетінін айтады. Ал үшіншісі: “Мен жаңа ғана үйленген едім, сондықтан бара алмаймын”,— дейді. Бұлары жай сылтау ғана еді. Әдетте адам егіндік жерді не малды сатып алмас бұрын тексереді. Сатып алып қойған соң олай етудің қажеті шамалы. Ал әлдекімнің жаңадан үйленгені осы маңызды шақыруды қабыл алмауына себеп болуы керек пе? Олай болса, үй иесінің олардың бұл қылықтарына ашуланғанына таңғалмасақ та болады.

10 Құдай қызметшілерінің бәрі де Исаның астарлы әңгімесінен сабақ ала алады. Қандай сабақ? Біз Иса атап өткен жайттар іспетті жеке бастың мүдделерінің Құдай тапсырған істі ысырып тастауына жол бергіміз келмейді. Мәсіхші өзінің жеке мүддесінің тиісті орында тұруын қадағаламаса, бірте-бірте құлшынысын бәсеңдетіп алуы мүмкін (Лұқа 8:14 оқы). Мұның алдын алу үшін Исаның: “Ең бастысы, Оның Патшалығының қамын ойлап, Оның әділ еркін орындауға ұмтылыңдар!”— деген сөздерін басшылыққа алып өмір сүрейік (Мат. 6:33). Құдай қызметшілерінің жасы да, үлкені де осы маңызды кеңеске құлақ асып жүргенін көру қандай тамаша! Мәселен көп бауырластар көбірек қызмет ету үшін қарапайым өмір сүруді шешуде. Олар Патшалықтың ісін құлшыныспен атқарудан келетін нағыз бақыт пен зор қанағатқа кенелуде.

11. Құдайға шын жүректен әрі бар ынтамызбен қызмет етудің маңыздылығын қандай оқиғадан көреміз?

11 Құдайға құлшына қызмет етудің қаншалықты маңызды екенін Исраил патшасы Жоғастың мысалынан көруге болады. Сирия әскері елді жаулап алмақ болғанда, Жоғас патша Елішә пайғамбарға жылап келеді. Елішә оған Сирияға қарай терезеден садақ атуды бұйырады. Бұл исраилдіктердің Ехобаның қолымен жеңіске жететінін білдірген еді. Сонда патша жігерленіп қалса керек. Кейіннен Елішә жебелерімен жерді ұруды бұйырғанда, Жоғас үш рет соғады. Елішә бұған ашуланады, себебі жерді бес-алты рет соққанда ғана Жоғас “сириялықтарды мүлдем жеңетін еді”. Бірақ ол құлшыныс танытпағандықтан үш-ақ рет жеңіске жетеді (Пат. 4-ж. 13:14—19). Біз бұдан қандай сабақ аламыз? Қызметімізді шын жүректен әрі бар ынтамызбен атқарғанда ғана Ехоба бізді молынан жарылқайды.

12. а) Қиындықтармен күресе отырып, қызметімізді құлшыныспен атқаруға не көмектеседі? ә) Құлшыныспен қызмет етудің қандай пайдасын көріп жүрсің?

12 Өмірдің қиындықтарына кезіккенде біздің Құдайға берілгендігіміз бен құлшынысымыз сыналады. Көптеген бауырластар қаржының жетіспеушілігінен қиналады. Басқалары нашар денсаулықтың салдарынан Ехобаға аз қызмет ететіндеріне налиды. Дегенмен құлшынысымызды сақтап, Мәсіхтің соңынан бар ынтамызбен еру әрқайсымыздың қолымыздан келеді. “Мәсіхтің соңынан еріп жүру үшін не істеу керек?” деген қоршаудағы кеңестер мен жазба орындарына назар аударып, оларды барынша қолдану үшін не істей алатындарыңды қарастырып көріңдерші. Егер құлшыныспен қызмет етер болсақ, тыныш та мағыналы өмір сүріп, зор қуанышқа кенелеміз (Қор. 1-х. 15:58). Оның үстіне, қызметімізді жан-тәнімізбен атқару “Құдайдың алдын ала белгілеген күнін” естен шығармауға көмектеседі (Пет. 2-х. 3:12).

Өз-өзімізді шыншылдықпен тексерейік

13. Құдайға жан-тәнімізбен қызмет етіп жүрміз бе, жоқ па, соны қалай тексере аламыз?

13 Біздің құлшынысымыз қызметке қанша уақыт жұмсайтынымызбен өлшенбейді. Әркімнің жағдайы әртүрлі. Денсаулығы нашар бауырлас айына бір-екі сағат тапсырса да, Ехоба оның бар күшімен атқарған қызметіне риза болады (Марқа 12:41—44 салыстыр). Ендеше әрқайсымыз мүмкіндіктеріміз бен жағдайымызға тура баға беріп, Құдайға жан-тәнімізбен қызмет етіп жүрміз бе, жоқ па, соны тексеріп көрейік. Себебі біз де Мәсіхтікіндей ой қалып танытқымыз келеді (Қорынттықтарға 1-хат 2:16 оқы). Мәсіхтің өмірінде ең басты орында не тұрғанына көңіл бөлейікші. Ол Қапарнаумға жиналған халыққа былай деген: “Құдай Патшалығы туралы Ізгі хабарды... жариялауға тиістімін. Мен сол үшін осында жіберілдім” (Лұқа 4:43; Жох. 18:37). Исаның құлшыныспен қызмет еткенін ойда ұстай отырып, сен де көбірек қызмет ету үшін өз жағдайыңды саралап-салмақтап көр (Қор. 1-х. 11:1).

14. Қызмет аясын кеңейтудің қандай жолдары бар?

14 Мүмкіндіктеріміз бен жағдайымызды таразылағанда қызметке көбірек атсалыса алатынымызды байқауымыз мүмкін (Мат. 9:37, 38). Мысалы, мектеп бітірген мыңдаған жас бауырластар қызмет аясын кеңейтіп, ізашар ретінде құлшыныспен қызмет етуден келетін қуанышқа кенеліп жүр. Сенің де осындай қуанышқа кенелгің келе ме? Кейбір бауырластар жариялаушылар жетіспейтін аймақтарға, тіпті басқа елге көшуде. Ал басқалары өзге тілді үйреніп, шетелдіктерге уағыздап жүр. Қызмет аясын кеңейту үшін көп күш қажет болғанымен, осының арқасында мол батаға кенелеміз әрі көптеген “адамдардың құтқарылып, шындықты біліп алуларына” көмектесе аламыз (Тім. 1-х. 2:3, 4; Қор. 2-х. 9:6).

Құлшынысты қызметшілердің үлгілері

15, 16. Мәсіхтің құлшынысты шәкірті болу үшін кімге еліктеуімізге болады?

15 Кейіннен елші болған адамдар Исаның соңынан еруге деген шақыруын қалай қабылдады? Матай туралы Киелі кітапта былай делінген: “Орнынан тұрып, бар нәрсесін тастап, Исаға шәкірт болып ерді” (Лұқа 5:27, 28). Ал балық аулап отырған жерінен шақырылған Петір мен Әндір “дереу ауларын тастап, Оған еріп шәкірттері болды”. Сосын Иса әкелерімен бірге қайықта ауларын жамап отырған Жақып пен Жоханды шақырды. Сонда олар не істеді екен? “Екеуі дереу қайықты да, әкелерін де тастап, Исаға шәкірт болып ерді” (Мат. 4:18—22).

16 Сондай-ақ кейіннен елші Пауыл ретінде танымал болған Саулдың мысалын қарастырайық. Мәсіхшілерді қатты қудалаған ол өмірінде өзгерістер жасап, Мәсіхтің таңдап алған қызметшісі болды. “Көп кешікпей [Пауыл] сол қаладағы яһуди мәжілісханаларында Исаның Құдай Ұлы екені туралы уағыздай бастады” (Ел. іс. 9:3—22). Түрлі қиындықтар мен қуғын-сүргін көрген Пауыл бастапқы құлшынысын жоғалтқан жоқ (Қор. 2-х. 11:23—29; 12:15).

17. а) Мәсіхтің шәкірті ретінде алдыңа қандай мақсат қойдың? ә) Құдай еркін жан-тәнімізбен атқара жүріп қандай баталарға кенелудеміз?

17 Біз де алғашқы шәкірттерге еліктеп, Исаның шақыруына құлақ асып, дайындықпен және ынты-шынтымызбен қызмет еткіміз келеді (Евр. 6:11, 12). Осылай еткеніміздің арқасында қандай баталарға кенелеміз? Құдай еркін орындағанымыз бізге қуаныш әкеледі, сондай-ақ қызметтің қандай да бір жаңа түріне тағайындалғанда не қауымда қосымша жауапкершіліктер жүктелгенде зор қанағатқа бөленеміз (Заб. 39:9; Салониқалықтарға 1-хат 4:1 оқы). Мәсіхтің соңынан бар ынтамызбен ерер болсақ, жан тыныштығы мен қанағат сезінеміз, Құдайдың ықыласына және мәңгі өмір сүру үмітіне ие боламыз (Тім. 1-х. 4:10).

Естеріңде ме?

• Бізге қандай маңызды тапсырма берілген және біз оған қалай қарауымыз керек?

• Біз қандай бейімділіктен сақ болуымыз керек және неге?

• Өз-өзімізді қалай тексергеніміз жөн?

• Мәсіхтің соңынан еріп жүру үшін не істеу керек?

[27-беттегі қоршау/сурет]

Мәсіхтің соңынан еріп жүру үшін не істеу керек?

▪ Құдай Сөзін күнде оқып, оқығаныңның үстінен ой жүгірт (Заб. 1:1—3; Тім. 1-х. 4:15).

▪ Құдай рухының қолдауы мен басшылығын сұрап, жиі дұға ет (Зәк. 4:6; Лұқа 11:9, 13).

▪ Шын жүректен әрі құлшыныспен қызмет етіп жүрген бауырластармен араласып тұр (Нақ. с. 13:20; Евр. 10:24, 25).

▪ Қандай уақытта өмір сүріп жатқанымызды есте ұста (Ефес. 5:15, 16).

▪ Мәсіхші ретіндегі міндетіңді орындамауға сылтау іздеудің салдары қандай болатынын ұмытпа (Лұқа 9:59—62).

▪ Құдайға бағышталуыңның мәні және Ехобаға қызмет етіп Исаның соңынан еруден келетін мол баталар жайлы үнемі ой жүгірт (Заб. 116:12—14; 133:3; Нақ. с. 10:22).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу