Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 1.7. 22—23 бет.
  • Ол көмектесуді қалады

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ол көмектесуді қалады
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Жауынгер мен кішкентай қыз
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ол басында қасарысқанымен, кейін мойынсұнды
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Кішкентай қыздың беделді адамға көмектесуі
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Құдайды қуантқан балалар
    Ұлы Ұстаздан үйренейік
Көбірек мәлімет
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 1.7. 22—23 бет.

Балаларыңа тәлім беріңдер

Ол көмектесуді қалады

СЕН жаман аурумен ауыратын біреуді білесің бе? ~ Қолыңнан келсе, оған көмектесер ме едің? ~ Ал егер ол діні бөлек, басқа елдің адамы болса ше? Сонда да жазылып кетуіне көмектескің келер ме еді? ~ Шамамен 3000 жыл бұрын Исраил елінде тұрған бір кішкентай қыз ауру кісіге көмектескісі келген. Онымен болған оқиғаны қарастырып көрейік.

Сол заманда әлгі қыздың елі Исраил мен жақын маңдағы Сирия елі жиі соғысатын (Патшалықтар 3-жазба 22:1). Бірде сириялықтар шапқыншылық жасап, оны тұтқынға алып кетеді. Сөйтіп, ол Сирия әскербасы Нағыманның әйелінің қызметшісі болады. Нағыман алапес деп аталатын жаман аурумен ауыратын. Бұл аурудан кейбір адамдардың дене мүшелері іріп түсіп қалады.

Сол кішкентай қызметші қыз Нағыманның әйеліне күйеуінің қалай сауығып кете алатынын айтады. Ол: ‘Нағыман Самарияға барса ғой, Ехобаның пайғамбары Елішә оны алапестен құлан таза айықтырар еді!’— дейді. Қызметші қыздың Елішә пайғамбар туралы сеніммен айтқан сөздері Нағыманды өзін сауықтыру сол пайғамбардың қолынан келетініне сендіреді. Содан, ол қасына бірнеше қызметшісін ертіп, Сирия патшасы Бенададтың рұқсатымен ұзақ сапарға шығып, жүз елу шақырымдай жердегі Елішәнің еліне жол тартады.

Алдымен, олар Исраил патшасы Жорамның алдына барады да, Нағыманға көмектесуді өтінген Бенадад патшаның хатын көрсетеді. Бірақ Жорам Ехобаға да, Елішә пайғамбарға да сенбейтін. Ол Бенадад патша өзімен соғысу үшін сылтау іздеп жатыр деп ойлайды. Елішә бұл туралы естігенде, Жорам патшаға: “Ол маған келсін”,— дейді. Ол Нағыманды жаман ауруынан жазып, Құдайдың құдіретін көрсеткісі келген еді (Патшалықтар 4-жазба 5:1—8).

Нағыман аттары және күймелерімен Елішәнің үйіне келгенде, Елішә оған хабаршы жіберіп: ‘Сен Иордан өзенінің суына жеті рет түсіп шығуың керек, сонда сауығасың’,— дейді. Бұған Нағыманның ашуы келеді. Ол Елішә алдынан шығып, ауру жерлерінің үстінен қолымен жүргізіп, алапесінен айықтырады деп күткен еді. Бірақ оның алдынан хабаршы ғана шығады! Сондықтан ол ашуға мініп, үйіне қайтып кетпек болады (Патшалықтар 4-жазба 5:9—12).

Сен Нағыманның қызметшілерінің бірі болсаң, не істер едің? ~ Қызметшілері одан: “Елішә қиын нәрсе істе десе, соны істер едіңіз ғой? Онда неге осы оп-оңай нәрсені істеп, тек суға түсіп шығып, тазармасқа?”— деп сұрайды. Нағыман олардың айтқанын тыңдайды. Ол ‘Иорданға барып, жеті рет сүңгиді, сонда оның бүкіл тәні нәрестенің тәніндей жаңғырып, тазарады’.

Нағыман Елішәға қайтып келіп: “Міне, мен білдім, жер бетінде Исраил Құдайынан асқан Құдай жоқ”,— дейді. Сөйтіп, Елішәға енді бұдан былай ‘құрбандықтарды өзге құдайларға емес, Жаратушы Иеге [“Ехобаға”, ЖД] ғана беруді’ уәде етеді (Патшалықтар 4-жазба 5:13—17).

Осы кішкентай қыз сияқты, сен де біреуге Ехоба туралы және оның қолынан не келетіні жайлы білуге көмектескің келе ме? ~ Иса жерде болған кезінде алапеспен ауыратын бір кісі оған сеніп: ‘Егер шынымен қаласаңыз, маған көмектесе аласыз’,— дейді. Исаның не деп жауап бергенін білесің бе? ~ Ол: “Қалаймын”,— дейді. Сөйтіп, Ехобаның Нағыманды сауықтырғаны сияқты, Иса да әлгі кісіні айықтырады (Матай 8:2, 3).

Сен Ехобаның жаңа дүние орнататынын және онда бірде-бір адамның ауырмай, мәңгі өмір сүретінін білесің бе? ~ (Петірдің 2-хаты 3:13; Аян 21:3, 4). Білсең, осы керемет хабарды өзгелерге айтқың келері сөзсіз!

Сұрақтар:

  • ❍ Тұтқынға алынған бір кішкентай қыз Нағыманға қалай көмектескен?

  • ❍ Нағыман бастапқыда Елішәнің айтқанын неге істегісі келмеді, бірақ не себепті райынан қайтты?

  • ❍ Сол кішкентай қызға еліктеу үшін сен не істеуді барынша қалауың керек?

  • ❍ Иса не істеуді қалаған және неге Құдайдың жаңа дүниесіндегі өмір керемет болады?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу