Жастарымызға арналған. Петірдің исадан тануы
Нұсқаулар: Бұл жаттығуды тыныш жерде орында. Жазба орындарын оқығанда, оқиғаны көз алдыңа елестет және өзіңді сол оқиғаның ішінде жүргендей сезін. Дауыстарды естуге тырыс. Басты кейіпкерлердің сезімін түсіну үшін, өзіңді солардың орнына қойып көр.
ОҚИҒАНЫ ҚАРАСТЫР. МАТАЙ 26:31—35, 69—75 ОҚЫ.
Оқиғаға қанша адам қатысты деп ойлайсың?
․․․․․
Сенің ойыңша, Петірге сөйлеген адамдар қандай болған: достық пейілді, қызыққұмар, ашулы не тағы басқа? ․․․․․
․․․․․
Өзгелер айыптап жатқанда, Петір өзін қалай сезінді деп ойлайсың?
․․․․․
Неге Петір Исадан танды? Сүйіспеншілігі жетіспегендіктен бе, әлде басқа себеппен бе? ․․․․․
․․․․․
ТЕРЕҢІРЕК ОЙ ЖҮГІРТ. ЛҰҚА 22:31—34; МАТАЙ 26:55—58; ЖОХАН 21:9—17 ОҚЫ.
Петірдің қателік жасауына өз-өзіне тым сенімді болғаны қалай ықпал еткен болуы мүмкін? ․․․․․
․․․․․
Иса Петірдің қысқа уақытқа өзінен танатынын білсе де, оған сенетінін қалай көрсетті? ․․․․․
․․․․․
Исадан танса да, қалай Петір өзге шәкірттердікінен зор батылдық танытты? ․․․․․
․․․․․
Иса Петірді кешіргенін қалай көрсетті?
․․․․․
Қалай ойлайсың, не себепті Иса Петірден: “Сен мені сүйесің бе?”— деп үш рет сұрады?
․․․․․
Сенің ойыңша, Исамен әңгімелескеннен кейін, Петір өзін қалай сезінді және неге?․․․․․
․․․․․
БІЛГЕНІҢДІ ІС ЖҮЗІНДЕ ҚОЛДАН. МЫНА НӘРСЕЛЕР ТУРАЛЫ БІЛГЕНДЕРІҢДІ ЖАЗ:
Адам алдындағы қорқыныш.
․․․․․
Исаның шәкірттеріне, олар тіпті қателік жасағанда да, танытқан жанашырлығы. ․․․․․
․․․․․
Осы үзіндідегі не нәрсе саған ерекше әсер етті және неге? ․․․․․
․․․․․