Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 15.12. 29—31 бет.
  • Киелі кітап үлкен қызыл аралға жетті

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Киелі кітап үлкен қызыл аралға жетті
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Аударма ісі басталды
  • Кедергілерді жеңу
  • Қуаныш ұзаққа созылмады
  • Малагасийлер Құдай Сөзін сүйеді
  • Ехоба — адамзатпен тілдесетін Құдай
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 15.12. 29—31 бет.

Киелі кітап үлкен қызыл аралға жетті

АФРИКА құрлығынан оңтүстік шығысқа қарай 400 шақырым қашықтықта Мадагаскар аралы орналасқан. Ол жер шарындағы ең ірі төрт аралдың бірі. Аралдың негізгі тұрғындары малагасийлер Құдай есімі Ехоба екенін бұрыннан біледі. Себебі олар Құдайдың есімі жазылған Киелі кітап аудармасын жүз жетпіс жыл бойы қолданып келеді. Бұл Киелі кітап аудармашыларының табандылық пен шын берілгендік танытқандарының арқасында жарық көрді.

Алғашында Киелі кітапты малагаси тіліне аудару жұмыстары жақын маңдағы Маврикий аралында бастау алды. 1813 жылы Маврикийдің британдық әкімі Роберт Фаргуардың арқасында малагаси тіліне Ізгі хабарлар аударылды. Кейіннен ол Мадагаскардың патшасы Радама І-ден үлкен қызыл аралға, яғни Мадагаскарға, Лондондағы миссионерлер қоғамынан оқытушылар шақыртуын сұрады.

1818 жылдың тамыз айының 18 жұлдызынан бастап Уельстен келген Давид Джонс пен Томас Беван есімді миссионерлер Маврикийден Мадагаскардың Туамасина портына келді. Өте діншіл келетін ол жердің тұрғындары ата-бабаларына сиынады және жергілікті әдет-ғұрыптарды қатты ұстанады. Олар малагаси тілінде сөйлейді. Малейя-полинезия тобына жататын малагаси тілі — өте бай тіл.

Шағын мектеп ашқан соң Джонс пен Беван әйелдері мен бала-шағасын Маврикийден Туамасинаға көшіріп әкелді. Алайда, барлығы малярия ауруына шалдығып, 1818 жылдың желтоқсанында Джонстың әйелі мен баласы көз жұмды. Ал екі айдан соң сол ауруға шалдыққан Бевандар отбасы түгел қайтыс болды. Олардың ішінде аман қалғаны тек Давид Джонс қана болды.

Джонс басына түскен бақытсыздықтың сағын сындыруына жол бермеді. Ол Құдай Сөзін Мадагаскар тұрғындарына жеткізуге бел буған еді. Джонс емделу үшін Маврикийге барып қайтқан соң, малагаси тілін үйренуге кірісті. Бұл оңай емес еді. Көп ұзамай ол Жохан жазған ізгі хабардың алғашқы жобасын аударуды бастады.

1820 жылдың қазан айында Джонс Мадагаскарға қайта оралды. Ол ел астанасы Антананариву қаласына тоқтап, көп кешікпей жаңа мектеп ашты. Алғашында жағдай нашар еді: оқулықтар, тақта және үстел болмады. Бірақ оқу бағдарламасы керемет еді және балалар да үйренуге құштар болатын.

Шамамен жеті ай жалғыз өзі жұмыс істеген соң, Джонсқа көмекке Дейвид Гриффитс деген миссионер келді. Шаршау дегенді білмейтін бұл екеуі Киелі кітапты малагаси тіліне аудару үшін аянбай еңбек етті.

Аударма ісі басталды

1820 жылдардың басында малагаси тілінде сорабе деп аталатын бір ғана жазу үлгісі — араб қарпімен жазылған малагаси сөздері — болған. Бұл жазуды аз ғана адам оқи алатын еді. Сол себепті миссионерлер Радама І патшамен ақылдасып, ол сорабенің орнына Рим әліпбиін қолдану туралы жарлық шығарды.

Аударма жұмысы 1823 жылдың 10 қыркүйегінде басталды. Джонс Жаратылыс кітабы мен Матай жазған ізгі хабарды, ал Гриффитс Мысырдан шығу кітабын және Лұқа жазған ізгі хабарды аударды. Екеуі де талмастан еңбек етті. Аударма жұмысымен қатар олар таңертең және түстен кейін мектепте сабақ беріп жүрді. Сондай-ақ үш тілде діни қызметті жүргізетін. Бірақ аударма жұмысы олар үшін ең басты іс болды.

Он екі шәкірттерінің көмегімен олар толық Грек жазбаларын және Еврей жазбаларының көбісін бар болғаны 18 айдың ішінде аударып шықты. Келесі жылдың ішінде Киелі кітап толық аударылып бітті. Әрине, түзетулер мен өзгерістер жасау қажет еді. Сол себепті Англиядан көмекке тіл мамандары Дейвид Джонс пен Джозеф Фриман жіберілді.

Кедергілерді жеңу

Малагаси тіліне Киелі кітап толық аударылып біткен соң, Лондонның миссионерлер қоғамы Мадагаскардағы алғашқы баспа машинасын орнату үшін Чарльз Ховенденді жіберді. Ховенден 1826 жылдың қараша айының жиырма бірінші жұлдызында аралға келді. Алайда бір ай болмай жатып ол малярия ауруынан қайтыс болды. Ал баспа машинасымен тек ол ғана жұмыс істей алатын. Келесі жылы Шотландиядан Джеймс Камерон есімді он саусағынан өнер тамған адам баспа машинасының бөлшектерінің арасынан табылған басшылықтың көмегімен оны құрастырды. 1827 жылдың 4 желтоқсанында Камерон әрең дегенде Жаратылыс кітабының 1-тарауының бір бөлігін басып шығардыa.

1828 жылы 27 шілдеде Радама І патша қайтыс болған соң, аудармашылар тағы бір кедергіге кезікті. Радама патша аудару ісіне өте көп қолдау көрсеткен болатын. Дейвид Джонс ол туралы былай деген еді: “Радама патша өте мейірімді де ілтипатты. Ол білім алу маңызды екенін түсінеді және халқын өркениет пен мәдениетке үйрету ол үшін алтын мен күмістен артық”. Алайда оның орнын әйелі Ранавалона І басты. Көп кешікпей-ақ, оның аударма жұмысына қолдау көрсетпейтіні анық болды.

Патшайым таққа отырған соң, көп ұзамай Англиядан келген бір мырза онымен аударма жұмысы туралы әңгімелескісі келді. Алайда патшайым онымен кездесуден бас тартты. Басқа жолы миссионерлер патшайымға халықты, грек және еврей тілдерін қоса алғанда, әлі көп нәрсеге үйрету керектігін айтты. Сонда патшайым: “Мені грек пен еврей тілдері онша қызықтырмайды, одан да халқымды бір пайдалы іске, мысалы, сабын шығару ісіне үйрете аласыңдар ма, соны айтыңдаршы”,— деді. Малагаси тіліндегі Киелі кітап шықпай жатып елден қуылуы мүмкін екенін түсінген Камерон патшайымнан ойланып көруге бір апта уақыт беруін сұрады.

Келесі аптада Камерон патшайымның қызметшілерінің қолына жергілікті заттардан жасалған екі сабын ұстатты. Шебер миссионерлердің осы және басқа да пайдалы істеріне патшайымның көңілі толды. Сондықтан олардың Еврей жазбаларының барлық дерлік кітаптарын басып шығаруға жеткілікті уақыттары болды.

Қуаныш ұзаққа созылмады

Алғашында миссионерлердің өтінішін қабыл алмағанымен, 1831 жылдың мамыр айында патшайым таңғалдырарлық жарлық шығарды. Ол халқының мәсіхші ретінде шомылдыру рәсімінен өтуіне рұқсат етті. Алайда бұл ұзаққа созылмады. Бір тарихи кітапта айтылғандай, “жергілікті халықтың шомылдыру рәсімінен өтіп жатқаны патша сарайындағы консервативті пиғылдағы адамдардың қитығына тиіп, олар патшайымды діни қызметтерге қатысу Британия билігіне құлшылық етумен барабар дегенге сендірді” (“A History of Madagascar”). Осылайша ол жарлық алты-ақ айдан кейін, 1831 жылдың аяғында күшін жоғалтты.

Патшайымның көзқарасының өзгеруі мен патша сарайында ескі көзқарасты ұстанатындардың ықпалының өсіп жатқаны миссионерлерді Киелі кітапты басып шығару ісін тезірек аяқтауға талпындырды. Грек жазбалары аяқталып, оның мыңдаған көшірмелері қолданысқа енді. Алайда 1835 жылдың 1 наурызында тағы бір кедергі пайда болды. Ранавалона І патшайым мәсіхшілікке тыйым салып, олардың барлық кітаптарын тәркілеуді бұйырды.

Патшайымның жарлығына сай Киелі кітапты басып шығару жұмыстарына малагасийлерді қосуға болмайтын еді. Сол себепті, бірлі-жарым миссионердің күні-түні жұмыс істеуіне тура келді. Ақыр аяғында, 1835 жылдың маусым айында толық Киелі кітап жарық көрді. Осылайша малагасийлер Құдай Сөзін ана тілінде оқуға мүмкіндік алды!

Тыйым салынғандықтан миссионерлер Киелі кітапты жылдам халыққа таратты, ал 70 данасын тығып тастады. Бұл уақтылы істелген іс еді, өйткені бір жылдың ішінде Мадагаскар аралында айналдырған екі миссионер ғана қалды. Десе де, Құдай сөзі бұл жерде кеңінен таралып жатты.

Малагасийлер Құдай Сөзін сүйеді

Құдай Сөзін ана тілінде оқи алғандарына Мадагаскар тұрғындары қалай қуанды десеңші! Аударма кемшіліксіз емес әрі онда ескі тіл қолданылған. Дегенмен әрбір үйде Киелі кітап бар және малагасийлердің көбісі оны жүйелі түрде оқиды. Бұл аударманың ерекшелігі — Еврей жазбаларында Құдай есімі Ехоба көп қолданылған. Алғашқы аудармада Құдай есімі Грек жазбаларында да кездеседі. Сол себепті малагасийлердің басым көпшілігі Құдай есімімен таныс.

Грек жазбаларының алғашқы даналары басып шығарылған соң, баспа машинасының операторы Бейкер мырза малагасийлердің қуанышын көріп былай деді: “Мен пайғамбар емеспін, бірақ менің ойымша Құдай сөзі бұл елде әрқашан болады!” Шынымен де солай болды. Малярия ауруы да, қиын тілді үйренудің машақаты да, патшайымның жарлықтары да Құдай сөзінің Мадагаскарда таралуына кедергі бола алмады.

Ал қазіргі жағдай тіптен тамаша. Неліктен? 2008 жылы малагаси тіліндегі “Киелі жазбалар — Жаңа дүние аудармасы” жарық көрді. Бұл керемет аударма деуге болады, өйткені ол қазіргі заманғы тілде жазылған және түсінуге жеңіл. Сонымен қазіргі уақытта үлкен қызыл аралда Құдай Сөзі терең тамыр жаюда (Ишая 40:8).

[Сілтеме]

a 1826 жылдың сәуір, мамыр айларында жарық көрген Он өсиет пен Иеміздің дұғасы Киелі кітаптың малагаси тілінде басылып шыққан алғашқы бөліктері болатын. Ол Маврикий аралында. Алайда олар Радама патшаның отбасының және кейбір билік басындағы адамдардың ғана қолына тиді.

[31-беттегі сурет]

Киелі кітаптың малагаси тіліндегі “Жаңа дүние аудармасында” Құдай есімі қолданылған

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу