Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 15.10. 29—31 бет.
  • Отбасымен бірге ғибадат ету құтқарылу үшін маңызды!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Отбасымен бірге ғибадат ету құтқарылу үшін маңызды!
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Отбасылық ғибадатқа арнайы уақыт бөлудің маңыздылығы
  • Жүйелі түрде өткізіңдер
  • Пайдалы болатындай етіп өткізіңдер
  • Қызықты етіп өткізіңдер
  • Отбасылары үшін көмек
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
  • Жастарға Жаратушыны есте ұстауға көмектесетін құрал
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Мәсіхші отбасылары, “дайын болыңдар”!
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Отбасын рухани берік етіңдер
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 15.10. 29—31 бет.

Отбасымен бірге ғибадат ету құтқарылу үшін маңызды!

‘ҚҰДАЙДЫҢ ұлы соты күнінің шайқасы’ қаншалықты қорқынышты болатынын көз алдыңа елестетші! (Аян 16:14). Бейнелеп айтылған сөздерді әсерлі етіп қолданған Миха пайғамбар: “Тау біткен балқып, дала біткен от тиген балауыздай, құламадан шашыраған судай боп ыдырайды”,— деп жазды (Миха 1:4). Осы күн Ехобаға қызмет етпейтіндер үшін қаншалықты қайғылы болады десеңші! Құдай Сөзінде былай делінген: “Бұл күні жердің бір шетінен екінші шетіне дейін жұрт қырғынға ұшырайды” (Ерм. 25:33).

Осы ескертуге байланысты отағалары және жалғыз басты ата-аналар кәмелетке толған балалары жөнінде өздерінен: “Менің балаларым Һар-Магедоннан аман өте ме?”— деп сұрағандары абзал. Егер сол уақытта балаларың рухани сергек және Ехобамен тығыз қарым-қатынаста болса, құтқарыла алатындарына Киелі кітап сендіреді (Мат. 24:21).

Отбасылық ғибадатқа арнайы уақыт бөлудің маңыздылығы

Ата-ана балаларын ‘Иемізбен жүргендерге лайықты тәрбиелеу’ үшін барынша тырысу керек (Ефес. 6:4). Сондықтан балалармен бірге Киелі кітапты зерттеу өте маңызды. Біз балаларымыздың Філіпідегі мәсіхшілер сияқты болғандарын қалаймыз. Пауыл оларды Ехобаға дайындықпен мойынсұнғандары үшін мақтап, былай деген: “Сүйікті бауырластарым, сендермен бірге болғанымда әрдайым Құдайға мойынсұндыңдар, ал қазір мен қастарыңда жоқ кезде де солай істей берулерің әлдеқайда маңыздырақ болмақ: құтқарылуларыңа сай іс-әрекет жасап, соны толығымен жүзеге асыруға ұмтылыңдар” (Філіп. 2:12).

Сендер қастарында болмаған кезде, балаларың Ехобаның заңдарын ұстана ма? Олар мектепте өздерін қалай ұстайды? Балаларың жеке қалғанда да Құдай заңдарын ұстанғандары маңызды. Ол үшін Ехобаның заңдарының дана екеніне балаларыңның көзі жетуіне қалай көмектесе аласыңдар?

Бұл үшін отбасылық ғибадаттың маңызы зор. Сол себепті қазір отбасымен Киелі кітапты зерттейтін уақытты тиімді өткізуге көмектесетін негізгі үш жайтты қарастырайық.

Жүйелі түрде өткізіңдер

Киелі кітапта Ехоба періштелерді белгіленген уақытта өзіне шақыратыны айтылған (Әйүп 1:6). Балаларға қатысты да солай ету керек. Отбасылық ғибадатқа нақты бір күнді және уақытты белгілеп, соны берік ұстаныңдар. Сондай-ақ күтпеген жағдайлардың болып қалатынын ескеріп, тағы бір күнді белгілеп қойыңдар.

Уақыт өте келе отбасылық ғибадатқа атүсті қарай бастаудан сақ болыңдар. Киелі кітапты бірінші кезекте балаларыңмен зерттеуге міндетті екендеріңді ұмытпаңдар. Шайтан оларды өзіне жемтік еткісі келеді (Пет. 1-х. 5:8). Егер отбасылық ғибадатқа арналған кешті теледидар алдында өткізсеңдер немесе өзге де маңызсыз істермен айналыссаңдар, Шайтанның жеңіске жеткені (Ефес. 5:15, 16; 6:12; Філіп. 1:10).

Пайдалы болатындай етіп өткізіңдер

Отбасылық ғибадат балаларға білім беру үшін ғана өткізілмеу керек. Бұл кездесу балаларға пайдалы болатындай етіп өтсін. Қалай? Арагідік балаларыңа алда күтіп тұрған жағдайларға дайын болуға көмектесетін тақырыптарды қарастырыңдар. Мысалы, отбасылық ғибадат кезінде уағыздау қызметіне дайындалуға болады. Жастар жақсы істей алатын іспен айналысқанды ұнатады. Қалай ұсыныс жасауға және қарсы ой айтқандарға жауап беруге болатынын қарастырғандарың оларға уағыздау ісінде сенімді болуға көмектеседі (Тім. 2-х. 2:15).

Сонымен қатар балаларыңа құрбы-құрдастарының тарапынан болатын қысыммен күресуге көмектесетін пайдалы тақырыптарды талқылаңдар. “Жастардың сауалдары. Пайдалы кеңестер” кітабының 2-томының 15-тарауын отбасымен бірге қарастыруға болады. 132, 133-беттегі “Қысым көргенде, мен қалай әрекет етемін?” деген кестеде қысымшылыққа кезіккенде, жастарға көмек болатын дайын ұсыныстар және өздерінің жауаптарын жазуға арналған орындар бар. 133-беттің төменгі жағында жастарға арналған сөздер келтірілген: “Жауаптарыңды ата-анаңмен немесе рухани толысқан досыңмен бірге дайында”. Арагідік отбасылық зерттеу кезінде неге осылай етпеске?

Отбасылық ғибадат кезінде ата-аналар балаларына алдарына рухани мақсаттар қоюдың қаншалықты пайдалы екенін түсінуге көмектесе алады. Осыған қатысты “Жастардың сауалдары” басылымының 2-томындағы “Өмірімді не нәрсеге арнаймын?” деп аталатын 38-тарауда керемет мәлімет келтірілген. Осы тарауды талқылау барысында балаларыңа өмірлерін Ехобаға арнау ең жақсы өмір жолы екенін түсінуге көмектесіңдер. Балаларыңды ізашар болуға, бетелдік қызметке, Қызметті жетілдіру мектебінде оқуға немесе тағы басқалай толық уақытты қызмет етуге талпындырыңдар.

Ата-аналар, балаларыңа жақсылық тілегендіктен, олардан тым көп нәрсе талап етіп, қазір қол жеткізіп жүрген жетістіктерін байқамай қалуларың мүмкін. Әрине, баланы Бетелде және арнайы ізашар ретінде қызмет етуге талпындырған дұрыс. Алайда көп нәрсе күтіп оларды ашуландырмаңдар және ұнжырғаларын да түсірмеңдер (Қол. 3:21). Ехобаға деген сүйіспеншілік сендердің емес, ұл-қыздарыңның жүрегінде болуы керектігін ұмытпаңдар (Мат. 22:37). Қазір жақсы атқарып жүрген істері үшін мақтаудың жолын іздеңдер, әрі қол жеткізе алмаған нәрселерді естеріне сала бермеңдер. Бойларында Ехобаға деген ризашылық сезімдерін дамытыңдар. Сонда балаларың игіліктері үшін Ехобаға өз істерімен ризашылық білдіретін болады.

Қызықты етіп өткізіңдер

Отбасылық ғибадат кешінің тиімді болуының үшінші кілті — оны қызықты етіп өткізу. Бұған қалай қол жеткізуге болады? Мүмкін, кейде аудио драма тыңдарсыңдар не Ехоба куәгерлері шығарған бейне фильмдердің бірін көріп, соңынан талқыларсыңдар. Я болмаса Киелі кітаптың қандай да бір бөлігін кезектесіп оқырсыңдар.

“Күзет мұнарасы” және “Ояныңдар!” журналдарында отбасымен бірге зерттеуге арналған керемет мақалалар басылып тұрады. Мысалы, “Ояныңдар!” журналының 31-бетіндегі “Қалай жауап берер едіңдер?” деген және “Күзет мұнарасының” таратуға арналған нөміріндегі “Жастарымызға арналған” деген айдарды қолдануға болады. Ал кішкентай ұл-қыздарыңмен “Балаларыңа тәлім беріңдер” деген айдарды талқылаңдар.

“Ояныңдар!” журналының “Жастардың сауалдары” деген айдары және “Жастардың сауалдары” кітабының 2-томы жасөспірім ұл-қызы бар ата-аналарды әсіресе қызықтыруы мүмкін. Кітапты қарастырғанда, әр тараудың соңындағы “Сен қалай ойлайсың?” деген қоршауды елеусіз қалдырмаңдар. Бұл қоршау тек қайталауға арналмаған. Ондағы сұрақтарды отбасымен бірге талқылауға болады.

Алайда отбасылық зерттеуді тергеу сияқты өткізбеңдер. Мысалы, “Менің күнделігім” деген бетте және басқа да қоршауларда жазған жеке ойларын дауыстап оқып беруге баланы күштемеңдер. Кітаптың 3-бетіндегі “Ата-аналардың назарына” деген қоршауда былай делінген: “Балаларың ойларын ашық жаза алу үшін, олардың жазғандарын рұқсатсыз оқымаңдар. Кейінірек, олар жазғандарымен өздері-ақ бөлісуі мүмкін”.

Ехоба отбасылық ғибадатты жүйелі түрде, пайдалы әрі қызықты етіп өткізуге күш салып жүргендерің үшін көл-көсір батасын төгеді. Отбасы үшін арнайы уақыт бөлгендеріңнің арқасында балаларың рухани сергек және мықты болады.

[31-беттегі қоршау]

Жасампаздық қажет

“Күйеуім екеуміз кішкентай қыздарымызбен зерттегенде, қауымда қарастырылатын мәліметтерді талқылап, сосын, негізгі ойларды қалай түсінгендерін суреттеп, қағаз бетіне түсірулерін сұрайтынбыз. Кейде Киелі кітап үзінділерінен көрініс көрсетіп беретінбіз немесе уағыздау қызметінде қажет болатын ұсыныстарды айтып жаттығатынбыз. Зерттеуді жастарына қарай қызықты әрі жағымды етіп өткізетінбіз”. Дж. М., Құрама Штаттар.

“Біз Киелі кітап зерттеп жүрген кісінің баласына ежелгі уақытта адамдар шиыршықтарды қалай қолданғандарын түсіндіру үшін, Ишая кітабын тараулар мен тармақтардың нөмірінсіз толық басып шығарып, әр парақты бір-біріне жалғадық та, шиыршық іспетті орадық. Кейін бала Исаның Назареттегі мәжілісханада істегенін қайталауға тырысты. Лұқа 4:16—21 тармақтарда Исаның Ишая жазбасын ашып, керекті жерін тауып, оқығаны жазылған (Ишая 61:1, 2). Алайда Исаның ашып оқыған жерін табуға тырысқан балаға не тарауы, не тармағы көрсетілмеген шиыршықтан Ишаяның 61-тарауын табу қиынға соқты. Исаның ептілігіне таңғалған бала: “Иса қандай болған, ә!”— деді. Ю. Т., Жапония.

[30-беттегі сурет]

Отбасылық зерттеуді пайдалы болатындай етіп өткізгендерің балаларыңа құрбы-құрдастарының қысымына төтеп беруге көмектеседі

[31-беттегі сурет]

Отбасылық ғибадат кешін қызықты етіп өткізуге тырысыңдар

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу