Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 1.10. 11—13 бет.
  • Сенің жоспарларың Құдайдың ниетіне сай келе ме?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сенің жоспарларың Құдайдың ниетіне сай келе ме?
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Адамдардың жоспарлары Құдайдың еркіне қарсы келгенде
  • Парасатсыз бай кісі
  • “Кәдімгідей” өмір сүруді жоспарлау
  • ‘Құдаймен қатынасыңда байсың’ ба?
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ехоба “бар жоспарыңды іске асырсын!”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Өмірде ең маңызды не?
    Ұлы Ұстаздан үйренейік
  • Ертеңгі күнді ойлап өмір сүріңіз
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 1.10. 11—13 бет.

Сенің жоспарларың Құдайдың ниетіне сай келе ме?

СОЛТҮСТІК АМЕРИКАНЫҢ батысындағы ормандардан ақ-сұр келген әнші құсты көруге болады. Ол қыстың суық айларына дайындалу үшін жыл сайын 33 000 дәнек жинап, оларды шамамен 2 500 жерде сақтайды. Бұл құс болашағын қамтамасыз ету үшін, расында да, “түйсікті даналық” танытады (Нақыл сөздер 30:24 ЖД).

Ал адамдар бұдан да зор қабілетке ие. Ехобаның жердегі жаратылыстарының ішінде өткеннен сабақ алып, болашаққа қатысты жоспар құрғанда, осы білімдерін қолданатын қабілет адамдарда ғана бар. Бұл жайында дана патша Сүлеймен: “Жүрегінде адам жоспар құрар”,— деп жазған (Нақыл сөздер 19:21).

Тіпті соның өзінде, олар болашаққа қатысты жоспарларын көбінше болжамдарға сүйеніп қана құра алады. Мысалы, алдағы күнге қатысты жоспарыңды ертең де күн шығады және тіршілігімді жалғастырамын деп құрасың. Осы болжамның біріншісі — анық болатын нәрсе; ал екіншісіне нық сенімді болу мүмкін емес. Бұл жайында Жақып есімді Киелі кітап жазушысы да айтқан: “Сендер тіпті күні ертең не болатынынан беймәлімсіңдер!” (Жақып 4:13, 14).

Ал Ехоба Құдайдың мүмкіндігінде шек жоқ. Ол “ақырғы жайттарды әуел бастан-ақ” біледі. Оның ниет еткен нәрселері міндетті түрде орындалады. Ехоба: “Мен мақсатымды орындап, Өзіме ұнайтындарды іске асыратын боламын”— деп жариялайды (Ишая 46:10). Алайда адамдар Құдайдың еркіне қарсы жоспар құрғанда не болады?

Адамдардың жоспарлары Құдайдың еркіне қарсы келгенде

Шамамен 4 000 жыл бұрын Бабыл мұнарасының құрылысшылары жер бетіне тарап кетпеуді көздеді. Олар: “Өзімізге қала және төбесі көкке жететін зәулім мұнара тұрғызайық. Осылайша өз атымызды шығарайық, сонда біз жердің түкпір-түкпіріне бытырап кетпейміз”,— десті (Жаратылыс 11:4).

Бірақ Құдайдың жерге қатысты ниеті мүлдем басқа еді. Ол Нұх пен оның ұлдарына: “Өсіп-өніп, ұрпақтарың көбейіп, жерді толтырыңдар”— деп бұйырған болатын (Жаратылыс 9:1). Олай болса, ол Бабылдағы бүлікшілерге не істеді? Құдай бірін-бірі түсінбеулері үшін олардың тілін шатастырып жіберді. Мұның нәтижесі қандай болды? ‘Осылайша Жаратқан Ие оларды сол жерден бүкіл жер бетіне бытыратып жіберді’ (Жаратылыс 11:5—8). Бабыл мұнарасының құрылысшыларына бұл жақсы сабақ болды. Адамның жоспары Құдайдың еркіне қарсы келгенде, “Жаратқанның ұйғарымы жүзеге асар” (Нақыл сөздер 19:21). Сен ежелде болған осындай оқиғалардан өзіңе сабақ аласың ба?

Парасатсыз бай кісі

Бәлкім, мұнара соғу сенің жоспарыңда жоқ шығар, дегенмен бүгінде көп адам қартайған шағында жайлы өмір сүру үшін банкте көп ақша жинап, үйлеріне дүние-мүлік толтырып алуды жоспарлайды. Адамның өз бейнетінің зейнетін көруді қалағаны кәдімгі нәрсе. Бұған қатысты Сүлеймен: “Егер әлдебір адам ауқат ішіп-жейтін болса, әрі өзінің ісінен ләззат алатын болса, онда бұл да — Құдайдың сыйы”,— деп жазған (Екклесиаст 3:13).

Бұл сыйды қалай қолданғанымыз үшін Ехобаның алдында жауап береміз. Шамамен 2 000 жыл бұрын Иса бұл ойды шәкірттеріне астарлы әңгіме арқылы түсіндірді. Ол былай деді: “Бір бай кісінің егіндік жері мол өнім береді. Ол ішінен: “Не істесем екен? Астығымды жинап қоятын жерім жоқ,— деп ойланады.— Былай істеймін: қамбаларымды бұзып, үлкейтіп қайтадан саламын. Сонда бүкіл астығым мен мал-мүлкімді жинап қоямын. Сосын өзіме: көп жылға жететін мол қорың бар, енді демалып, ішіп-жеп, көңіліңді көтер деймін” (Лұқа 12:16—19). Бұл кісінің жоспары ақылға қонымды көрінетіні рас қой, солай емес пе? Мақаланың басында айтылып өткен құс сияқты бұл бай адам, бір қарағанда, болашағын ойлап жатқан сияқты.

Алайда оның ой қалпы дұрыс емес еді. Иса былай деп сөзін жалғастырды: “Бірақ Құдай оған: “Ей, түйсіксіз пенде, бүгін түнде жаның алынады! Сонда сенің жиып-тергенің кімге қалады?”— дейді” (Лұқа 12:20). Исаның осы сөздері Сүлейменнің: “Адам ауқат ішіп-жейтін болса, әрі өзінің ісінен ләззат алатын болса, онда бұл да — Құдайдың сыйы”,— деген сөздерін жоққа шығара ма? Әрине, жоқ! Олай болса, Иса не айтқысы келді? Ол сөзін аяқтап: “Өзі үшін байлық жинап, бірақ Құдаймен қатынасында бай болмаған адамның ақыры осылай болады”,— деді (Лұқа 12:21).

Иса бұл сөздерімен мынаны айтқысы келген: Ехоба адамдар жоспар құрғанда өзін ескергенін қалайды. Бай кісінің адалдық, даналық және сүйіспеншілік қасиеттерін танытып, Құдаймен қатынасында бай болуына болар еді. Алайда ол кісінің сөздерінен оны мұндай нәрселер де, орақ кезінде астығынан кедейлерге қалдырып кету де, Ехобаға сый-тарту ұсыну да қызықтырмағанын көруге болады. Бай кісінің рухани мақсаттары да, риясыз әрекеттері де болмаған. Оны өз қалауы мен жайлы өмірі ғана қызықтырған.

Бүгінде көп адамның Исаның астарлы әңгімесіндегі кісі сияқты өмір сүретінін байқайсың ба? Тұрмысымыз қандай болса да, күнделікті қажеттіліктеріміз бен қалауларымыз рухани істерді ысырып тастап, дүниеқұмарлыққа беріліп кетуіміз әбден мүмкін. Олай болса, бұл тұзаққа түсіп қалмау үшін не істеуге болады?

“Кәдімгідей” өмір сүруді жоспарлау

Бәлкім, сен Исаның астарлы әңгімесіндегі кісі сияқты бай емес шығарсың. Сонда да отбасың болса, үй ішіңді асырау үшін және мүмкін болса, балаларыңа жақсы білім беру үшін жоспар құратыныңда күмән жоқ. Ал бойдақ болсаң, басқаларға масыл болмау үшін жұмысқа тұруға не жұмыстан айырылып қалмауға тырысатын шығарсың. Бұлардың жақсы мақсаттар екенінде сөз жоқ (Салониқалықтарға 2-хат 3:10—12; Тімотеге 1-хат 5:8).

Алайда жұмыс істеп және ішіп-жеп қана өмір сүретін, яғни кәдімгі өмір салтын кешетін адам Құдай еркіне қарсы әрекет етуі мүмкін. Қалайша? Иса былай деді: “Нұх пайғамбардың заманында жағдай қалай болған болса, Менің билеуші ретінде көктен қайтып келетін кезімде де солай болады: топан судан бұрын, Нұх кемеге мінген күнге дейін адамдар (Құдайға мойынсұнбай) ішіп-жеп, әйел алып, қыздарын ұзатып өмір сүруде еді. Топан су басып, бәрін алып кетіп, қырып салғанша олар ештеңені ұқпады. Менің Билеуші ретінде көктен қайтып келуімде де осылай болады!” (Матай 24:37—39).

Топан судың алдындағы адамдар сол кезде кәдімгідей болып есептелген өмір салтын кешіп жатқан болатын. Алайда бұл адамдардың бір қателігі болды. Олар Құдайдың зұлым дүниені Топан су арқылы жоятын ниетін “ұқпады” немесе ол жайында ойланбады. Олар үшін Нұхтың өмір салты кәдімгідей емес болып көрінгені сөзсіз. Алайда Топан су келгенде, нағыз даналықты Нұх пен оның отбасы танытқаны анық болды.

Бүгінгі жайттардың бәрі біздің соңғы дәуірде өмір сүріп жатқанымызды көрсетеді (Матай 24:3—12; Тімотеге 2-хат 3:1—5). Жақында Құдай Патшалығы осы зұлым дүниені “қиратып, талқандайды” (Даниял 2:44). Бұл Патшалық келгенде, жер жұмаққа айналады. Сонда ауру мен өлім жойылады (Ишая 33:24; Аян 21:3—5). Жер бетіндегі жаратылыстар арасында үйлесімділік пайда болып, тоқшылық заманы орнайды (Забур 71:16; Ишая 11:6—9).

Алайда Ехоба өзі әрекет етпес бұрын, Патшалық туралы ‘ізгі хабардың барлық ұлттарға паш етілу үшін күллі әлемге уағыздалғанын’ қалайды (Матай 24:14). Оның еркіне сай жеті миллионға жуық Ехоба куәгері ізгі хабарды 236 елде төрт жүзден аса тілде уағыздауда.

Осы дүние үшін Ехоба куәгерлерінің өмір салты кейде түсініксіз, тіпті күлкілі болып көрінуі мүмкін (Петірдің 2-хаты 3:3, 4). Топан судың алдындағыдай бүгінгі адамдардың көбісінің ойын күнделікті күйбең тіршілік жаулап алған. Олар өздері сияқты өмір сүрмейтін кез келген адамды ақылсыз адамдардың қатарына жатқызуы мүмкін. Алайда Құдайдың уәделеріне сенетін адамдар үшін оған қызмет етіп өмір сүру ең дана жол болып табылады.

Олай болса, бай не кедей бол, я болмаса орташа деңгейде өмір сүр, жақын болашаққа қатысты жоспарларыңды оқта-текте тексеріп тұрғаның даналыққа жатады. Сондықтан өзіңнен: “Менің жоспарларым Құдайдың еркіне сай келе ме?”— деп сұра.

[11-беттегі сурет]

Адамзаттың жоспары Құдайдың ниетіне қарсы келгенде, Құдайдың мақсаты орындалады

[12-беттегі сурет]

Исаның астарлы әңгімесіндегі бай кісі жоспар құрғанда, Құдайдың еркін ескермеді

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу