Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 1.10. 21—23 бет.
  • Неге ризашылық білдіру керек?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Неге ризашылық білдіру керек?
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Отбасында
  • Достармен және көршілермен араласқанда
  • Өзгелер алғысты білмесе де, неге ризашылық білдіруіміз керек?
  • Алғыс білдіруге асық болайық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Алғыс білдірейік
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2018)
  • Балаңызға алғыс білдіруді үйретіңіз
    Отбасыңыз берекелі болсын
  • Сен бұл мүмкіндікті пайдаланасың ба?
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
Көбірек мәлімет
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 1.10. 21—23 бет.

Неге ризашылық білдіру керек?

“Қымбатты Ракель!

Маған жігер болғаның үшін көп рақмет. Мұны өзің білмеуің де мүмкін, алайда сенің жігер беретін осындай болмысың мен жылы сөздерің маған көп көмектесті”. Дженнифер.

КҮТПЕГЕН жерден біреудің ризашылық білдірген хатын алған кезің болды ма? Олай болса, мұның жүрегіңе жылы тигені сөзсіз. Өйткені басқа адамның бізді бағалағанын қалау кәдімгі нәрсе болып табылады (Матай 25:19—23).

Ризашылық білдіру екі адамның қарым-қатынасын нығайтады. Оның үстіне, ризашылық білдіретін адам басқалардың игі істерін әрқашан бағалап отырған Иса Мәсіхке еліктейтінін көрсетеді (Марқа 14:3—9; Лұқа 21:1—4).

Өкінішке орай, адамдар ауызша не жазбаша болсын, ризашылық білдіруден қалып бара жатқан сияқты. Киелі кітапта “соңғы дәуірде” адамдардың “алғысты білмейтін” болып кететіні айтылған (Тімотеге 2-хат 3:1, 2). Сол себепті абай болмасақ, бүгінде белең алып бара жатқан осындай бейімділік ризашылықты білдіруге деген ықыласымызды тұншықтырып тастауы мүмкін.

Балаларына ризашылық білдіруді үйрету үшін ата-аналар нақты не істей алады? Ризашылықты кімге білдіруіміз керек? Алғысты білмейтін адамдардың арасында өмір сүрсек те, неге ризашылық сезімінен айырылмауымыз керек?

Отбасында

Ата-аналар балаларын асырау үшін көп еңбек етеді. Алайда кейде оларға еңбектері елеусіз қалғандай көрінуі мүмкін. Мұндайда не істеуге болады? Бұл үшін үш маңызды қадамды ұмытпау керек.

1) Үлгі көрсету. Бұл — баланы үйретудің тиімді жолы. Ежелгі Исраилдегі еңбекқор анаға қатысты Киелі кітапта: “Балалары тұрып, оны дәріптейді”,— деп айтылған. Бұл балалар алғыс айтуды қайдан үйренген? Мұның жауабын осы тармақтың екінші жартысынан көруге болады. Онда: “Күйеуі де [әйелін] былай деп құрметтейді”,— деп жазылған (Нақыл сөздер 31:28). Бір-біріне ризашылық білдіретін ата-ана балаларына мұндай нәрсені есту адамды жағымды сезімге бөлейтінін, отбасын нығайтатынын және бұл ақыл тоқтатқан адамдарға тән нәрсе екенін көрсетеді.

Стивен есімді әке былай дейді: “Мен әйеліме дайындаған тағамы үшін ризашылық білдіру арқылы балаларыма үлгі көрсетуге тырысамын”. Мұның қандай нәтиже әкелгенін ол былай деп түсіндіреді: “Бұл екі қызымның назарынан тыс қалмады әрі ризашылық білдіру керек екенін түсінуге көмектесті”. Егер неке құрған болсаң, көзге көрінбейтін күнделікті үй тірлігі үшін жұбайыңа ризашылық білдіріп отырасың ба? Тіпті өз міндеттерін ғана атқарса да, балаларыңа рақмет айтасың ба?

2) Үйрету. Ризашылық сезімін гүлмен салыстыруға болады. Гүл өсу үшін оған күтім қажет, сол сияқты ризашылық сезімін де дамыту керек. Балаларға ризашылық сезімін дамытуды және оны білдіруді қалай үйретуге болады? Сүлеймен есімді дана патша мұның бір жолына назар аударып: “Әділ жан жауабын ойлап берер”,— деген (Нақыл сөздер 15:28).

Ата-аналар, сендер балаларыңды сыйлық жасаған адамның еңбегі мен жомарттығы жайында ойлануға үйретесіңдер ме? Мұндай ой жүгірту ризашылық дамытуға жақсы негіз болып табылады. Үш бала өсіріп отырған Мария есімді әйел былай дейді: “Балалармен бірге отырып, сыйлық берген адамның сен туралы ойлап, саған деген ықыласын білдіргісі келгенін түсіндіру үшін көп уақыт керек. Алайда бұл — соған тұрарлық нәрсе”. Осындай әңгімелерден кейін балалар ризашылық білдіргенде не айту керек екенін ғана емес, неге айту керек екенін де түсінетін болады.

Дана ата-аналар балаларына басқалар оларға сыйлық беруге міндетті емес екенін түсінуге көмектеседіa. Нақыл сөздер 29:21-де: “Жасынан еркелеткен құлың Кейіннен болармын дер ұлың [“алғысты білмейтін болады”, ЖД]”,— делінген. Құл жайлы айтылған осы сөздерді балаға да қатысты қолдануға болады.

Ал кіп-кішкентай балаларға ризашылық білдіруді қалай үйретуге болады? Үш баланың анасы Линда былай дейді: “Күйеуім екеуміз балаларды өзіміз жазған ризашылық хаттармен қосып беруге болатын сурет салуға не онда аттарын жазып қоюға талпындыратынбыз”. Әрине, балалардың салған суреті қарапайым әрі жазулары түсініксіз болуы мүмкін, бірақ олардың бұдан алатын пайдасы өте зор.

3) Табандылық. Бәріміздің де өзімшілдікке деген бейімділігіміз бар. Бұл ризашылық білдіруге кедергі жасауы мүмкін (Жаратылыс 8:21; Матай 15:19). Алайда Киелі кітапта Құдайдың қызметшілеріне: ‘Рухтарың мен ақыл-ойларың түгелдей жаңарсын; осылай Құдайға рухани жағынан ұқсас жаратылған жаңа адам болып өмір сүріңдер!’— делінген (Ефестіктерге 4:23, 24).

Алайда тәжірибелі ата-ана балаларға ‘жаңа адам’ болуға көмектесу істегеннен гөрі айтқан оңай екенін біледі. Жоғарыда сөз етілген Стивен былай дейді: “Қыздарымызға ескертусіз-ақ ризашылық білдіруді үйрету көп уақытымызды алатындай болып көрінетін”. Бірақ ол әйелі екеуі балаларын үйретуді доғармады. Әрі қарай Стивен былай дейді: “Табандылығымыздың нәтижесінде қыздарымыз ризашылық білдіруді үйренді. Біз олардың өзгелерге қалай алғыс білдіріп жүргенін көріп қуанамыз”.

Достармен және көршілермен араласқанда

Кейде ризашылық айтуды ұмытуымыз мүмкін, алайда бұл — алғысты білмейтініміздің белгісі емес. Бірақ ризашылықты сезініп қана қоймай оны білдіру соншалықты маңызды ма? Бұл сұрақтың жауабын білу үшін Иса Мәсіх және бірнеше алапес адамдармен болған оқиғаны қарастырайық.

Иерусалимге барар жолда Иса он алапес адамды кездестіреді. Киелі кітапта былай делінген: “Олар алыста тұрып, қатты дауыстап: — Иса, Ұстаз, бізге қайырым қыла көріңіз!— деп жалынды. Иса оларды көргенде: — Діни қызметкерлерге барып, өздеріңді көрсетіңдер!— деді. Олар сол жаққа бара жатқанда алапестен құлан-таза айығып кетті. Өзінің жазылып кеткенін көрген солардың біреуі қатты дауыстап Құдайға мақтау айтып қайтып келді де, Исаның аяғына жығылып, Оған алғысын жаудырды. Ал бұл кісі самариялық болатын!” (Лұқа 17:11—16).

Иса өзгелерінің ризашылық білдірмегенін елеусіз қалдырды ма? Киелі кітапта әрі қарай былай делінген: “Иса сонда: — Айыққандар он кісі емес пе еді, тоғызы қайда? Құдайға мақтау айту үшін мына шетелдіктен басқа ешкім қайтып келмеді ме?”— деді (Лұқа 17:17, 18).

Алапес болған кісілердің тоғызы жаман адамдар емес еді. Мұның алдында олар Исаға сенетіндерін ашық білдірді және Иерусалимдегі діни қызметкерлерге барып, өздеріңді көрсетіңдер деген нұсқауына даярлықпен мойынсұнған еді. Алайда олар Исаның қайырымдылығы үшін ризашылық сезінсе де, оған алғыстарын білдірмеді. Олардың бұл әрекеті Исаның көңіліне тиді. Ал біз туралы не деуге болады? Адамдар бізге жақсылық жасағанда, ризашылық білдіруге асықпыз ба?

Киелі кітапта ‘сүйіспеншіліктің әдепсіз не өзімшіл емес’ екені айтылған (Қорынттықтарға 1-хат 13:5, Today’s English Version). Демек, шын жүректен ризашылық білдіру — әдептіліктің ғана емес, сүйіспеншіліктің де белгісі. Алапестерге қатысты оқиғадан көрінетіндей, Мәсіхтің ықыласына ие болғысы келетіндер ұлтына, нәсіліне не дініне қарамастан, барлық адамға осындай сүйіспеншілік пен ризашылық білдірулері керек.

Өзіңнен былай деп сұрашы: “Мен көршіме, әріптесіме, сыныптасыма, дәрігерге, дүкеншіге немесе маған көмек көрсеткен өзге біреуге соңғы рет қашан ризашылық білдірдім?” Неге бір-екі күн бойы неше рет рақмет айтқаныңды, я болмаса басқаша жолмен ризашылық білдіргеніңді параққа түртіп алып жүрмеске? Бұл саған қай жағынан жақсаруға болатынын көруге көмектеседі.

Әрине, алғысқа ең алдымен Ехоба Құдай лайық. Ол “тек игі сыйлықтар ғана” береді (Жақып 1:17). Құдайға өзіңе жасаған нақты бір жақсылығы үшін соңғы рет қашан шын жүректен ризашылық білдірдің? (Салониқалықтарға 1-хат 5:17, 18).

Өзгелер алғысты білмесе де, неге ризашылық білдіруіміз керек?

Кейде адамдар жасаған жақсылығымыз үшін ризашылық білдірмеуі мүмкін. Неге соған қарамастан біз алғыс білдіруді доғармауымыз керек? Мұның бір себебін қарастырайық.

Алғысты білмейтін адамдарға жақсылық жасай беру арқылы мейірімді Жаратушымыз Ехоба Құдайға еліктейміз. Көп адам Ехобаның сүйіспеншілігіне ризашылық білдірмесе де, ол оларға жақсылық жасауды доғармайды (Римдіктерге 5:8; Жоханның 1-хаты 4:9, 10). Құдай “жамандарға да, жақсыларға да күн сәулесін бірдей түсіріп, әділдерге де, әділетсіздерге де жаңбырды бірдей жауғызады”. Алғысты білмейтін дүниеде өмір сүріп жатқанымызға қарамастан, ризашылық білдіруге тырысатын болсақ, ‘көктегі Әкеміздің рухани балалары боламыз’ (Матай 5:45).

[Сілтеме]

a Көп ата-ана балаларымен бірге Ехоба куәгерлері басып шығарған “Ұлы Ұстаздан үйрен” (ор.) атты кітапты оқып, талқылайды. Оның 18-тарауы “Рақмет айтуды ұмытпайсың ба?” деп аталады.

[23-беттегі сөздер]

Бір-екі күн бойы неше рет рақмет айтқаныңды параққа түртіп алып жүр

[23-беттегі сурет]

Ризашылық білдіру арқылы балаларыңа үлгі көрсет

[23-беттегі сурет]

Тіпті кіп-кішкентай балаларға да ризашылық білдіруді үйретуге болады

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу