Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 1.4. 16—17 бет.
  • Жосия дұрыс жолды таңдады

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жосия дұрыс жолды таңдады
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Жосияның жақсы достары болды
    Кел, балақай, оқиық!
  • Жосия Құдайдың Заңын жақсы көрді
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Исраилдің соңғы жақсы патшасы
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Жастар, алдағы өмірлерің қандай болады?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 1.4. 16—17 бет.

Балаларыңа тәлім беріңдер

Жосия дұрыс жолды таңдады

СЕН қалай ойлайсың, дұрыс нәрсені істеу қиын ба?a ~ Қиын деп ойласаң, көп адам сенімен келіседі. Тіпті үлкендерге де дұрыс нәрсені істеу оңай емес. Жосияға дұрыс жолды таңдау неліктен қиын болғанын көрейікші. Оның кім болғанын білесің бе? ~

Жосия — Яһуданың патшасы болған Амонның ұлы. Жосия туылғанда әкесі 16 жаста болған. Амон әкесі Манаса сияқты жаман адам еді. Себебі Манаса патша болған кезінде көп зұлымдық жасаған. Ассириялықтар елді жаулап алғанда, оны алыс жердегі Бабылға тұтқынға әкетеді. Түрмеде жатқанда, Манаса кешірім сұрап дұға етеді, сонда Ехоба оны кешіреді.

Манаса тұтқыннан босаған соң, Иерусалимге оралып, қайтадан патша болады. Келе салысымен ол істеген жамандықтарын түзетуге кіріседі, сөйтіп, халықтың Ехобаға қызмет етуіне көмектеседі. Алайда өзінің жақсы үлгісіне ұлы Амонның еліктемегенін көргенде, қатты ренжіген болу керек. Шамамен сол уақытта Жосия туылады. Киелі кітапта Манаса мен немересі Жосияның қанша уақыт бірге болғаны жайлы ештеңе айтылмаған. Сен қалай ойлайсың, Манаса немересіне Ехобаның қызметшісі болуға көмектескен бе? ~

Жосия алты жаста болғанда, атасы Манаса қайтыс болып, оның орнына әкесі Амон патша болады. Бірақ екі жылдан кейін-ақ оны қызметшілері қастандықпен өлтіреді. Сөйтіп, сегіз жасында Жосия патша болады (Шежірелер 2-жазба 33-тарау). Содан кейін не болғанын білесің бе? Жосия әкесі Амон сияқты жаман жолды таңдады ма, әлде, күнәсіна өкінген атасы Манасадан үлгі алды ма? ~

Жосия жас болса да, Ехобаға қызмет етуді қалаған. Сондықтан әкесімен дос болғандардың емес, Ехобаны жақсы көрген адамдардың айтқанын тыңдайды. Жосия жасының сегізде болғанына қарамастан, Құдайды жақсы көретіндерді тыңдаудың дұрыс екенін білген (Шежірелер 2-жазба 34:1, 2). Жосияға қандай адамдардың кеңес бергенін және үлгі болғанын білгің келе ме? ~

Жосияға Софония пайғамбар жақсы жағынан әсер еткен. Софония Жосияның туысқаны, Манасаның әкесі Езекияның шөбересі болса керек. Ал Езекия жақсы патша болған. Жосия патшалық құрған жылдардың басында Софония кітап жазған. Бұл кітап қазір Киелі кітапта соның атымен аталады. Софония дұрыс жолды таңдамағандардың көп жамандыққа ұшырайтынын айтып отырған. Ал Жосияның бұл ескертулерге құлақ асқаны анық.

Жосияға жақсы әсер еткен тағы бір адам — Еремия, сен ол жайлы естіген шығарсың. Екеуі құрдас әрі жерлес болған. Ехоба Еремияға Киелі кітапта өз атымен аталып жүрген кітапты жазуға нұсқау берген. Жосия шайқаста қаза болғанда, Еремия қатты қайғырып, жоқтау жырын жазды (Шежірелер 2-жазба 35:25). Еремия мен Жосия бір-бірін Ехобаға адал қызмет етуге талпындырған болса керек.

Жосияның өмірімен танысып, одан не нәрсеге үйренуге болады деп ойлайсың? ~ Жосиянікі сияқты сенің де әкең Ехобаға қызмет етпейтін болса, Құдай жайлы білуге саған басқа біреу көмектесе ала ма? Мүмкін, анаң, ата-әжең, я болмаса, басқа бір туысың көмектесетін шығар. Олар болмаса, сенімен Киелі кітап зерттеуге анаңнан рұқсат алған Ехоба куәгерінің бірі көмектесер.

Жосия бала болса да, Ехобаның қызметшілерімен достасу керек екенін білген. Сен де солай етіп, дұрыс жолды таңдай аласың!

a Сұрақтан кейінгі тильда (~) белгісі келгенде, кідіріс жасап, баланы өз ойын айтуға талпындырсаңыз болады.

Сұрақтар:

  • Жосияның әкесі мен атасы кім болған және олар қандай адамдар еді?

  • Жосияның атасы өмірінде қандай өзгеріс жасаған?

  • Жосияға жақсы әсер еткен екі пайғамбардың есімі қандай және сондай достардың болғаны неге маңызды деп ойлайсың?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу