Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 15.12. 24—28 бет.
  • Ешқашан сарқылмайтын сүйіспеншілікті дамытыңдар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ешқашан сарқылмайтын сүйіспеншілікті дамытыңдар
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехобаға деген сүйіспеншілік дамытыңдар
  • Иеміз Иса Мәсіхті не себепті сүйеміз?
  • Барлығынан да асып түсетін сүйіспеншілік
  • Сүйіспеншілік бәріне де шыдайды
  • Сүйіспеншілік еш сарқылмайды
  • “Бір-біріңді сүйіп өмір сүріңдер!”
    Ехобаға жақында
  • Сүйіспеншілікке бөленіп нығайыңдар
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Сені сүйетін Құдайды сүй
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Сүйіспеншілігіңіз суып кетпесін!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 15.12. 24—28 бет.

Ешқашан сарқылмайтын сүйіспеншілікті дамытыңдар

‘Сүйіспеншілік бәріне де шыдайды. Сүйіспеншілік ешқашан да сарқылмайды’ (ҚОР. 1-Х. 13:7, 8).

1. a) Сүйіспеншілік жиі немен байланыстырылады? ә) Көп адамдар кімді және нені сүйеді?

СҮЙІСПЕНШІЛІК туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Махаббат туралы әндер де көптеп саналады және адамзат атаулы оны дәріптейді. Әр адам сүйіспеншілікке мұқтаж. Алайда дүкендерде сөреге сыймай тұратын кітаптар мен фильмдерде сүйіспеншілік жиі махаббат туралы ойдан шығарылған әңгімелермен байланыстырылады. Ал Құдайға және жақынына деген шынайы сүйіспеншілік жоқтың қасы. Қазіргі уақытта осы соңғы күндер туралы Киелі кітапта алдын ала айтылған жайттар орын алуда. Адамдар ‘өзімшіл, ақшақұмар, Құдайдан гөрі ләззат-ермекті артық көреді’ (Тім. 2-х. 3:1—5).

2. Нені сүймеуіміз керектігіне байланысты Киелі кітапта не жазылған?

2 Адамдар сүйіспеншілік таныта алады. Дегенмен де Құдай Сөзінде нені сүймеуіміз керектігі және оның себебі жазылған (Тім. 1-х. 6:9, 10). Пауылдың Димас жайлы не жазғаны естеріңде ме? Пауылдың серіктесі болған ол осы дүниенің қызығын жақсы көріп кетті (Тім. 2-х. 4:10). Елші Жохан мәсіхшілерге осындай қауіптің барын ескертті (Жоханның 1-хаты 2:15, 16 оқы). Осы дүниені, оның өткінші қызықтары мен өмір салтын сүйе жүріп, Құдайды және оның жолдарын сүю мүмкін емес.

3. Сүйіспеншілік танытуға байланысты қандай қиындық туындауы мүмкін және осыған байланысты қандай сұрақтар туындайды?

3 Біз осы дүниелік емеспіз, сөйткенмен де осы дүниеде өмір сүріп жатырмыз. Оның сүйіспеншілікке деген бұрмаланған көзқарасының бізге де әсер етуі ықтимал. Сондықтан өте сақ болғанымыз абзал. Олай болса, біз кімге шынайы сүйіспеншілік танытуымыз керек? Бәріне төзетін және ешқашан сарқылмайтын сүйіспеншілікті дамытуға не көмектеседі? Олай еткеніміздің қазір қандай пайдасы бар және болашағымызға қалай әсер етеді? Біз бұл мәселелерге Құдайдың көзқарасымен қарап, соған сай әрекет етуіміз керек.

Ехобаға деген сүйіспеншілік дамытыңдар

4. Құдайға деген сүйіспеншілік қалай өседі?

4 Жерді өңдеп, тұқым себетін диқаншы туралы ойлап көрейікші. Ол тұқым өсім береді деп күтеді (Евр. 6:7). Сол сияқты біздің Құдайға деген сүйіспеншілігіміз де өсуі керек. Бұған қалай қол жеткізуге болады? Жүрегіміздің құнарлы топырағына себілген Патшалық тұқымын күтіп-баптауымыз керек. Ол үшін Киелі кітапты мұқият зерттеп, Құдай туралы білімімізді арттырудың маңызы зор (Қол. 1:10). Қауым кездесулеріне үнемі қатысып, атсалысқанымыз білімімізді арттыруға көмектеседі. Өзімізден былай деп сұрайықшы: “Білімімді тереңдету үшін күш салып жүрмін бе?” (Нақ. с. 2:1—7).

5. a) Ехобаның негізгі қасиеттерін қалай білуге болады? ә) Құдайдың әділдігі, даналығы және күші жайлы не айта аласың?

5 Киелі кітап арқылы Ехоба өзінің қандай тұлға екенін ашады. Киелі жазбаларды зерттеу және Ехоба туралы білімімізді тереңдету арқылы біз оның әділдігіне, күшіне, даналығына және ең басты қасиеті зор сүйіспеншілігіне деген ризашылығымызды арттырамыз. Ехобаның әрбір әрекетінен және орнатқан кемелді заңдарынан оның әділдігін көруге болады (Заң. қ. 32:4; Заб. 18:8). Ехобаның жаратылыстарының үстінен ой жүгірткенде оның керемет даналығына тәнті боламыз (Заб. 103:24). Бүкіл ғаламнан Ехобаның зор құдіреті мен ғаламат күшін көруге болады (Ишая 40:26).

6. Құдай бізге қалай сүйіспеншілік танытты және бұл саған қалай әсер етеді?

6 Құдайдың басты қасиеті — сүйіспеншілік жөнінде не айтуға болады? Құдайдың сүйіспеншілігі мол және оның бәрімізге де әсері бар. Ехоба сүйіспеншілігін адамзат баласын құтқару үшін төлем құрбандығын ұсыну арқылы көрсетті (Римдіктерге 5:8 оқы). Ол бұл төлемді бүкіл адам баласы үшін берді, алайда оның пайдасын тек Құдайдың сүйіспеншілігін бағалап, оның Ұлына сенім танытқан адамдар ғана көреді (Жох. 3:16, 36). Құдайдың Исаны төлем құрбандығы ретінде ұсынғаны біздің бойымызда да оған деген сүйіспеншілік оятуы тиіс.

7, 8. a) Құдайға сүйіспеншілік таныту үшін бізден не талап етіледі? ә) Құдай халқы қандай жағдайларға қарамастан оның өсиеттерін орындауда?

7 Құдайдың бізге жасаған бар жақсылығы үшін оған деген сүйіспеншілігімізді қалай көрсете аламыз? Құдай Сөзі бұған былай деп жауап береді: “Ал өсиеттерін орындағанымыз — Құдайды сүйгеніміз; оларды орындау қиын емес” (Жох. 1-х. 5:3). Иә, Ехоба Құдайға деген сүйіспеншілік бізді оның өсиеттерін орындауға талпындырады. Сол себепті де біз өзгелердің игілігі үшін, оның есімі мен Патшалығы жайлы түбегейлі куәлік береміз. Мұны шын жүректен атқарғанымыз ниетіміздің түзу екенін көрсетеді (Мат. 12:34).

8 Дүниежүзіндегі бауырластарымыз адамдардың Патшалық хабарына немқұрайды қарағандарына немесе бас тартқандарына қарамастан, Құдайдың өсиетін орындауда. Олар қызметтерін толық атқаруға деген талпыныстарын бәсеңдетпейді (Тім. 2-х. 4:5). Сол сияқты біз де өзгелермен Құдай туралы біліммен бөлісеміз және Жаратушымыздың өзге де өсиеттерін орындаймыз.

Иеміз Иса Мәсіхті не себепті сүйеміз?

9. Мәсіх не нәрсеге төзді және бұған оны не талпындырды?

9 Құдайды сүюмен қатар оның Ұлын сүюге де көптеген себептер бар. Исаны ешқашан көрмесек те, ол туралы көбірек білген сайын оған деген сүйіспеншілігіміз де арта түседі (Пет. 1-х. 1:8). Исаға көп нәрсеге төзуге тура келді. Әкесінің еркін орындап жүрген оны адамдар себепсіз жек көрді, қуғындады, жала жапты, балағаттады және басқалай кемсітті (Жохан 15:25 оқы). Әкесіне деген сүйіспеншілігі Исаны осы қиыншылықтардың бәріне төзуге талпындырды. Сүйіспеншілігі қозғау салған ол өмірін құрбан етуі арқылы көптеген адамдардың азаттық төлемін өтеді (Мат. 20:28).

10, 11. Мәсіхтің бізге жасаған жақсылықтары бізді не істеуге талпындырады?

10 Исаның үлгісі бізге әсер етеді. Оның біз үшін не істегені туралы ой жүгірткеніміз оған деген сүйіспеншілігімізді арттыра түседі. Исаның шәкірті ретінде біз де дәл сондай сүйіспеншілік дамытып, оның Патшалық туралы ізгі хабар тарату және шәкірт дайындау туралы өсиеттерін төзімділікпен орындауымыз керек (Мат. 28:19, 20).

11 Мәсіхтің бүкіл адамзатқа танытқан сүйіспеншілігі тапсырмамызды осы дүниенің соңы келгенге дейін атқара беруге талпындырады (Қорынттықтарға 2-хат 5:14, 15 оқы). Мәсіх зор сүйіспеншілігінің арқасында Құдайдың адамзатқа қатысты ниетін орындай алды. Ал Мәсіхті барынша үлгі тұтқанымыз әрқайсымызға Құдай ниетінің орындалуына үлес қосуға мүмкіндік береді. Бұл үшін Құдайға деген сүйіспеншілікті барынша дамытуымыз қажет (Мат. 22:37). Исаның тәліміне құлақ асып, өсиеттерін орындау арқылы оған деген сүйіспеншілігімізді көрсетеміз. Сондай-ақ Исаға еліктеп, Құдайдың бүкіләлемдік билігін барлық жағдайда қолдайтынымызды паш етеміз (Жох. 14:23, 24; 15:10).

Барлығынан да асып түсетін сүйіспеншілік

12. Пауыл “барлығынан да асып түсетін жол” деп қандай жолды айтты?

12 Елші Пауыл Мәсіхтің ізімен тура жүргендіктен бауырластарды өзіне еліктеуге шақыра алды (Қор. 1-х. 11:1). Ол бірінші ғасырда Қорынт қаласындағы мәсіхшілерді киелі рухтың сауықтыру мен бөтен тілдерде сөйлеу сияқты дарындарын іздеуге шақырғанымен, әлдеқайда артық бір нәрсенің бар екенін көрсетті. Қорынттықтарға 1-хат 12:31-де ол: “Мен барлығынан да асып түсетін жолды көрсетемін”,— деді. Мәнмәтіннен көрінетіндей Пауыл сүйіспеншіліктің керемет жолы туралы айтқан. Неге ол барлығынан да асып түсетін жол болып табылады? Пауыл мұны да түсіндірді (Қорынттықтарға 1-хат 13:1—3 оқы). Ол керемет қабілеттерге ие болып, ұлы істер жасағанымен сүйіспеншілігі болмаса, мұның еш пайдасы болмас еді! Құдай рухы Пауылға осындай тұжырым жасауға көмектесті. Бұл сөздер бізге де әсер етпей қоймайды.

13. a) 2010 жылғы мәтін қандай? ә) Қандай мағынада сүйіспеншілік еш сарқылмайды?

13 Әрі қарай Пауыл сүйіспеншіліктің қандай болу керектігін және қандай болмау керектігін түсіндірді (Қорынттықтарға 1-хат 13:4—8 оқы). Ал енді біз осындай сүйіспеншілікті танытып жүрміз бе, жоқ па соны тексеріп көрейік. Әсіресе 7-тармақтың соңғы бөлігіне және 8-тармақтың алғашқы бөлігіндегі: ‘Сүйіспеншілік бәріне де шыдайды. Сүйіспеншілік ешқашан да сарқылмайды’ деген сөздерге назар аударайық. Бұл сөздер 2010 жылғы мәтін ретінде таңдалған. 8-тармақта Пауыл пайғамбарлық ету және бөтен тілде сөйлеу сияқты мәсіхшілер қауымының алғашқы кезеңінде рух арқылы берілген дарындардың тоқталатыны жайлы айтқан. Ал сүйіспеншілік әрқашан бола бермек. Сүйіспеншілік Ехобаның болмысының ажырамас бөлігі, ал Ехоба мәңгі бар болады. Сол себепті сүйіспеншілік те еш сарқылмайды. Ол мәңгі бола беретін Құдайымыздың басты қасиеті болып қала бермек (Жох. 1-х. 4:8).

Сүйіспеншілік бәріне де шыдайды

14, 15. a) Сүйіспеншілік қуғын-сүргінге төтеп беруге қалай көмектеседі? ә) Не себепті бір жас бауырлас сенімнен бас тартпауды шешті?

14 Қандай сынаққа, күрделі жағдайға немесе қиыншылыққа кезікпесін, бәріне төзе білуге мәсіхшілерге не көмектеседі? Ең алдымен принципке негізделген сүйіспеншілік. Мұндай сүйіспеншіліктің арқасында дүние-мүлкімізден ғана емес, Мәсіх үшін мінсіздігімізді сақтап, тіпті өмірімізден де айырылуға дайын боламыз (Лұқа 9:24, 25). Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін концлагерьлерде, еңбекпен түзеу лагерьлерінде азап шеккендеріне қарамастан адалдықтарын сақтаған Куәгерлер туралы ойлап көріңдерші.

15 Германияда тұрған жас Куәгер Вильгельмнің мысалын қарастырайықшы. Нацистер өлім жазасына кессе де, ол адалдығын сақтап қалды. Туыстарына жазған қоштасу хатында ол: “Көсеміміз Иса Мәсіх айтқандай, ең бастысы Құдайды сүюіміз керек. Егер оның жағында болсақ ол бізге батасын береді”,— деп жазды. Кейіннен “Күзет мұнарасы” журналында оның бір туысының мынадай сөздері басылды: “Сол аласапыран кезеңде бүкіл отбасы болып Құдайға деген сүйіспеншілігіміздің суып кетпеуіне қам жасадық”. Қазіргі кезде Армения, Эритрея, оңтүстік Корея және өзге де елдердегі түрмеде отырған бауырластар да осындай рух танытуда. Олар Ехобаға деген сүйіспеншіліктерін берік сақтауда.

16. Малавидегі бауырластарға қандай қиындықтарға төзуге тура келді?

16 Көп елдерде біздің бауырластарымыздың сенімі мен төзімділігі басқалай сыналуда. Малавидегі Ехоба куәгерлерінің ісіне 26 жыл бойы тыйым салынып, оларға өте қатты қарсылық пен көптеген қатыгездікке төзуге тура келді. Олардың төзімділік танытқандары бекер болған жоқ. Қуғын-сүргін басталған кезде бұл елде 18 000-ға жуық Куәгер бар-тын. Отыз жылдан кейін олардың саны 38 393-ке жетті, яғни екі еседен көп өсім болды. Басқа да елдерде осындай нәтижеге қол жеткізілді.

17. Кейбір бауырластар отбасы мүшелерінің тарапынан қандай қиыншылықтар көрді және оларға төзімділік танытуға не көмектесті?

17 Әрине, Құдай халқына қысымға төтеп беру оңай емес. Бірақ отбасы мүшелерінің не туыстардың тарапынан болатын қысым одан да ауыр. Иса осылай болатынын алдын ала айтқан еді және көптеген бауырластардың бұған көзі жетті (Мат. 10:35, 36). Мысалы, жасөспірімдер сенбейтін ата-аналарының тарапынан қысым көреді. Кейбіреулерін үйден қуып жіберген, бірақ бауырластар мейірімділік танытып, оларды өз қолдарына алды. Өзгелерінен әке-шешесі мүлдем бас тартқан. Оларға төзімділік танытуға не көмектесті? Бауырластарға және ең бастысы Ехоба мен оның Ұлына деген сүйіспеншіліктері (Пет. 1-х. 1:22; Жох. 1-х. 4:21).

18. Бәріне де шыдайтын сүйіспеншілік некедегі мәсіхшілерге қалай көмектеседі?

18 Бәріне де шыдайтын сүйіспеншілікті танытуымыз қажет болатын жағдайлар көптеп саналады. Ерлі-зайыптыларға мұндай сүйіспеншілік Исаның: “Құдай қосқанды адам баласы ажыратпасын!”— деген сөздеріне сай өмір сүруге көмектеседі (Мат. 19:6). Некедегі мәсіхшілер “ауыртпалық” көргенде Ехобамен қарым-қатынастарын ұмытпаулары керек (Қор. 1-х. 7:28). Оның Сөзінде сүйіспеншілік “бәріне де шыдайды” делінген. Ерлі-зайыптылар осы қасиетті танытқанның арқасында бір-біріне жақын болып, некелерін көркейтеді (Қол. 3:14).

19. Табиғи апат болған жерде Құдай халқы қалай әрекет етті?

19 Сүйіспеншілік табиғи апат кезінде бәріне де шыдауға көмектеседі. Бұл Перудің оңтүстігінде қатты жерсілкініс болғанда және Американың кейбір штаттарында Катрина дауылы соққанда анық көрінді. Көп бауырластарымыз үйлері мен дүние-мүлкінен айырылып қалған еді. Алайда дүниежүзілік қауым сүйіспеншілік танытып көмек жіберді, ал ерікті қызметшілер бауырластардың үйлері мен Патшалық сарайларын қайта қалпына келтірді. Бұл істері бауырластарымыздың барлық уақытта және кез келген жағдайда бір-біріне сүйіспеншілік танытып қамқорлық көрсететінін дәлелдейді (Жох. 13:34, 35; Пет. 1-х. 2:17).

Сүйіспеншілік еш сарқылмайды

20, 21. a) Неліктен сүйіспеншілік баға жетпес қасиет дей аламыз? ә) Не себепті сүйіспеншілік жолымен жүруге бел будың?

20 Құдай халқының мысалынан барлығынан да асып түсетін сүйіспеншілік жолымен жүрудің даналыққа жататынын көруге болады. Расында да, сүйіспеншілік таныту барлық жағынан пайдалы. Елші Пауылдың мұны қалай суреттегеніне назар аударайықшы. Алдымен ол рухтың дарындары тоқталатыны және мәсіхшілер қауымының кемеліне жететіні туралы жазған. Содан соң былай деп қорытындылаған: “Ал қазірше мына үшеуі қалады: сенім, үміт, сүю; ал сүю — бұлардың бәрінен артық” (Қор. 1-х. 13:13 Тт).

21 Сеніп жүрген нәрселеріміз орындалып қойған соң, енді оған деген сенімнің қажеті жоқ. Үмітіміз ақталғанда, әрі қарай үміттенудің керегі болмайды. Ал сүйіспеншілік жайында не деуге болады? Ол ешқашан сарқылмайды. Ол әрқашан болады. Мәңгілік өмір сүру үмітімізді көз алдымызда ұстасақ, Құдайдың сүйіспеншілігін сезініп, тереңірек түсінетін боламыз. Ешқашан сарқылмайтын сүйіспеншілік жолымен жүріп, Құдай еркін орындасақ, мәңгі өмір сүреміз (Жох. 1-х. 2:17).

Қалай жауап берер едіңдер?

• Неліктен сүйіспеншілікке деген бұрыс көзқарастан абай болуымыз керек?

• Сүйіспеншілік не нәрсеге төзуге көмектесе алады?

• Сүйіспеншілік ешқашан сарқылмайды деген нені білдіреді?

[27-беттегі сөздер]

2010 жылғы мәтін: “Сүйіспеншілік бәріне де шыдайды. Сүйіспеншілік ешқашан да сарқылмайды” (Қор. 1-х. 13:7, 8).

[25-беттегі сурет]

Құдайға деген сүйіспеншілік бізді куәлік етуге талпындырады

[26-беттегі сурет]

Сарқылмас сүйіспеншіліктерінің арқасында Малавидегі бауырластарымыз сынақтарға төзе алды

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу