Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 15.12. 20—24 бет.
  • Мәсіх — Құдай жіберген құтқарушы!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Мәсіх — Құдай жіберген құтқарушы!
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Мәсіх жайлы “қасиетті құпия” біртіндеп ашылды
  • Исаның Мәсіх екендігінің дәлелдері
  • Мәсіхті тыңдаңдар
  • Мәсіх неге өлу керек болды?
  • Мәсіхтің өз рөлін толық орындауы
  • Сендер Мәсіхті таптыңдар ма?
  • Иса Мәсіх деген кім?
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Олар Мәсіхті күтті
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Иса Мәсіх — Құдай туралы білімнің кілті
    Мәңгілік өмірге алып баратын білім
  • Иса Мәсіх деген кім?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 15.12. 20—24 бет.

Мәсіх — Құдай жіберген құтқарушы!

“Адам атамен байланыстағылардың бәрі өлуге тиіс болғанындай, Мәсіхпен байланыстағылардың бәрі де тіріледі” (ҚОР. 1-Х. 15:22).

1, 2. a) Исаны көрген Әндір мен Філіп қандай тұжырым жасады? ә) Неге бірінші ғасырдағы шәкірттерге қарағанда бізде Исаның Мәсіх екендігінің дәлелдері әлдеқайда көп деуге болады?

НАЗАРЕТТІК Исаның Құдайдың майланғаны екендігіне толық сенімді болған Әндір ағасы Петірге: “Біз Мәсіхтің Өзін таптық!”— деді. Ал Філіп досы Натанайылды тауып алып, оған: “Біз Мұса Тауратта жазған, басқа пайғамбарлар да өз жазбаларында айтып кеткен Мәсіхті таптық! Ол — назареттік Жүсіптің ұлы Иса!”— деді (Жох. 1:40, 41, 45).

2 Сендер Исаның ‘құтқарылуымыз’ үшін Ехоба жіберген Мәсіх екендігіне толық сенімдісіңдер ме? (Евр. 2:10). Оның Мәсіх екендігінің дәлелдері бірінші ғасырдағы шәкірттерге қарағанда бізде әлдеқайда көп. Исаның туылған күнінен бастап, қайта тірілгеніне дейінгі өмірі сипатталған Құдай Сөзінде оның Мәсіх болғандығының бұлтартпас дәлелдері бар (Жохан 20:30, 31 оқы). Сондай-ақ одан Иса өзінің Мәсіх ретіндегі рөлін көкке барған соң да атқара беретінін көруге болады (Жох. 6:40; Қорынттықтарға 1-хат 15:22 оқы). Киелі кітаптан білгендеріңнің негізінде сендер де “Мәсіхті таптық” деп айта аласыңдар. Бірақ, алдымен, бірінші ғасырдағы шәкірттерде Мәсіхті таптық деуге қандай негіз болғанын қарастырайық.

Мәсіх жайлы “қасиетті құпия” біртіндеп ашылды

3, 4. a) Бірінші ғасырдағы шәкірттер ‘Мәсіхті қалай тапты’? ә) Неге Мәсіхке қатысты пайғамбарлықтар тек Исада орындалды деп айтуға болады?

3 Исаның бірінші ғасырдағы шәкірттері оның Мәсіх екендігіне неге сенімді болған? Пайғамбарлар арқылы Ехоба уәде етілген Мәсіхке қатысты жайттарды біртіндеп ашып отырған. Мұны келесі мысалмен түсіндіруге болады. Бірнеше адам көйлектің әртүрлі бөліктерін тікті делік. Біреуі кеудесін, екіншісі жеңдерін, ал тағы біреуі етегін. Тігілген бөліктерді біріктірген кезде, бір адамның қолынан шыққандай әп-әдемі көйлек пайда болды. Мұны кездейсоқтық деуге бола ма? Алдын ала біреу көйлекті пішіп, бөліктерін оларға үлестіріп берді деп тұжырымдау қисынды емес пе? Сол көйлектің бөліктері сияқты, Мәсіхке қатысты пайғамбарлықтардың әрқайсысында оның кім екенін анықтауға көмектесетін мәлімет жазылған.

4 Мәсіхке қатысты пайғамбарлықтың барлығы бір адамның өмірінде кездейсоқ орындалуы мүмкін бе? Бір зерттеушінің пікірінше, бір адамның өмірінде Мәсіхке қатысты пайғамбарлықтардың бәрінің орындалуы кездейсоқтық деп айту қисынға келмейді. Сол себепті де ондай пікірді жоққа шығаруға болады. Сонымен ол зерттеуші “Иса, тек қана ол, Мәсіхке қатысты пайғамбарлықтарды түгел орындады” деген тұжырым жасады.

5, 6. a) Шайтанға шығарылған үкім қалай жүзеге асады? ә) Құдай “ұрпақ” кімдердің әулетінен шығатынын қалай ашты?

5 Мәсіхке қатысы бар пайғамбарлықтар бүкіләлемдік маңызы бар “қасиетті құпия” болып табылады (Қол. 1:26, 27; Жар. 3:15). Сондай-ақ бұл құпияға Шайтан Ібіліске, яғни адамзатты күнә мен өлімге душар еткен ежелден бері келе жатқан абжыланға, шығарылған үкім де жатады (Аян 12:9). Бұл үкім қалай жүзеге асырылады? Ехоба “әйел” дүниеге әкелген “ұрпақ” Шайтанды жоятынын алдын ала айтты. Осылайша бұл ұрпақ бүліктің, ауру мен өлімнің себепшісі болған жыланның басын мыжиды. Алайда алдымен Құдай Шайтанға әйелдің “ұрпағын” өкшесінен шағуға жол береді.

6 Ехоба уәде етілген “ұрпақ” кім болатынын біртіндеп ашты. Ол Ыбырайымға: “Сенің ұрпағың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады”,— деп уәде етті (Жар. 22:18). Мұса Мәсіхтің өзінен жолы үлкен “пайғамбар” болатынын айтты (Заң. қ. 18:18, 19). Дәуітке өзінің ұрпағынан шыққан Мәсіх оның тағында мәңгі отыратыны уәде етілді. Кейіннен пайғамбарлар да мұны растады (Пат. 2-ж. 7:12, 16; Ерм. 23:5, 6).

Исаның Мәсіх екендігінің дәлелдері

7. Неге Иса Құдай “әйелінен” келген деп айтуға болады?

7 Құдай тұңғыш Ұлын, яғни уәде етілген “ұрпақты”, әйелі іспетті рухани жаратылыстардан тұратын көктегі ұйымынан жерге жіберді. Бұл үшін Құдайдың жалғыз Ұлына көктегі өмірден “бас тартып”, кемелді адам ретінде туылу керек болды (Філіп. 2:5—7; Жох. 1:14). Анасы Мәриямның үстіне киелі рух қонғандықтан, Иса “Киелі Бала “Құдайдың рухани Ұлы” деп аталмақ еді (Лұқа 1:35).

8. Иса шомылдыру рәсімінен өткенде Мәсіх туралы пайғамбарлық қалай орындалды?

8 Пайғамбарлықтарда Мәсіхтің қай жерде және қашан дүниеге келетіні айтылған. Иса алдын ала айтылғандай Бетлехемде туылды (Миха 5:2). Бірінші ғасырдағы Мәсіхті асыға күткен яһудилер шомылдыру рәсімін жасаушы Жақия туралы: “Бәлкім, осының өзі Мәсіх шығар?”— деп ойлады. Алайда Жақия: “Менен құдіретті Біреу келе жатыр”,— деді (Лұқа 3:15, 16). Б. з. 29 жылдың күзінде Жақияға келген Иса 30 жасында шомылдыру рәсімінен өтіп, тура уақытысында өзін Мәсіх ретінде көрсетті (Дан. 9:25). Содан кейін ол қызметін бастап: “Енді уақыт жетіп, Құдай Патшалығының жер бетіне орнайтын кезі таяп қалды!”— деген хабарды жариялады (Мар. 1:14, 15).

9. Кейбір жайттарды толық түсінбесе де, Исаның шәкірттері қалай берік сенім танытты?

9 Адамдардың Исаны Патша ретінде қабылдағандары дұрыс болғанымен, олар оның Патша болатын уақыты алда екенін және ол көктен билік ететінін түсінген жоқ (Жох. 12:12—16; 16:12, 13; Ел. іс. 2:32—36). Алайда Иса: “Сендер Мені кім дейсіңдер?”— деп сұрағанда, Петір бірден: “Сіз Мәсіхсіз, мәңгі тірі Құдайдың рухани Ұлысыз!”— деді (Мат. 16:13—16). Кейінірек көптеген шәкірттері Исаның айтқан сөздерін түсінбей, оны тастап кеткенде де Петір солай жауап берді (Жохан 6:68, 69 оқы).

Мәсіхті тыңдаңдар

10. Неге Ехоба Ұлын тыңдау керектігін мықтап ескерткен?

10 Құдай Ұлы көкте құдіретті рухани тұлға болған. Ал жерде ол “Құдайдан келген” өкіл болды (Жох. 16:27, 28). Ол: “Ілімім Менікі емес, Мені Жібергендікі”,— деді (Жох. 7:16). Исаның бет-әлпеті өзгеріске түскен кезде, Ехоба оның Мәсіх екеніне нұсқап: “Оны тыңдаңдар!”— деді (Лұқа 9:35). Иә, Құдайдың Таңдаулысын тыңдауымыз, яғни оған бойсұнуымыз қажет. Бұл үшін сену және игі істер жасау маңызды. Бұл Құдайға ұнамды болып, мәңгі өмірге ие болу үшін аса қажет (Жох. 3:16, 35, 36).

11, 12. a) Бірінші ғасырдағы яһудилер не себепті Исаны Мәсіх ретінде қабылдамады? ә) Исаға кімдер сенді?

11 Исаның Мәсіх екендігінің көптеген дәлелдері болса да, бірінші ғасырда өмір сүрген яһудилердің басым көпшілігі оны қабылдамады. Неге? Өйткені олардың Мәсіхке байланысты бұрыс түсінікке негізделген өз ой-пікірлері болды. Мысалы, олар Мәсіх римдіктердің езгісінен құтқарады деп ойлады (Жохан 12:34 оқы). Сол себепті, адамдар менсінбей, жалғыз қалдырады, ол азап көріп, көп қасірет шегеді, ақырында өлтіріледі деген пайғамбарлықтардың орындалуын бастан кешірген Исаны олар қабылдай алмады (Ишая 53:3, 5). Римдіктердің езгісінен құтқармағанына тіпті кейбір адал шәкірттерінің де көңілі қалды. Бірақ олар адалдықтарынан таймады, сөйтіп уақыты келгенде оларға дұрыс түсінік берілді (Лұқа 24:21).

12 Адамдардың Исаны Мәсіх ретінде қабылдамауының тағы бір себебі оның қабылдау қиын болған тәлімдері еді. Патшалыққа кіру үшін адамға ‘өз еркі бойынша өмір сүруін қою’, Исаның тәнін “жеп”, қанын “ішу”, қайтадан туылу және осы дүниелік болмау керек-тін (Мар. 8:34; Жох. 3:3; 6:53; 17:14, 16). Менмен, бай және екіжүзді адамдар үшін бұл талаптар өте қиын көрінді. Алайда кішіпейіл яһудилер және “шынында дүниені Құтқарушы Осы екенін білдік” деп айтқан біраз самариялықтар Исаны Мәсіх ретінде қабылдады (Жох. 4:25, 26, 41, 42; 7:31).

13. Бейнелеп айтқанда Исаның өкшесі қалай шағылды?

13 Иса өзін басты діни қызметкерлер өлімге кесетінін, сөйтіп басқа ұлт адамдары бөренеге шегелейтінін, бірақ үшінші күні қайта тірілетінін алдын ала айтты (Мат. 20:17—19). Оның Жоғарғы кеңес алдында ‘Құдайдың рухани Ұлы — Мәсіхпін’ деген сөздері Құдайға тіл тигізу ретінде қабылданды (Мат. 26:63—66). Пилат оның “өлім жазасына кесетіндей ешқандай қылмыс” жасамағанын анықтады, бірақ яһудилердің Рим патшасына қарсы әрекет етіп отырсың деген сөздерінен қорқып, оны “жасақшылардың қолдарына тапсырды” (Лұқа 23:13—15, 25). Сөйтіп яһудилер одан ‘бас тартты’ және Құдайдан келгендігінің көптеген дәлелдеріне қарамастан ‘шынайы өмірдің қайнар көзін өлтіртті’ (Ел. іс. 3:13—15). Мәсіх б. з. 33 жылы Құтқарылу мейрамы күні бөренеге шегеленіп “өлтірілді” (Дан. 9:26, 27 ЖД; Ел. іс. 2:22, 23). Осы аяусыз өлімге кесілу арқылы Жаратылыс 3:15-те алдын ала айтылғандай оның ‘өкшесі’ шағылды (Жар. 3:15).

Мәсіх неге өлу керек болды?

14, 15. a) Қандай екі себеппен Ехоба Исаның өліміне жол берді? ә) Қайта тірілген соң Иса не істеді?

14 Исаның өліміне жол беруге Ехобада екі себеп болды. Біріншіден, Оның өле-өлгенше адалдық сақтағанының арқасында ‘қасиетті құпияға’ жататын маңызды жайт ашыла түсті. Иса кемелді адамның Шайтан жіберген ауыр сынақтарға қарамастан, Құдайға шын берілгендігін сақтап, оның бүкіләлемдік билігінің жағында бола алатынын көрсетті (Тім. 1-х. 3:16). Екіншіден, өзі айтқандай Иса ‘Құдай тағайындаған Билеуші бола тұра... көптеген адамдардың азаттық төлемін өтеу үшін жанын қиюға осы дүниеге келді’ (Мат. 20:28). Осы “сай келетін төлем” Адам атаның ұрпақтарын күнәдан азат етті және Исаны Құдайдан келген құтқарушы деп қабылдайтындардың бәрі үшін мәңгі өмірге жол ашты (Тім. 1-х. 2:5, 6).

15 Үш күннен соң Мәсіх қайта тіріліп, тірілгенін дәлелдеу және қосымша нұсқаулар беру үшін 40 күн бойы шәкірттеріне көрініп жүрді (Ел. іс. 1:3—5). Сонан соң көкке көтеріліп Ехобаға төлем құрбандығының құнын ұсынды және Патша ретінде билігін бастайтын уақытты күтті. Белгіленген уақыт келгенше оның атқаратын ісі көп еді.

Мәсіхтің өз рөлін толық орындауы

16, 17. Исаның көкке көтерілгеннен кейінгі Мәсіх ретіндегі рөлін суреттеп бер.

16 Иса қайта тірілгеннен кейін ғасырлар бойы өзі Патша ретінде басшылық етіп отырған мәсіхшілер қауымының әрекетін адалдықпен бақылады (Қол. 1:13). Белгіленген уақыты келгенде ол Құдай патшалығының патшасы ретіндегі билігін жүзеге асыра бастауы керек еді. Киелі кітап пайғамбарлықтары және орын алған оқиғалар Исаның Патша ретіндегі билігін 1914 жылы бастағанын көрсетеді. Дәл осы уақытта осы дүниенің соңғы күндері де басталған болатын (Мат. 24:3; Аян 11:15). Көп ұзамай Иса қасиетті періштелерімен бірге Шайтан мен оның жын-перілерін көктен қуды (Аян 12:7—10).

17 Иса б. з. 29 жылы бастаған уағыздау және тәлім беру ісі өзінің шарықтау шегіне жақындап келеді. Жақында Мәсіх адамдардың бәріне сот жүргізеді. Өзін Ехоба жіберген құтқарушы ретінде қабылдаған қой іспетті адамдарға ол: “Әлем жаратылғаннан бері өздеріңе дайындалған Патшалықтан үлестеріңді алыңдар!”— деп айтады (Мат. 25:31—34, 41). Ал оны Патша ретінде қабылдамаған адамдарды көктегі әскерімен келгенде жердегі зұлымдық атаулымен бірге жойып жібереді. Содан кейін Иса Шайтанды шынжырлап, жын-перілерімен қоса “түпсіз тұңғиыққа” тастайды (Аян 19:11—14; 20:1—3).

18, 19. Мәсіх ретінде Иса қандай істерді атқарады және тілалғыш адамзат баласын не күтіп тұр?

18 Мыңжылдық Патшалығы кезінде Иса өзінің “керемет ақылды Кеңесші, Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке, Тыныштық пен амандықты сыйлайтын Әмірші” деген лауазымдарына сай әрекет етеді (Ишая 9:6, 7). Оның Патшалығы кезінде барлық адамдар, олардың ішінде қайта тірілгендер де бар, кемелділікке жетеді (Жох. 5:26—29). Мәсіх тілалғыш адамдарды “өмір суының бұлақтарына жетелейді”, сөйтіп олар Ехобамен татуласады (Аян 7:16, 17 оқы). Шешуші сынақтан кейін Шайтан мен жын-перілерді қоса алғанда, барлық бүлікшілер “күкіртпен жанып тұрған отты көлге тасталады”, яғни Мәсіх “жыланның” басын мыжиды (Аян 20:10).

19 Иә, Иса өзінің Мәсіх ретіндегі рөлін керемет түрде әрі мүлтіксіз орындайды. Жер бетін төлемі өтелген, денсаулығы жақсы әрі бақытты адамдар мекендейтін болады. Ехобаның киелі есімі қастерленеді және оның бүкіләлемдік билігі ақталады. Құдай тағайындаған Мәсіхке мойынсұнатын адамдарды қандай керемет болашақ күтіп тұр десеңші!

Сендер Мәсіхті таптыңдар ма?

20, 21. Өзгелерге Мәсіх жайлы айтуға қандай себептер бар?

20 1914 жылдан бері біз Мәсіхтің парусиасы, яғни билік етіп отырған кезінде өмір сүріп жатырмыз. Құдай Патшалығы көзге көрінбесе де, орындалып жатқан пайғамбарлықтардан оның билік етіп жатқанын көреміз (Аян 6:2—8). Алайда бірінші ғасырдағы сияқты, бүгінде көп адам Мәсіхтің билікке келгеніне сенбейді. Олар да саяси істерге араласатын не саясаткерлер арқылы әрекет ететін Мәсіхті күтеді. Ал сендер Исаның Құдай тағайындаған Патша ретінде билік етіп отырғанын білдіңдер. Бұл сендерді жігерлендіргені сөзсіз. Бірінші ғасырдағы шәкірттер сияқты сендер де: “Біз Мәсіхтің Өзін таптық!”— дегендерің шүбәсіз.

21 Бүгінде адамдармен шындық туралы сөйлескенде Исаның Мәсіх ретіндегі рөліне баса назар аударасыңдар ма? Бұлай еткендерің оның сендер үшін істеген және істейтін жақсылықтарына деген ризашылықтарыңды арттырады. Әндір мен Філіп сияқты, сендер де туыстарың мен достарыңа Мәсіх туралы айтқандарың күмәнсіз. Неге оларға тағы да құлшыныспен уағыздап, Исаның шын мәнінде Ехоба жіберген Мәсіх екенін көрсетпеске?

Түсіндіріп бере аласың ба?

• Бірінші ғасырдағы шәкірттер Мәсіхті қалай тапты?

• Исаның өлуіне қандай екі маңызды жайт себеп болды?

• Мәсіх ретіндегі рөлін Иса болашақта қалай орындайды?

[21-беттегі суреттер]

Бірінші ғасырдағы адамдар Исаның уәде етілген Мәсіх екенін қалай білер еді?

[23-беттегі сурет]

Өзгелермен әңгімелескенде Исаның Мәсіх ретіндегі рөліне назар аударасың ба?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу