Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.2. 19—21 бет.
  • Шайтанға алданбаңдар!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Шайтанға алданбаңдар!
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Олардың негізі топырақ
  • “Заңсыздықты суша ішетін адам”
  • “Қолыңды соз да, оның сүйегіне, тәніне тигізші”
  • Құтқарылу дулығасын киіңдер
  • Әйүп Ехобаның есімін қадір тұтқан
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ой-сана үшін шайқаста жеңімпаз болыңыз!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Құдайға ұнамды болатындай өмір сүр
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Құдаймен қалай дос бола аламыз?
    Киелі жазбалардан не білеміз?
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.2. 19—21 бет.

Шайтанға алданбаңдар!

‘БОСҚА алданбаңдар! Құдайларың сендерді құтқармайды. Маған беріліңдер. Берілмесеңдер, көздеріңді құртамыз!’ Ассирия патшасы Сеннахиримнің Иерусалим тұрғындарына елшісі арқылы айтқан хабарының мәні осындай еді. Яһуда жеріне баса-көктеп кірген патша иерусалимдіктердің жігерін жасытып, қаланы соғыссыз-ақ жаулап алғысы келді (Пат. 4-ж. 18:28—35).

Ассириялықтар асқан қатыгездігімен әйгілі болған. Олар қолдарына түскен адамдарды қалай қинайтындарын бүге-шігесіне дейін сипаттау арқылы жауларының бойында үрей тудыратын. Тарихшы Филип Тейлордың айтуынша “жаулап алған елдерін бақылауында ұстау үшін олар жалған мәлімет тарататын. Ал өздеріне қарсы шығуы мүмкін халықтарға басқаларды қалай аяусыз басып-жаншығандары жайлы жариялап, олардың ой-саналарына әсер етуге тырысқан”. Үрей тудыратын мәлімет — өте жойқын қару. Ол “адамның ой-санасын улайды”,— дейді Тейлор.

Шынайы мәсіхшілер ‘адам баласына емес, зұлым рухтарға’ қарсы күресуде (Ефес. 6:12). Құдайдан безген осы рухани жаратылыстардың көсемі — Шайтан Ібіліс. Ол да үрей тудыратын жалған мәлімет таратады.

Шайтанның ойынша, ол әрқайсымызды тура жолдан тайдыра алады-мыс. Әйүптің кезінде ол Ехоба Құдайға: “Адам... өмірі үшін өзінде бардың бәрін береді”,— деген болатын. Басқаша айтқанда, ол қатты қысым көргенде кез келген адам ертелі-кеш мінсіздігінен тайып кетеді дегенге меңзеді (Әйүп 2:4). Шайтанның айтқаны рас па? Шынында да, кезіккен сынақтарымыз белгілі бір шектен асып кетсе, өмірімізді сақтау үшін адалдығымыздан таямыз ба? Шайтан біздің осылай ойлағанымызды қалайды. Бұл үшін осы ойды бірте-бірте санамызға сіңіруге тырысады. Ол мақсатына жету үшін не істейді және біз оған қалай қарсы тұра аламыз?

Олардың негізі топырақ

Шайтан Әйүпті Елифаз деген кісі арқылы адамдардың өте әлсіз екеніне сендіруге тырысты. Елифаз адамдарды “негізі топырақ, балшықтан жасалған үйлерге” (ЖД) теңеді де: “Таң мен кештің арасында олар құлап жатады; қалай құрып кеткенін де көрмейсің”,— деп қосты (Әйүп 4:19, 20).

Жазбалардың тағы бір жерінде біз ‘қыш құмыраларға’ теңелеміз (Қор. 2-х. 4:7). Иә, біз әлсізбіз, өйткені күнә мен кемелсіздікті мұра еттік (Рим. 5:12). Өз күшімізбен Шайтанға еш қарсы тұра алмаймыз. Алайда Ехоба бізді жалғыз қалдырмайды. Кемелсіз болғанымызға қарамастан ол бізді аса қымбат санайды (Ишая 43:4). Сондай-ақ сұраған қызметшілеріне Ехоба киелі рухын береді (Лұқа 11:13). Оның рухы арқылы ‘шексіз зор құдіретке’ ие болып, Шайтанның кез келген сынағына төзе аламыз (Қор. 2-х. 4:7; Філіп. 4:13). ‘Сенімімізде берік болып’, Ібіліске қарсы тұрар болсақ, Құдай бізді қуатты да табанды етпек (Пет. 1-х. 5:8—10). Демек, Шайтан Ібілістен қорқудың еш қажеті жоқ.

“Заңсыздықты суша ішетін адам”

“Таза болатындай, пенде сонша кім? Әйелден туған адам қалайша әділ болсын?”— деп сұрады Елифаз. Содан соң өзі былай деп жауап берді: “Міне, Ол [Құдай] Өзінің қасиеттілеріне де сенбейді, Оның көзінде аспан да таза емес: Заңсыздықты суша ішетін адам лас және мейлінше бұзылған” (Әйүп 15:14 ЖД, 15, 16). Елифаздың айтуынша, Ехобаның көзінде ешкім де әділ емес. Сол сияқты Шайтан да біздің бұрынғы қателіктерімізді ойлап уайымға салынғанымызды және өзімізге тым сын көзбен қарап, менен ештеңе шықпайды деген жағымсыз ойға берілгенімізді қалайды. Сонымен қатар Ехоба бізден тым көп талап етеді және қателіктерімізді кешірмейді, өйткені ол мұншалықты жанашыр, кешірімді де қамқор емес деген ойда болғанымызды қалайды.

Әрине, “бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды”. Кемелсіз адамдардың ешқайсысы да Ехобаның кемелді талаптарына сай келе алмайды (Рим. 3:23; 7:21—23). Алайда біз оның көз алдында түкке тұрғысыз емеспіз. Ехоба ‘Шайтан есімді, ежелден бері келе жатқан абжыланның’ күнәкар күйімізді пайдаланып қалғысы келетінін біледі (Аян 12:9, 10). “Топырақтан екеніміз” Құдайдың есінде және “Ол бізді ұдайы айыптамайды” (Заб. 102:8, 9, 14).

Егер күнәларымызға өкініп, теріс жолдан қайтсақ, Ехоба бізді ‘шексіз кешіреді’ (Ишая 55:7; Заб. 50:19). ‘Күнәларымыз ал қызыл болса да, рақым етіп, бізді қар сияқты аппақ қылады’ (Ишая 1:18). Олай болса, Құдай еркін орындай беру шешімімізден таймайық!

Біз күнәкар болғандықтан, ешқашан да Құдайдың алдында әділ бола алмас едік. Адам мен Хауа кемелділік пен мәңгі өмір сүру мүмкіндігін өздері үшін ғана емес, біз үшін де жоғалтып алды (Рим. 6:23). Алайда Ехоба адамзат баласын қатты сүйгендіктен, күнәміздің кешірілуіне қам жасады. Ол үшін біз Құдай Ұлы Иса Мәсіхтің төлем құрбандығына сенуіміз керек (Мат. 20:28; Жох. 3:16). Неткен рақымдылық десеңші! (Тит. 2:11). Иә, біз үмітсіз емеспіз! Олай болса, неге Шайтанға алдануымыз керек!

“Қолыңды соз да, оның сүйегіне, тәніне тигізші”

Шайтанның айтуынша, Әйүп денсаулығынан айырылатын болса, сенімінен тайып кетер еді. Ол Ехобаға: “Сен қолыңды соз да, оның сүйегіне, тәніне тигізші, ол Саған батасын бере қояр ма екен?”— деді (Әйүп 2:5). Егер денсаулығымыз нашар болғандықтан өзімізді түкке тұрғысыз сезінер болсақ, Құдайдың қарсыласының қуанары сөзсіз.

Алайда Ехоба қызметімізді бұрынғыдай атқара алмағанымызға бола бізден бас тартпайды. Жан досымызға біреулер тарпа бас салып, соққыға жығып кетсе, біз не істер едік? Оның дәрменсіздігіне бола оған деген көзқарасымыз өзгере ме? Әрине, жоқ! Әсіресе соққыға біз үшін жығылған болса, оған деген сезіміміз суымайды әрі оны қамқорлыққа аламыз. Ехобадан да соны күтуіміз керек емес пе? Киелі кітапта былай делінген: “Құдай әділетсіз емес. Ол жасаған игі істеріңді... Өзіне де көрсеткен сүйіспеншіліктеріңді ешқашан есінен шығармайды” (Евр. 6:10).

Жазбаларда “бір бейшара жесір әйел” туралы айтылған. Ол көптеген жылдар бойы шынайы ғибадатты қолдаған болса керек. Иса оның ғибадатханадағы садақа жәшігіне “жалпы құны төрт теңгелік екі бақырды салғанын” көргенде, оның өзіне де, садақасына да менсінбей қарады ма? Жоқ, қайта, шынайы ғибадатты қолдау үшін қолда барын аямағанын айтып, оны мақтады (Лұқа 21:1—4).

Мінсіздігімізден таймасақ, кемелсіздіктің ауру мен кәрілік сияқты салдарына қарамастан, Ехобамен жақсы қарым-қатынасымызды сақтай аламыз. Ехоба қандай да бір бақытсыздықтың салдарынан бұрынғыдай қызмет ете алмайтын әділ адамдарды еш қалдырмайды (Заб. 70:9, 17, 18).

Құтқарылу дулығасын киіңдер

Шайтанның өтірігіне қалай қарсы тұра аламыз? Елші Пауыл: “Оның құдіретінен қуат алып, нығая беріңдер! Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алуларың үшін Құдай берген “рухани қару-жарақпен” түгел жабдықталыңдар!”— деп жазды. Сол рухани қару-жарақтың бірі — құтқарылу дулығасы (Ефес. 6:10, 11, 17). Шайтанға алданып қалмау үшін сол дулығаны киіп, еш шешпеуіміз керек. Дулыға сарбаздың басын қорғайды. “Құтқарылуға деген үмітіміз”, яғни Құдайдың тамаша жаңа дүние орнататынына берік сенгеніміз, Шайтанға алданып қалудан сақтайды (Сал. 1-х. 5:8). Жазбаларды мұқият зерттей берейік, сонда үмітіміз жалындай түседі.

Әйүп Шайтанның зымиян шабуылдарына төтеп бере алды. Оның қайта тірілуге деген сенімі берік болғаны сонша — тіпті өлім қаупі төнсе де, адалдығынан таймады. Ол Ехобаға былай деді: “Сен шақырсаң ғой, сонда мен Саған жауап берер едім, сонда Сен Өзіңнің қолыңның жасағанына шапағат көрсетер едің” (Әйүп 14:15). Мінсіздігінен таймау үшін адал қызметшілеріне өлуге тура келсе де, Құдай оларды сүйгендіктен қайта тірілтіп алатынына Әйүп сенімді болған.

Біздің де шынайы Құдайға деген сеніміміз осындай берік болғай! Ехоба Шайтан мен оның нөкерлері жасаған кез келген жамандықтың орнын толтыра алады. Сондай-ақ Пауылдың жұбаныш беретін келесі сөздерін есімізде ұстайық: “Құдай Өзінің уәдесіне берік: Ол төзімдеріңнен артық сыналуларыңа жол бермейді. Еліктірілген кездеріңде соған шыдауға күш-қуат беріп, құтылып шығудың лайықты жолымен қамтамасыз етеді” (Қор. 1-х. 10:13).

[20-беттегі сурет]

Ехоба адал атқарған қызметіңді бағалайды

[21-беттегі сурет]

Құтқарылу дулығасын киіп, еш шешпеңдер

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу