Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.2. 22—23 бет.
  • Оқырман сауалдары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқырман сауалдары
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Шомылдыру рәсімі — өкіндірмес мақсат!
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Шомылдыру рәсімі деген не?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Шомылдыру рәсімі және сенің Құдаймен қарым-қатынасың
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Шомылдыру рәсімінен өтушілерге қойылатын талаптарға сай келу
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.2. 22—23 бет.

Оқырман сауалдары

Қандай жағдайда қайтадан шомылдыру рәсімінен өтуге қатысты мәселе қарастырылады?

Кей жағдайларда өмірін Құдайға бағыштаған адам өзінің шомылдыру рәсімін жарамсыз санап, бұл рәсімнен қайтадан өтуім керек деп ойлауы мүмкін. Мысалы, әлдекім шомылдыру рәсімінен өткен кезде жасырын түрде қауымнан шығарылуға алып баратын қандай да бір күнә жасап жүрген болуы ықтимал. Ондай іспен айналысқан адам өзін Құдайға бағыштай алар ма еді? Мұндай адам Киелі кітапқа қайшы келетін іс-әрекеттерден арылған кезде ғана Ехобаға өзін бағыштай алар еді. Сондықтан кезінде келелі кедергісі бола тұра, шомылдыру рәсімінен өткен адам бұл рәсімнен қайтадан өтуді қарастырғаны жөн болар еді.

Ал шомылдыру рәсімінен өтер кезде оған лайықты болған, бірақ рәсімнен өткен соң сот комитетінде қарастырылатын іс-әрекет жасаған адам туралы не деуге болады? Мысалы, ол шомылдыру рәсімінен өтерде, оның мәнісін толық түсінбегенін, сондықтан оны жарамсыз деп есептейтінін айтты делік. Мұндай жағдайда ақсақалдар оның шомылдыру рәсімі жарамсыз дегенге меңземеуі, сондай-ақ одан Құдайға бағышталғаны мен шомылдыру рәсімінен өткенін жарамсыз деп ойлайтын-ойламайтынын сұрамаулары керек. Себебі ол шомылдыру рәсімінің мәнісі түсіндірілетін Жазбаларға негізделген баяндаманы тыңдады ғой. Сондай-ақ Құдайға бағышталу мен шомылдыру рәсіміне қатысты қойылған сұраққа “иә” деп жауап берді. Сосын, киімін ауыстырып, су рәсімінен өтті. Демек, ол не істеп жатқанын жете түсінді деуге болады. Ақсақалдар оған шомылдыру рәсімінен өткен бауырлас ретінде қарайды.

Егер әлдебіреу өзінің шомылдыру рәсімін жарамсыз деп тапса, ақсақалдар оның назарын қай кезде қайтадан шомылдыру рәсімінен өтуге болатыны егжей-тегжейлі қарастырылған мына мәлімет көздеріне аударса болады: “Күзет мұнарасы” 1960 жыл, 1 наурыз (159, 160-бет., ағ.), 1964 жыл, 15 ақпан (123—126 бет., ағ.). Белгілі бір жағдайларда адам (мысалы, шомылдыру рәсімінен өткен кезде, Киелі кітапты жеткілікті түсінбеген болса) қайтадан шомылдыру рәсімінен өтуді өзі шешеді.

Өзгелермен бір баспанада тұруға қатысты қандай жайттарды ескеру керек?

Бәрімізге де баспана қажет. Өкінішке орай, бүгінде көп адамның өз үйі жоқ. Қаржы-қаражат, денсаулық не басқа да жайттарға байланысты туған-туыстардың бірге тұруына тура келеді. Кей елдерде олар тіпті бір бөлмеде тұруға мәжбүр болады.

Әрине, дүниежүзіндегі қауымдардың бәріне өзгелермен бірге тұруға қатысты ұзын-сонар басшылық беру Ехобаның ұйымының міндеті емес. Дегенмен кіммен және қандай жағдайда тұрып жатқандары Құдайға ұнамды болатынына көз жеткізу үшін, мәсіхшілер Киелі кітаптағы принциптердің үстінен ой жүгіртуге шақырылады. Сол принциптердің кейбірін қарастырайық.

Ең алдымен, бірге тұратын адамдарымыз бізге және рухани күйімізге қалай әсер ететінін ойлауымыз керек. Олар кімдер? Ехобаға қызмет ете ме? Киелі кітап принциптеріне сай өмір сүре ме? “Алданып қалмаңдар!— деп жазды елші Пауыл: — Араммен араласқан жан адал әдетінен айырылады” (Қор. 1-х. 15:33).

Жазбаларда Ехоба азғындық пен неке адалдығын бұзуды айыптайтыны айтылған (Евр. 13:4). Некеде тұрмаған қарсы жынысты екі адамның ерлі-зайыптылар сияқты бір бөлмеде ұйықтағаны Құдайға ұнамайтыны анық. Ендеше, мәсіхші осындай азғындық орын алған жерде тұруды қалар ма еді?

Сонымен қатар Киелі кітап Құдайға ұнамды болғысы келетіндерді ‘азғындықтан аулақ болуға’ шақырады (Қор. 1-х. 6:18). Сондықтан мәсіхшілердің азғындыққа итермелейтін жерде тұрудан қашқаны даналыққа жатады. Мысалы, бірнеше мәсіхші бір үйде тұрып жатыр делік. Мұндай жағдайда азғырылып қалатын жайт орын алуы мүмкін бе? Кенет басқалар үйде болмай, ерлі-зайыпты емес екеу бірге қалып кетсе ше? Сол сияқты, бір-біріне көңілі бар екі адам бір үйде тұрса, бұл екеуіне де құлықтылық жағынан қауіп төндірер еді. Сондықтан осы сияқты жағдайлардан аулақ болу даналыққа жатады.

Ажырасып кеткен ерлі-зайыптылардың да бір үйде тұра бергені дұрыс болмас еді. Олар бұрын жыныстық қатынаста болғандықтан, азғындыққа барып қоюлары мүмкін (Нақ. с. 22:3).

Тұратын үйге қатысты ескеретін тағы бір маңызды жайт — басқалардың көзқарасы. Мәсіхші тұратын жерін орынды деп есептеуі мүмкін, алайда айналадағы жұрт бұны дұрыс түсінбей, сөз етуі ықтимал. Әрине, біз Ехобаның есіміне кір келтіргіміз келмейді. Бұған қатысты Пауыл былай деген: “Яһудилердің де, басқа ұлт адамдарының да, Құдайдың қауымының да сенімдеріне нұқсан келтірмеңдер! Мен де бәріне қай жағынан да ұнамды болуға тырысып, жеке басымның емес, басқалардың, олар құтқарылса екен деп, мүдделерін ойлаймын” (Қор. 1-х. 10:32, 33).

Ехобаның әділ принциптеріне сай өмір сүргісі келетіндер үшін орынды баспана табу, шын мәнінде, оңай болмауы мүмкін. Алайда мәсіхшілер ‘Құдайға не ұнайтынын біліп алуға’ тиіс. Олар үйлерінде әдепсіздіктің орын алуына жол бермеулері керек (Ефес. 5:5, 10). Бұл үшін олар дұғада Құдайдан басшылық сұрап, өзінің де, өзгенің де тәндік және құлықтылық игілігін, сондай-ақ Ехобаның атына кір келтірмеуді ойлағандары жөн.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу