Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 1.10. 14—17 бет.
  • “Не болатындығын” ойланып көріңіз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Не болатындығын” ойланып көріңіз
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ең жақсы кеңес
  • Олардың болашағы қандай болады?
  • “Көңіл бөл жүретін жолыңа”
  • Жол белгілеріне сенім арт
  • “Жол міне, мынау”
  • Құдаймен бірге жүресің бе?
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Облыстық конгресс Құдаймен бірге жүруге талпындырады
    Біздің патшалық қызметіміз. 2004
  • Еш нәрсенің сені Ехобадан алыстатуына жол берме!
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Жақсы өмірге жетелейтін жол
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
Көбірек мәлімет
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 1.10. 14—17 бет.

“Не болатындығын” ойланып көріңіз

ӨМІР жолында көптеген шешім қабылдау керек болады. Сондықтан қандай да бір қадам жасамас бұрын, оның қандай нәтиже әкелетінін ойланып көру даналыққа жатары сөзсіз. Қабылдаған шешімдері үшін қатты өкініп қалып жатқан адамдар да бар. Мүмкін, сіздің де: “Қап, бұлай боларын білгенімде ғой...”,— деп, сан соғып қалған кездеріңіз болған шығар.

Тәжірибелі саяхатшы әр жолдың қайда апаратынын біліп алу үшін, алдымен картаға қарап, жолды білетін адамдармен ақылдасады. Ол жол бойындағы жол белгілерін де назарынан тыс қалдырмасы анық. Алайда өмір жолымызда қабылдаған шешімдеріміз дұрыс болу үшін не істеуге болады? Құдай Мұса арқылы ежелгі Исраилге қатысты: “О, егер бұлар... осылар жөнінде ойланса, өздеріне не болатындығын ойланып көрсе!”— деген (Заңды қайталау 32:29).

Ең жақсы кеңес

Бізге өмір жолымызда кездесетін соқпақтардың қайда апаратынына қатысты болжамдар жасаудың қажеті жоқ. Себебі Құдай төбемізден қарап тұрғандықтан, адамдарға ең дұрыс жолды таңдауға көмектесетін жақсы кеңестер бере алады. Ол адамдардың жүріп өткен түрлі жолдарын бақылаған және олардың қайда әкелгенін де көрген. Киелі кітапта: “Адамның күллі ісі Тәңірдің көз алдында, Ол баға береді пенденің бар жолына”,— деп жазылған (Нақыл сөздер 5:21).

Ехоба өзін жақсы көретін адамдардың қамын ойлайды. Ол өзінің Сөзі Киелі кітап арқылы оларға ең жақсы жолды көрсетеді. Құдай Сөзінде келесі сөздер жазылған: “Мен саған ақыл-кеңес беремін, Жүретін жолыңды көрсетемін; Сені көзімнен таса қылмай, Әрдайым жетелеп жүремін”. Сондықтан қандай да бір шешім қабылдамас бұрын, Дәуіт пайғамбар сияқты, Ехоба Құдайдың кеңесіне жүгінгеніміз даналыққа жатады. Ол былай деп дұға айтқан: “Менің қай жолмен жүретінімді көрсетші маған, өйткені мен кеудедегі жанымды Саған ұсынамын” (Забур 31:8; 142:8).

Сенімді әрі тәжірибелі саяхатшы көрсеткен жолмен жүргенде, сенімділік пайда болып, өзімізді қауіпсіз сезінеміз. Мұндайда жолдың қайда апаратынын ойлап уайымдамаймыз. Дәуіт Ехобаның басшылығын сұрап, соны ұстанған. Сондықтан ол Забурдың 22-жырында керемет сипатталған жан тыныштығын сезінген. Дәуіт былай деп жазды: “Жаратқан Ием — менің Бағушым, Мен еш нәрседен де тарықпаймын. Ол мені жасыл жайлауға жаяды, Тұнық суға жетелеп апарады. Тәңірім жаныма күш дарытады. Есімі “Қасиетті” болғандықтан, Мен сенімімді артамын да Оған: Ол мені тура жолмен жетелейді. Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен, Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден, Себебі Өзің менің қасымдасың, Жігер беред таяғың мен сойылың” (Забур 22:1—4).

Олардың болашағы қандай болады?

Бір адам өзінің ‘тура жолдан тая жаздағанын’ мойындаған. Бұл Асаф не оның ұрпақтарының бірі болса керек. Оның тура жолдан тая жаздауына не себеп болған еді? Ол арамдар мен зұлымдардың ‘өркендеуін көріп, қызғана қарай берген’. Олар оған ‘бейқам’ өмір сүріп жатқандай көрінетін. Бұдан да жаманы, забур жыршысының ойында өзі таңдаған әділдік жолымен жүрудің даналыққа жататынына қатысты күмән туындай бастаған еді (Забур 72:2, 3, 6, 12, 13).

Бұдан соң забур жыршысы Ехобаның үйіне кіріп, зұлымдарды не күтіп тұрғаны жөнінде дұға ете отырып ойланады. Ол былай дейді: “Олардың болашағын білгім келді” (ЖД). Иә, ол өзі қызғана қарап жүрген адамдардың болашағына көз жүгіртеді. Ал олардың болашағы қандай болмақ еді? Забур жыршысы бұл адамдардың ‘тайғақ жолда’ тұрғанын және ‘күтпеген жерден талқандалатынын’ түсінеді. Онда забур жыршының таңдаған жолы туралы не деуге болады? Ол Ехобаға: “Соңында [мені] ұлылықпен қабылдайсың”,— дейді (Забур 72:17—19, 24).

Жетістікке тез әрі лайықсыз жолмен жететіндердің ақыры жайында ой жүгіртіп, забур жыршысы өзінің дұрыс жол таңдағанына көзі жетті. Ол: “Құдайға жақын болғаным қандай игі!”— деп қорытынды жасады. Ехоба Құдаймен жақын қарым-қатынаста болсақ, мұның мәңгілік игілігін көреміз (Забур 72:28).

“Көңіл бөл жүретін жолыңа”

Бізге де кейде екі нәрсенің бірін таңдау керек болады. Мысалы, сізге біреулер жақсы табыс әкеледі деп қандай да бір келісім-шарт жасауға, қызмет бабында жоғарылауға немесе көп пайда әкелетін істе әріптес болуға ұсыныс жасауы мүмкін. Әрине, кез келген істе қандай да бір шамада тәуекелге бару керек болады. Тіпті солай болған күнде де, шешім қабылдамас бұрын оның нәтижесінің “не болатындығын” ойланып көру даналыққа жатпай ма? Мүмкін, алыс жаққа кетуге тура келетіндіктен, бұл жұбайыңызға не өзіңізге қиындық тудыратын шығар. Бәлкім, лайықсыз орта болып табылатын әріптестеріңізбен, қонақ үйдегі не басқа жердегі адамдармен бірге болуға тура келетін шығар. Алдыңызда не күтіп тұрғаны жөнінде жақсылап ойланғаныңыз дана шешім қабылдауыңызға көмектеседі. Сүлеймен пайғамбар: “Көңіл бөл жүретін жолыңа”,— деп кеңес берген (Нақыл сөздер 4:26).

Осы сөздер жайында ойланғанымыз бәрімізге де, әсіресе, жастарға пайдалы. Бір жігіт әдепсіз көріністері бар фильмді алып көргендіктен, бойындағы жыныстық құмарлығына ие бола алмай, жақын маңдағы жезөкше әйелге барғанын айтады. Алайда бұдан соң ол жан азабын тартып, таза ар-ұжданынан айырылып, ауру жұқтырып алмадым ба деп ойлап уайымға салынады. Оның жағдайы дәл Киелі кітапта айтылғандай болып шықты: “Әйелге жігіт еріп жүре берді, Сойылуға бара жатқан өгіздей”. Әттең, бұл жігіт ‘өзіне не болатындығын’ ойланып көргенде ғой! (Нақыл сөздер 7:22, 23).

Жол белгілеріне сенім арт

Жол белгілеріне назар аудармаудың ақымақтық екенімен адамдардың көбісі келісер еді. Алайда, өкінішке қарай кейбіреулер өмір жолдарына қатысты берілген басшылық өздеріне ұнамаса, тап осылай әрекет етеді. Мысалы, Еремия пайғамбардың заманындағы исраилдіктерді алайық. Бұл халық шешім қабылдау керек болғанда, Ехоба оларға: “Көне жолдар туралы сұрап алыңдар да, зерттеп көріңдер, ақиқаттың жолы қайсы болса, сонымен жүріңдер”,— деп кеңес берді. Алайда халық қыңырлықпен: “Бармаймыз”,— деп жауап берді (Еремия 6:16). Мұның нәтижесі не болды? Б. з. б. 607 жылы бабылдықтар Иерусалимнің күл-талқанын шығарып, оның тұрғындарын Бабылға құлдыққа алып кетті.

Құдайдың “белгілеріне” назар аудармау ешқашан жақсылыққа әкелмейді. Жазбаларда мынадай ескерту жазылған: “Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме, Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе. Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді, Сонда Ол тура жолмен жетелер сені” (Нақыл сөздер 3:5, 6).

Құдайдың ескертулерінен біз маңызды басшылық аламыз. Мысалы, Киелі кітапта: “Қылмыскерлер жолына аяғыңды салма, Зұлымдардың соқпағымен жүретін болма!”— деген сөздер бар (Нақыл сөздер 4:14). Мұндай қауіпті жолдардың бірі Нақыл сөздер 5:3, 4-те суреттелген: “Азғын әйелдің тілінен бал тамады, Сөздері майдан да жұмсақ болады. Бірақ оның кесірі ащы жусандай, Соңы өткір болар екі жүзді семсердей”. Кейбіреулер үшін жезөкшемен не басқа адаммен азғындық жасау керемет әсер қалдыратындай болып көрінуі мүмкін. Алайда Құдайдың ескертулеріне назар аудармау тек апатқа алып келеді.

Жаман жолға қадам баспас бұрын өзіңізден: “Бұл жол қайда апарады?”— деп сұраңыз. Бір сәт тоқтап, ‘не болатындығын ойланып көргеніңіздің’ өзі сізді зиянды жолдан сақтауы мүмкін. Құдайдың “белгілеріне” немкетті қарайтын адамдар көретін залалдар: ЖИТС және жыныстық жолмен жұғатын басқа да сырқаттар, қалаусыз жүктілік, түсік жасату, қарым-қатынастың бұзылуы, сондай-ақ ар-ұжданның мазалауы. Өнегесіз адамдардың өмір жолы қайда апаратынын елші Пауыл анық көрсетіп, мұндайлар үшін “Құдай Патшалығында орын жоқ” екенін айтқан (Қорынттықтарға 1-хат 6:9, 10).

“Жол міне, мынау”

Кейде таңдаған жолымыздың қайда әкелетінін нақты біле алмаймыз. Олай болса, Құдайдың сүйіспеншілікпен қамқорлық жасап, анық басшылық беріп отырғанына дән риза болуымыз керек емес пе? Ехоба: “Жол міне, мынау, сонымен жүріңдер”,— дейді (Ишая 30:21). Ол көрсетіп отырған жол бізді қайда алып барады? Иса бұл жол тар болғанымен, шынайы өмірге апаратынын айтқан (Матай 7:14).

Бір сәт тоқтап, өзіңіздің қандай жолды таңдағаныңыз жайлы ойланып көріңізші. Сіз дұрыс жолда тұрсыз ба? Ол сізді қайда жетелейді? Дұға айтып, Ехобаның басшылығын сұраңыз. Карта ретінде Киелі кітапты қолданыңыз. Мүмкін, тіпті Құдай жолын берік ұстануға тырысатын тәжірибелі саяхатшымен ақылдасқыңыз келетін шығар. Ал егер бағытыңызды өзгертуіңіз керек екенін түсінсеңіз, кідірместен әрекет етіңіз.

Саяхатшы өзінің дұрыс жолда келе жатқанын көрсететін жол белгілерін көргенде, қуанып қалады. Егер өмір жолыңызды тексере отырып, дұрыс бағытта келе жатқаныңызға көзіңіз жетсе, сол бағытыңыздан таймаңыз. Өйткені Құдай жолы беретін ең керемет баталарды алатын уақыт жақын! (Петірдің 2-хаты 3:13).

Кез келген жол бір жерге алып барады. Ал сіз таңдаған жол қайда алып барады? Жетер жеріңізге жеткен соң: “Әттеген-ай, басқа жолмен жүруім керек еді!”— деп өкінгеннен түк шықпайды. Сондықтан келесі қадамды жасамас бұрын, мұның ақыры ‘не болатынын’ ойланып көріңіз.

[16-беттегі қоршау/суреттер]

МҰНЫҢ АҚЫРЫ ‘не болады’?

Жастар жиі басқалардың бәрі айналысатын істердің “дәмін татып көруге” азғырылып, қысым көріп жатады. Төменде бірнеше мысал көрсетілген.

◼ Біреулер сені темекі шегуге көндіруге тырысады.

◼ Мұғалімің университетте жоғары білім алуыңа шын жүректен талпындырады.

◼ Біреулер сені ішімдік, тіпті есірткі де, мол болатын жерде көңіл көтеруге шақырады.

◼ Біреулер интернетке өзің жайлы мәліметтер салуға талпындырады.

◼ Досың қатыгездік пен азғындығы бар фильм көруге шақырады.

Егер осы жағдайлардың бірімен кезіксең, не істейсің? Көне саласың ба, әлде “не болатындығын” мұқият ойланып көресің бе? Мұндайда өзіңнен: “Қойнына от салған киімін өртемей ме? Шоқ басқан адам аяғын күйдірмей ме?”— деп сұрағаның даналыққа жатады (Нақыл сөздер 6:27, 28).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу