Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 1.7. 24—25 бет.
  • Құдай Патшалығы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай Патшалығы
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдай Патшалығы деген не?
  • Құдай Патшалығында кімдер билік етеді?
  • Патшалық қайдан билік жүргізеді?
  • Құдай Патшалығы зұлымдармен не істейді?
  • Кімдер Патшалықтың жер бетіндегі азаматтары болады?
  • Жер бетіндегі адамдар үшін Құдай Патшалығы не істейді?
  • Құдай Патшалығы деген не?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Құдай Патшалығы деген не?
    Құдай бізден нені талап етеді?
  • Құдайдың Патшалығы деген не?
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Ол Құдай Патшалығы туралы уағыз айтты
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 1.7. 24—25 бет.

Исадан тәлім аламыз

Құдай Патшалығы

Құдай Патшалығы деген не?

Құдай Патшалығы — бүкіл жер бетіне билік ететін үкімет. Иса пайғамбар: ‘Сонымен Құдайға мына іспетті мінажат етіп сиыныңдар: Патшалығың осында орнасын! Сенің еркің көкте орындалғандай, Жер бетінде де орындала берсін!’— деген (Матай 6:9, 10; Даниял 2:44).

Құдай Патшалығында кімдер билік етеді?

Иса Құдай Патшалығының Билеушісі болу үшін туылған. Жәбірейіл періште Исаның анасына: “Құдай Ие Оған арғы атасы Дәуіттің тағын сыйлайды”,— деген (Лұқа 1:30—33). Бұған қоса, Иса шәкірттерінің кейбірін өзімен билік ету үшін таңдап алған. Ол елшілеріне былай деген: “Қиындыққа ұшыраған кездерімде Менімен бірге болған сендерсіңдер. Сондықтан Әкемнің Мені Патша болуға тағайындағаны сияқты, Мен де сендерді билік жүргізуге тағайындаймын” (Лұқа 22:28, 29; Даниял 7:27). Исамен бірге бас-аяғы 144 000 шәкірті билік етеді (Аян 5:9, 10; 14:1).

Патшалық қайдан билік жүргізеді?

Құдай Патшалығы көктен билік ететін болады. Иса шәкірттеріне былай деген: “Барып, [көктен орын] дайындап болғаннан кейін қайтып келіп, Өзім болатын жерде сендерді де болсын деп қасыма алып кетемін. ...Себебі Мен Әкеме барамын” (Жохан 14:2, 3, 12; Даниял 7:13, 14).

Құдай Патшалығы зұлымдармен не істейді?

Иса жер бетін зұлым адамдардан тазартады. Ол былай деген: ‘Құдай тағайындаған Билеуші [Иса] қасиетті періштелерін ертіп ғаламат ұлылықпен көктен келген кезде Өзінің салтанатты тағына отыратын болады. Барлық халықтар Оның алдына жинап әкелінеді. Ол адамдарды екі топқа бөледі. Сонымен бұлар [зұлымдар] мәңгілік азап шегуге кетіп, ал әділдер мәңгілік өмірді иемденетін болады’ (Матай 25:31—34, 46).

Кімдер Патшалықтың жер бетіндегі азаматтары болады?

Иса: “Кіші пейілділер бақытты: Олар жерді иемденетін болады!”— деген (Матай 5:5; Забур 36:29; 71:8). Жер бетінде тек бір-бірін сүюді үйренген адамдар тұрады. Шәкірттеріне Иса былай деген: “Сендерге бір жаңа өсиет айтамын: біріңді бірің жақсы көріңдер! Мен өздеріңді сүйгендей, сендер де бір-біріңді сүйіңдер! Менің шәкірттерім екендіктеріңді елдің бәрі өзара сүйіспеншіліктеріңнен білетін болады” (Жохан 13:34, 35).

Жер бетіндегі адамдар үшін Құдай Патшалығы не істейді?

Иса бүкіл адамзатты ауру-сырқаудан айықтырады. Жерде болған кезінде ол жиналған халыққа “Құдай Патшалығы туралы уағыз айтып, ауруынан айығуға мұқтаждарды сауықтырды” (Лұқа 9:11). Елші Жохан аянда қайта тірілген Исаны көргеннен кейін: “[Мен] жаңа көк пен жаңа жерді көрдім... Көктегі тақтан былай деген зор дауысты естідім: — Қараңдар, Құдайдың адамдар арасындағы мекені! Ол барлық көздің жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім... болмайды”,— деген (Аян 21:1—4).

Құдай Патшалығы жер бетін Жұмаққа айналдырады. Исамен бірге өлімге кесілген бір зұлым кісі оған: “Патшалығыңызға кіргенде мені есіңізге ала көріңіз”,— деп өтінген. Сонда Иса әлгі кісінің өзімен бірге Жұмақта болатынын айтқан (Лұқа 23:42, 43; Ишая 11:4—9).

“Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?”a кітабының 8-тарауынан көбірек мәлімет алуға болады.

[Сілтеме]

a Ехоба куәгерлері басып шығарған.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу