Жастарымызға арналған
Жас жігіттің батылдығы
Нұсқаулар: Бұл жаттығуды тыныш жерде орында. Әңгімені оқығанда, оқиғаны көз алдыңа елестет және өзіңді сол оқиғаның ішінде жүргендей сезін. Дауыстарды естуге тырыс. Басты кейіпкерлердің сезімін түсіну үшін, өзіңді солардың орнына қойып көр.
ОҚИҒАНЫ ҚАРАСТЫР. ПАТШАЛЫҚТАР 1-ЖАЗБА 17:1—11, 26, 32—51 ОҚЫ.
Ғолияттың сырт көрінісі мен даусын қалай елестетесің?
․․․․․
Дәуіт Исраил әскерінде болмаса да, Ғолиятпен шайқасқа шығуға оны не талпындырды? (26-тармақты қара)
․․․․․
Дәуіт Ехобаның көмектесетініне неге сенімді болды? (34—37 тармақтарды қайта оқы) ․․․․․
․․․․․
ТЕРЕҢІРЕК ОЙ ЖҮГІРТ.
Қолда бар әдебиеттерді пайдаланып келесі жайттарды біліп ал:
1) Ғолияттың бойы (Патшалықтар 1-жазба 17:4 Тт). Алты шынтақ бір сүйем = ․․․․․
2) Ғолияттың қола сауытының салмағы (Патшалықтар 1-жазба 17:5).
Шамамен үш жарым пұт = ․․․․․
3) Сүңгісінің темір ұшының салмағы (Патшалықтар 1-жазба 17:7).
Шамамен жарты пұт = ․․․․․
БІЛГЕНДЕРІҢДІ ІС ЖҮЗІНДЕ ҚОЛДАН. МЫНА НӘРСЕЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛГЕНІҢДІ ЖАЗ:
Батылдық.
․․․․․
Өз күшіңе емес, Ехобаға арқа сүйеу.
․․․․․
ТАҒЫ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?
Сенде Ғолият сияқты қандай үлкен қиыншылықтар бар?
․․․․․
Өзіңнің не басқалардың бастарынан кешкен қандай оқиғалар Ехобаның сені тастамайтынына сендіреді? ․․․․․
․․․․․
ОСЫ ОҚИҒАДА САҒАН ЕҢ ҚАТТЫ ӘСЕР ЕТКЕН НЕ БОЛДЫ ЖӘНЕ НЕЛІКТЕН? ․․․․․
․․․․․