Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 15.12. 15—19 бет.
  • Қиындыққа кезіккенде қуанышыңды жоғалтпа

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қиындыққа кезіккенде қуанышыңды жоғалтпа
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехоба — “бақытты Құдай”
  • Парасатты болудың маңызы
  • Құдайдың еркін орындаудан қуаныш алайық
  • “Жаратушы Құдай Иесі қолдаған халық шат-шадыман”
  • Ехоба жаныңызға жай берсін
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
  • “Жұбаныш атаулының” Құдайы Ехобаға сенім артыңдар
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ол ішіндегісін ақтарып дұға етті
    Сенімін серік еткендер
  • Қиындықтарға тойтарыс бер!
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 15.12. 15—19 бет.

Қиындыққа кезіккенде қуанышыңды жоғалтпа

“[Құдайға] үміт артқандар шаттансын, Лайым қуана мадақтап ән салсын” (ЗАБ. 5:12).

1, 2. a) Бүгінде қайғы-қасіретке душар ететін жайттардың кейбірі қандай? ә) Шынайы мәсіхшілер адамзаттың басына түскен қиындықтардан басқа тағы неге төзу керек?

АДАМЗАТТЫҢ басына түскен қиындықтар Ехоба куәгерлерін айналып өтпейді. Құдайдың көптеген қызметшісі қылмыстың, соғыстың және басқа да әділетсіздіктердің құрбаны болған. Табиғи апаттар, жоқшылық, ауру мен өлім де адамзатты қайғы-қасіретке душар етті. “Қазірге дейін бүкіл жаратылыстың толғақ азабы секілді бейнет шегіп, ыңқылдай күрсініп жатқанын білеміз”,— деп, елші Пауыл орынды айтқан (Рим. 8:22). Оның үстіне, өз кемелсіздігіміздің салдарынан да азап шегеміз. Бәлкім, біз де ежелгі Дәуіт патша сияқты: “Істеген күнәларым басымнан асты, Ауыр жүктей денемді жерге жанышты”,— дерміз (Заб. 37:5).

2 Шынайы мәсіхшілер бүкіл адамзаттың басына түскен қиыншылықтардан басқа, бейнелі “азап шегу бағанасын” арқалауда (Лұқа 14:27 ЖД). Демек, Исаның шәкірттерін де адамдар жек көреді және қудалайды (Мат. 10:22, 23; Жох. 15:20; 16:2). Сол себептен жаңа дүниенің баталарын күте жүріп Исаның ізбасары болу үшін, бізге қажымас қайрат пен төзімділік қажет (Мат. 7:13, 14; Лұқа 13:24).

3. Құдайға ұнау үшін мәсіхшілерге қайғырып өмір сүрудің қажеті жоқ екенін қайдан білеміз?

3 Бұл шынайы мәсіхшілер өмірдің қуанышы мен рақатын көрмеулері керек дегенді білдіре ме? Дүниенің соңы келгенше қайғырып, біз мұңайып жүруіміз керек пе? Ехоба өзінің уәделері орындалғанға дейін де біздің бақытты болғанымызды қалайтыны сөзсіз. Киелі кітап Құдай қызметшілерін жиі бақытты халық ретінде суреттейді (Ишая 65:13, 14 оқы). Мысалы, Забур 5:12-де: “[Құдайға] үміт артқандар шаттансын, Лайым қуана мадақтап ән салсын”,— деп жазылған. Демек, қиын-қыстау кезде де біз айтарлықтай шамада қуаныш пен жан тыныштығын сезініп, өмірден қанағат ала аламыз. Қазір Киелі кітаптың қиыншылықтарға төзуге және қуанышты жоғалтпауға қалай көмектесетінін қарастырайық.

Ехоба — “бақытты Құдай”

4. Жаратылыстары өзіне мойынсұнбағанда, Ехоба қандай күй кешеді?

4 Ехобаның үлгісін қарастырып көрейікші. Ол құдіреті шексіз Құдай әрі бүкіл әлем оның билігінде. Оның үстіне, Ехоба ешкімге де, еш нәрсеге де мұқтаж емес. Ол теңдесі жоқ күшке ие болса да, рухани ұлдарының бірі бүлік шығарғанда, қандай да бір шамада көңілі қалған болу керек. Кейінірек бүлікші Шайтанға басқа періштелердің де қосылғаны оған ауыр тиді. Топырақтан ғажап жаратылған өнер туындысы Адам мен Хауа да Құдайдан бет бұрды. Сонда Құдайдың жаны қалай ауырғанын ойлап көрші. Сол заманнан бері олардың миллиардтаған ұрпағы Ехобаның билігін мойындаудан бас тартқан (Рим. 3:23).

5. Ехобаға әсіресе қандай жағдай ауыр тиді?

5 Шайтан көтерген бүлік әлі басылған жоқ. Ехобаның пұтқа табынушылықты, зорлық-зомбылықты, қылмыс пен азғындықты көріп келе жатқанына шамамен 6 000 жыл болды (Жар. 6:5, 6, 11, 12). Бұдан басқа Құдай адамдардың өзіне жала жауып, тіл тигізіп жатқандарын естіген. Тіпті шынайы қызметшілері де кейде оның жанын ауыртады. Киелі кітапта осындай бір жағдай туралы былай делінген: “Қанша рет олар иен түзде бас көтерді, Айдалада Оны қапаландырды! Қайта-қайта еркінсіп сынап Құдайды, Исраилдің Киелі Құдайын қайғыртты” (Заб. 77:40, 41). Қызметшілері өзінен бас тартқанда да Құдай қайғырады (Ерм. 3:1—10). Жамандық орын алғанда, Ехобаның азап шегетіні анық (Ишая 63:9, 10 оқы).

6. Көңіл қалдыратын жағдайда Құдай не істейді?

6 Жаны ауырғанда да, көңілі қалғанда да Ехоба әрекет етуін тоқтатпады. Қайғылы жағдайлар орын алғанда, оның салдарын азайту үшін Құдай бірден әрекет етуге кірісті. Сондай-ақ ол біртіндеп ниетін толық жүзеге асыратын шаралар қолданды. Осының арқасында Ехоба өз билігінің ақталуы мен адал қызметшілерінің батаға кенелуін қуанышпен күтуде (Заб. 103:31). Ехоба өзіне жала жабылғанына қарамастан, “бақытты Құдай” болып қала берді (Тім. 1-х. 1:11 ЖД; Заб. 15:11).

7, 8. Қиындыққа кезіккенде Ехобаға қалай еліктей аламыз?

7 Әрине, біздің қиындықты шешу қабілетіміз Ехобаныкімен салыстыруға да келмейді. Дегенмен жанға батқан қиындықпен күресуде оған еліктей аламыз. Әрине, жағдайымыз нашарлап жатса, ұнжырғамыздың түсетіні қалыпты жайт, бірақ мұндай күйде қала беруге болмайды. Ехоба бізді өзіне рухани жағынан ұқсас етіп жаратқандықтан, бізде ойлану әрі даналықпен әрекет ету қабілеті бар. Осылардың арқасында кез келген қиындықты жан-жақты қарастырып, мүмкіндігінше жағдайды дұрыстайтын шара қолдана аламыз.

8 Өмірдің қиындықтарына мойымау үшін кейбір жайттарға ықпал ете алмайтынымызды мойындау маңызды. Қатты уайым бізді одан бетер қажытып, шынайы ғибадаттың беретін көптеген қуанышынан айыруы мүмкін. Қиындықты шешу үшін қолымыздан келгенді істеген соң, ең дұрысы — ол жайлы көп ойлауды қойып, әлдеқайда пайдалы іске баса назар аудару. Осыған қатысты Киелі кітапта бір жақсы мысал бар.

Парасатты болудың маңызы

9. Қалай Ханна парасаттылық танытты?

9 Самуил пайғамбардың анасы Ханнаның мысалын қарастырайық. Оның балалы бола алмағаны жанына қатты батқан. Тіпті мазаққа да қалған болатын. Кейде Ханнаның қайғырғаны сонша — егіле жылап, астан дәм татпайтын (Пат. 1-ж. 1:2—7). Бірде ол Ехобаның киелі шатырына келгенде, ‘жылап, көкірегіндегі шерін Жаратқан Иеге ақтарып сиынады’ (Пат. 1-ж. 1:10). Осыдан кейін қасына Ели деген бас діни қызметкер келді де, оған: “Тыныштықпен үйіңе қайта бер. Исраилдің сиынатын Құдайы тілеуіңді қабыл алсын!”— деді (Пат. 1-ж. 1:17). Сонда Ханна қолынан келгеннің бәрін істегенін мойындады. Бедеулікке ол еш ықпал ете алмайтын еді. Сондықтан Ханна парасаттылық танытты. Сол кезден бастап “ол тамақ ішіп, жүзінен қайғының нышаны байқалмайтын болды” (Пат. 1-ж. 1:18).

10. Өзі шеше алмайтын қиындыққа кезіккенде Пауыл қандай көзқарас танытты?

10 Елші Пауыл да қиындыққа кезіккенде осындай көзқарас танытты. Ол бір ауруға шалдығып, қатты қиналды. Пауыл мұны “шаншылып түйрелу азабы” деп атады (Қор. 2-х. 12:7). Қандай ауру болмасын, Пауыл одан арылу үшін қолынан келгеннің бәрін істеді және Ехобадан айықтыруын жалынып сұрады. Осы қиындық жайлы ол қанша рет дұға айтты? Үш рет. Үшіншісінен кейін Құдай оған ‘шаншылып түйрелу азабынан’ керемет түрде сауықтырмайтынын айтты. Сонда Пауыл жағдайына көнді де, бар назарын Ехобаға қызмет етуге аударды (Қорынттықтарға 2-хат 12:8—10 оқы).

11. Қиындықтармен күресуде дұға ету мен жалбарынудың қандай көмегі бар?

11 Бұл мысалдар Ехобаға қиындықтарымыз туралы дұға етуді доғару керек дегенді білдірмейді (Заб. 85:7). Қайта, Құдай сөзі бізді ‘еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштерімізді Құдайға сиынып, тілекпен, шүкіршілікпен білдіруге’ талпындырады. Ехоба мұндай өтініштерге қалай жауап береді? Киелі кітапта әрі қарай былай делінген: “Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды” (Філіп. 4:6, 7). Иә, Ехоба қиындықтарымыздан арылтпаса да, дұғаларымызға ой-санамызды қорғау арқылы жауап береді. Бір жағдай туралы дұға айтқан соң, ой-санамызда тыныштық орнайды, әрі шектен тыс уайымдаудың зиянды екенін түсінуіміз мүмкін.

Құдайдың еркін орындаудан қуаныш алайық

12. Ұзақ уақыт қайғыру неліктен зиян?

12 Нақыл сөздер 24:10-да былай делінген: “Бақытсыздыққа ұшыраған күні еңсең түсетін болса, дәрменсіз боласың” (ЖД). Ал басқа нақыл сөзде: “Жүректің қайғысы көңілді жабырқатар”,— деп жазылған (Нақ. с. 15:13). Кейбір мәсіхшілер қайғы-мұңға беріліп, Киелі кітапты оқып, оның үстінен ой жүгіртуді доғарып жатады. Жеңіл-желпі дұға етеді және бауырластардан оқшауланады. Мұндай күйдің ұзаққа созылғаны зиянды екені анық (Нақ. с. 18:1, 14).

13. Қандай істер қайғы-мұңды сейілтіп, қуанышқа кенелуге көмектеседі?

13 Керісінше, жағымды жайттарды көре білу өміріміздің қуаныш пен қанағат әкелетін жақтарын ұмытпауға көмектеседі. Дәуіт: “Сенің еркіңді орындауға құштармын, Уа, Құдайым”,— деп жазған (Заб. 39:9). Басымызға қиындық түскенде рухани істермен айналысуды тоқтатқанымыз ең үлкен қателік болар еді. Шынында да, ұнжырғамыз түскенде қуанышқа бөлейтін істермен айналысу жанымызға шипа болады. Ехоба бізге Киелі кітапты жүйелі түрде оқып, ой жүгіртудің бақыт пен қанағат әкелетінін айтады (Заб. 1:1, 2; Жақ. 1:25). Киелі Жазбалардан және қауым кездесулерінен жігерлендіретін, жүрегімізді қуанышқа толтыратын ‘ұнамды сөздер’ таба аламыз (Нақ. с. 12:25; 16:24).

14. Ехобаның қандай уәдесі бізге қуаныш сыйлайды?

14 Құдай бізге қуанышты ететін көптеген жайттарды ашты. Оның құтқару уәдесінің өзі қуаныштың қайнар көзі болып табылады (Заб. 12:6). Бүгінде Құдайды іздегендердің бәрі қандай қиындықтарға кезікпесін, ақырында оның сыйына ие болатынын білеміз (Екклесиаст 8:12 оқыa). Аббақұқ пайғамбар осындай сенімділік білдіріп, көркем сөздермен былай деген: “Інжір гүлдемей, жүзім сабағы жеміс бермесе де, зәйтүннің өнімі қашып, дала ырыздығынан қысса да, қорада қой, албарда сиыр қалмаса да, мен Жаратушы Иеме мақтанып, өзімді құтқарушы Құдайым үшін қуанышқа кенелемін” (Абб. 3:17, 18).

“Жаратушы Құдай Иесі қолдаған халық шат-шадыман”

15, 16. Қазіргі кезде қуаныш беретін Құдайдың кейбір сыйларын атап өтіңдер.

15 Біз Ехобаның дайындаған керемет болашағын күтудеміз. Дегенмен Құдай қазірдің өзінде беріп жатқан игіліктерінен қуаныш алғанымызды қалайды. Киелі кітапта: “Мен олар үшін өз өмірлерінде тек жақсылық жасау мен көңіл көтеруден артық ешқандай игілік жоқ екендігін түсіндім. Және де егер әлдебір адам ауқат ішіп-жейтін болса, әрі өзінің ісінен ләззат алатын болса, онда бұл да — Құдайдың сыйы”,— деп жазылған (Екк. 3:12, 13). Басқалардың мүддесі үшін ‘жақсылық жасауымыз’ керек. Иса алғаннан гөрі берген бақытты екенін айтқан. Жұбайымызға, балаларымызға, ата-анамыз бен туыстарымызға жақсылық жасағанымыз бізге зор қанағат әкеледі (Нақ. с. 3:27). Бауырластарымызға мейірімді, қонақжай әрі кешірімді болғанымыз зор қуанышқа бөлейді әрі бұл Ехобаға ұнайды (Ғал. 6:10; Қол. 3:12—14; Пет. 1-х. 4:8, 9). Сондай-ақ қызметімізде жанқиярлық рух таныту көптеген батаға кенелтеді.

16 Жоғарыда келтірілген Екклесиасттың сөздері ішіп-жеу сияқты өмірдің қарапайым қуаныштарына назар аударады. Иә, қиындықтармен күресіп жүрген күннің өзінде Ехобаның беріп жатқан кез келген сыйының рақатын көре аламыз. Оның үстіне, ұясына батқан алтын күнді, әсем табиғат көрінісін, жан-жануарлардың сүйкімді қылығы мен табиғаттың тағы басқа кереметтерін жай ғана тамашалаудың өзі бізді қастерлі сезімге әрі қуанышқа бөлейді. Осындай жайттардың үстінен ой жүгірткеніміз барлық игілік атаулының қайнар көзі — Ехобаға деген сүйіспеншілігімізді арттырады.

17. Қиындықтардан бізді толық арылтатын не және оған дейін жұбанышты қайдан табамыз?

17 Құдайға деген сүйіспеншіліктің және оның талаптарына мойынсұну мен төлем құрбандығына сенім білдірудің арқасында кемелсіз өмірдің салдарынан біржола құтыламыз және мәңгілік бақытқа кенелеміз (Жох. 1-х. 5:3). Сол уақыт келгенше, басымызға түскен кез келген қиындықты Ехобаның білетінін түсінгеніміз бізге жұбаныш береді. Дәуіт: “Қуанып, шаттанамын рақымыңа Сенің, Байқадың Сен мүшкіл халімді менің, Жанымның азабына көңіл бөлдің”,— деп жазды (Заб. 30:8). Ехоба бізді сүйгендіктен барлық қиындықтарымыздан құтқарады (Заб. 33:20).

18. Неліктен Құдайдың халқында қуаныш басым болуы керек?

18 Құдайдың уәделері орындалатын кез келгенше, бақытты Ехоба Құдайға еліктейік. Жағымсыз сезімдердің кесірінен рухани істерден қол үзбейік. Қиындық туындағанда ойлану қабілетімізді қолданып, даналықпен әрекет етейік. Ехоба бізге сезімдерімізді жүгендеуге және бақытсыз жағдайдың салдарын мүмкіндігінше азайтатын шаралар қолдануға көмектеседі. Сондай-ақ оның беріп жатқан тәндік және рухани сыйларынан қуаныш алайық. “Ехоба Құдайға сиынған халық бақытты” болғандықтан, Құдаймен жақын қарым-қатынасымызды сақтау арқылы біз қуанышқа бөлене аламыз (Заб. 144:15 ЖД).

[Сілтеме]

a Екклесиаст 8:12: “Күнәлі пенде жүз рет жауыздық жасаса және содан жан-дүниесі беріштенсе де [сезімсіз болып қалса да], мен Құдай нұрының алдында қайырымдылыққа бет бұрған, Құдайдан қорқатын адамға жақсылықтың келетіндігін білемін”.

Не білдіңдер?

• Қиындықтармен күресуде Ехобаға қалай еліктей аламыз?

• Парасаттылық қиындықтармен күресуде қалай көмектеседі?

• Қиын кездерде Құдайдың еркін орындаудан қалай қуаныш ала аламыз?

[16-беттегі суреттер]

Жамандық орын алғанда, Ехоба азап шегеді

[Түпдерек]

© G.M.B. Akash/Panos Pictures

[18-беттегі суреттер]

Ехоба бізге қуаныш әкелетін көп сый берген

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу