Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.2. 10—14 бет.
  • Рухани семсерді шебер қолданыңдар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Рухани семсерді шебер қолданыңдар
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ‘Құдай Сөзінің әсері күшті’
  • Құдай Сөзін дұрыс үйрету
  • Сенімділікпен сөйлеңдер
  • Құдай Сөзін шебер қолдана беріңдер
  • ‘Құдайдың шынайы сөзін дұрыс үйрет’
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Адамның көзін жеткізуге тырыс
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2010
  • Киелі кітап тармақтарын дұрыс түсіндір
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Құдай Сөзінің әсері күшті
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.2. 10—14 бет.

Рухани семсерді шебер қолданыңдар

“Құдай Сөзін рухани семсер қылып ұстаңдар!” (ЕФЕС. 6:17).

1, 2. Патшалықты жариялаушылар аса қажет екендігін білгеніміз бізге қалай әсер ету керек?

ЖИНАЛҒАН халықтың рухани мұқтаждықтарын көріп, Иса шәкірттеріне: “Оратын егін көп, бірақ жұмысшылар аз. Сондықтан егіннің Иесінен оны жинап алатын жұмысшылар жіберуін өтініңдер!”— деп тапсырды. Ол бұл сөздерді айтып қана қойған жоқ, “он екі шәкіртін... қасына шақырып алып”, оларды ‘егін жинауға’, яғни уағыздауға жіберді (Мат. 9:35—38; 10:1, 5). Кейін ол тағы басқа жетпіс шәкіртіне уағыздауды тапсырды (Лұқа 10:1, 2).

2 Патшалықты жариялаушылар бүгінде де аса қажет. 2009 қызмет жылында Еске алу кешіне дүниежүзі бойынша 18 168 323 адам келді. Бұл Ехоба куәгерлерінің санынан 10 миллионға көп. Расында да, егіндік жинауға дайын, пісіп тұр (Жох. 4:34, 35). Сол себепті біз көбірек жұмысшылар сұрап, дұға етуіміз керек. Ал осы өтінішке сай қалай әрекет ете аламыз? Патшалық туралы уағыздау және шәкірт дайындау ісін құлшына атқарумен қатар, тәлім беру шеберлігімізді шыңдай беруіміз қажет (Мат. 28:19, 20; Мар. 13:10).

3. Қызметіміздің жемісті болуында Құдай рухы қандай маңызды рөл атқарады?

3 Алдыңғы мақалада ‘Құдай сөзін батыл уағыздау’ үшін киелі рухтың қалай көмектесетінін қарастырдық (Ел. іс. 4:31). Сондай-ақ қызметімізді жемісті атқару үшін де Құдай рухының маңызы зор. Қызметіміздің сапасын арттырудың бір жолы — Ехоба Құдай берген керемет құралды, яғни киелі рухтың жетелеуімен жазылған Киелі кітапты тиімді қолдану (Тім. 2-х. 3:16). Ондағы хабардың авторы — Құдай. Адамдарды шындыққа үйреткенде тәліміміздің негізі ретінде Киелі кітапты тиімді қолдансақ, бізді киелі рух жетелейтін болады. Құдай Сөзін қалай тиімді қолдануға болатынын қарастырмас бұрын, оның әсері қаншалықты күшті екенін талқылайық.

‘Құдай Сөзінің әсері күшті’

4. Құдай Сөзі адамды қалай өзгертеді?

4 Құдай Сөзі қандай күшке ие десеңші! (Евр. 4:12). Бейнелі мағынада ондағы хабар адам қолынан шыққан семсердің қай-қайсысынан да өткір, өйткені жан мен рухты айырады. Жазбалардағы шындық адамның жан дүниесіне еніп, оның ой-ниетіне әсер етеді, сөйтіп оның шын болмысын әшкерелейді. Ол адамның өмірін түпкілікті өзгерте алатындай күшке ие (Қолостықтарға 3:10 оқы).

5. Киелі кітап бізге қандай басшылық береді және мұның нәтижесі қандай болмақ?

5 Сонымен қатар, Құдай Сөзінде теңдессіз даналық жатыр. Ондағы мәлімет мына аласапыран заманда бақытты өмір сүруге көмектеседі. Құдай Сөзі қадамдарымызды ғана жарқыратып қоймай, өмір жолымызға да шырақтай нұрын шашады (Заб. 118:105). Ол қиындықтармен күресуге және жақсы достар, көңіл көтеру түрлерін, жұмыс, киім таңдауға көмектесетін басшылық береді (Заб. 36:25; Нақ. с. 13:20; Жох. 15:14; Тім. 1-х. 2:9). Ал ондағы принциптерді ұстансақ, басқалармен жақсы қарым-қатынаста боламыз (Мат. 7:12; Філіп. 2:3, 4). Киелі кітап бейнелі мағынада өмір жолымызға шырақтай нұрын шашатындықтан, шешімдеріміздің нәтижесі қандай болатынын алдын ала білеміз (Тім. 1-х. 6:9). Сондай-ақ Киелі жазбаларда ашылған Құдайдың болашаққа қатысты ниетіне сай өмір сүре аламыз (Мат. 6:33; Жох. 1-х. 2:17, 18). Иә, Құдай орнатқан принциптерді ұстанатын адамның өмірі әлдеқайда мағыналы болады.

6. Киелі кітап қаншалықты күшті рухани қару болып табылады?

6 Сонымен қатар Киелі кітап күшті рухани қару болып табылады. Пауыл оны “рухани семсер” деп атаған (Ефестіктерге 6:12, 17 оқы). Құдай Сөзін жақсы қолданар болсақ, ол адамдарды Шайтанның құрсауынан азат ете алады. Бұл — өмірден айыратын емес, өмір сыйлайтын семсер. Ендеше оны шебер қолдануды үйренгеніміз жөн.

Құдай Сөзін дұрыс үйрету

7. “Рухани семсерді” дұрыс қолдануды үйрену неліктен маңызды?

7 Сарбаз қаруды қолдана білу үшін алдымен жаттығады. “Рухани семсер” туралы да солай деуге болады. Елші Пауыл: “Сен кінәратсыз жұмысшы — Құдайдың шынайы сөзін дұрыс үйретуші ретінде Оған ұнамды болуға жан сала ұмтыл!”— деп жазды (Тім. 2-х. 2:15).

8, 9. Киелі кітапта айтылғанның мәнін түсінуге не көмектеседі? Мысал келтіріңдер.

8 “Құдайдың шынайы сөзін дұрыс үйретуші” болуға не көмектеседі? Киелі кітаптағы хабарды адамдармен бөліспес бұрын, оны өзіміз жақсы түсініп алғанымыз жөн. Ол үшін адамның көңілін аударғымыз келген тармақтың немесе үзіндінің мәнмәтінімен танысып шығуымыз керек.

9 Жазба орнын дұрыс түсіну үшін оның мәнмәтінін ескеру керектігі келесі мысалдан көрінеді. Пауыл Ғалаттықтарға 5:13-те былай деген: “Бауырластар, Құдай сендерді еркіндікке шақырды. Бірақ еркіндікті күнәкар құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін теріс пайдаланбаңдар, қайта, бір-біріңе сүйіспеншілікпен қызмет етіңдер!” Мұнда Пауыл қандай еркіндік туралы айтты? Ол күнә мен өлімнен, жалған ілімдерден немесе басқа бірдеңеден азат болуды айтты ма екен? Мәнмәтіннен көрінетіндей, Пауыл ‘Таурат заңы мәлімдеген қарғыстан құтқарылу’ жөнінде айтқан (Ғал. 3:13, 19—24; 4:1—5). Ол Мәсіхтің шәкірттері ие болатын еркіндікке меңзеген. Осындай еркіндікке ие болған адамдар ‘бір-бірін қауып, жемейтін’. Қайта сүйіспеншілік оларды бір-біріне қызмет етуге талпындырған (Ғал. 5:15).

10. Жазба орындарының мәнін дұрыс түсіну үшін бізге қандай мәлімет қажет және оны қайдан табуға болады?

10 Жазба орындарын дұрыс түсіну үшін оны кім, қай кезде және қандай жағдайда жазғанын да қарастыруымыз керек. Сондай-ақ кітаптың қандай мақсатпен жазылғанын және мүмкін болса, ол жазылған кездегі әлеуметтік, құлықтылық, діни жағдайды да біліп алғанымыз жөнa.

11. Жазбаларды түсіндіргенде неден аулақ болғанымыз жөн?

11 “Құдайдың шынайы сөзін дұрыс үйретуші” шындықты тура жеткізіп қана қоймайды. Ол Құдай Сөзін адамдарды қорқыту үшін пайдаланудан аулақ болады. Әрине, Иса сияқты Жазбаларды сенімімізді қорғау үшін пайдаланған дұрыс, алайда біз шындықты қабылдауға ешкімді күштемейміз (Заң. қ. 6:16; 8:3; 10:20; Мат. 4:4, 7, 10). Қайта, елші Петірдің: “Жүректеріңнен Мәсіхке қасиетті Иеміз деп ерекше орын беріңдер! Іштеріңдегі үмітті түсіндіруді сұраған кез келген адамға жауап беруге әрдайым дайын болыңдар. Тек ілтипат, құрмет танытып сөйлеңдер”,— деген ескертуіне құлақ асамыз (Пет. 1-х. 3:15).

12, 13. Құдай Сөзі қандай “бекіністерді” талқандай алады? Мысал келтіріңдер.

12 Киелі кітаптағы шындықты дұрыс үйреткеннің қандай пайдасы бар? (Қорынттықтарға 2-хат 10:4, 5 оқы). Жазбалардағы шындық жалған ілімдер, зиянды әдеттер мен кемелсіз адамның ақылына негізделген пәлсапа сияқты ‘бекіністерді талқандай’ алады. Біз Киелі кітаптың көмегімен “адамдардың Құдайды тануларына бөгет болатын” кез келген ой-пікірді жоққа шығара аламыз. Құдай Сөзі неге үйрететінін түсіндіру арқылы адамның шындыққа көз жеткізуіне көмектесеміз.

13 Кішкентай кезінен реинкарнацияға сеніп өскен тоқсан үш жастағы үндістандық әйелдің мысалын қарастырайық. Ол шетелде тұратын ұлымен хат арқылы Киелі кітапты зерттеуді бастағанда, Ехоба және оның уәделері туралы шындықты жақсы қабылдайды. Алайда реинкарнация ілімінің санасына сіңіп кеткені сонша — ол өлгендердің қандай күйде болатыны туралы шындықты қабылдай алмайды. Ол ұлына былай дейді: “Жазбаларыңды түсінсем бұйырмасын. Діндердің барлығы біздің бойымызда өлмес жанның бар екеніне үйретеді. Тәннің өліп, ал жанның 8 400 000 рет басқа денеге өтіп, тіршілігін жалғастыратынына өмір бақи сеніп келдім. Бұның өтірік болуы мүмкін емес! Сол діндердің барлығының қателескені ме?” Рухани семсер адамның қанына қатты сіңген осындай ілімдерді талқандай ала ма? Осы тақырыпты Жазбалардың көмегімен бірнеше рет талқылаған соң, ол кісі ұлына былай деп жазады: “Өлген адамдар туралы шындықты енді түсіне бастадым. Қайта тірілген сүйікті адамдарыммен қауышатын кезімді ойлап, қатты қуанамын. Құдай Патшалығы тезірек келсе екен”.

Сенімділікпен сөйлеңдер

14. Тыңдаушылардың көзін жеткізу үшін не істеу керек?

14 Киелі кітапты тиімді қолдану жазба орнын оқып беруді ғана білдірмейді. Біз де елші Пауыл сияқты “шындыққа сенерліктей дәлел келтіріп” сөйлеуіміз керек (Елшілердің істері 19:8, 9; 28:23 оқы). Сонда “адамның көзі жетіп, еш күмәні қалмайды”. Киелі кітаптағы қандай да бір ілімнің дұрыс екеніне әлдекімнің көзін жеткізгенде, біз оны сол ілімді қабылдауға талпындырамыз. Ол үшін сөзіміздің дұрыстығын дәлелдей білу керек. Қазір мұны қалай істей алатынымызды қарастырамыз.

15. Адамды Киелі кітапқа құрметпен қарауға қалай талпындыра аламыз?

15 Адамды Киелі кітапқа құрметпен қарауға талпындыр. Жазба орнын келтірерде, Құдайдың көзқарасын білудің маңыздылығына баса назар аударған жөн. Қандай да бір сұрақ қойып үй иесінің жауабын тыңдаған соң, былай деуге болады: “Бұған Құдайдың қалай қарайтынын көрейікші”. Немесе былай деп сұра: “Бұл туралы Құдай не ойлайды екен?” Осылайша Киелі кітаптың Құдай Сөзі екеніне назар аударамыз әрі адамды оған құрметпен қарауға талпындырамыз. Бұл әдісті, әсіресе Құдайға сенетін, бірақ Киелі кітаппен таныс емес адамдарға уағыздағанда пайдаланған тиімді (Заб. 18:8—11).

16. Жазба орындарын қалай түсіндіруге болады?

16 Жазба орындарын түсіндір. Пауыл әрқашан Жазбаларды түсіндірген әрі дәлелдер келтірген (Ел. іс. 17:3). Әдетте, бір тармақ бірнеше ойды қамтиды. Сондықтан талқыланып жатқан тақырыпқа қатысы бар сөз тіркестеріне баса назар аудару керек болар. Ол үшін негізгі сөздерді қайталауға немесе үй иесіне сұрақ қоюға болады. Сонан соң бұл сөздердің мағынасын түсіндір. Ал кейін тармақтағы ойдың адамға қандай қатысы барын көрсет.

17. Жазбаларға негіздеп қалай қисынды ой түзуге болады?

17 Жазбаларға негіздеп, қисынды ой түз. Пауыл Киелі жазбалар туралы шын жүректен сөйлеп және қисынды ой түзе отырып ‘пікір алысатын’ (Ел. іс. 17:2, 4). Сол сияқты біз де шындықты адамның жүрегіне жеткізуге тырысуымыз керек. Адамның игілігін ойлайтыныңды көрсететін сұрақтар қойып, жүрегіндегісін ‘сарқып ал’ (Нақ. с. 20:5). Жүзіңнен мейірім есіп тұрсын. Анық та қисынды ой түз. Артынша қанағаттандырарлық дәлелдер келтір. Әрқашан Киелі кітапқа сүйеніп сөйле. Бірнеше тармақ келтіргеннен гөрі, бір ғана тармақ оқып, оны жақсылап түсіндірген артық. Ал қосымша дәлелдер келтіргенің сөздеріңе салмақ қосады. Кейде ізденіс жасап, қосымша мәлімет келтіру қажет. Мәселен тоқсан үш жастағы әйелге өлмес жан туралы ілімнің неліктен сонша кең тарағанын түсіндіру керек болды. Киелі кітаптағы шындыққа көзін жеткізу үшін бұл жалған ілімнің қайдан бастау алғанын және көп дінге қалай енгенін түсіндіруге тура келдіb.

Құдай Сөзін шебер қолдана беріңдер

18, 19. Неге ‘рухани семсерді’ әрі қарай да шебер қолдана беруіміз керек?

18 Киелі кітапта: “Бұл дүниенің сахналық көрінісі өзгеруде”,— деп айтылған. Қазіргі кезде зұлым адамдар бұрынғыдан бетер жамандық жасауда (Қор. 1-х. 7:31 ЖД; Тім. 2-х. 3:13). Сол себепті “рухани семсер” болып табылатын Құдай Сөзін қолдану арқылы әрі қарай да ‘бекіністей’ берік көзқарастарды ‘талқандай’ бергеніміз өте маңызды.

19 Құдай Сөзіндегі әсерлі хабарды жалған ілімдерді әшкерелеп, ақ жүректі адамдарға шындықты жеткізу үшін қолданып жүргеніміз қандай керемет! Ешқандай да бекіністей берік көзқарас одан мықты емес. Олай болса, Құдай тапсырған Патшалықты жариялау ісінде ‘рухани семсерді’ шеберлікпен пайдалануға бар күшімізді сала берейік.

[Сілтемелер]

a “Күзет мұнарасындағы” “Ехобаның сөзі тірі” деп аталатын айдар, “Киелі жазбалардың бәрі Құдай рухының жетелеуімен жазылған әрі тиімді” (ор.) және “Киелі жазбаларды түсіну” (ағ.) басылымдары қосымша мәлімет табуға көмектеседі.

b “Өлген соң адаммен не болады?” деген кітапшаның 5—16 беттерін қара.

Не білдіңдер?

• Құдай Сөзі қаншалықты күшті?

• Құдайдың шынайы сөзін қалай дұрыс үйрете аламыз?

• Бекіністей берік көзқарастары бар адамдарға Құдай Сөзі қалай әсер ете алады?

• Шындыққа адамдардың көзін жеткізуді қалай үйренуге болады?

[12-беттегі қоршау/сурет]

Құдай Сөзін адамның көзін жеткізерліктей етіп қолдану үшін:

▪ Киелі кітапқа құрметпен қарауға талпындыр

▪ жазба орындарын түсіндір

▪ жүрегіне жеткізу үшін қисынды ой түзе біл

[11-беттегі сурет]

“Рухани семсерді” шебер қолдануды үйрен

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу