Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 1.4. 18—21 бет.
  • Бала тәрбиесі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Бала тәрбиесі
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Бір-біріңе уақыт бөліңдер
  • Бір-біріңді қолдайтындарыңды көрсетіңдер
  • Бір-біріңе жақындай түсіңдер
  • Баланы нәресте күнінен тәрбиелеңдер
    Отбасы бақытының сыры
  • Балалы болудың бейнеті мен зейнеті
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Баланы — жастан
    Бақытты отбасы — баянды ғұмыр
  • Ата-аналар, балаларыңды сүйіспеншілікпен тәрбиелеңдер
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 1.4. 18—21 бет.

Отбасы бақытының сыры

Бала тәрбиесі

Джонa: Қандай да бір оғаш қылық жасап қойған кездерімде ата-анам мені жазаламас бұрын, жағдайдың жай-жапсарын жақсылап біліп алуға тырысатын. Мен де қыздарымды осылай тәрбиелегім келеді. Әйелім Алисон болса басқа ортада өскен. Оның ата-анасы қызбалау болған. Олар жағдайдың мән-жайын түсінбей жатып балаларын жазалай бергенге ұқсайды. Кейде маған Алисон да балаларымызға тым қатал қарайтындай көрінеді.

Кэрол: Бес жасымда әкем бізді тастап кеткен болатын. Ол маған және үш сіңліме еш қамқорлық көрсетпеді. Бізді асырау үшін анам көп жұмыс істейтін, ал сіңлілеріме қарау менің мойнымда болатын. Ата-ананың орнын басқандықтан, балалық шақтың қызығын дұрыстап көрмедім. Тіпті қазірдің өзінде маған көп нәрсеге жеңіл қарау қиын. Балаларымды түзету қажет болғанда, олардың қателігі жайлы ұзақ ойланып, уайымға салынамын. Неге олай болғанын және оны не оймен істегендерін білгім келеді. Ал күйеуім Марк болса мұндайда тым көп уайымға берілмейді. Оның әкесі мейірімді, сөйте тұра отбасындағы тәртіпке келгенде берік болған, әрі жұбайы үшін нағыз қамқоршы бола білген. Күйеуім балаларымызға қатысты туындаған қиындықтарды тез шешеді. Ол алдымен мәселенің байыбына жетіп алып, оны ретке келтіреді де, енді қайтып оған оралмайды.

ДЖОН мен Кэролдың мысалынан көрінетіндей, адам қандай тәрбие көрсе, балаларын да солай тәрбиелеуге бейім келеді. Әртүрлі ортадан шыққан ерлі-зайыптылардың бала тәрбиесіне қатысты көзқарастары әртүрлі болатынға ұқсайды. Кейде соның салдарынан отбасында түсініспеушілік туындап жатады.

Ал ата-ана шаршап жүрген болса, жағдай одан бетер ушығуы мүмкін. Ерлі-зайыптылар балалы болғаннан кейін, оны тәрбиелеп өсіру бар күштері мен уақыттарын сарқып алатын жұмыспен барабар екенін түсіне бастайды. Күйеуі Дарренмен бірге екі қыз өсірген Джоан былай дейді: “Мен қыздарымды жақсы көремін. Бірақ оларды ұйқыға жатқызу оңай бола бермейтін. Кейде олар мезгілсіз уақытта тұрып алатын. Айтқандарымды тыңдамай, сөзімді бөле беруші еді. Киімдерін, аяқ киімдерін және ойыншықтарын шашып тастайтын және майды ешқашан орнына қоймайтын”.

Джектің әйелі екінші баласын босанғаннан кейін жан күйзелісіне түскен болатын. Джек былай деп есіне түсіреді: “Мен жиі жұмыстан шаршап келетінмін, сөйтіп түн ортасына дейін балаға қарайтынмын. Осының салдарынан үлкен қызымыздың тәртібін әрдайым қадағалап отыру қиынға соқты. Ол бізді сіңлісінен қызғанатын”.

Ерлі-зайыптылар шаршап жүрген кездері, бала тәрбиесіне қатысты болар-болмас мәселе үлкен дауға айналуы мүмкін. Мәмілеге келе алмағаны араларына сызат түсіруі және баланың жағдайды пайдаланып, ата-анасының біреуін өз мақсатына қолдануына түрткі болуы ықтимал. Киелі кітапта ерлі-зайыптыларға некені нығайта отырып, балаларына жақсы тәрбие беруге көмектесетін қандай принциптер бар?

Бір-біріңе уақыт бөліңдер

Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы балалар туылғанға дейін де, олар есейіп бөлек кеткеннен кейін де берік болып қала беруі тиіс. Киелі кітапта неке одағы жайлы: “Құдай қосқанды адам баласы ажыратпасын!”— делінген (Матай 19:6). Ал балаларға келсек, Құдай олардың ата-анасынан бөлек шығып, өз отбасын құруын ниет еткені айтылған (Матай 19:5). Иә, бала өсіру некенің негізі емес, бір кезеңі ғана. Әрине, ата-аналар бала тәрбиесіне уақыт бөлу керек, алайда олар некелерін берік ету арқылы ғана бұған ең жақсы негіз қалайтынын естен шығармаулары керек.

Бала өсіріп отырған ерлі-зайыптылар қарым-қатынастарын қалай нығайта алады? Мүмкін болса, балаларсыз жеке өздерің қалуға үнемі уақыт бөліп отырыңдар. Осылай етсеңдер, отбасының маңызды мәселелерін талқылауға және бір-біріңе көңіл бөлуге мүмкіндіктерің болады. Жеке қалуға әрдайым уақыт табыла бермейтіні рас. Жоғарыда аталып өткен Алисон былай дейді: “Күйеуіміз екеуміз енді жеке қалдық дегенде ең кіші қызымыз көңіл бөлгенімізді талап ете бастайды не алты жасар қызымыз қарындаштарын таба алмай “қиналып” қалғандай болады”.

Жоғарырақта айтылған Джоан мен Даррен жеке қалып, бір-біріне уақыт бөлу үшін қыздарын өздері белгілеген уақытта жатқызатын болған. Джоан былай дейді: “Біз жарықты сөндіретін уақыт келгенде, қыздарымыздың ұйқыға жатуға дайын болғандарын әрдайым қадағалайтынбыз. Осының арқасында Даррен екеуіміздің тыныштықта отырып, әңгімелесуге уақытымыз болатын”.

Балаларының жататын уақытын белгілеу арқылы ерлі-зайыптылар оңаша қалуға уақыт табумен қатар, балаларына ‘өздері туралы тиістісінен артық ойламауды’ үйренуге көмектеседі (Римдіктерге 12:3). Белгіленген уақытта жатуға дағдыланған бала отбасында өз орны болғанмен, оның ең маңызды мүшесі емес екенін түсінетін болады. Олар әр нәрсенің өздері қалағандай болғанын күткеннен гөрі, орнатылған тәртіпке мойынсұнулары керек.

БЫЛАЙ ЕТІП КӨР: Ұйықтайтын уақытты белгілеп, оны үнемі қадағалап отыр. Егер бала су ішкісі келгенін айтып не өзге де себептер келтірсе, оның өтінішін бір рет орындауға болады. Бірақ оның сылтауды көбейтіп, жүріп алуына жол бермеңдер. Егер бала бес минут уақыт сұрап, оған рұқсат етсеңдер, сағаттың қоңырауын бес минутқа қойғандарың дұрыс. Ал, сағат шырылдаған соң, өзге өтініштеріне қарамай, ұйқыға жатқызыңдар. Сендердің “иә” дегендерің шынымен “иә”, “жоқ” дегендерің шынымен “жоқ” болсын!” (Матай 5:37).

Бір-біріңді қолдайтындарыңды көрсетіңдер

Нақыл сөздерде былай делінген: “Балам әкеңнің тәрбиесін тыңда, шешең берген тәлімнен де бас тартпа!” (Нақыл сөздер 1:8). Бұл тармақтан әкенің де, шешенің де балаға билігі жүретіні көрінеді. Алайда шыққан ортасы ұқсас болғанына қарамастан, ерлі-зайыптылардың бала тәрбиесіне және нақты бір жағдайда қандай тәртіп орнату керектігіне қатысты ойлары бір жерден шықпауы мүмкін. Мұндайда не істеген дұрыс?

Жоғарыда сөздері келтірілген Джон балалардың көзінше жұбайыңа қарсылық білдірген дұрыс емес екенін айтады. Әйтсе де ол бұлай ету оңай емес екенін мойындап, былай дейді: “Балалар өте байқағыш болады. Келіспейтінімізді айтпасақ та, қызымыз мұны сезіп қояды”.

Мұндайда Джон мен Алисон не істейді? Алисон былай дейді: “Күйеуімнің жөнге салу шараларымен келіспеген кездері, ойымды қызымыз естімейтін жерде айтамын. Оның ойымыздың бір жерден шықпағанын пайдаланып, “бөліп ал да, билей бер” деген қағиданы қолданғанын қаламас едім. Ал келіспей қалғанымызды сезіп қойған кездері мен оған мынаны түсіндіремін: отбасы мүшелерінің әрқайсысы Ехоба орнатқан басшылық принципін ұстануы керек және мен отағасына дайындықпен бойсұнатыным сияқты, ол да біздің билігімізге бойсұнуы тиіс” (Қорынттықтарға 1-хат 11:3; Ефестіктерге 6:1—3). Джон былай дейді: “Отбасымызбен бірге болған кездері қызымызды мен жөнге саламын. Алайда Алисон жағдаймен жақсы таныс болса, тізгінді оған беремін де, өзім оны қолдайтынымды көрсетемін. Ал кейбір нәрселермен келіспесем, ол туралы кейіннен сөйлесемін”.

Бала тәрбиесіне қатысты көзқарастарыңның әртүрлі болғаны бір-біріңе деген наразылықтың туындауына және баланың алдында беделдеріңнің түсуіне себеп болмауы үшін не істеуге болады?

БЫЛАЙ ЕТІП КӨР: Бала тәрбиесіне қатысты мәселелерді талқылау үшін апта сайын уақыт бөліңдер және келіспеген нәрселер туралы ашық әңгімелесіңдер. Жұбайыңның көзқарасын түсінуге және оның баламен жеке қарым-қатынасы бар екенін ескеруге тырыс.

Бір-біріңе жақындай түсіңдер

Баланы тәрбиелеп өсіру оңай іс емес екені анық. Кейде бұл бар күшіңді сарқып алатындай көрінеді. Бірақ ертелі-кеш балаларың үйден кетеді де, жұбайың екеуің қайтадан өздеріңді нағыз ерлі-зайыптыдай сезінесіңдер. Бала өсіргендерің некелеріңді нығайта ма, әлде сезімдеріңді суыта ма? Бұл сұрақтың жауабы Екклесиаст 4:9, 10-дағы принципті қаншалықты жақсы қолданғандарыңа байланысты болады: “Біреуге қарағанда екеудің артық екендігі анық; өйткені келетін жақсы табыс та солардың екеуіне ортақ. Егер біреуі құлап қалса, екіншісі өз жолдасын орнынан тұрғызады”.

Ерлі-зайыптылар бір-біріне тіреніш болса, жақсы нәтижеге қол жеткізе алады. Жоғарыда сөздері келтірілген Кэрол былай дейді: “Күйеуімнің көптеген жақсы қасиеттері бар екенін білетінмін. Бірақ бірге бала өсіргеннің арқасында оны жаңа қырынан таныдым. Қыздарымызға көрсеткен аяулы қамқорлығын көргенде оған деген сүйіспеншілігім мен құрметім арта түсті”. Джон жұбайы Алисон туралы былай дейді: “Әйелімнің қамқор ана бола білгенін көргенде оған деген сүйіспеншілігім артып, одан бетер қадірлейтін болдым”.

Бала өсірген кездеріңде бір-біріңе уақыт бөлсеңдер және қолдау көрсететін болсаңдар, балаларың есейе келе, некелерің де нығая түседі. Бұл балаларың үшін ең керемет үлгі болмас па еді?!

a Есімдер өзгертілген.

ӨЗІҢНЕН БЫЛАЙ ДЕП СҰРА:

  • Жұбайыммен оңаша болуға аптасына қанша уақыт бөлемін?

  • Жұбайым балаларды жөнге салып жатқанда, мен оған қалай қолдау көрсетемін?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу